Тығыздық

Тығыздық.

Зат массасының осы зат көлеміне қатынасымен өлшене отырып, сол затты сипаттайтын өте маңызды физикалық қасиеттердің бірі.

Заттың тығыздығын анықтау үшін міндетті түрде көлемдері 1 м3 немесе 1 см3 болатын денелерді жасаудың қажеттігі жоқ. Ол үшін алдымен тығыздығы анықталатын дененің массасы мен көлемін өлшеп алып, сонан соң массаны көлемге бөлсек болғаны. Сонда біз көлем бірлігіне сәйкес келетін массаны, яғни тығыздықты табамыз. Сонымен заттың тығыздығын табу үшін дененің массасын оның келеміне бөлу керек. Заттың тығыздығын - р, дененің массасын - m, оның көлемін - V әріптерімен белгіеді.

Зат тығыздығының бірлігі үшін бірліктердің Халықаралық жүйесінде (SI) килограмның метр кубқа қатынасы (кг/м3) алынған. Бұл - көлемі 1 м3 болатын, массасы 1 килограмға тең біртекті заттың тығыздығы. Есептеулер жүргізу кезінде тығыздықтың г/см3, т/м3сияқты басқа да бірліктері қолданылады.
Бұл, әсіресе, пішіні күрделі болып келетін денелердің көлемін есептеуге өте қолайлы.
Көп жағдайда бір дене тегі әртүрлі заттардан жасалады. Бұндай жағдайда р=m/V формуласы бойынша есептеулер жүргізе отырып, денені құрайтын материалдың орташа тығыздығы (ротр) табылады. Мысалы, кеменін негізгі бөлігі болаттан жасалғанымен, оның әртүрлі заттардан жасалған (ағаш, шыны, пластмасса, түсті металл, т. б.) бөліктері де бар.
Әсіресе, кеменің көп аумағын ауа толтырып тұрады. Міне, сондықтан кеменің орташа тығыздығы (р = 500 кг/м^3) судың тығыздығынан аз болады да, кеме суға батпайды . Ал бұл кеменің суда жүзуін қамтамасыз етеді.

Дереккөздер


Tags:

КөлемМассаФизикалық қасиеттер

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жіктік жалғауНаурызым қорығыКөзімнің қарасы...МиссионерлiкГүлШешендік сөзШоқан Шыңғысұлы УәлихановҚазақстанның тұңғыш мектептеріМарсРим империясыДепортацияКөсемшеБаскетболВегетативтік көбеюХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеАқпан төңкерісіПневмонияҚозы Көрпеш – Баян СұлуҚайыңҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныҚыз ЖібекАбай ҚұнанбайұлыДүниежүзінің табиғат ресурстарыЖұлынҚазақстандағы көмірИспанияРинат Рифхатұлы ЗайытовСпирттерҚазақстанның мемлекеттік құрылымыШиенің түрлеріПродуценттерӘлемдегі ең танымал кітапханаларМұхтар Омарханұлы ӘуезовДамыған елдерАсан қайғы СәбитұлыНанотехнологияМейозШыңғыс ханАмпер заңыҒылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуыҚазақ театрыҚорғалжын қорығыҚоршаған ортаны қорғауЕтеккірӨнерКөзМәдени өсімдіктерҒарышкерҚажымұқан МұңайтпасұлыСаяси мәдениетСын есімнің шырайларыЖәркен БөдешұлыМұнайСәулетПротерозойБақбақМюнхен келісіміАмерикаКиіз үйДәулеткерей ШығайұлыДәнеш РақышевМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріАралас құрмалас сөйлемСақтарСпартак көтерілісіОперациялық жүйелерТабиғи радиоактивтікӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыСинонимЖұмбақтасДемографияАқпараттық қауіпсіздікҚаныш Имантайұлы СәтбаевЖасушаның бөлінуіДомбыраМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарыМәншүк Жиенғалиқызы Мәметова🡆 More