Айдахо

Айдахо (ағылш.

Штаттың ең үлкен қаласы және астанасы — Бойсе. Басқа штаттармен салыстырғанда жер көлемі жөнінен 14-ші, ал тұрғыны жөнінен 40-шы орында. Штат мәртебесін 43-ші ретпен 1890 жылы 3 шілдеде иеленді. Штаттың ресми лақап аты: «Гауһарлы Штат» (ағылш. «Gem state»), табиғи ресурстарының молшылығына байланысты қойылған. Штат ұраны: «Әрқашан болады» (лат. Esto perpetuum).

АҚШ штаты

Айдахо
ағылш. Idaho

Айдахо туы Айдахо мөрі
Айдахо туы Айдахо мөрі
АҚШ картасындағы Айдахо штаты

Штат ұраны

«Әрқашан болады» (Esto perpetua(ағыл.)

Штат әні

Here We Have Idaho (ағыл.)

Штат лақапаты

«Гауһарлы Штат»

Астанасы

Бойсе

Ең ірі қаласы

Бойсе

Ірі қалалары

Айдахо-Фолс
Нампа
Покателло
Меридиан

Тұрғыны

1 567 582 (2010 жыл)
39-ші орын (АҚШ б-ша)
- тығыздығы
7,24 адам/км²

Ауданы

14-ші орын
- барлығы
216 632 км²
- су беті
2 123 км² (0,98 %)
- ендік
42° с. е. бойынша 49° с. е., 491 км
- бойлық 111° б. б. бойынша 117° б. б., 771 км

Теңіз деңгейінен биіктігі

- максимал биіктігі 3 861,2 м
- орташа биіктігі 1 520 м
- минимал биіктігі
217 м

Штат статусын иеленуі

1890 жыл 3 шілде
43 ретпен
- штат болмай тұрып
Айдахо жері

Губернаторы

Бутч Оттер

Вице-губернаторы

Бред Литтл

Заң шығару органы

Айдахо легислатурасы
- жоғарғы палатасы Айдахо сенаты
- төменгі палатасы Айдахо өкілдігінің палатасы

Сенат мүшелері

Майк Крепо
Джим Риш

Уақыт белдеуі

UTC−8/UTC−7,
жазда UTC−7/UTC−6

Домені

.id.us

Ресми сайты:

www.idaho.gov

Топонимикасы

Тарихшылар арасында штаттың атауына байланысты ортақ пікір жоқ. Бірақ та бұған байланысты бірнеше болжамдар бар, соның бірі: 1860 жылы лоббист Джордж Уиллинг (George M. Willing (ағыл.)) жаңа жерді «Айдахо» деп атауды АҚШ Конгресіне ұсынды. Оның айтуы бойынша, бұл сөз шошондар тайпасының тілінде «таулы гауһар» дегенді білдіреді (ағылш. gem of the mountains). Дегенмен, Конгресте Уиллингтің дәлелдеріне күмәнданды, және жаңа жерге «Колорадо» деген атау берілді. Алайда 1859 жылы Колорадоның бір қаласы Айдахо деп аталған болатын (1866 жылдан бастап - Айдахо-Спрингс). Бірақ кей жерде Уиллинг бұл сөздің ойдан шығарылғаны жөнінде мойындады делінеді.

Басқа болжамға сәйкес «айдахо» (бастапқыда ағылш. ee-dáh-how («и-да́-хоу») сөзі шошондар тілінде «Күн шығады» дегенді білдірген; сонымен бiрге бұл сөз арапахо тайпасының да тiлiнен болуы мүмкін. Үшінші болжам бойынша «айдахо» («ídaahę́») сөзі «жау» дегенді білдіреді, яғни атабасктар тайпасы команчтар тайпасын осылай атаған.

1860 жылы 9 маусымда Колумбия өзенінің бойымен бу кемесі жіберілді, ол «Айдахо» (ағылш. Idaho(e)) деп аталды. 1861 жылы соның құрметіне жаңа құрылған округке Айдахо атауы берілді. 1863 жылы Вашингтон аумағынан жаңа аумақ бөлініп шықты (Айдахо округімен аттас). Және 1890 жылы Айдахо штат мәртебесін иеленді.

