Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (7 мамыр 1963 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген) — қоғам және мемлекет қайраткері, саясаткер.

2019 жылғы 20 наурыздан 2020 жылғы 2 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы. Тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы. 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты.

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің 7-сайланым депутаты
14 қаңтар 2021 — ақпан 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Премьер-Министр Асқар Мамин
Әлихан Смайылов
Ту
Ту
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 7-ші төрайымы
Ту
Ту
20 наурыз 2019 — 2 мамыр 2020
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Асқар Мамин
Ізашары Қасым-Жомарт Тоқаев
Ізбасары Мәулен Әшімбаев
Ту
Ту
Қазақстан Парламенті Сенатының 6-сайланым депутаты
Ту
Ту
қыркүйек 2017 — 2 мамыр 2020
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев
Асқар Мамин
Ту
Ту
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары
Ту
Ту
Ізашары Қабиболла Жақыпов
Ізбасары Абай Тасболатов
Ту
Ту
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі «Нұр Отан» фракциясының басшысы
Ту
Ту
2014 жыл 3 сәуір — 2015 жыл 11 қыркүйек
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов
Ізашары Нұрлан Нығматулин
Ізбасары Қабиболла Жақыпов
Ту
Ту
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің 5-сайланым депутаты
Ту
Ту
18 қаңтар 2012 — 3 сәуір 2014
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Серік Ахметов
Кәрім Мәсімов
Ту
Ту
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің 3-сайланым депутаты
Ту
Ту
19 қыркүйек 2004 — 20 маусым 2007
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Даниал Ахметов
Кәрім Мәсімов
Ту
Ту
«Асар» республикалық партиясының төрайымы
25 қазан 2003 — 4 шілде 2006
Ізашары лауазым ұйымдастырылған  ; ол өзі партияның бірінші төрайымы ретінде
Ізбасары лауазым ыдыратылған  ; ол өзі партияның соңғы төрайымы ретінде
Өмірбаяны
Партиясы 1. Асар партиясы (2003-2004)
2. Нұр Отан (2004-2022)
Білімі 1. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультеті
2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (1985)
3. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасы
Ғылыми дәрежесі 1. Саясат ғылымдарының докторы
2. Экономика ғылымдарының докторы
3. Тарих ғылымдарының кандидаты
Мамандығы Тарихшы
Азаматтығы Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева КСРО
Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Қазақстан
Дүниеге келуі 7 мамыр 1963 (1963-05-07) (60 жас)
Теміртау, Қарағанды облысы, Қазақ КСР, КСРО
Әкесі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Анасы Сара Алпысқызы Назарбаева
Жұбайы 1. Рахат Әлиев (некеде 1983-2007 , ажырасқан)
2. Қайрат Қаматайұлы Шәріпбаев (2013)
Балалары ұлдары
Нұрәлі Әлиев
Айсұлтан Назарбаев
Асылжан
қызы
Венера Әлиева
Марапаттары
Барыс ордені
Барыс ордені
Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева
Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева
Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева «Нұр Отан» ХДП «Белсенді қызыметі үшін» медалі

Еңбек жолы және саяси мансаптары

  • 1980—1983 — М. В. Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінде оқыды.
  • 1983—1985 — С. М. Киров атындағы ҚазМУ тарих факультетінің студенті.
  • 1985—1987 — М. В. Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінің тағылымгер-зерттеушісі.
  • 1987—1990 — М. В. Ломоносов атындағы ММУ аспиранты.
  • 1992—1994 — «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті.
  • 1994—1995 — «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық корпорациясының вице-президенті, «Хабар» Ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры.
  • 1995—1998 — «Хабар» Агенттігі» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.
  • 1998—2001 — «Хабар» Агенттігі» ЖАҚ президенті.
  • 2001—2004 — «Хабар» Агенттігі» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрайымы.
  • 19 қыркүйек 2004 - 20 маусым 2007 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің III шақырылым депутаты («Асар» Республикалық партиясының тізімі бойынша), 2005 жылдың ақпан айынан 2007 жылдың 20 маусымына дейін — «Аймақ» депутаттық тобының жетекшісі.
  • 2007 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының директор.
  • 20 қаңтар 2012 - қыркүйек 2015 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылым депутаты («Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының тізімі бойынша), әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы.
  • 3 сәуір 2014 - қыркүйек 2015 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі.
  • 11 қыркүйек 2015 - 13 қыркүйек 2016 — Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.
  • 13 қыркүйек 2016 - 20 наурыз 2019 — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитет Төрағасы.
  • 2019 жылғы 20 наурыз - 2020 жылғы 2 мамыр — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы.
  • 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылғы ақпанға дейін - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты болды.

