Альтрон Дәуірі

Кек алушылар: Альтрон дәуірі (ағылш.

Бұл картина — Marvel кинематографиялық әлеміндегі (МКӘ) он бірінші фильм. Қазақстан прокатына 2015 жылы 23-ші сәуірде 3D және IMAX 3D форматында шықты.

Кек алушылар: Альтрон дәуірі
Avengers: Age of Ultron
Фильмнің постері
Жанры

фантастика
суперқаһармандар

Режиссёрі

Джосс Уидон

Продюсері

Кевин Файги

Сценарийдің авторы

Комикстер бойынша:
Джек Кёрби
Стэн Ли
Сценарий:
Джосс Уидон

Басты рөлдерде

Кіші Роберт Дауни
Крис Эванс
Марк Руффало
Крис Хемсворт
Джереми Реннер
Скарлетт Йоханссон
Джеймс Спейдер

Операторы

Бен Дэвис

Композиторы

Брайан Тайлер
Дэнни Эльфман

Кинокомпания

Marvel Studios
Walt Disney Studios Motion Pictures

Ұзақтығы

142 мин.

Бюджеті

$ 250 000 000

Кассалық түсімі

$ 1,405,035,767

Мемлекет

Альтрон Дәуірі АҚШ

Тілі

ағылшынша

Шыққан жылы

2015

Алдыңғы фильм

Кек алушылар

Келесі фильм

Кинематография бойынша - Құмырсқа-адам, команда жайында - Кек алушылар: Шексіздік соғысы

IMDb

ID 2395427

https://www.marvel.com/movies/avengers-age-of-ultron
Альтрон Дәуірі Басқа мағыналар үшін Кек алушылар деген бетті қараңыз.

2018 және 2019 жылдары фильмнің екі сиквелі шығады: «Кек алушылар: Шексіздік соғысы» және «Кек алушылар: Шексіздік соғысы. ІІ бөлім».

Басты ролдерде — Кіші Роберт Дауни, Крис Эванс, Марк Руффало, Крис Хемсворт, Джереми Реннер, Скарлетт Йоханссон, Аарон Тейлор-Джонсон, Элизабет Олсен, Сэмюэл Л. Джексон, Пол Беттани, Дон Чидл және Джеймс Спейдер.

Сюжеті

Шығыс Еуропалық Соковия мемлекетінде Кек алушылар – Тони Старк, Стив Роджерс, Тор, Брюс Беннер, Наташа Романофф және Клинт Бартон – бұрын Локиге тиесілі болған аса-таяқты қолданып, адамдарға тәжірибе жасайтын Барон Вольфганг фон Страккер иеленетін Гидра мұнарасына шабуыл жасайды. Олар Страккердің екі тәжірибесін кездестіреді – егіз Максимоффтар: суперадамдық күші бар желаяқ Пиетро және миды арбай және энергиялық жарылыс жасай алатын Ванда. Старк, Локидің асатаяғына қолжеткізген кезде, олар Страккерді қорғауда болады.

Старк пен Беннер асатаяқтың асылтасындағы жасанды интеллектті ашады да оны Старктің "Альтрон" жаһандық қорғаныс бағдарламасын толықтыру үшін құпиялы қолданады. Кенет тірі Альтрон, Жерді сақтау үшін адамзатты қыру керек деп түсініп, Старктің жасанды интелекті А.И.Дж.А.Р.В.И.С. жойып, Кек алушыларды штаб-пәтерде жеңіс кешінде шабуылдайды. Асатаяқпен қашып кетіп, Альтрон Страккердің Соковиядағы базасындағы ресурстарды өзінің қарапайым денесін жетілдіріп, роботтордан құралған әскер құру үшін қолданады. Әке-шешелерінің өліміне Старкті кінәлайтын Максимоффтарды Альтрон өзіне қаратады да, солармен бірге вибраниум алу үшін оңтүстікафрикалық қару делдалы Улисес Клоға барады. Кек алушылар олармен шайқасады, бірақ Ванда олардың саналарын арбап, Халктің жынын шығарып жібереді. Старкке оны тоқтату үшін өзіңің мықты "Вероника" жарағын қолдануға тура келеді.

