Жатыр Аурулары

Жатыр аурулары, әдетте, Жатырдың қабынуы және Жатыр ісіктері болып екі топқа бөлінеді.

Жатырдың қабынуы жасанды түсіктен кейін немесе босанғаннан кейін шырышты және бұлшық етті қабаттары жараланып, іріңдеуінен болады. Бұл кезде әйелдің дене температурасы 38 — 390С-қа дейін көтеріліп, қан тамырлары тарылып, жүрек соғысы жиілейді. Әйел безгек тигендей қалтырап, Жатырдың жиырылуы төмендейді. Жатыр қуысынан ірің аралас, жағымсыз иісі бар сұйықтық бөлінеді. Жатырдың қабынуына: эндомиометрия, метроэндометрит, параметрит, т.б. жатады. Жатыр қабынуының созылмалы түрі әр түрлі жұқпалы аурулардың (туберкулез, мерез, актиномикоз) асқынуынан болады. Жатырдың қабынуын емдеу үшін Жатыр мойнының каналы және Жатыр қуысын тазалап, түрлі антибиотиктермен жуады; антибактериалдық терапия қолданылады. Жатыр ісіктері де екі топқа (қатерсіз ісік, қатерлі ісік) бөлінеді. Қатерсіз ісіктің ең жиі кездесетіні — миома. Бұл бірыңғай салалы ет тінінен (жатыр, қарын, ішек, тері етінен) өседі. Жатыр миомасы кезінде ұзақ уақыт қан кетіп, адамды анемияға шалдықтырады, қуықты, қуыққа келетін қан тамырларын, жүйке талшықтарын ісік басады. Ісік 30 — 35 жастағы әйелдерде пайда болып климакс мерзіміне дейін өсе беруі мүмкін. Миоманың түрі өте көп, өте жиі кездесетін түрі — Жатыр фибромиомасы. Бұл ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуынан пайда болады. Алғашқы кезде ауру белгісіз өтеді. Ауру асқынғанда кіндіктің төменгі жағы шаншып ауырады. Етеккір мерзімі бұзылып, Жатырдан көп қан кетуі мүмкін. Жатыр миомасы, Жатыр фибромиомасы бар әйелдер, көбінесе, бала көтермей қалуы мүмкін. Сондықтан әр түрлі қабыну ауруларын өз мезгілінде емдеу керек; 30 жастан асқан әйелдер жылына 2 — 3 рет әйелдер консультациясына барып тексеріліп тұруы қажет. Жатырдың қатерлі ісігіне жатыр рагы, саркома, т. б. әйелдің жыныс мүшесінде кездесетін аурулар жатады (қ. Қатерлі ісік).

Жатыр Аурулары

Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы

Tags:

ІріңІсікІшекАктиномикозАнемияАнтибиотикАуруБезгекЕтеккірЖатырЖүйке талшығыЖүрекКлимаксКіндікМерезМиомаСаркомаТерапияТуберкулезҚанҚарынҚатерлі ісікҚуық

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қаныш Имантайұлы СәтбаевЕртісБронх демікпесіКөзҚазақ-Жоңғар соғысыҚанипа Омарғалиқызы БітібаеваЕсекжемЕскендір (поэма)1921-1922 жылдардағы ашаршылықОнкологияҚұқықФонетикаОттегіЖелшешекКөксерек (әңгіме)АнемияПублицистикалық стильҚазақстан экономикасыНаполеон БонапартЕркіндікНайзағайМіржақып ДулатұлыСаяси режимБала құқықтары туралы конвенцияҚарахан мемлекетіКіші жүзҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныТөл сөзҮндістанТотығу-тотықсыздану реакцияларыҮйсін мемлекетіКөне түркі жазбаларыСабақтас құрмалас сөйлемДулатСынықЖүктілікҚандалаЖиембет жырауДүниежүзілік сауда ұйымыЗалалсыздандыруМетонимияМагнит өрісіСаяси билікЕсімдікАсқазан ауруларыКүйзелісЖеті қазынаҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріАурухана ішілік инфекцияТолықтауышҚабдеш ЖұмаділовАлаш ОрдаMicrosoft AccessМетафораӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановЕкінші Мемлекеттік ДумаЖыныс мүшелерінің құрылысыҚант диабетіҚазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресіИталияЭндокриңді бездерҚызылша (медицина)ДінОмонимИслам пайғамбарларыШоқан Шыңғысұлы УәлихановҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Қажымұқан МұңайтпасұлыКөші-қонЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларҚазақстан астанасыМұстафа ШоқайКіші жүздің Ресейге қосылуыМұрат МөңкеұлыНаурыз көжеИнсультЭлектр тогыҚорықтарШанхай Ынтымақтастық Ұйымы🡆 More