Тарихы

Айдахо 
Орегон жері, 1818-1846 жж.

Айдахо жерінде алғашқы адамдар палеоүнділер, б. з. д. XIII мыңжылдықта пайда болған деген мәліметтер кездеседі. Үнді тайпалары бірнеше мәдени аумақтарға бөлінген. Солардың ішінен өте ірі тайпалары - не-персе және пайюттар. Еуропалықтардың келуіне дейін Айдахода 8 мыңдай адам мекен еткен.

Айдахо жеріне аяқ басқан алғашқы ақ адамдар Льюис және Кларк экспедициясының мүшелері болды. Бұл экспедиция 1805 жылы 12 тамызда өткен. Келесі жылдары Айдахо қамбат аң терісімен айналысатын компаниялардың трапперлерімен белсене зерттеле бастада. Сонымен қоса АҚШ пен Ұлыбритания арасында Айдахо жері үшін аймақтық даулар болды. Нәтижесінде 1846 жылы 15 маусымда Орегон келісімі бекітіліп, Орегон жері АҚШ-қа өтті.

1850-60 жылдары Айдахо аумағынан алтынның бай қоры табылды, бұл алтын іздеушілердің көптеп келіуіне алып келді. Сонымен қоса алғашқы қалалар пайда бола бастады. 1890 жылы 3 шілдеде Айдахо 43-ші ретпен штат статусын иеленді. Қазіргі таңда штаттың ең басты өнеркәсіп салалары - тау-кен өндірісі, ауыл шаруашылығы және ғылыми-техникалық секторлар.

Географиясы

Айдахо 
Айдахо картасы

Штаттың ауданы 216 446 км² құрайды (83 570 шаршы миль). Бұл көрсеткіш бойынша басқа штаттармен салыстырғанда 14-ші орында. Су бетінің жиынтық ауданы 2 131 км² (823 шаршы миль), яғни 0,98 %. Штаттың оңтүстігінен солтүстігіне дейінгі ұзындығы 164 және 479 мильді құрайды немесе 264 және 771 км, сәйкесінше ең қысқа және ең ұзын бөліктерінде. Штаттың шығысынан батысына дейінгі ұзындығы 45 мильден 305 мильге дейін немесе 72 км-ден 491 км-ге дейін, сәйкесінше ең тар және ең кең бөліктерінде.

Айдахо оңтүстігінде Юта және Невада штаттарымен, солтүстігінде — Британдық Колумбия канадалық провинциясымен, шығысында — Вайоминг штатымен және Биттеррут жотасын бойлай Монтана штатымен шектеседі. Ал батысында Орегон және Вашингтон штаттарымен шектеседі. Осылайша Айдахо штаты басқа алты штаттармен және бір канадалық провинциямен шектесіп жатыр.

Айдахо континенттiк су айырықтың батысында орналасқан. Штаттың 8 ірі геологиялық аймағы бар. Ең ескілерінің жасы 1 400 миллион жылды құрайды, ал жаңаларының жас шамасы — 16-17 миллион жыл. Штаттың жері көбіне таулы болып келеді. Батысынан шағасына дейін Снейк өзен аңғары созылып жатыр. Аңғарда орналасқан штаттың ірі қалалары: Нампа, Колдуэлл, Айдахо-Фолс, Покателло т. б., соның ішінде қазіргі астанасы — Бойсе.

Айдахо штатында бірнеше кеме жүзетін өзендер бар, соның ішінде Снейк өзені. Штатта 2 мыңдай көл бар деп саналады. Ең ірі көлі — Панд-Орей. Оның аумағы 180 шаршы миль (466 км²).

Айдахоның ең биік нүктесі — Бора-Пик (3 859 м). Ол Лост-Ривер өзен аңғарында орналасқан. Ең төмен нүктесі (216 м) Льюистон қаласындағы Клируотер және Снейк өзендерінің қиылысында орналасқан.

