Николай Коперник (нем.
Польша, Торунь – 24 мамыр 1543 ж.) – дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк астрономы, математигі, экономисті.
Николай Коперник | |
Mikołaj Kopernik Niklas Koppernigk | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | Торунь |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | Фромборк |
Ғылыми аясы | астрономия, математика, механика, экономика |
Қолтаңбасы |
Краков университетінде оқып, 24 жасында каноник (діни қызмет) болып сайланды. Италия мемлекетінде астрономия, философия, заң, медицина, т.б. ғылым салалары бойынша білімін жетілдірді. 1504 ж. отанына қайтып оралып, ғылыми және саяси жұмыстарға белсене араласты. Коперник Италияда, кейін өз елінде жүргізген ұзақ зерттеулері мен бақылаулары негізінде 1500 жыл бойы ғылымда үстемдік етіп келген Әлем жөніндегі Птолемей іліміне (геоцентрлік жүйе) сын көзімен қарап, оған қарсы пайымдаулар мен қорытындыларға келеді. Птолемей жүйесі бойынша Әлем кіндігі ретінде қозғалмайтын Жер қабылданса, Коперник жүйесінде Әлем кіндігі ретінде Күн алынады. Коперниктің бұл еңбегі ғылымдағы үлкен төңкеріс болды. Коперник зерттеулерінің үлкен өмірлік мәні бар.Николай Коперник жасаған аспан денелерінің қозғалыс таблицалары Птоломей таблицаларынан әлдеқайда дәлірек болды.Ал бұл сол кездегі теңіз саяхатшылары үшін аса маңызды болатын.Себебі,ашық теңізде олар тек жұлдыздарға қарап бағыт ұстаған.Коперник бұл жаңалықтарын өзінің “Аспан сфераларының айналуы” атты кітабында баяндайды. Осы кітаптағы кейбір кемшіліктер кейін Иоганн Кеплер мен Исаак Ньютонның еңбектерінде түзетіліп, толықтырылды. Бұл діншілдердің аспан, Жер жайлы қате қағидаларына қатты соққы болып тиді. Сондықтан да 1616 ж. инквизиция үкімі бойынша Коперниктің кітабы “қара тізімге” алынып, оны пайдалануға қатаң тыйым салынды. Бұл тыйым тек 1822 ж. ғана күшін жойды.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Николай Коперник, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.