2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы

Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы — 2019 жылдың 9 сәуірінде қабылданған «Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» №18 Жарлығына сәйкес 2019 жылдың 9 маусымында өтті.

Сайлауға Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтатқалы уақытша президент болып тағайындалған Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге есептегенде жеті кандидат қатысты. Сайлау нәтижесіде Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылар даусының 70,96 % иеленіп, ҚР 2-президенті болып сайланды. Нәтиже бойынша алғашқы үштікке 16,23 % көрсеткішпен өзін оппозиция өкілі деп санайтын Әміржан Қосанов пен Қазақстан сайлау тарихындағы алғашқы әйел - кандидат Дания Еспаева сайлаушылар даусының 5,05 % жинап енді.

Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы
2019 жыл 9 маусым
Сайлау түрі Президент сайлауы
Кандидаттар 7
Сайлау органы және нәтижелер
Халық саны 18 592 701
Тіркелгендер 11 960 364
Сайлаушылар саны 9 274 110
77,5 %  −17,7
Жарамды дауыстар саны 9 216 610
Бос және жарамсыз дауыстар 57 500
Науқан уақыты 10 сәуір16 маусым 2019
Дебат(тар) 29 мамыр 2019
2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Қасым-Жомарт Тоқаев – Нұр Отан
Дауыс 6 539 715
70,96 %
2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Әміржан Қосанов – Ұлт Тағдыры
Дауыс 1 495 401
16,23 %
2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Дания Еспаева – Ақ жол
Дауыс 464 714
5,05 %
2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Төлеутай Рақымбеков – Ауыл
Дауыс 280 451
3,04 %
2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Амангелді Таспихов – ҚРКФ
Дауыс 182 898
1,98 %
2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Жамбыл Ахметбеков – ҚКХП
Дауыс 167 649
1,82 %
2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Сәдібек Түгел – Ұлы Дала Қырандары
Дауыс 84 582
0,92 %
Әр өңір бойынша Қазақстан президентін сайлау нәтижесі
Қазақстандағы президент сайлауы (2019)
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық өңір бойынша көш бастаған. Өңір бойынша жақтап дауыс бергендер үлесі:

     75% көбі      70% көбі      60% көбі

     50% көбі
2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы
Қазақстан Республикасының
Президенті
Босатушы Сайланған
Қасым-Жомарт Тоқаев
Нұр Отан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Нұр Отан

Жаңа сайланған президентті ұлықтау рәсімі Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтті.

Сайлау алғышарты

Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен ҚР Президентін сайлауда 5-мерзімге сайланған болатын. Аталған сайлауда ол сайлаушылар даусының 97,7 % жинаған. Назарбаевтың өкілеттігі 2020 жылға дейін жалғасуы тиіс еді, алайда 2019 жылдың 19 наурызы ол өз өкілеттігін тоқтатуына байланысты, ҚР Конституциясына сәйкес қалған мерзімге уақытша президент болып Қасым-Жомарт Тоқаевты тағайындалды. Кезекті президент сайлауы 2020 жылдың сәуір айында өтуі тиіс еді.

2019 жылдың 20 наурызы ЖСДП сайлау жүйесін авторизацияламауға және демократиялық институттарды күйшейту арқылы жүзеге асыруға шақырып, мәлімдеме жасады. Партия әділ әрі демократиялы президент және парламент сайлауын өткізуді ұсынды.

9 сәуір күні Тоқаев «саяси белгісіздікті» болдырмау үшін 2019 жылдың 9 маусымында мерзімінен бұрын сайлау өтетінін мәлімдеді. Мемлекет басшысы мәлімдеме алдында 8 сәуір күні парламент сенатының төрайымы Дариға Назарбаевамен, премьер-министр Асқар Маминмен және Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми мен Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божкомен кеңескен. Сондай-ақ 9 сәуір күні «Нұр Отан», «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік халық партиясы мен Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының жетекшілерімен кездесті.

Сайлау жүйесі

Президент 5 жылдық мерзімге қос-айналымды жүйе нәтижесінде сайланады. Егер бірде-бір кандидат 50 пайыздан артық дауыс жинамаса, ең көп дауыс жинаған екі үміткер арасында 2-айналым өткізіледі.

