«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі — Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 24 ақпандағы №1015 Жарлығымен бекікілген мемлекеттік наградасы.
Тапсырылмаған медальдар мен олардың куәліктері, қайтарылу себептері көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Ордендер қоймасына қайтарылады, бұл туралы тізімдерге тиісті белгі қойылады. Жүргізілген наградтаулардың есебін, сондай-ақ мерекелік медальдардың тапсырылу барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді.
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі жезден жасалады.
Шеңбер диаметрі 34 мм болатын дұрыс дөңгелек нысанында болады.
Шеңбердегі барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдың қырлары жақтаушамен көмкерілген.
Медальдың бет жағында (аверсте) жиектің үстін бойлай отырып, «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА» деген сөздер шығыңқы жазылған.
Аверстің ортасында дөңгелек орналасқан. Дөңгелектің ішінде, жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, төменгі бөлігінде Қазақстан Республикасының Конституциясын бейнелейтін, «20 жыл» деген екі жол мәтіні бар, бедерлі ашық кітап орналасқан. Аверстің түсі жылтыр, бедері шығыңқы күңгірттендірілген.
Медальдың сыртқы жағының (реверстің) ортасында қазақтың ұлттық ою-өрнегі орналасқан. Реверстің төменгі бөлігінде «1995-2015» деген цифрлар жазылған. Ою-өрнек пен цифрлар астындағы бет күңгірттендірілген. Цифрлар мен ою-өрнек шығыңқы жылтыр.
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі құлақша мен шығыршық арқылы, ені 32 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты нысандағы тағанмен жалғанады. Таған ақ түсті төрт жолағы бар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес қатқыл жібек лентамен қапталған. Лентаның жиектерінде әр жағынан 3 мм шегініспен ені 4 мм болатын бір-бір жолақ және олардың ортасында ені 2 мм болатын, арасы ашық екі орталық жолақ орналасады. Медаль киімге түйреуіштің көмегімен бекітіледі.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.