Ілияс Жансүгіров (5 мамыр 1894 жыл, Ақсу ауданы, Алматы облысы – 26 ақпан 1938 жыл, Алматы) — қазақ ақыны, драматург, прозаик, фельетоншы, сатирик, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері.
Қазақстан жазушылар одағының тұңғыш төрағасы.
Ілияс Жансүгіров | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | №4 ауыл, Ақсу волості, Жетісу облысы, Ресей Империясы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | КСРО |
Ұлты | |
Қызметі | |
Жұбайы | Жәмилә |
Балалары | Ұлдары: |
Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. «Сарыарқаға», «Тілек» атты өлеңдері Жансүгіровтың жарық көрген алғаш туындылары еді. Олар 1917 жылы Семейдегі «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Содан кейін Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді. Кейіннен Жансүгіров халқының алдында қаламы ұшталған, ойы терең, талантты ақын ретінде белгілі болды.
Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы – қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы.
Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына үлкен үлес қосқан. Олардың озық үлгілерін өзі жазған мектеп оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіп, мектеп оқушыларының халықтық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Жансүгіров әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты.
Ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Н.А Некрасовтың, Максим Горькийдің, Генрих Гейне мен Виктор Гюгоның, Ғ.Тоқайдың, К.Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті. 1936 жылы А.С.Пушкиннің 100-жылдығына Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын аударып өзінің кітабына еңгізген. Бірақ соғыс жылдары ол роман басқа кісінің атымен шығыпты. Ілияс Жансүгіров ақталғаннан кейін оның туыстары соттасып сол романды Ілияс Жансүгіров аударғанын дәлелдеді.
Оның сатира және сатиралық әңгімелері «Сөз Қaмысбаевқа!», «Ізет» ( «Құрмет»), «Шалғыбай» және т.б. «Ізет» жинағында жарияланды.
- "Әнші апама" (1909)
- "Күзгі гүлге" (1912)
- "Тілек" (1912)
"Бір соқыр баланың арманы" (1915–1916), "Жыбырлақ" (1915–1916), "Қалпымыз" (1915–1916), "Жаңылғаным" (1915–1916), "Мұңды құс" (1915–1916), "Қосылыс" (1915–1916), "Игілік" (1915–1916), "Ішім еріп" (1915–1916), "Жанды сөз" (1915–1916), "Талғамалар" (1915–1916), "Замандасқа" (1915–1916), "Бұбұлға" (1915–1916), "Алдымда" (1915–1916), "Жаз-құдаша" (1915–1916), "Маңым" (1915–1916), "Шым-шытырық" (1915–1916), "Не күйде" (1919), "Арыным" (1920), "Бейсембек "Болыс" (1920), "Ортақшыл партияға" (1920),
"Анам тілі" (1921), "Жас бұлбұлдарға" (1921), "Жарлылар ұйымының жетісі" (1921), "Жетім" (1921), "Ағынды менің Ақсуым" (1921), "Жалпы жасқа" (1921), "Қазақы қорытынды" (1921), () "Некешілдер" (1921), "Атадан да балаға ана жақын" (1921), "Тапанша" (1922), "Бұлт" (1922), "Жанартау" (1922), "Жастар ұраны" (1922), "Жазғы таң" (1922), "Жазғытұрым" (1922), "Жазғы шілде" (1922), "Егінші" (1922), "Күз" (1922), "Қыс" (1922), "Ақсабан" (1923), "Жауында" (1923), "Мезгіл суреттері" (1923), "Меніңше" (1923), "Жел" (1923), "Бөлек-салақ ойдан" (1923), "Жас жалшыға" (1923), "Тас" (1923), "Жайлау" (1923), "Көктемде" (1923), "Баспаханадағы қыр қазағы" (1923), "Кедей тойы" (1923), "Қойшы ойы" (1923), "Ұлы күн" (1923), "Май тойында" (1923), "Сапарда" (1923), "Жоқ" (1923), "Тұңғыш тоғысу" (1923), "Қосылыс" (1923), "Боранбай не ойлап жүр" (1923), "Ықшылбай" (1923), "Саудагер тамашасы" (1924), "Ит-ай" (1923), "Жарқынбай, Беркінбай" (1923), "Қырман" (1924), "Октябрь күні" (1924), "Орақ науқаны" (1924), "Ұлт отауын тіккендер" (1924), "Өк, көк өгіз" (1924), "Желді күн" (1924), "Бұлақ бойында" (1924), "Ойлану" (1924), "Саналы жастарға" (1924), "Көлге" (1924), "Біздің күз" (1924), "Ленин өлді" (1924), "Түн" (1924), "Ажырауда" (1924), "Лермонтов" (1924).