Қаржыландыру

Бастапқыда 2020 жылы өткізілмек болған сайлауға 8,8 млрд теңге жұмсау жоспарланған болатын. Алайда орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына 12 млрд теңге сұраған. Бұл туралы 11 сәуірде сенат отырысында қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов айтты. Қаржы министрлігінің есебінше, сайлау шығынының 70 % сайлау округтерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегіне жұмсалады.

15 сәуір күні Қазақстан Үкіметі сайлау өткізуге арналған қаржы қорынан 9,4 млрд теңгенің шығарылғандығын мәлімдеді; бұл ОСК сұраған қаржыдан 2,6 млрд-қа аз.

Сайлау парақтарын басып шығаруға 132 млн 742 мың теңге жұмсалған. Елдегі сайлаушылар саны - 11 947 955 адам екендігі ескеріліп, оның үстіне артық 1 % бюллетень басып шығарылған. Бір бюллетень құны - 11 теңге..

Сайлауды өткізу жоспары

2019 жылы 10 сәуірде Орталық Сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасының президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық және өткізу шараларының жоспары, сондай-ақ сайлау құжаттарының формалары бекітілді.

  • 10 сәуір — 28 сәуір, сағат 18:00 дейін: кандидаттарды ұсыну;
  • 11 мамыр, сағат 18:00 дейін: кандидаттарды тіркеу;
  • кандидат тіркелген сәттен — 8 маусым, сағат 00:00 дейін: сайлау алдындағы үгіт;
  • 28 мамыр: теледебат;
  • 8 маусым: үнсіздік күні;
  • 9 маусым, сағат 7:00 мен 20:00 аралығы: дауыс беру күні;
  • 10 мен 11 маусым аралығы: алдын-ала сайлау нәтижесін шығару;
  • 11 мен 16 маусым аралығы: сайлау нәтижесін анықтау және сайланған президентті тіркеу.

Үміткерлерді ұсыну және тіркеу

Тіркелген алты партияның бесеуі съезд өткізітіні жайлы мәлімдеді. «Нұр Отан» — 23 сәуір, «Ақ жол» — 24 сәуір, «Ауыл» — 25 сәуір, ал ҚКХП мен ЖСДП — 26 сәуір. «Бірлік» партиясы съезд өткізуге дайындық уақыты тым аз екендігін желеу етіп, сайлауға қатысудан бас тартты.

2019 жылдың 17 сәуірі «Ұлы Дала Қырандары» Республикалық қоғамдық бірлестігі білестік тең төрағасы, жазушы — Түгел Сәдібекті президент үміткері ретінде ұсынды.

23 сәуір күні Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясынан сайлауға уақытша президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың түсетіндігін мәлімдеді. ҚР "Сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес сайлауға түсетін кандидатқа қойылатын талаптардың бірі - үміткер соңғы 15 жылда республика аумағында тұруы қажет. Сол себепті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдегі дипломатиялық қызметі мен халықаралық ұйымдарда жұмыс істеген уақытының қаншалықты есепке алынатынын сұрап, Конституциялық Кеңеске жүгінді. 25 сәуір Конституциялық Кеңес он бес жылдыұ мерзімге Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналына жататын және оларға теңестірілген Қазақстан мүше болып табылатын халықаралық ұйымдар жанындағы лауазымдарға тағайындалған азаматтардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұру кезеңдері де есептелетіндігін мәлімдеді.

24 сәуір Қазақстан кәсіподақтар федерациясы президенттікке кандидат ретінде «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы — Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховты ұсынды. 24 сәуірде өткен «Ақ жол» партиясының съезінде мәжіліс депутаты — Дания Еспаеваның сайлауға түсетіндігі мәлім болды. Ол Қазақстан тарихындағы президент сайлауына түскен алғашқы әйел болды.

25 сәуір «Ауыл» партиясы сайлауға түсетін кандидат ретінде Төлеутай Рақымбековты ұсынды.

ЖСДП президиум ұсынған кандидаттың сайлауға түспейтіндігін мәлімдеп, өтетін сайлауға бойкот жариялады

2019 жылдың 26 сәуірі Қазақстан коммунистік халық партиясының съезінде 2011 жылғы сайлауда қатысқан Жамбыл Ахметбеков партия атынан сайлауға түсетіндігі мәлім болды.

