Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан облысы.
Территориясы бойынша ең үлкен облыс.
Қазақстан облысы | |||
Ақтөбе облысы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облыс орталығы | |||
Аудандар саны | 12 | ||
Ауылдық округтер саны | 134 | ||
Қалалық әкімдіктер саны | 8 | ||
Ауыл саны | 315 | ||
Әкімі | |||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары | 50°17′ с. е. 57°10′ ш. б. / 50.283° с. е. 57.167° ш. б. (G) (O) (Я) 57°10′ ш. б. / 50.283° с. е. 57.167° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы | 300 629 км² (1-ші орын) | ||
Уақыт белдеуі | |||
Экономикалық ауданы | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны | ▲ 928 185 адам (2023)(7-ші орын) | ||
Тығыздығы | 3,1 адам/км² (14-ші орын) | ||
Ұлттық құрамы | қазақтар 84,29% | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды | +7 713 | ||
Пошта индекстері | 03xxxx | ||
Автомобиль коды | 04 | ||
ISO 3166-2:KZ коды | KZ-AKT | ||
Басқалары | |||
Әкімдіктің мекенжайы | Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, №40 | ||
Ортаққордағы санаты: Ақтөбе облысы |
Солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен, батысында Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қостанай облысымен және оңтүстік-шығысында Ұлытау мен Қызылорда облыстарымен шектеседі.
Облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 3 кент бар. Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы.
1999 жылғы санағының қорытындысы бойынша облыста 682 558 адам тұрады. Оның ішінде 383,7 мың адам қалада, 298,9 мың адам ауылда тұрады. Облыста 91 ұлтттар мен ұлыстардың өкілдері бар. 2006 жылғы қортынды бойынша облыс аумағында 280 мың адам тұрса, 2009 жылы 300 мыңнан асып түсті.
Ақтөбе облысы халқының саны
1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
550 582 | 629 241 | 737 995 | 682 558 | 668 378 | 671 812 | 678 602 | 686 698 | 695 454 | 703 660 | 757 768 |
2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
763 589 | 777 471 | 786 349 | 795 817 | 808 932 | 822 522 | 834 813 | 845 679 | 857 711 | 869 637 | 881 651 |
Географиялық жағынан қолайлы орналасқан Ақтөбе облысында транспорт байланысы желісі жақсы дамыған. Орал және Маңғыстау, Орта Азия және Еуропаға қарай маңызды бағыттағы теміржолдар 1000-нан астам шақырымға созылып жатыр. Облыс территориясы арқылы Шымкент-Самара трансконтинентальді автокөлік магистралі өтеді. Ақтөбе халықаралық әуежайы Қазақстанның батыс өңірі бойынша әуе қозғалысын басқаруда қазіргі заманғы автоматтандырылған жүйемен жарақтандырылған.
Ақтөбе облысы теңдессіз минералды-шикізат базасын иеленіп жатыр. Оның территориясында көмірсутекті шикізатының, (мұнай, газ және газ конденсаты) Қазақстан территориясындағы барланған қорының 10% және болжамды ресурстарының 30%, сондай-ақ, республикадағы жалпы қордан отандық хромның барлық қоры, никель — 55%, титан — 40%, фосфор — 34%, мырыш — 4,7%, мыс — 3,6% , алюминий — 2%, көмірдің 1,4% жинақталған. Облыс әлемде хром рудасы қорының — 400 млн тн. шамасымен бірінші орынды, Қазақстанда мыс рудасынан — 100 млн тн.(құрамында таза мыс-1,5 млн.тн.) және өндірістік мұнай қоры — 900 млн.тоннасымен үшінші орынды, газ қоры бойынша Республика бойынша төртінші орынды иеленеді. Облыс Қазақстандағы ірі өнеркәсібі дамыған аймақтардың бірі болып саналады. Облыстағы экспортқа бағытталған ірі кәсіпорындары — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ, «Казхром» ТҰҚ ААҚ-ның құрамындағы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты және Дөң тау-кен байыту комбинаты, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» ААҚ, «№406 ГА авиажөндеу зауыты», «Ақтөберентген» ААҚ-ның өнімдері таяу және алыс шетел рыноктарында кеңінен танымал. Облыс тау-металлургия, химия, мұнай өнеркәсібі және аспаптық жабдықтаудың қуатты базасы саналады. Қазақстанның барлық хром рудасы, хром тұздары өндірісі, рентгенаппаратура және республика бойынша өндірілетін ферроқорытпаның 45% шығаруды топтастырды. Өнеркәсіп өндірісінде түрлі меншіктегі 686 шамасында кәсіпорын істейді, оның 545-і Ақтөбе қаласында орналасқан. 2002 жылы олардың шығарған өнімдері 139,3 млрд теңгені құрады.