Көрші штаттар
Солтүстік-батыс:
Айдахо 
Солтүстік:
Үлгі:Байрақ/Британдық Колумбия (Канада)
Солтүстік-шығыс:
Айдахо 
Батыс:
Айдахо 
Айдахо  Шығыс:
Айдахо 


Оңтүстік-батыс
Айдахо 
Оңтүстік:
Айдахо 
Оңтүстік-шығыс:
Айдахо 


Суреттері

Айдахо  Айдахо  Айдахо  Айдахо 
Кларкия шөгінділерінен қазып
алынған өсімдік жапырақтары
Жеті шайтан таулары Овайхи өзенінің каньоны Снейк өзені Снейк өзен аңғары

Климаты

Айдахо 
Сент-Мериз өзені, сәуір айы

Штат өзінің бірқалыпсыз климатымен ерекшеленеді. Тынық мұхитынан 500 км-ге қарамастан, Айдахоның климатына батыстан келетін ауа ағындары (атмосфералық ылғалдың негізгі көзі) ықпал етеді. Жазды күндері ауа массалары Мексика шығанағы мен Кариб теңізінен айтарлықтай ылғал алып келеді.

Қысты күндері бұлттылықтың, ылғалдың және температураның орташа көрсеткіштері АҚШ-тың басқа бөліктеріне қарағанда жоғары болып келеді. Жалпы Айдахоның климаты қоңыржай климатты, оңтүстігіне қарай климаты құрғақ. Дауыл және құйындар өте сирек болады.

Флора және фаунасы

Айдахо 
Айдахо ақ қарағайы (лат. Pinus monticola), Айдахо штатының белгілерінің бірі
Айдахо 
Айдахо боршатышқаны

Штаттың аумағында 10 биомдар кездеседі және 3 мыңға жуық байырғы өсімдіктер өседі, соның ішінде ағаштың 20 түрі. Ылғалға бай өзен жағалауларында Батыс Тсугасы (лат. Tsuga heterophylla), Қатпарлы Туя (лат. Thuja plicata) және Қылшықты Терек (лат. Populus trichocarpa) өседі; құрғақ жерлерінде Сары қарағай (лат. Pínus ponderósa) және Мензис Псеудотсугасы (лат. Pseudotsuga menziesii) өседі.

Штаттың таулы аймақтарында Ақ қабықты қарағай (лат. Pínus albicáulis) және Тау Тсугсы (лат. Tsuga mertensiana) өседі.

Айдахо штатында мекендейтін сүтқоректілер: Вапити (лат. Cervus elaphus subspp.), Бұлан (лат. Alces alces), Аққұйрықты бұғы (лат. Odocoileus virginianus), Қарақұйрықты бұғы (лат. Odocoileus hemionus), Ашамүйізді киік (лат. Antilocapra americana), Сабау қой (лат. Ovis canadensis), Қар ешкісі (лат. Oreamnos americanus), Барибал (лат. Ursus americanus), Пума (лат. Puma concolor), ірілері: Канада құндыздары (лат. Castor canadensis), Шалғынды қасқыр (лат. Canis latrans), Түлкі (лат. Vulpes vulpes), Ондатр (лат. Ondatra zibethicus), Күзендер (лат. Mustela frenata), Солтүстік Америкалық кәмшат (лат. Lutra canadensis), Америкалық борсық (лат. Taxidea taxus), Солтүстік қалталы егеуқұйрық (лат. Thomomys talpoides), Америкалық күзен (лат. Mustela vison), Жанаттар (лат. Procyon lotor), Америкалық сусарлар (лат. Martes americana).

Айдахо аумағында үнемі ұя салатын тұқымдастарға Қырғауылдар тұқымдастары (лат. Phasianidae) Қаршыға тұқымдастары (лат. Accipitridae), Сұңқарлар тұқымдастары (лат. Falconidae), Жапалақ тұқымдастары (лат. Strigidae) т.б. жатады.

