Лирика

Лирика (гр.

Лириканың басты ерекшелігі — адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көзқарасы, оның сезімін, нақты ойы көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс Лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-толғаныстар Лириканы тудырады.

Эпика жанры баяндауға негізделсе, kирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасады. Әр халықтын Лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде — той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мүңшер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ халық поэзиясында Шалкиіз, Махамбет толғауларында Лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары, мақсаттары көрсетілген.

Лириканың бас қаһарманы

Лириканың бас қаһарманы — ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырыбына, мазмұнына қарай бірнеше топтарға бөлінеді:

  • Саяси-азаматтық Лирика
  • Махаббат Лирикасы
  • Көңіл күй Лирикасы
  • Табиғат Лирикасы

Лириканың тағы басқа түрлері — арнау, ой, романс, пастораль, эклога, эпиталама, эпитафия, эпиграмма, идиллия. Орта ғасырда [роман (француз, испан, итальян) елдерінің поэзиясында туып қалыптасқан Лириканың ерекше бір түрі — баллада. Ол лиро-эпостық сипаттағы шағын сюжетті өлең, барлық әдебиетте кең тараған. Мысалы, қазақ әдебиетінде Қ. Жармағамбетовтың «Бидай туралы баллада», сондай-ақ, «Мұғалима», «Күзетші» балладалары бар.

Ежелгі әдебиетте көп тараған идиллия уайым-қайғысыз жеңіл өмірді жырласа, одалар есімі елге тараған белгілі жеке адамдарды, не батырларды мадақтаған. Мұндай мақтау жырлар Жәңгір ханның сарай ақыны Байтоқ та бар. Арнаулы өлшеммен жазылатын лирикалық сонет үлгісін Есет Әукебаев, Қуандык Шаңғытбаев, Қасым Аманжолов қолданған. Элегия да Лирикаға жатады. Онда көңіл кайғысын суреттеу жиі ұшырайды. Қазақ әдебиетінде, Абай шығармашылығында халықтың әлеуметтік тағдырын бейнелеген, адам сезімдерінің нәзік түйсінулерін көрсететін лирикалық шығармалар өте көп. Сәкен Сейфуллин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Міржақып Дулатұлы, Сәбит Мұқанұлы Мұқанов, Сырбай Мәуленов, Тәжібаев Әбділда, Ғали Орманов, Жайсаңбек Молдағалиев, Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев шығармаларында қазақ лирикасының көркемдік ерекшеліктері айқын көрініс тапқан.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Tags:

Грек тіліӘдебиет

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Аманжол Дүйсенбайұлы ӘлтаевӨмірзая (роман)Үш Жүз партиясыИнтеграцияНарықтық экономикаТегеран конференциясыЧарлз ДарвинТіршілік ортасыҚазақстанның тұңғыш мектептеріЖұмбақтасТемірхан МедетбекҚазақстан мәдениетіАзамат соғысыҚант диабетіЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарАдам қаңқасыСалауатты өмір салтыЭкологияФранцияҒабиден МұстафинҚайыңЕгемендікАдам ағзасындағы химиялық элементтерТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевКәсіпкерлікБаскетболТүркістан (қала)ҰрықтануДенсаулықҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміҚазақ мәдениетіЖануарларОқшау сөздерЖарықтың шағылуыМагнит өрісіТұздар (химия)Менің атым Қожа (повесть)Алматы облысыЖақсыз сөйлемСпартак көтерілісіБатыс ҚазақстанГүлДәнеш РақышевФотосинтезАлкандарМұстафа Кемал АтатүрікҚазақстандағы су айдындарының экологиялық жағдайларыМұнай өнеркәсібіҚазақ хандығының құрылуыЗат есімЕсімдікХимиялық элементтердің периодтық жүйесіҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріТуберкулезАмерикаАнтигитлерлік коалицияҚазақ батырлар тізіміБағыныңқы сөйлемИранҚазақстанның кен ресурстарыБілім беруЖоғары молекулалы қосылыстарФерромагнетиктерҚайта құру кезеңіӘлемдегі ең танымал кітапханаларГуманизмҚұлдықБаланы қырқынан шығаруКартопЕтістікЮпитерШанхай Ынтымақтастық ҰйымыБесін намазыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыЖүрек ауруларыЖүйке жасушаларыНұралы ханМитозАқсу-Жабағылы қорығы🡆 More