26 сәуір «Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық бірлескен қозғалысы» РҚБ сайлауға түсетін кандидат ретінде Әміржан Қосановты ұсынды.

Тіркелген кандидаттар

Кандидат,
саяси партия/бірлестік
Саяси қызметі Ұсынылған күні Тіркелген күні
Жамбыл Аужанұлы Ахметбеков
(58)
Коммунистік халық партиясы
2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы  Мәжіліс депутаты
(2012 – осы кез)
26 сәуір 2019 6 мамыр 2019
Дания Мәдиқызы Еспаева
(58)
Ақ жол
2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы  Мәжіліс депутаты
(2016 – осы кез)
25 сәуір 2019 4 мамыр 2019
Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов
(55)
Ұлт Тағдыры
2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы  Журналист 27 сәуір 2019 6 мамыр 2019
Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков
(54)
Ауыл
2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы  «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ
Төрағасы
26 сәуір 2019 6 мамыр 2019
Амангелді Сатыбалдыұлы Таспихов
(59)
«Қазақстан Республикасы
Кәсіподақтар федерациясы» РКБ
2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы  «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы»
аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы

Мәжіліс депутаты
(2004–2007)
25 сәуір 2019 4 мамыр 2019
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
(66)
Нұр Отан
2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы  Қазақстан Президенті
(2019 – осы кез)
ҚР Сенат Төрағасы
(2007–2011 and 2013–2019)
Женевадағы БҰҰ офисінің Бас директоры
(2011–2013)
Қазақстан сыртқы істер министрі
(2002–2007)
Қазақстан Премьер-Министрі
(1999–2002)
23 сәуір 2019 3 мамыр 2019
Сәді-Бек Түгел
(64)
Ұлы Дала Қырандары
2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы  Ұлттық Ат спорты Федерациясының президенті 22 сәуір 2019 3 мамыр 2019

Сәтсіз кандидаттар

  • Талғат Файзоллаұлы Ерғалиев ("Қазақстанның құрылысшылар одағы" РЗТБ), бұрынғы Мәжіліс депутаты. Өз ұсынысын қайтып алды.
  • Жұматай Әлиұлы Әлиев («Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі), Орталық Азия Университетінің ректоры. Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша лингвистикалық емтиханнан өте алмағандықтан, тіркеуден бас тартылды.

Сайлау науқаны

Сайлау алды үгіт-насихат 11 мамыр мен 2019 жылдың 8 маусым, сағат 00:00 дейін созылады.Науқанды бұқаралық ақпарат құралыдары көмегімен, көпшілік алдындағы үгіт-насихат шаралары, сондай-ақ кандидаттың не оның өкілінің сайлаушылармен жеке кездесуі, баспа, аудиожазба не басқа да үгіт материалдарын шығару және тарату арқылы жүргізуге болады. Барлық БАҚ өкілдері нақты бір кандидатқа қарсы не жақтап үгіт жүргізбей нейтралитет ұстануы тиіс. 5 мамырға дейін басылымдар төлем мөлшері, эфир мен баспа алаңын ұсыну шарттары мен реті жайлы мәлімет жариялап, осы ақпарды ресми сайтта жариялануы үшін ОСК тапсыруы керек.

Сайлау қоры

Қазақстан ОСК қаулысына сәйкес Қазақстан Президентіне кандидаттың сайлау қоры көлемі 1 млрд 147 млн теңгеден аспауы тиіс. Оның ішінде кандидаттың өз қаржысы және оны ұсынған қоғамдық бірлестіктің салымы 510 млн теңгеден, ал ерікті қайырмалдық көлемі 637,5 млн теңгеден аспауы тиіс. Заңнамаға сәйкес жасырын қайырмалдық жасауға тыйым салынады. Жасырын жасалған қайырмалдық республика бюджетіне енеді. Кандидаттың бұқаралық ақпарат құралдарындағы үгіт-насихатына жұмсалатын қаржы 7,3 млн теңгеден аспауы керек.

