Шешендік Сөздер

Шешендік сөздер – қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен Тұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемдегі дидактикалық жанр.

Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді. Даудың әрқайсысы бірнешеге (жер, жесір, құн, мал, ар даулары) жіктеледі. Шешендік арнау бата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту, естірту, т.б. нұсқалардан тұрады. Шешендік толғауға қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар тақпақ, термелер жатады. Ал шешендік дауларда сол қоғамға тән қылмыстық, азаматтық істерді шешуге қатысты шешендік, тапқырлық сөздер, ұйғарымдар бейнеленеді. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтелге, аңыз-әңгімелерге, толғауларға, айтыстарға жақын. Композициялық құрылысына қарай пернелі сөз, термелі сөз болып екі топқа бөлінеді. Қара сөзбен айтылғандары – пернелі сөз, толғау, тақпақ түріндегілері термелі сөз деп аталады. Шешендік сөздер сонымен қатар түсінік пен түйінді сөздерден құралады. Түйінді сөз тұрақты, түсінік сөз ауыспалы мағынада келеді. Шешендік сөздер жазба әдебиетке жақын жанр. Оқиғаларының реалистігі, тілінің әдебилігі және белгілі халық ойшылдарының (Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен), шешен, билердің (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) аттарымен айтылатындығы бұл пікірді растай түседі. Шешендік сөздердің көпшілігі әуелгі қалпында сақталмаған. Жаттап алып таратушылардың, әр буынның өңдеп өзгертуімен, уақыттың сынынан өтіп, ұзын-ырғасы, тобықтай түйіндері, түйіп айтқан тұжырымдары қалған. Ішінара айтушылардың есімдері де сақталған. Негізінде қоғамдағы қиянаттарға, әділетсіздіктерге қарсы қарапайым халық өкілдері білдірген наразылық ретінде туындаған Шешендік сөздердің нұсқалары өзін тудырған қоғаммен, себептермен бірге жойылып, біздің заманымыздағы қызметі көркем әдебиетке ауысты. Шешендік сөздер – тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі ғана емес, халықтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан тәрбиелік мәні зор халық даналығы. Ол түркітектес халықтардың көпшілігінде кездеседі.

Дереккөздер

Tags:

АйтысАяз биБатаБиЕстіртуЖиренше шешенМайқы биОқиғаТүркілерТұжырымТөле биШешенҚазыбек биҚара сөзӘйтеке би

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісЕтістікҚышқылҒұндар мемлекетіКонституцияҮстеуЭлектрондық сандық қолтаңбаТеріКиноСалауатты өмір салтыКүнделік.кзТұқым қуалаушылықҚиялМиозинЖүрек ауруларыҚазақ-Жоңғар соғысыКөзімнің қарасы...Ыбырай АлтынсаринҚарағайТүркияХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміКанадаТозаңдануХиуаз Қайырқызы ДоспановаТұсаукесерПартеногенезЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарШеңберҚасым АманжоловШыңғыс ханСөйлем мүшелеріМитохондрияГүлді өсімдіктерЭкологияМысықМэйдзи жаңғыртуыЖылқыЖалпы ішкі өнімКомпьютерлік вирусДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруЭкстремизмТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыКүрішМонро доктринасыҚосарлы ұрықтануАқпараттық қауіпсіздікСабақтас құрмалас сөйлемҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріӘйтеке биБабырТоғыз-құмалақVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріЖыныссыз көбеюТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевҚазақстанның мұнай өнеркәсібіАстана мектеп оқушыларының сарайыЕуразиялық Экономикалық ОдақФилипп Исаевич ГолощёкинДүниежүзінің табиғат ресурстарыСүтқоректілерЖай сөйлемАлматы қорығыҒабит Махмұтұлы МүсіреповҚажығали МұханбетқалиұлыАзамат соғысыТөлен ӘбдікЖүсіп БаласағұниЕсімдікІлияс ЕсенберлинБауыржан МомышұлыҚазақ театрыФилософияАҚШ экономикасыКөп жасушалы ағзаларЕкінші дүниежүзілік соғысСұрыптауСарматтарПродуценттер🡆 More