Басқа лауазымдары

  • Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның бұрынғы мүшесі;
  • Қазақстан гимнастика федерациясының бұрынғы құрметті президенті;
  • Халықаралық телевизиялық өнер және ғылым Академиясының директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі (Нью-Йорк);
  • Еуразиялық стратегиялық зерттеулер орталығының экс-президенті (Мәскеу);
  • Еуразиялық теледидар академиясының экс-вице-президенті (Мәскеу);
  • Еуразиялық телефорум ұйымдастыру комитетінің экс-тең төрағасы (Мәскеу);
  • «Еуразия» Халықаралық экономикалық академиясының экс-мүшесі»;
  • «Дегдар» гуманитарлық қорының қамқоршылық кеңесінің төрайымы;
  • «Асар-Береке» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрайымы;
  • «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ қамқоршылық кеңесінің төрайымы;
  • Орыс баспасөзінің дүниежүзілік қауымдастығының вице-президенті;
  • «Жастар қалауы» РҚҰ қамқоршылық кеңесінің төрайымы;
  • Сенаторлар кеңесінің төрайымы

Білімі

  • 1980 жылы Алматыдағы Қ. Сәтпаев атындағы №56 гимназияны бітірді.
  • 1980-1983 жылдары М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыды. 1985 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдады.
  • 1991 жылы М. В. Ломоносов атындағы ММУ-де т.ғ.д., профессор И. В. Григорьеваның ғылыми жетекшілігімен тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «1947 жылғы республикалық Конституцияны қабылдау төңірегінде Италиядағы саяси күрес» (мамандығы 07.00.03-жалпы тарих) тақырыбында диссертация қорғады. Ресми оппоненттер - т.ғ.д. Н.П.Комолова және т.ғ.к. В.Н.Дахин. Жетекші ұйым - КСРО ҒА Халықаралық жұмыс қозғалысы институты.
  • 1998 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы РМҚА-да «Жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі саяси жүйелерді демократияландыру» тақырыбы бойынша саяси ғылымдар докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады (мамандығы 23.00.02 – саяси институттар мен процестер). Ғылыми кеңесші – филос.ғ.д., профессор В.С.Комаровский. Ресми оппоненттер - э.ғ.д., профессор Д.В.Валовой, саясат ғылымдарының докторы, профессор А.А.Чичановский және әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор М.М.Тәжин. Жетекші ұйым – РҒА Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты.

Қазақ, орыс, ағылшын, итальян тілдерін меңгерген.

«Хабар» Агенттігі

Дариға Назарбаеваның мансап сатысындағы қадамы 1992 жылы оның анасы Сара Назарбаева негізін қалаған «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті болып тағайындалуынан басталды. Қор балаларға көмек көрсетуге бағытталған Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы ұйым болды.

1994 жылы Дариға Назарбаева «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық корпорациясының вице-президенті болып тағайындалды. 1995 жылы Қазақ ТВ ақпараттық қызметінің негізінде «Хабар»телеарнасы құрылды. Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен «Хабар» өзінің меншікті тілшілер желісін дамытып, жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, ел телеарналары арасында көшбасшы орынға ие болды.

«Хабардан» бөлек Дариға Назарбаевамен байланысты құрылымдар «Европа Плюс» радиостанциясын, КТК, НТК телекомпанияларын, танымал «Караван» газетін сатып алды. Жаңа медиа-холдингті басқару үшін «ТВ-медиа» және «Алма-медиа» компаниялары құрылды.

1998 жылы «Хабар» жабық акционерлік қоғам болып қайта құрылды, ал Дариға Назарбаева ЖАҚ президенті лауазымына, ал 2001 жылдан бастап Директорлар кеңесінің төрайымы болды.

1999 жылы «Алатау» шипажайының аумағында Дариға Назарбаеваның қолдауымен «Алматы — менің алғашқы махаббатым!» атты алғашқы ретро-фестиваль өтті, шараны «Хабар» агенттігі ұйымдастырды. Фестивальдің басты идеясы алматылықтардың ұрпақтар арасындағы рухани байланысын сақтап қалу, Алматы - еліміздің мәдени орталығы деген мәртебесін қолдау, қаланың 1960–1980-ші жылдардың басындағы бірегей мәдениетін және рухани ахуалын қайта жандандыру болды.