Сирек және жойылып бара жатқан түрлер

Омыртқалылар

Сүтқоректілер (Mammalia)
  • Қасқыр (Canis lupus)
  • Сұр аю
  • Солтүстік бұғы (Rangifer tarandus)
  • Канада сілеусіні (Lynx canadensis)
  • Айдахо боршатышқаны (Spermophilus brunneus brunneus)
Балықтар (Pisces)
  • Келмен балық (Oncorhynchus nerka) (Снейк өзені)
  • Ақ бекіре (Acipenser transmontanus) (Кутеней өзені)
  • Salvelinus confluentus
  • Oncorhynchus tshawytscha (Снейк өзені)
  • Oncorhynchus mykiss (Снейк өзені)

Омыртқасыздар (Invertebrata)

  • Lanx sp.
  • Pyrgulopsis bruneauensis
  • Valvata utahensis
  • Pyrgulopsis idahoensis
  • Physa natricina
  • Taylorconcha serpenticola

Өсімдіктер (Plantae)

  • Mirabilis macfarlanei
  • Silene spaldingii
  • Spiranthes diluvialis
  • Howellia aquatilis

Тұрғыны

Айдахо 
Айдахо халқының тығыздығы

2010 жылы Айдахо штатының тұрғындар саны 1 567 582 адамды құрады, алдыңғы жылмен салыстырғанда 21 781 адамға (1.4 %) және 2000 жылмен салыстырғанды 273 629 адамға (21,1 %) өсті. Басқа штаттармен салыстырғанда бұл көрсеткіш бойынша 40-шы орында.

2010 жылы Айдахо штаты 2000-2010 жылдар аралығындағы тұрғынның өсу деңгейі бойынша төртінші орын алды. Айдаходан жоғарырақ көрсеткіштерге ие болған Невада (35,1 %), Техас (21,7 %) және Калифорния (10 %) штаттары. Ал 2004-2005 жылдар аралығындағы көрсеткіштер бойынша Невада мен Аризона штаттарынан кейін 3-ші орында болған.

Тұрындарының жартысына жуығы қалада тұрады. Этникалық құрамы (2000 жылғы деректер бойынша):

  • немістер — 18,8 %,
  • ағылшындар — 18,1 %,
  • ирландықтар — 10 %,
  • байырғы американдықтар — 8,1 %,
  • мексикалықтар — 5,5 %.

Штаттың тұрғындар санының динамикасы төменде келтiрiлген.

Айдахо

Ірі қалалары

Тұрғын саны 10 мыңнан асатын қалалар
1 шілде 2009 жылғы деректер бойынша
Бойсе 205,7 Пост-Фолс 26,9
Нампа 81,2 Москоу 24,3
Меридиан 68,5 Игл 19,7
Айдахо-Фолс 55,3 Аммон 13,9
Покателло 55,0 Куна 13,9
Кёр-д’Ален 43,8 Хейден 13,2
Колдуэлл 43,3 Чаббак 12,5
Туин-Фолс 42,7 Маунтин-Хоум 12,3
Льюистон 31,9 Гарден-Сити 11,9
Рексбург 28,9 Блэкфут 11,2

Экономикасы

Айдахо 
Айдахо алқабындағы трактор

2010 жылы штаттың Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 55,4 миллиард долларды құраса, әр адамға шаққандағы ЖІӨ мөлшері 35 363 долларды құрады. 2008 жылы штаттың экономикасы АҚШ-тың басқа штаттарымен салыстырғанда 43-ші орында болды.

Штат экономикасының маңызды секторы ауыл шаруашылығы болып табылады. Жалпы АҚШ-та өсірілетін картоптың үштен бір бөлігі Айдахо штатына тиесілі. Әйгілі картоп сорттарының бірі Russet Burbank болып есептеледі. Картоптан басқа Айдахода бидайдың үш түрі өсіріледі. Бақтақ және жасымық өндірісі бойынша бірінші орын алады. Айдахода азық-түлік және ағаш өндірісі, көлік және химия өнеркәсіптері, сонымен қоса қағаз, электроника өндірістері жақсы дамыған. Гудинг қаласында ирландиялық Glanbia (ағылш. Glanbia) компаниясына тиесілі елдің ең ірі шикізат өндіретін зауыты орналасқан. Айдахода реактивті катерлер өндіруші ірі өндірістер (Jetboat (ағыл.)) орналасқан. Сандпойнт қаласында Coldwater Creek (Coldwater Creek (ағыл.)) компаниясының киім сататын орталық офисі орналасқан.

