Микроскоп

Микроскоп (грек.

Микроскоп Басқа мағыналар үшін Микроскоп (айрық) деген бетті қараңыз.

Микроскоп
Микроскоп, 1876 ж.
Микроскоп
17 ғасырда 30 есе үлкейтетін Левенгук микроскобы.
Микроскоп
18 ғасырдың микроскоптары

Микроскоп бактериялар, органикалық жасушалар, майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т. б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микронысандардың пішінін, өлшемін, құрылымын, т.б. сипаттамаларын анықтауға, элементтерінің ара қашықтығы 0,2 мкм-ге дейінгі құрылымдарды ажыратып көруге мүмкіндік береді. Линзаның немесе екі линзадан тұратын жүйенің заттардың үлкейтілген кескінін беретін қасиеттері 16 ғасырдың өзінде белгілі болған. Микроскопты алғаш рет ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдану ісі жануарлар тіні мен өсімдік ұлпаларының клеткалық құрылысын анықтаған (1665) ағылшын ғалымы Р.Гук және Микроскоптың жәрдемімен микроорганизмдерді ашқан (1673–77) голланд ғалымы А. Левенгук есімдерімен байланысты. 1872–73 жылы неміс ғалымы Э. Аббе жасаған Микроскопта өздігінен сәуле шығармайтын нысандар кескінінің түзілу теориясы әр түрлі микроскопты зерттеу әдістерінің дамуына зор ықпал етті.

Микроскоптың оптикалық сұлбасы және әсер ету принципі

Микроскоп 
Электронды микроскоп

Зат тұратын үстелде орналасқан нысан жасанды жарықпен (шам және линза-коллектор), айнаның және конденсордың көмегімен жарықтандырылады. Нысанды үлкейту объектив пен окуляр арқылы жүзеге асырылады. Объектив нысанның төңкерілген шын және үлкейтілген кескінін береді. Окуляр, әдетте, ең жақсы көрінетін қашықтықта (D=250 мм) нысанның екінші ретті үлкейтілген жорамал (жалған) кескінін түзеді. Егер окулярды кескінді оның алдыңғы окуляры фокусының алдына келетіндей етіп ығыстырса, онда окулярдың түзетін кескіні шын және оны экранда немесе фотопленкада алуға болады. Микроскоптың жалпы үлкейтуі объектив пен окуляр үлкейтулерінің көбейтіндісіне тең: Г=bЧГок, мұндағы Гок окуляр үлкейтуінің номинал мәні. Объективтің үлкейтуі: b=D/fўоб формуласымен өрнектеледі, мұндағы D – объективтің артқы фокусы және окулярдың алдыңғы фокусының ара қашықтығы; fўобобъективтің фокусаралық ара қашықтығы. Окулярдың үлкейтуі лупаның үлкейтуі сияқты мына формуламен өрнектеледі: Гок=250/fўок, мұндағы fўококулярдың фокус аралық қашықтығы. Әдетте, Микроскоптың объективі 6,3-тен 100-ге, ал окуляры 7-ден 15-ке дейін үлкейте алады. Сондықтан Микроскоптың жалпы үлкейтуі 44-тен 1500-ге дейінгі аралықта жатады. Иристік далалық және апертуралық диафрагмалар жарық шоғын шектеу және оның шашырауын кеміту қызметін атқарады. Микроскоптың негізгі сипаттамасы оның ажыратқыштық шамасы (қабілеттілігі). Микроскоптың ажыратқыштық шамасы шектеулі болады, ол жарық дифракциясымен түсіндіріледі.Микроскопты алғаш рет ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолданғандар жануарлар тіні мен өсімдік ұлпаларының клеткалық құрылысын анықтаған (1665) ағылшын ғалымы Роберт Гук және микроскоптың жәрдемімен микроорганизмдерді ашқан (1673–77) голланд ғалымы Антони ван Левенгук болды.

Микроскоптың түрлері (типтері)

Қолдану облыстарына не болмаса бақылау әдістеріне байланысты анықталады. Биологиялық Микроскоп микробиологияда, гистологияда, цитологияда, ботаникада, медицинада зерттеулер жүргізуге, ал физикада, химияда, т.б. мөлдір денелерге бақылау жүргізуге арналған. Биологиялық зерттеулерде осымен қатар люминесценттік және инвертирленген Микроскоптар қолданылады. Металлографикалық Микроскоп – металдар мен қорытпалардың микроқұрылымын зерттеуге; поляризациялық Микроскоп – қосымша поляризациялық қондырғылармен жабдықталған және негізінен минералдар мен кендердің шлифтерін зерттеуге; стереомикроскоптар – бақыланатын заттардың көлемді кескіндерін алу үшін; өлшеуіш Микроскоптар – машина жасау саласында дәл өлшеулер жүргізуге арналған. Аталғандардан басқа арнайы Микроскоп да бар: фотоэмульсиядағы ядролық бөлшектердің іздерін анықтайтын Микроскоп; 20000С-қа дейінгі қыздырылған нысандарды зерттейтін Микроскоп; операцияларда қолданылатын хирург. Микроскоп, интерференциялық Микроскоп.

Дереккөздер

Сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Microscopes

Tags:

Микроскоп тың оптикалық сұлбасы және әсер ету принципіМикроскоп тың түрлері (типтері)Микроскоп ДереккөздерМикроскоп СілтемелерМикроскопГрек тіліНысан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Мұстафа Кемал АтатүрікII ЕкатеринаШикізатКүнделік.кзГормондарБәйтерек (мифология)Қазақтың ұлттық тағамдарыТұздар (химия)Қант қызылшасыОтырарПайдалы қазбаларТерроризмҚазақ руларыЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)Дүниежүзінің табиғат ресурстарыГерманияАйнұр ТұрсынбаеваЖұлдызТұлғаТоқырау жылдарындағы ҚазақстанӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыШайтанкөл1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісАқпарат технологиясыКартопЕскендір (поэма)ОтынӨкпеОперациялық жүйелерКиіз үйБензолҚыпшақтарШыршаҚазақстандағы экологиялық проблемаларДостықАсан қайғы СәбитұлыКөміртегіКөзОм заңыМіржақып ДулатұлыЖерМодификациялық өзгергіштікБіржан ҚожағұлұлыБиотехнологияКөшбасшылықМорфология (лингвистика)Химия өнеркәсібіДНҚӨздігінен тозаңдануҚызыл кітапСарқылатын ресурстарУкраинаНанотехнологияСолтүстік Қазақстан облысыШымкентСәулетЛинзаҚазақстан астанасыЗат алмасуКонсументтерДүние жүзінің саяси картасыҚұндылықЭндокриндік жүйеМашинажасауҚазақ хандығының құрылуыРахат кондитер фабрикасыТұтынушы құқығыШығыс ҚазақстанОзон қабатыБұрындық ханФотосинтезСемей полигоныVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріӘпке (драма)ЭволюцияЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановОқшау сөздерӘлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов🡆 More