Ақтөбе облысы — Қазақстан Республикасындағы ірі ауыл шаруашылық аймағы. Ақтөбе бидайы жоғары құрамдағы ақуыз және ұлпасымен ерекшеленеді. Ауыл шаруашылығының өнімінің жалпы түсімі 2002 жылы 21,5 млрд теңгені құрады. Бір жылда өндірілген сүт көлемі 225,5 мың тн., жұмыртқа — 83,8 млн дана, ет- 70,5 мың тн. құрады.
Ақтөбе қаласы еліміздің батыс өңірінің ірі мәдени, білім және ғылым орталығы болып саналады. Қалада 11 жоғарғы, 16 арнаулы оқу орны бар. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина Академиясы, Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесі және т.б. тек қана Қазақстанға ғана емес, шетелдерге де танымал оқу орындары бар. Қалада қазақ және орыс труппасы істейтін драма театры, қуыршақ театры, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Кеңестер Одағының батыры Әлия Молдағұлова атындағы мұражайы қызмет істейді.
Қара топырақты жерлер облыстың солтүстігінде. Мұнда топырақтың қарашіріндісі аз, негізінен қиыршық құмды келеді. Топырағы тығыз саздауыт, стрегірек жерлері саздан қалыптасқан. Аздап дренажі бар ркльефі ойпаңдау жерлерде, жердің әсіресе тығыз қабатында сортақтану көбейе түседі.
Облыста 12 аудан мен 1 облыстық маңыздағы қала бар:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Аумағы (км²) | Халқы (адам) | Құрамы |
---|---|---|---|---|
Алға ауданы | Алға қаласы | 7,3 мың | 43,4 мың | 12 а/о, 1 қала |
Әйтеке би ауданы | Темірбек Жүргенов ауылы | 35,9 мың | 20,8 мың | 15 а/о |
Байғанин ауданы | Қарауылкелді ауылы | 61 мың | 22,9 мың | 9 а/о |
Қарғалы ауданы | Бадамша ауылы | 5 мың | 15,4 мың | 8 а/о |
Қобда ауданы | Қобда ауылы | 14 мың | 16 мың | 16 а/о |
Мәртөк ауданы | Мәртөк ауылы | 6,6 мың | 29,6 мың | 13 а/о |
Мұғалжар ауданы | Қандыағаш қаласы | 27,9 мың | 65,5 мың | 12 а/о, 3 қала |
Ойыл ауданы | Ойыл ауылы | 11,5 мың | 16,1 мың | 7 а/о |
Темір ауданы | Шұбарқұдық кенті | 12,6 мың | 35,8 мың | 9 а/о, 1 қала |
Хромтау ауданы | Хромтау қаласы | 12 мың | 46,3 мың | 14 а/о, 1 қала |
Шалқар ауданы | Шалқар қаласы | 61,9 мың | 42,6 мың | 12 а/о, 1 қала |
Ырғыз ауданы | Ырғыз ауылы | 41,5 мың | 14 мың | 7 а/о |
Ақтөбе қаласы | — | 0,2 мың | 560 мың | 2 аудан |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Ақтөбе облысы, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.