Штат экономикасының ірі секторы ғылыми және технология саласы болып табылады. 2001 жылы бұл сала штаттың ЖІӨ мөлшерінің 25 % құрады. 19912002 жылдар аралығында бұл саланың өсім деңгейі 38 % болды.

Жұмыс күші мен жұмыссыздықтың динамикасы:

Айдахо

Білім беру

Айдахо 
Айдахо-Фолс қаласындағы мектеп

Айдахо аумағындағы ең алғашқы мектепті 1837 жылы миссионер Генри Сполдинг (Henry H. Spalding (ағыл.)) салған болатын. 1865 жылы мектептер саны 12-ге жетті: 4 жеке меншік және 8 муниципалдық. 5 – 21 жас аралығындағы 1239 баланың үштен бір бөлігі осы мектептерде оқыды. 1887 жылы 8 – 14 жас аралығындағы балалардың мектепке баруға міндеттейтін заң қабылданды. Осы заң арқасында 1889 жылы 296 мектеп жұмыс істеп, онда 12 457 бала оқыды.

Алғашқы орта мектеп 1881 жылы штаттың қазіргі астанасы Бойсе қаласында салынған болатын. 1891 жылы штаттың білім министрлігі құрылды. 2008 жылы штатта 751 мектеп жұмыс істеді, онда 275 мыңға жуық бала оқыған болатын. Бір оқушыға шаққандағы салыстырмалы шығын бойынша штат ең соңғы орындарда. 2007-2008 жылғы кейбір мәліметтерге сүйенсек бұл көрсеткіш бойынша Айдахо штаты Юта және Теннесси штаттарынан ғана озып, соңынан санағанда 3-ші орында болған, ал басқа мәліметтерде соңғы орында болған делінеді. Оқу бағдарламасына жұмсалатын аз шығынға қарамастан, 2006 жылы штаттың орташа Айкю-і (IQ (ағыл.)) 101,4 құрады (жалпыұлттық көрсеткіш - 98).

Жоғарғы оқу орындары

Айдахода үш университет жұмыс істейді. Штаттың ең алғашқы және басты университеті — Айдахо Университеті (University of Idaho (ағыл.)). Бұл оқу орын университеттерге жер телiмдерiн тегiн бөлу бағдарламасының аясында 1889 жылы Москоу қаласында құрылды. Штаттың екінші университеті , Айдахо штатының Университеті (Idaho State University (ағыл.)), 1901 жылы Покателло қаласында «Айдахо академиясы» ретінде құрылып, университет статусын 1963 жылы иеленді. Штаттың үшінші университеті 1932 жылы Бойсе қаласына алғашында кіші колледж ретінде құрылып, 1974 жылдан бастап Бойсе Штат Университеті (Boise State University (ағыл.)) деп аталды.

Бұлардан басқа штат аумағында 4 жеке меншік университет, 5 колледж және 7 жеке меншік колледж жұмыс істейді:

Жеке меншік университеттер:

Штат колледждері:

Айдахо 
Айдахо Университетінің басты ғимаратының алды

Жеке меншік колледждер:

Спорты

Айдахо 
Boise State Broncos football және Wyoming Cowboys fooball командалары, 2006 жыл

Штатта дамыған негізгі спорт түрлері қатарына бейсбол, шайбалы хоккей және баскетбол жатады. Бірақ жоғарғы ұлттық спорт лигаларына қатысатын командалары жоқ.

1926-1928 жылдары Айдахо мен Юта арасында С класының бейсбол лигасы өтті. Қазіргі күнге дейін штатта екі кәсіби бейсбол командасы бар: Айдахо-Фолс Чакарс (Idaho Falls Chukars (ағыл.)) және Бойсе Хокс (Boise Hawks (ағыл.)). Сонымен бірге 6 жергiлiктi бейсбол лигалары жұмыс iстейдi.

Үш командасы Студенттiк спорттың ұлттық ассоциациясына кіреді: Бойсе Стейт Бронкос (Boise State Broncos (ағыл.);Таулы батыс конференциясы), Айдахо Вэндалс (Idaho Vandals (ағыл.);Батыс атлетикалық конференциясы), Айдахо Стейт Бенгалс (Idaho State Bengals (ағыл.);Үлкен аспан конференциясы).