2019 жылдың 7 маусымына белгілі ақпарат бойынша ең көп қаражат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау қорына түсіп, 1, 147 млрд теңгені құраған, ал Әміржан Қосановтың қорына ең аз қаражат көлемі 112 млн теңге түскен; бұл көрсеткіш Нұр Отандық қарсыласынан 9,4 есе аз. Жиналған қаражаттың жалпы мөлшері 2 905 млрд теңге құрады, оның 2 848 млрд теңгесі жұмсалды.

Дебат

2019 жылдың 24 мамыры ҚР Орталық сайлау комиссиясы 29 мамыр күні Астанада президенттік сайлауға түсетін кандидаттар арасында телевизиялық пікірталас өтетіндігін мәлімдеді. Комиссия мүшесі Ләззат Сүлеймен телевизиялық пікірталастың "Хабар" агенттігі АҚ телевизиялық арнасы эфирінде көрсетілетіндігін және қазіргі уақытта сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстарды жүргізу тәртібін көздейтін регламент әзірленгендігін жеткізді. Аталған регламент бойынша теледебат 3 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің атауы анықталған:

  • 1-кезең: Қазақстанның экономикалық даму басымдықтары. 1-кезеңнің өзі 2 айналымнан тұрады: бірінші айналымда әр кандидат сайлаушыларды өз сайлау алды бағдарламасымен таныстырса, екінші айналымда "сұрақ-жауап" түрінде пікірсайыс сессиясы болады. Кандидаттар өз оппоненттеріне екі сұрақтан қойып, сондай-ақ екі сұраққа жауап бере алады.
  • 2-кезең: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы. Кезеңнің 1-айналымында кандидаттар тақырып бойынша сөз сөйлейді, ал 2-айналымда жүргізушілер қойған 1 сұраққа жауап қайтарады.
  • 3-кезең: Сайлаушыларға арнау. Қорытынды кезеңде кандидаттар тікелей сайлаушыларға арнап сөз сөйлейді.

Теледебат жоспарланған күні, сағат 18:00-де «Хабар» арнасында тікелей эфирде өтті. Теледебатқа тіркелген 7 кандидаттың төртеуі: Сәді-Бек Түгел, Әміржан Қосанов, Амангелді Таспихов пен Жамбыл Ахметбеков өздері қатысса, Қасым-Жомарт Тоқаев атынан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары – Мәулен Әшімбаев, Дания Еспаева атынан «Ақ жол» партиясының Төрағасы – Азат Перуашев және Төлеутай Рақымбековтың атынан «Ауыл» партиясының Төрағасы – Әли Бектаев қатысты. Аталған шараға 41 млн қаражат жұмсалды.

Сайлау нәтижесі

2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы 
Қазақстандағы Президент сайлауында (2019) болған сайлау парағы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мәліметтері бойынша сайлауда лауазым иеленушісі - Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Оны жақтап 6539715 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 70,96 пайызы берілді. Біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізіміне 11960364 азамат енгізілгенін, олардан дауыс беруге 9274110 адам немесе 77,5 пайызы қатысқан.

2019 жылы өткен Қазақстандағы президент сайлауының нәтижесі
Кандидат Партия/Бірлестік Дауыс %
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр Отан 6 539 715 70.96
Әміржан Қосанов Ұлт Тағдыры 1 495 401 16.23
Дания Еспаева Ақ жол 465 714 5.05
Төлеутай Рақымбеков Ауыл 280 451 3.04
Амангелді Таспихов «ҚР Кәсіподақтар федерациясы» РКБ 182 898 1.98
Жамбыл Ахметбеков Коммунистік халық партиясы 167 849 1.82
Түгел Сәдібек Ұлы Дала Қырандары 84 582 0.92
Бос/Жарамсыз дауыстар 57 500 0.63
Барлығы 9 274 110 100
Қалыс қалғандар 2 686 244 22.46
Тіркелген сайлаушылар 11 960 364 77.54
Қайнары: ОСК(қолжетпейтін сілтеме)

Сайлаушылар келімі

2019 жылдың 9 маусымы өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға тіркелген сайлаушылардың 77,4 % дауыс берді. Ең төмен келім көрсеткіші Қазақстанның ең ірі қаласы — Алматы тіркелді. Аталған қалада тіркелген сайлаушылардың тек 52,2 % дауыс берген. Ең көп келім 89,0 % көрсеткішпен Алматы облысына тиесілі екендігі анықталды.

Облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар Сайлаушылар Облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар Сайлаушылар
Саны % Саны %
Ақмола облысы 430359 83,4 % Ақтөбе облысы 482820 84,9 %
Алматы облысы 1249445 89,0 % Атырау облысы 288439 71,2 %
Батыс Қазақстан облысы 303880 66,3 % Жамбыл облысы 575266 81,3 %
Қарағанды облысы 715845 77,3 % Қостанай облысы 488748 84,1 %
Қызылорда облысы 397249 81,6 % Маңғыстау облысы 265654 68,9 %
Павлодар облысы 445941 81,2 % Солтүстік Қазақстан облысы 319291 79,8 %
Түркістан облысы 998254 84,8 % Шығыс Қазақстан облысы 818795 84,9 %
Алматы қаласы 587693 52,2 % Шымкент қаласы 383541 52,2 %
Астана қаласы 465190 68,9 % Барлығы 70,5 %

Exit poll

2019 жылдың 9 маусымы сағат 7:00 мен 20:00 аралығы «Ел тірегі» заңды тұлғалар бірлестігінің тапсырысы бойынша «Қоғамдық пікір» зерттеу институты 13 200, ал «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 12 мың сайлаушы арасында сауалнама жүргізді. Іріктеме қателігі шамамен +/- 3 %. Exit poll нәтижесі келесідей:

Кандидат «Қоғамдық пікір» институты
нәтижесі
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы
нәтижесі
Жамбыл Аужанұлы Ахметбеков 3,86 % 3,06 %
Дания Мәдиқызы Еспаева 5,32 % 4,78 %
Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов 15,39 % 14,96 %
Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков 3,03 % 2,71 %
Амангелді Сатыбалдыұлы Таспихов 1,41 % 2,63 %
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 70,13 % 69,94 %
Сәді-Бек Түгел 0,86 % 1,92 %

Ұлықтау рәсімі

2019 жылдың 12 сәуірі Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұлықтау рәсімі өтті. ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев Тоқаевқа жаңа сайланған президент куәлігін табыстады. Ұлықтау рәсіміне ҚР Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, алайда шетел президенттері шақырту алмаған.

Құқық бұзушылық

Сайлауға дайындық

Сәуір соңында қазақстандық жоғарғы оқу орындарының бірінде аты-жөні көрсетілмеген сайлаушылардан қол жинау парағы анықталғандығы белгілі болған. Қазақстан орталық сайлау комиссиясы бұл парақ Төлеутай Сатайұлы Рақымбековқа тиесілі екенін растады.

Қазақстан Заңнамасына сәйкес сайлау науқаны барысында талаптарға сай емес сауалнама жүргізуге тыйым салынған. Әлеуметтік желілерде жүргізілген сауалнама да Заңнама талаптарына сай болмағандықтан, Қазақстанның екі азаматы 17 мамырда 15 АЕК мөлшерінде (37 875тг) айыппұл төлеуге тартылған.

Сайлау күні

Сайлау күні, яғни 9 маусым күні сайлау учаскелерінде дауыс беру үйшігіндегі сиясы "жанатын" қалам, алдын ала белгіленген бюллетеньдер, бір сайлаушының жәшікке бірден бірнеше бюллетень салуы, учаскеде тіркелмеген сайлаушылардың дауыс беруі секілді бірқатар құқықбұзушылықтар орын алған. Алайда ОСК ресми хабары бойынша сайлау күні тек 16 құқық бұзушылық тіркелген.

Бақылау

2019 жылдың 6 маусымына белгілі ақпар бойынша Қазақстандағы Президент салауына бақылау жүргізуге бірнеше өкілдік қызығушылық танытқан, атап айтқанда: ТМД, ТМД парламент аралық ассамблеясы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Ислам ынтымақтастық ұйымы.