Әбден шаршағап, естері шыққан Кек алушылар Бартонның фермадағы үйіне аттанады. Сонда олар Бартоннің әйелі Лаураны және балаларын кездестіреді. Тор Ванда көрсеткен қияметтік аянды ұғыну үшін Доктор Ерік Сельвигпен кеңесуге кетіп қалады. Араларындағы сезімді түсінген Романофф пен Беннер, Альтронды жеңген соң бірге жітуді жоспарлайды. Ник Фьюри оралып, команданың рухын көтеріп, Альтронға қарсы жаңа жоспар құруға көмектеседі. Оңтүстік Корея, Сеулде, Альтрон өзіне кәміл дене жасау үшін Беннердің құрбысы Доктор Хелен Чо синтетикалық ұлпа технологиясын, вибраниумды және асатаяқтың асылтасын қолдануға мәжбүрлейді. Альтрон өзін денеге қотарып жатқанда, Ванда оның ойын оқып қояды. Адамзатты қыру жоспарын біліп қойған Максимоффтар Альтроннан қашып кетеді. Роджерс, Романофф және Бартон Альтронды аулап, синтетикалық денеге қолжеткізеді. Бірақ Романофф Альтронның қолына түсіп қалады.

Старк Дж.А.Р.В.И.С.-ті синтетикалық денеге құпиялы қотарып жатқанда, Кек алушылар арасында шайқас басталады. (Бұған дейін Дж.А.Р.В.И.С. Альтроннан тығылып, интернетте жасырынған болатын.) Оралған Тор денені найзағаймен белсенділендіріп, синтетикалық дененің шекесіндегі тас "аянында" болғанын түсіндіреді. Және ол тас тірішіліктегі ең күшті нәрселер – алты Шексіздік Тастарының бірі екенін айтады. Робот пен Максимоффтар Кек алушыларға қосылып, команда Соковияға аттанады. Ол жерде Альтрон қаланың жартысын аспанға көтеріп, оны жерге соқтығыстырып жаһандық қырылу жасау үшін қалған вибраниумнен үлкен мәшіне құрастырады. Қала көтеріліп жатқанда, Беннер Романоффты құтқарады, ал ол шайқас үшін Халкті оятады. Альтрон жоспарының дұрыс сәтін күтіп жатқанда, Кек алушылар оның әскрімен соғысуда болады. Фьюри Мария Хилл, Джеймс Роудс және Қ.А.Л.Қ.А.Н. агенттерімен тұрғындарды құтқару үшін Хелитасығышта ұшып келеді. Бірақ Пиетро Бартонды ажалдан аман алып қалып, көз жұмады. Ызаланған Ванда Альтроннан кек алу үшін постын тастап кетеді де, байқамастан бір дронға мәшінені белсенділендіруге жол беріп қояды. Жер бөлігі жерге құлайды, бірақ Старк пен Тор оны аспанда жарып жібереді. Соңында Халк, Романоффпен бірге болмауды шешіп, Куинджетте ұшып кетеді. Ал Аян (Vision) Альтронның соңғы денесін тауып, қиратып тастайды.

Кейінірек Кек алушылар Жаңа Йорктің солтүстігінде жаңа база орнатады. Онда Фьюри, Хилл, Чо және Селвиг жұмыстай бастайды. Сана Тасының Аянда қауіпсіз болатынына көзжеткізген Тор, соңғы жағдайларды кім жасауы мүмкін екендігін анықтау үшін Азгардқа кетеді. Старк пен Бартон Кек алушылардан шығады, ал Роджерс пен Романофф жаңа Кек алушыларды жаттықтыруға дайындайды: Роудс (Темір патриот), Ванда (Алқызыл Мыстан), Аян (Vision) және Сэм Уилсон (Сұңқар).

Соңында қосымша кадр бар. Онда қолжаулықтарына көңілі толмаған Танос, Шексіздік Қолғабын алып, Шексіздік Тастарын өзі табатынын ант етеді.

Рөлдерде

Актер Рөлі
Кіші Роберт Дауни Тони Старк / Темір адам
Крис Эванс Стив Роджерс / Капитан Америка
Марк Руффало доктор Брюс Бэннер / Халк
Крис Хемсворт Тор
Джереми Реннер Клинт Бартон / Қаршыға көз
Скарлетт Йоханссон Наташа Романофф / Қара жесір
Джеймс Спейдер Альтрон
Аарон Тейлор-Джонсон Пьетро Максимофф / Сынап
Элизабет Олсен Ванда Максимофф / Алқызыл мыстан
Дон Чидл Джеймс «Роуди» Роудс / Жауынгер / Темір патриот
Пол Беттани Аян / ДЖАРВИС
Сэмюэл Л. Джексон Ник Фьюри
Коби Смолдерс агент Мария Хилл
Томас Кречман барон Вольфганг фон Штрукер
Джош Бролин Танос
Хейли Этвелл Пегги Картер
Джон Фавро Хэппи Хоган
Стеллан Скарсгорд доктор Эрик Селвиг
Энтони Маки Сэм Уилсон / Сұңқар
Энди Серкис Улисс Кло
Том Хиддлстон Локи
Идрис Эльба Хеймдалл
Линда Карделлини
Жюли Дельпи
Клаудия Ким доктор Хелен Чо
Стэн Ли камео