Штаттың кәсіби баскетбол командасы Айдахо Стампид (Idaho Stampede (ағыл.)) болып табылады, 2006 жылға дейін КБА құрамында болған, қазір ҰБА дамыту лигасында. 2007-2008 жылдары бұл команда лиганың чемпион атағын жеңіп алған.

Штаттың тенистен кәсіпқой командасы ретінде Айдахо Сникерс (Idaho Sneakers (ағыл.)) танылған. Кезінде бұл командаға Энди Роддик және Манон Боллеграф деген спортшылар қатысқан болатын. Команда 1994 жылдан бастап World TeamTennis турниріне қатысып келеді. Сол жылы турнирде екінші орынды иемденген.

ECHL хоккей лигасына штаттың Айдахо Стилхедс (Idaho Steelheads (ағыл.)) деген командасы қатысады. 2004, 2007 жылдары Айдахо Стилхедс екі мәрте Келли кубогын (Kelly Cup (ағыл.)) және 20092010 маусымда Брэбхем кубогын (Brabham Cup (ағыл.)) жеңіп алған.

Гольф спорты бойынша жалпыұлттық турнир аясында Айдахода үнемі Albertsons Boise Open (ағыл.) турнирі өтеді.

Назар аударарлық орындары

Ұлттық саябақтар, қорықтар, ескерткіштер, тарихи орындар

Айдахо 
Сити-оф-Рокс ұлттық қорығы

Ұлттық демалыс орындары

Айдахо 
Хелс-Каньон

Ұлттық қорықтар

Ұлттық қорықшалар

Ресми белгілері

Толық мақаласы: Айдахо штатының ресми белгілері

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Idaho

Tags:

Айдахо ТопонимикасыАйдахо ТарихыАйдахо ГеографиясыАйдахо КлиматыАйдахо Флора және фаунасыАйдахо ТұрғыныАйдахо ЭкономикасыАйдахо Білім беруАйдахо СпортыАйдахо Назар аударарлық орындарыАйдахо Ресми белгілеріАйдахо ДереккөздерАйдахо Сыртқы сілтемелерАйдахо1890 жылАғылшын тіліАҚШБойсеЛатын тіліХалықаралық фонетикалық әліпбиШілденің 3

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуыӘбу Насыр Әл-ФарабиКүй аңызы (әңгіме)АғашБуддизмКөкпарСуЕуразиялық Экономикалық ОдақБейбітшілік және келісім сарайыКартопБағыныңқы сөйлемҚазақстан әкімшілік бірліктеріМикроорганизмЛуврБейбітшілікАлғашқы қайта өрлеу дәуіріТөл сөзАсқорыту мүшелеріСұрыптауСолтүстік АмерикаТүйелерҮстеуМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміДевианттық мінез-құлықКөміртегіКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚазақстан өсімдіктеріКүкірт қышқылыЭкономикаДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевЖеті жарғыНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевМерезЖүрек ауруларыҰлықбек316-атқыштар дивизиясыӨнерТоғыз-құмалақОрта ғасырлардағы мәдениетЖайықМашинажасауҚазақ қолөнеріАдам даму индексі бойынша елдер тізіміЖер сілкінуАнтигитлерлік коалицияЖалпы ішкі өнімБіріккен Араб ӘмірліктеріБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевАлматыОсип Андреевич ИгельстромЖылқы малының атауларыӨсімдіктер систематикасыЛинолеумКөлденең жолақты ет ұлпасыМал шаруашылығыҚұстарЖайылма сөйлемТемірхан МедетбекКорея РеспубликасыVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріАқпан төңкерісіАтом ядросыВаршава келісімі ұйымыМұқағали Сүлейменұлы МақатаевЕгемендікМолотов-Риббентроп пактыОзон қабатыҚазақстандағы минералды ресурстарМобильді қосымшаларӨздігінен тозаңдануҒаламдық мәселелерБауыржан МомышұлыРеформацияХалықаралық еңбек бөлінісіТуыстық атауларыҚабанбай батырӘсет НайманбайұлыҚазақ әліпбиіӨнеркәсіп🡆 More