15 мамыр күні «Аманат» азаматтық платформасы Алматы қаласының 26 ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясының 12 этномәдени бірлестік өкілдері мен қалалық жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін бақылаушыларға арналған тренинг өткізілді. Дәл осы бағдарлама бойынша 10 мың тәуелсіз бақылаушы оқыту көзделіп отыр.

5 маусымға белгілі ақпар бойынша халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден келген бақылаушылар саны 967 адам, ал Сыртқы істер министрлігі 40-тан астам елден 227 шетел корреспондентін аккредитациядан өткізген..

ЕҚЫҰ

2019 жылдың 8 мамыры ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстандағы Президент сайлауын бақылау жөніндегі өкілдігі құрылды. Өкілідік басшысы Ұршыла Әтсектің айтуы бойынша бақылаушылар тобында тек сайлауға дейін емес, сондай-ақ кейін де жұмыс атқаратын Ұлыбритания, Испания, Германия, Белорусь, Польша сарапшылары бар. Өкілдік құрамында барлығы 22 ұзақ мерзімді бақылаушы тіркелген.

Өкілдіктің 24 мамыр күні жасаған аралық есебіне сәйкес сайлау науқаны өте әлсіз жүргізілуде және тек үгіт парақтары мен жарнама тақтайларымен шектеліп қалуда. Сайлау науқанын жүргізу қатаң бақылауда, сондай-ақ кандидаттар тек жергілікті билік органдарынан 10 күн бұрын рұқсат алып қана көпшілікпен кездесіп, басқа да шаралар жүргізе алады.

Наразылық пен сын

9 маусым күні Астана және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген наразылық әрекеттері болып өтті. Алматыдағы наразылық әрекеттері 2017-2018 жылдары Сорос-Қазақстан қорының ұсынысымен сөз бостандығы мен жергілікті мәселелерді ұжымдық шешуге арналған қоғамдық орынға айналған «Астана» алаңы мен қос жағында орналасқан Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшелерінің бойында өткен. Ал Астанада Республика даңғылы бойындағы «Жастар» сарайының алдында өткен. Наразылық білдірушілерді ІІМ, полиция және Ұлттық гвардия бөлімшелері оқиға орнынан қоғам қауіпсіздігін және құқықтық тәртіп қамтамасыз ету желеуімен күштеп алып кеткен. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі хабарлауынша, Астанада қоғамға қарсы қозғалыс қатысушылары әрекет барысында қорғану мақсатында тәртіп сақшыларына тас және басқада қолға іліккен заттар лақтырып, бұрыштық бүріккіш қолданған-ды, соның салдарынан үш полиция қызметкері жарақаттанған. ҚР ІІМ Бірінші орынбасары Марат Қожаевтың мәлімдеуінше 9 маусым күні наразылық барысында 500-ге жуық адам тұтқындалған. Бұл ақпарат әйгілі The New York Times басылымында және басқа да шет ел басылымдарында жарияланған.

Ұсталғандар қатарында жергілікті және шетел журналистері де бар: «Vlast.kz» интернет-басылымының операторы, режиссер Екатерияна Суворова, «Азаттық» тілшісі Петр Троценко және саясаттанушы Димаш Әлжанов ұсталған. France Press агенттігінде жұмыс істейтін Ұлыбритания жүрналисті Chris Rickleton өзінің «Twitter» желісіндегі парақшасына ұсталғандығын жариялаған. Rickleton мен оның әріптесі іске Сыртқы істер министрі орынбасары Роман Василенко кіріскенге дейін жергілікті АІІБ-нда екі сағат өткізген.

10 маусым күні де наразылық әрекеттері жалғасын тапты. Наразылық білдірушілер сайлау қорытындысымен келіспейтіндігін және саяси жүйеге қарсылықтарын білдірген. Сол күні қазақ ақыны, оппозиционер Ринат Зайытов өзінің Instagram парақшасында кешкі сағат 18:00 «Алматы Арена» мұз сарайының маңында сайлау нәтижесі жайлы мәлімдеме жасайтындығы жайлы бейне жариялаған. Кейін желіде ақынның сөйлеп тұрған жерінен тәртіп сақшылары ұстап әкеткен бейне тарап, біршама өнер адамдары мен қарапайым халық ақынның босатылуын талап етіп, Алматы қаласы полиция басқармасының алдында жиналған. Олармен полиция басқармасы бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев сөйлесті, жиналғандар тек Ринат Зайытов келгеннен кейін тарасқан. ҚР ІІМ кеңесшісінің мәлімдемесі бойынша 10 маусым күні 200-ге жуық адам ұсталып, оның 150-і жауапқа тартылған. Екі күн ішінде Алматы мен Астана қалаларында барлығы 700-ге жуық адам ұсталған. Жаңа сайланған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наразылық білдірушілерді диалогқа шақырды.