Қазақша дубляж

  • Ержан Жарылқасынов — Тони Старк / Темір адам
  • Ерғали Төлебаев — Стив Роджерс / Капитан Америка
  • Самат Қордабай — Брюс Бэннер / Халк
  • Бейбіт Қамаранов — Тор
  • Бақытжан Жармұхамбетов — Клинт Бартон / Қаршыға көз
  • Мақпал Исабекова — Наташа Романофф / Қара жесір
  • Жасұлан Байсалбеков — Альтрон
  • Мерей Әжібеков — Пьетро Максимофф / Сынап
  • Жазира Асанова — Ванда Максимофф / Алқызыл мыстан
  • Серікбол Қиялов — Джеймс «Роуди» Роудс / Жауынгер / Темір патриот
  • Азамат Қанапия — Аян / ДЖАРВИС
  • Ержан Түсіп — Ник Фьюри
  • Алима Қайырбекова — Мария Хилл
  • Руслан Сеңкебаев — барон Вольфганг фон Штрукер, Улисс Кло, Хеймдалл
  • Ақкенже Әлімжан — Пегги Картер
  • Балтабай Сейтмамытов — Эрик Селвиг, Стэн Ли
  • Нышанбек Жұбанаев — Сэм Уилсон / Сұңқар
  • Жадыра Сәрсенбаева — доктор Хелен Чо
  • Гүлназ Әуесбаева — Мадам Б
  • Дубляж режиссері — Тимур Балымбетов
  • Аудармашы — Диана Сабазова
  • Мәтінді үйлестірушілер — Салтанат Дүнгенбаева, Тимур Балымбетов
  • Жоба менеджері — Юлия Бисерова
  • Қазақ тіліндегі нұсқаның шығармашылық жетекшісі — Сергей Пасов
  • Дыбыс режиссерлері — Андрей Резинкин, Мәди Қайыржан
  • Дубляж студиясы — «Cinema Tone Production»
  • Сәйкестендіру студиясы — «Shepperton International»
  • Қазақша нұсқасын шығарған — Disney Character Voices International, Inc.

Басқа рөлдерде

  • Руслан Сеңкебаев
  • Гүлназ Әуесбаева
  • Балтабай Сейтмамытов
  • Жадыра Сәрсенбаева
  • Жазира Асанова
  • Мерей Әжібеков
  • Тимур Балымбетов
  • Нышанбек Жұбанаев
  • Ержан Түсіп
  • Самат Андреев
  • Диана Андреева

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Tags:

Альтрон Дәуірі СюжетіАльтрон Дәуірі РөлдердеАльтрон Дәуірі Қазақша дубляжАльтрон Дәуірі ДереккөздерАльтрон Дәуірі Сыртқы сілтемелерАльтрон ДәуіріMarvel ComicsMarvel кинематографиялық әлеміАғылшын тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Адам даму индексіСоқырішекДевианттық мінез-құлықПысықтауышЖайылма сөйлемСаңырауқұлақтарКөмірЖуніс СахиевЖыныссыз көбеюДидактикаАлланың есімдеріҚазақстандағы минералды ресурстарШанхай Ынтымақтастық ҰйымыСудың ластануыАлаш ОрдаҚорықтарАмерика–Жапон шарттарыАвтокөлік шығаратын елдер тізіміӘбілқайыр хан (Кіші жүз)ТолықтауышҚазақстан аудандарыЮпитерАрхейКүнбағысӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдары1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыҚарақұмықКаспий экологиясыДомбыраЖасушаАқбөкенЭлектрондық сандық қолтаңбаӨкпеАрыстан баб кесенесіЖапонияГрузияДамушы елдерҚазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевҚант қызылшасыМахамбет ӨтемісұлыФариза ОңғарсыноваАнтивирустарТабиғи газӘбу Райхан әл-БируниМахаббат, қызық мол жылдарАнемияЕгемендікҚұстарКөне түркі жазбаларыАктинҚазақстандағы көмірЛеонардо да ВинчиЖылқы малының атауларыҚазақстандағы экологиялық проблемаларАзаматтық құқықМәскеу шайқасыҚабанбай батырБейімбет Жармағамбетұлы МайлинСемей полигоныБактерияларЕкінші дүниежүзілік соғысҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыДауысты дыбыстарТеміртауОрганикалық затОдағайПлацентаПсихологияТемірӨсімдіктер систематикасыҚұрмалас сөйлемКеңес Одағының білім беру жүйесіӘлемдік діндерЖайықХалықаралық еңбектiк миграцияҰйқы безі🡆 More