Климат

Климат (гр.

κλίμα (klimatos) — еңкейіс) — белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның жүйелі өзгеріп отыруы.

Климат
1961-ден 1990 жылдарға дейiн беттiң орташа айлық температуралары. Бұл мысалдар ауа райы орналастырылу және маусымға байланысты өзгертетiн анықтайды

Ол физикалық (климат жасайтын) процестердің, күн радиациясының, атмосфералық циркуляцияның, жер беті бедерінің туындысы. Белгілі бір жердің климатын толық білу, оның басқа жердің климатымен салыстырғандағы ерекшеліктерін айыру, сонымен қатар берілген жердің климатының өзгеруін байқау тек көп жылдар бойы жүргізілген байқауларды жүйелеу, қорыту негізінде айқындалады. Жер шарының әр нүктесіндегі климаттың әр түрлі болуы — климат құрайтын факторлардың, ягни осы процестерді жасайтын географиялық жағдайлардың айырмашылығынан туады.

Климаттық белдемділік

Толық мақаласы: Климаттық белдеулер

Планетаның беткі жазықтығын климаттык өзгешеліктері тұрғысынан бірнеше белдемдерге бөлу ұстанымы. Жер шарын тұтасымен орап өтетін осы белдемдердің жиектері ендік сызықтармен (параллелдермен) орайлас бағытталған. Әрбір климаттық белдем құрамында бірнеше климаттық атыраптар оқшаулануы мүмкін. Климаттық белдем деген ұғым аймақтық түсінік ретінде де қолданылады. Мысалы, таулы өңірлерге тән түрлі биіктік деңгейлерінің тек өздеріне ғана тән климаттык жағдайлармен сипатталуы осы деңгейлерді дербес климаттық белдемдер ретінде даралауға мүмкіндік береді.

Климаттың, мұздықтардың кезендік тербелістері

Климаттың, мұздықтардың, сушаралардың жаға сызықтарының үзақтығы мен қарқындылық дәрежесі әр түрлі - метаморфизма, яғни бірнеше немесе ондаған жылдардан (мыс., 35 жылдык Брюкнер кезеңдері) бірнеше мыңжылдықтарға дейінгі ырғақты өзгерістері. Орташа жылдық температураның, ылғалдық дәрежесінің, мұздықтар өлшемінің өзгерістерінде білінеді. Әр түрлі себептерге, негізінен жерден тыс — Күн радиациясының кезеңдік өзгерістері мен қаркындылығына, Жер орбитасы эксцентрисетінің ауытқуларына байланысты.

Климат неге байланысты?

Аймақтардағы климат географиялық ендікке, жер бедерінің пішініне, беткі жамылғысына, жергілікті жердің географиялық орнына байланысты. Сонымен қатар мұхиттар мен теңіздерге алыс, жақындығы және мұхит ағыстарына қатысты өзгереді. Мысалы, климат жаз айларында ыстық және құрғақ немесе салқын, жаңбырлы, қыс мезгілінде аязды, қарлы немесе қар аз болуы мүмкін. Бұл өзгерістер ауа райының өзгергіштігін көрсетеді. Ешқашан қыс жаздан жылы, ал жаз қыстан суық болмайды. Теңіздер мен мен мұхиттар, таулы массивтер және жергілікті жердің басқа да ерекшеліктері әсер етіп, ғаламшар климаты бірнеше фактор әрекеті нәтижесінде қалыптасады.

Климатты қалыптастырушы факторлар

  • Атмосфералық циркуляция;
  • Жер ғаламшарының Күнді айнала қозғалуына байланысты күн радиациясы;
  • Теңіз деңгейінің биіктігі;
  • Құрлық үсті бойынша — мұхиттар мен теңіздерге қатысты орналасуы;

Күн радиациясының жер бетіне түсу мөлшері географиялық ендікке байланысты өзгеріп отырады. Оңтүстікке неғұрлым жақын орналасқан сайын Күн сәулесі тік бұрышпен түседі де, атмосфераны қысқа жолмен кесіп өтеді, жылу көп болады. Солтүстікке барған сайын күн сәулесінің түсу бұрышы азайып, атмосфераны ұзақ жолмен, көлбеу бұрышпен кесіп өтеді. Сол себептен жылу да азаяды. Күн сәулесінің түсу ерекшелігіне байланысты әр аймақта климат әртүрлі болады.

Дереккөздер

Tags:

Климат тық белдемділікКлимат тың, мұздықтардың кезендік тербелістеріКлимат неге байланысты?Климат ты қалыптастырушы факторларКлимат ДереккөздерКлиматАуа райыГрек тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

БастауышҰлы жүзВиртуалды шындықКіші қанайналым шеңберіҚазақ ұлттық киімдеріКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыӘл-Бақара сүресіТалас шайқасыБірінші Мемлекеттік ДумаҚорықтарСөз таптарыБиосфераЖаңа экономикалық саясатМендель заңдылықтарыБаланы қырқынан шығаруИнтеграцияЖелтоқсан көтерілісіЖыныс мүшелері ауруларыНоғай ордасыҚазақтың ұлттық ою-өрнегіАмерика Құрама ШтаттарыҒаламшарКөші-қонСүреЛюксембургДидактикаӘбдіжәміл Кәрімұлы НұрпейісовБиологиялық мембранаТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыMicrosoft ExcelМетонимияҚазақ (қырғыз) Автономиялы Социалистік Кеңес РеспубликасыГастритҚан қысымыЖайықТиләуләт сәждесіФерменттерИммунитетӘбілқайыр хан (Өзбек хандығы)Адам тісіҚадыр Мырза ӘліГеографиялық қабық16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыФизиотерапияЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановҚызылша (медицина)СуТәңіршілдікЖай сөйлем және оның түрлеріХимиялық байланыстарҒылыми әдісСопылықЖүсіп БаласағұниЖапонияАутизмЖанғожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісіӘскери коммунизм саясатыҚарлұқ қағанатыОйлауИслам күнтізбесіСәкен СейфуллинМоңғол империясыАлюминийТүркістан облысыОксидтерҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі ғылыми мекемелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарыҚазақстандағы туризмСаяси режимАсық ойындарыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныҚұстарТранспирацияОвуляцияМаңғыстау облысыМіржақып ДулатұлыИсламдағы жыныстық өмір әдебіЯдроМұрын қуысыМал шаруашылығы🡆 More