2001 жылдың маусым айында Мәскеуде өткен «Ақпарат: ХХІ ғасыр сын-тегеуріні» ақпараттық ынтымақтастық жөніндегі дүниежүзілік конгресте Дариға Назарбаева тұрақты түрде жұмыс істейтін Еуразиялық медиафорум құруды ұсынды. Ол медиафорумға қатысушылар Еуразиялық ақпараттық кеңістікті құру мәселелерін, мемлекет пен БАҚ өзара қарым-қатынасын, сондай-ақ журналистиканың этикалық нормаларын талқылай алатынын атап өтті. Бірінші Еуразиялық медиафорум 2002 жылдың сәуір айында Алматыда өтті, оны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөзімен ашты.

2002 жылы Қазақстан журналистерінің I Конгресі ашылды, 27 сәуірде Қазақстан Журналистер Конгресінің бастамашыл тобының жиналысында Дариға Назарбаева атқарушы комитеттің төрайымы болып сайланды. Аталмыш конгресте алғаш рет елімізде журналист этикасы кодексін құру мәселесі көтерілді.

«Асар» партиясы

2002 жылдың қазан айында Дариға Назарбаева «Жастар қалауы» блогының қамқоршылық кеңесінің төрайымы болып тағайындалды, блоктың алғашқы конференциясында Қазақстан жастар Конгерсін құру туралы ұсыныс жасалды.

2003 жылы Назарбаева «Асар» Республикалық партиясын ұйымдастырып, оған көшбасшылық етті. Бірнеше ай ішінде «Асардың» қатарына кіруге ниет білдірушілер тарапынан 167 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның 139 мыңы өңделіп, түпнұсқалығы тексерілді, Әділет министрлігіне 77 мың қол тіркеуге жіберілді. «Асар» өзін орталықшыл толқын партиясы деп атап, өзінің басты міндеттерінің бірі қоғамдағы сезімтал нүктелерді анықтау және оларды шешу деп білді. 2003 жылғы желтоқсанда партия тіркелді.

2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындысына сай партиялық тізім бойынша 541 239 (11,38 %) сайлаушылардың дауысын жинап, партия үшінші орынды иеленді, мәжілісте партия тізімі бойынша депутат Дариға Назарбаева болды, сондай-ақ, «Асар» атынан бір мандатты үш депутат округтар бойынша сайланды.

2005 жылдың ақпанында Қазақстан Парламентінде жаңа «Аймақ» депутаттық тобы құрылды, оған 36 депутат кірді (28-Мәжілістен және 8-Сенаттан). Оның басшысы болып Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева сайланды. «Аймақ» депутаттық тобының негізгі мақсаты өңірлерді дамытуға бағытталған қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу және бақылау жасау, әкімшілік реформа мен жергілікті өзін-өзі басқаруды әзірлеуге және заңнамалық қамтамасыз етуге белсенді қатысу, кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.

2006 жылғы 4 шілдеде партияның кезектен тыс съезі өтті, онда «Отан» Республикалық саяси партиясына қосылу туралы шешім қабылданды (2006 жылғы желтоқсаннан бастап - «Нұр Отан»), ал Дариға Назарбаева «Нұр Отан» партиясы жетекшісінің орынбасары болып тағайындалды.

Тұңғыш Президент Қоры

2007 жылдан бастап Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының директоры болып табылады, қоғамдық және қайырымдылық қызметпен айналысты, халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысты.

Қор өз қызметін үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырады: 1) жастар бағдарламалары (қазақстандық жастардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашуға және іске асыруға, олардың зерттеулері мен жобаларын қолдай отырып, сондай-ақ ғылыми және шығармашылық іс-шаралар жүргізе отырып көмектеседі); 2) әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық; 3) талдау орталығы – Әлемдік экономика және саясат институты.

2007 жылы Дариға Назарбаева «Нұрбанк» Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланып, саясаттан бизнеске оралды. 2010 жылдың мамыр айында Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрәли Әлиев «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің құрамынан шықты, маусым айында олар сондай-ақ директорлар кеңесінен де шықты.

Қазақстан Парламенті

Парламенттік сайлауда 2012 жылғы қаңтарда Дариға Назарбаева «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша депутат болып сайланды және мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетін басқарды.

2014 жылғы 3 сәуірде бірауыздан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің вице-спикері және «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі болып сайланды.

2015 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2016 жылғы 15 қыркүйекте Президент Жарлығымен Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

2019 жылы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды. 2019 жылы 2 қыркүйекте Сенат Төрағасы болып қайта сайланды. 2020 жылы 2 мамырда мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды.

2021 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты.

