Қарағай

Қарағай (лат. Pínus)– қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш кейде бұта.

Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақтыты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6-7 метрге дейін жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5-6 м болуы керек. Оның барлық түрі бой жасап өсіргенге ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері бар. Биіктігі екі метрден аспайтын “тау қарағайы” деген түрі бар. Көгалдандыруда оларды түрлі композицияларға қолдануға болады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын бүршіктері де өте әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер бұйымдарына қолданып жатады.

Қарағай
Солтүстік Корея
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Pinophyta
Табы: Pinopsida
Сабы: Pinales
Тұқымдасы: Қарағайлар тұқымдасы
Тегі: Pinus
Қарағай Басқа мағыналар үшін Қарағай (айрық) деген бетті қараңыз.

Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады.Одан скипидар мен канифоль алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады.

Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдын-алу үшін қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде пайдаланады.

Күтімі

Жас көшетін ашық күн көзіне, құнарлы топыраққа отырғызу керек. Жыл сайын көктемде қалқанжапырақты ағаштарға арналған минералды заттармен қоректендірген жөн. Қоректік заттары жеткілікті қарағай қылқанының түсі қанық болады. Кейбір жұмсақ қылқанды түрлері қысқы суыққа шыдамсыз келеді.

Көбейтілуі

Тұқымы және қалемшелеу арқылы көбейтіледі.

Сипаттамасы

Бұл ағаштардың биіктігі 35 м-дей, діңі мықты, бұтақ шоғыры дөңгелек болып келеді. Қабығы үгілмелі, қызыл қоңыр түсті, бұтағында жарықтары болады. Жапырағы (инесі) 2 – 5-тен шоқтанып бүршігінде орналасқан, бүршіктері күрделі. Бүрі 2 – 3 жылда піседі, оны жеуге болады. Мамыр айында гүлдейді. Аталық гүлі масақты, сары не қызыл түсті. Аналық бүрі жас өркен ұшында 2 – 3-тен орналасады, 2 жылда пісіп жетіледі. Тұқымы – қара, не сұр түсті; қанатты кейде қанатсыз болады. Қарағай ағашы 300 – 500 жыл жасайды.

Еуразияның қоңыржай және субтропиктік аймақтары мен Солтүстік Америкада өсетін 100-ге жуық түрі белгілі.

Емдік қасиеті

Қарағайдан жоғары сапалы ағаш сүрегі, қарамай, шайыр алуға болады. Қарағай – дәрілік ағаш, одан терпентин майы, скипидар, сірке суы; жас қылқанынан С витамині (концентрат), эфир майы алынады. Сондай-ақ құм тоқтатуда, әсемдік ретінде (елді мекенді көгалдандыруда) маңызы зор.

Қазақстанда

Қазақстанда 2 түрі: кәдімгі Қарағай (P. sіlvestrіs) және самырсын Қарағайы (P. sіbіrіca) бар. Бұлар республиканың солтүстік-шығыс, орталық бөліктеріндегі аралас ормандарда, басқа қылқан немесе жалпақ жапырақты ағаштар арасында өседі. Қазақстанда ботан. бақтарда Қарағайдың: сары Қарағай, тау Қарағайы, Веймутов Қарағайы түрлері қолдан өсіріледі.

Қызықты дерек

  • АҚШ-тың оңтүстік-батыс бөлігінде өсетін Қарағай ағашының жасы 4900 (кейбір деректерде 6000) жыл.

Сілтемелер

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Pinus

Tags:

Қарағай КүтіміҚарағай КөбейтілуіҚарағай СипаттамасыҚарағай Емдік қасиетіҚарағай ҚазақстандаҚарағай Қызықты дерекҚарағай СілтемелерҚарағай ДереккөздерҚарағайБүршікЖерЛатын тіліҚылқан жапырақтылар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысБесеудің хатыҮтірЕжелгі ГрекияКөктемИсламдағы жыныстық өмір әдебіБаскетболСән және қолданбалы өнерАксонҚола дәуіріҒаламшарҚамқа тонЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміДәрілік өсімдіктерАраб-Израиль соғыстарыӘнұранБаяндауышҚыз ЖібекАлюминийЭкологияСинапстерОңтүстік ҚазақстанТері ауруларыМемлекет астаналары тізіміПоэзияҰлы Жібек жолыОрганикалық қосылыстарНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевАлкандарӘміре ҚашаубаевНоғай ордасыСолтүстік Қазақ жазығыЖылқы малының атауларыМемлекетҚазақстан Республикасының КонституциясыҒылымСәукелеАзияАрыстан баб кесенесіҚоғамАқ Орда (мемлекет)Шешендік сөздерЖаһандануСалалас құрмалас сөйлемЖыныссыз көбеюРевматизмАналық жыныс безіРамазан (ай)БүйрекТұқым қуалайтын өзгергіштікБірінші дүниежүзілік соғысАхмет БайтұрсынұлыАдамҒұсылЖол белгілеріКремнийҒылыми-техникалық прогрессРахит ауруы (мишел ауруы)РесурстарҚазақ халқының материалдық мәдениеті1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісТанымал қазақтардың тізіміАбай ҚұнанбайұлыБалиғат жасыМұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрыШәкәрім ҚұдайбердіұлыҒұндар мемлекетіОңтүстік АзияҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыЛандшафтГипофизБәйтерек (мифология)Кеңес үкіметіБақытсыз ЖамалКітапЕуропаЖел энергетикасы1921-1922 жылдардағы ашаршылықҚазақстан теңгесі🡆 More