"Ленин тірі" (1925), "Беташар" (1925), "Желді Қарағай" (1925), "Сабын" (1925), "Саптыаяқ" (1925), "Көш-қон" (1925), "Коммуна" (1925), "Сұрау" (1925), "Жетісу суреттері" (1925), "Оқимын" (1925), "Саудың сандырағы" (1925), "Өтініш" (1925), "Көш-жөнекей" (1925), "Тас шешей" (1925), "Бөбек бөлеу" (1926), "Жауын" (1926), "Заман" (1926), "Майдан" (1926), "Ауылдың алды" (1926), "Жүдеу жүрек" (1926), "Күн шыққанда" (1926), "Күнгей" (1926), "Ресей жері" (1927), "Шал мен кеіні" (1928), "Қазақ қызы" (1928), "Қақпан" (1928), "Бүгінгі дала" (1928), "Мавзолей" (1929), "Алатау" (1929), "Домбыра" (1929), "Қазақстан" (1929), "Шоқпарға" (1929), "Кәне, шыдар қай майдан?" (1929), "Гималай" (1929), "Серт" (1930), "Алтын қазан" (1930), "Ақын мен Мақым" (1930), "Түс" (1930), "Апырым-ай, жан қысылды-ау" (1930), "Жүр ме екен Сәуле" (1930), "Жаным жылама" (1930),
"Тракторшыға" (1931), "Октябрь екпіні" (1931), "Жаңа тұрмыс" (1931), "Екпінділер мен прогульщик" (1932), "Социалды көмек" (1932), "Бесжылдықтың ерлері" (1932), "Бақыттымын" (1932), "Кавказ" (1932), "Үйге келем" (1934), "Үмітке" (1934), "Мәскеу-Қазақстан" (1934), "Тұлпарға" (1936), "Белорус халқына" (1936).
"Ақым мен Мақым" (1930), "Бай бәйбіше" (1927), "Бақтың әдісі" (1923), "Басқа пәле тілден" (1935), "Борнабай не ойлап оқып жүр" (1923), "Газ емес, концерт" (1929), "Ит-ай" (1923), "Қуыршақ" (1929), "Құйрықты базар" (1927), "Құқ" (1928), "Өк, көк өгіз!" (1924), "Өлген молданың өсиеті" (1923), "Саясат қошқарлар" (1922), "Сұрпақпай Сұғанақ" (1928), "Сыншы-ақ" (1915), "Сонымен, кетіп барам..." (1929), "Сөз Қамысбаевқа" (1929), "Төрешілдіктің түрлері" (1929), "Шошқа" (1931), "Ұяның ұясы" (1928).
Жетісу облысы Ақсу ауданында Ілияс Жансүгіров дүниеге келген ауылы өз атымен аталған (Жансүгіров ауылы). Бірнеше қалада мектептер мен көше атаулары Ілияс Жансүгіровтыі құрметіне аталған. Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік университеті Жансүгіров есімін арқалап жүр. Сонымен қатар, Талдықорғанда ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді.
Ол 4 рет үйленді.
Ілияс Жансүгіров Фатима Ғабитованың алғашқы жары һәм өзінің жақын досы Біләл Сүлеевтің екі баласын асырап алды.
Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.
Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігершілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыр төбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.
Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Ілияс Жансүгіров, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.