Қоғамдық қызметі және қайырымдылық істері, қызығушылығы

1990 жылдардың соңынан бастап Дариға Назарбаева әнші ретінде қазақстандық телеарналардың экранынан үнемі көріне бастады, көптеген қайырымдылық концерттер берді, оның ішінде Мәскеудегі Үлкен театр сахнасында көрсеткен өнерін атап айтуға болады. Оның репертуарында қазақ халық әндері, орыс романстары, опера ариялары, сондай-ақ Джо Дассен әндері бар. Назарбаева оқу оқып жүрген кезінде меццо-сопрано дауыспен ән айта алатынын анықтағанын, тіпті оны консерваторияға дайындық бөліміне шақырғанын айтады, алайда университеттегі оқуын тастап кетуге оған әкесі тыйым салған. Назарбаеваның айтуынша, оның дауыс ырғағын келтіріп, дайындаған атақты тенор Әлібек Дінішевке ұстаздық еткен Алматы операсының кәсіби педагогы Надия Шарипова болды.

Дариға Назарбаеваның «Но все таки люблю» алғашқы жеке концерті Алматыда 2001 жылдың мамыр айында өтті, концерттен түскен барлық қаражат Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қорына аударылды. Бір жылдан кейін Алматыда «Снова пою» атты екінші жеке концерті өтті. 2003 жылдың жазында Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігінің шақыруы бойынша Үлкен театрдың Бетховен залында жеке концерт ұйымдастырып, өнер көрсетті. 2007 жылы Назарбаеваның жеке концерті Парижде өтті.

2001 жылы Назарбаеваның бастамасымен және басшылығымен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне материалдық көмек көрсетумен, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетумен, балалар үйлеріне, мүгедектер үйлеріне материалдық көмек көрсетумен, паралимпиадалық қозғалысты қолдаумен, жас таланттарды қолдаумен, жаңа ғылыми ізденістерді қаржыландырумен, дарынды студенттерге арнайы гранттар мен стипендиялар бөлумен, ұйымдармен, жетекші оқу орындарымен, таяу және алыс шетелдердің мәдени орталықтарымен және қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтастықпен, Қазақстанда және шетелде классикалық, халық музыкасы, эстрадасы, қазақстандық орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру, «Астана кештері», «Жапон көктемі» — «Жапон күзі», «Времен связующая нить», «Алға, Қазақстан!», «Көктем самалы», «Жүрек сазы» өнер фестивальдерін ұйымдастыру, конференциялар, шеберлік сабақтар, көрмелер, байқаулар ұйымдастыру, оқу әдебиетін шығарумен айналысатын «Дегдар» гуманитарлық қоры құрылды.

Дариға Назарбаева жетекшілік еткен «Дегдар» қорының қолдауымен қазақстандық опера әншілері Пезаро қаласындағы (Италия) халықаралық вокал академиясында маэстро Марио Меланиден тәлім алды. Танымал өнер ұстазынан Дариға Назарбаева да сабақ алды және оның шақыруы бойынша маэстро бірнеше рет Қазақстанға келді.

2009 жылы Дариға Назарбаеваның тапсырмасы бойынша және қолдауымен «Асар-Береке» қоғамдық қоры қазақстандық аймақтардың тұрғындарына білікті медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жобаны іске асырды, Төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істеуге қабілетті жылжымалы медициналық кешендер үшін мың маман даярланды. 2019 жылы «Асар-Береке» ҚҚ Санкт-Петербургтің ядролық терапия орталығында онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға тексеру және емдеу үшін жағдай жасады.

2011 жылдың 1 желтоқсанында Дариға Назарбаева Мәскеу қаласында Ресейдің Мемлекеттік академиялық Үлкен театрының жаңа сахнасында «Сәлем, Ресей» атты жеке концертін берді, ал 14 желтоқсанда Астана қаласының Орган залында өнер көрсетіп, концерт берді. 2011 жыл аралығында ресейлік Universal Music компаниясы Дариға Назарбаеваның «Менің жұлдызым» музыкалық телефильміне арналған түрлі алаңдарда концерттік қойылымдарын түсірді. «Қатерлі ісікке қарсы бірге күресейік» қайырымдылық жобасы шеңберінде фильм 2012 жылдың ақпан айында Алматыда және 2012 жылдың 20 сәуірінде Мәскеуде көрсетілді.

