Актиний (лат.
Реттік саны — 89. Ең ұзақ уақыт өмір сүретін изотопы 227Ac, жартылай ыдырау уақыты — 22 жыл.
| |||||
Жай заттың сыртқы бейнесі | |||||
---|---|---|---|---|---|
күміс-ақ, көгілдір жарықпен жарқырайды; кейде алтын реңкпен | |||||
Атом қасиеті | |||||
Атауы, символ, нөмірі | Актиний, 89 | ||||
Топ типі | |||||
Топ, период, блок | ІІІ, 7, f | ||||
Атомдық масса (молярлық масса) | |||||
Электрондық конфигурация | [Rn] 6d17s2 | ||||
Қабықшалар бойынша электрондар | 2, 8, 18, 32, 18, 9, 2 | ||||
Атом радиусы | 188 пм | ||||
Химиялық қасиеттері | |||||
Ковалентті радиус | 215 пм | ||||
Ион радиусы | (+3e) 118 пм | ||||
Электртерістілігі | 1,1 (Полинг шкаласы) | ||||
Электродты потенциал | Ac←Ac3+ -2,13В Ac←Ac2+ -0,7В | ||||
Тотығу дәрежелері | +3 (қатты негіз оксиді) | ||||
Иондалу энергиясы | 1-ші: 499 кДж/моль (эВ) | ||||
Жай заттың термодинамикалық қасиеттері | |||||
Термодинамикалық фаза | |||||
Тығыздық (қ.ж.) | 10,07 г/см³ | ||||
Балқу температурасы | 1320 K | ||||
Қайнау температурасы | 3470 K | ||||
Балқу жылуы | (10,5) кДж/моль | ||||
Булану жылуы | (292,9) кДж/моль | ||||
Молярлық жылусыйымдылық | 27,2 Дж/(K·моль) | ||||
Молярлық көлем | |||||
Жай заттың кристаллдық торы | |||||
Тор құрылымы | Текше бетке бағытталған | ||||
Тор параметрлері | 5,67 Å | ||||
Басқа да қасиеттері | |||||
CAS нөмірі | 7440-34-8 |
Актинийді 1899 жылы А. Дебьерн уран рудаларын өңдеу қалдықтарында тапқан. Радийді нейтрондармен атқылау арқылы актинийді алады.
Актиний — ақшыл-күміс түсті металл, химиялық қосындыларда валенттілігі 3+, химиялық қасиеттері бойынша лантанға жақын. Актиний — қауіпті радиоактивті улы зат. Актиний (Actіnіum) Ас – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы радиоактивті элемент; реттік нөмірі 89, атомдық массасы 227. 1899 жылы француз химигі А.Дебьерн ашқан. Актинийдің жер қыртысындағы мөлшері 61010.
Актиний күмістей ақ түсті металл, балқу температурасы 1050-50С, өте әрекеттескіш; ауада тез тотығады, тұз және азот қышқылдарында ериді. Актиний химиялық қосылыстарда 3 валентті болып келеді. Қосылыстарының (гидрототықтар, фторид, оксалат, фосфат, карбонат, фторсиликат) көпшілігі ерімейді. Актиний галогенидтері ауада ұшқыр келеді, негіздік қасиеті лантаннан да күшті. Актиний тотығы оның гидрототығын немесе оксалатын 1100С-да қыздырып-күйдіру арқылы алынады. Оның галогенидтері фторлы сутекке, төрт хлорлы көміртекке, бромды алюмийниге актиний тотығының, құрғақ гидрототығының немесе оксалатының әсері нәтижесінде түзіледі. Актиний тұздары ақ түсті, ертінділері түссіз келеді.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Актиний, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.