БҰҰ мәлімдемесі

2019 жылдың 12 маусымы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы Қазақстандағы сайлау күні және одан кейінгі күндері өткен бейбіт шерулерде азаматтардың ұстылуын Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына қарама-қайша деп тауып, Қазақстан билігін адам құқықтары бойынша халықаралық міндеттемелерін орындауға шақырды.

...БҰҰ Адам құқықтары Бюросы полиция бөлімшелерінде түнгі уақытта көбіне адвокаттың қатысуынсыз жедел соттардың өткенінен де хабардармыз. ...Бұл Қазақстанның адам құқығы бойынша алған міндеттемелеріне айқын қайшылық. Қазақстанды азаматтардың бейбіт жиын өткізу мен пікір айту еркіндігін сақтауға, азаматтарға конструктивті түрде саяси өмірге араласуға мүмкіндік беруге шақырамын.

UN Human Rights Office calls on Kazakhstan to respect freedoms of peaceful assembly, expression and right to political participation

Мәлімдемеден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ғизат Нұрдәулетовқа азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуді және жазықсыз ұсталғандарды босатуын тапсырды. 13 маусым күні Бас Прокуратура Астана мен Алматы қалаларында өткен "рұқсат етілмеген митингіге" қатысқаны үшін 957 адам әкімшілік жауапқа тартылғандығын мәлімдеді. Оның 670-і 6-15 тәулікке қамалып, 115-іне айыппұл салынған.

Дереккөздер

Сілтемелер

Tags:

2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Сайлау алғышарты2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Сайлау жүйесі2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Қаржыландыру2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Сайлауды өткізу жоспары2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Үміткерлерді ұсыну және тіркеу2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Сайлау науқаны2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Дебат2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Сайлау нәтижесі2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Exit poll2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Ұлықтау рәсімі2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Құқық бұзушылық2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Бақылау2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Наразылық пен сын2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Дереккөздер2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы Сілтемелер2019 Қазақстандағы Президент Сайлауы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Махмұд ҚашқариАфрикаЖүсіп БаласағұниЕкінті намазыҚазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік КомитетіҚарағанды облысыТамаҚазақша жыл санауA.Z. (Ninety One)Ақан серіЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміШілдеханаАтырауШәмші ҚалдаяқовҚазақстан 2050Экологиялық жүйеOAuthБатыс ҚазақстанСалыстырмалылық теориясыҚұрмалас сөйлемБұқаралық ақпарат құралдарыТалас шайқасыАтомӘн-Ниса сүресіМиОрталық ҚазақстанОңтүстік ҚазақстанСалауатты өмір салтыБиосфераМәдениетМиокард инфарктыСырға салуКелінжанЕтістікБотай мәдениетіЖоңғар хандығыМексикаИсламСәбит Мұқанұлы МұқановҚарагөз (трагедия)ҮндістанШайбалы хоккейКүкірт қышқылыОртағасырБауыржан МомышұлыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміЖатыр мойны эрозиясыЛейкоциттерҚазақстан халқының бірлігі күніТәңірСалт-дәстүрЕкінші дүниежүзілік соғысБразилияЦиститӘлем елдерінің тізіміТүркістан (қала)Фёдор Михайлович ДостоевскийЕсімшеОспан батырӨскеменҚазақ философиясыҚышымаДауысты дыбыстар1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісҚимақ қағанатыХалықаралық ұйымдарБронхитҚұранЖамбыл облысыБаланы шомылдыруТотығу-тотықсыздану реакцияларыУнитарлы мемлекетМұхтар Омарханұлы ӘуезовШартты рефлексАнықтауышМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіХолецистит🡆 More