2012 жылдың маусым айында Астана қаласында Дариға Назарбаева жетекшілік ететін «Дегдар» қорының бастамасымен «Астана кештері» І Халықаралық өнер фестивалі өтті. Бұл жоғары өнерді барынша қолжетімді ету және барлық әлеуметтік топтарға әлемдік музыка мәдениетінің жауһарларына қол жеткізуге мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық жоба. Жоба аясында белгілі вокалшылар Дариға Назарбаева мен Әлібек Дінішев, ресейлік органшы Рубин Абдуллин, отандық пианиношы Тимур Орманшиев, дирижер Ренат Салаватов, жас опера әншілері Медет Шотабаев пен Андрей Трегубенко өз өнерлерін көрсетті. Барлық концерттерге билеттер тегін таратылды.

Марапаттар

  • Парасат ордені (желтоқсан 2004)
  • II дәрежелі Барыс ордені (желтоқсан 2013)
  • I дәрежелі Барыс ордені (желтоқсан 2021)
  • Мәдениет және әдебиет орденінің Кавалері (Франция, сәуір 2009)
  • «Астана» медалі (17 тамыз 1998)
  • «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалі (7 қараша 2005)
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001 жыл)
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011)
  • Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының «ТМД ПАА. 20 жыл» күміс медалі (27 наурыз 2012)
  • «Нұр Отан» ХДП «Белсенді қызметі үшін» медалі (3 мамыр 2013)
  • «Конституциялылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің медалі (30 тамыз 2013)
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Теңгеге 20 жыл» медалі
  • «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі (14 мамыр 2015)
  • «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалі (5 тамыз 2015)
  • «Достастық» ордені (2017)

Отбасы

Әкесі — Нұрсұлтан Назарбаев (1940 жылы дүниеге келген), 1990 жылдан 2019 жылға дейінгі уақыт аралығындағы Қазақстан Республикасының Президенті.

Анасы — Сара Назарбаева (1941 жылы дүниеге келген), «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және Президенті.

Сіңлілері:

  • Динара Назарбаева (1967 жылы дүниеге келген) Н.Ә.Назарбаев атындағы Білім Қорын басқарады, Қазақстан Халық Банкінің ірі акционері. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.
  • Әлия Назарбаева (1980 жылы дүниеге келген) бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады, кинопродюсер.

Бұрыңғы күйеуі - Рахат Әлиев (1962-2015).

Үш баласы бар: үлкен ұлы Нұрәли Әлиев (01.01.1985), кіші ұлы Айсұлтан Назарбаев (26.07.1990-16.07.2020), қызы Венера Назарбаева (05.05.2000).

Дереккөздер

Tags:

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Еңбек жолы және саяси мансаптарыДариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Басқа лауазымдарыДариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева БіліміДариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева «Хабар» АгенттігіДариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева «Асар» партиясыДариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Тұңғыш Президент ҚорыДариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Қазақстан ПарламентіДариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Қоғамдық қызметі және қайырымдылық істері, қызығушылығыДариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева МарапаттарДариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева ОтбасыДариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева ДереккөздерДариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Басты бетҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріШанхай Ынтымақтастық ҰйымыБатыс ҚазақстанТүркілерӨркениетӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаКөлденең жолақты ет ұлпасыАдамаралық қарым-қатынасГлюкозаЗар ЗаманHTMLАминдерАрал теңізіГастритЕтісҒылыми әдісӨзбекстанЯсин сүресіЖасушаның бөлінуіОралҚазақстандағы сайлау жүйесіКөзімнің қарасы...Рибонуклеин қышқылыЕскендір (поэма)МәдениетҚожаКәффарат түрлеріҚоңыратЖұмыссыздықСабақтас құрмалас сөйлемҚазақ философиясыҚұлақЭкономикаОңтүстік АмерикаЯдролық қаруАзаматтық құқықСалауатЕтеккірЕлекӨкпе обырыЛейшманиозАсқар СүлейменовМультимедиаҚұқықтық мемлекетТөменгі сатыдағы өсімдіктерШыңғыс Төреқұлұлы АйтматовЭпитетӘлем елдерінің тізіміҰлпан (роман)Атмосфера1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріБіріккен Ұлттар ҰйымыҚазақ руларыРесми стильҚанайналым жүйесіБиотехнологияАлкендерСақтарЖетіген (аспап)Мұхтар Омарханұлы ӘуезовЕліктеу сөзХолециститМастопатияБаланы қырқынан шығаруҚожа Ахмет Ясауи кесенесіТыныс алу ауруларыПедагогикаСайлау жүйесіФутболТұлғаҚазақстанның мемлекеттік құрылымыЕуропа одағыТоталитаризмМаңғыстау облысыБруцеллёзФагоцитозЖүсіп БаласағұниАсқорыту мүшелері🡆 More