Марат Төлегенұлы Жыланбаев

Марат Төлегенұлы Жыланбаев (19 тамыз 1963 жыл, Қарқаралы ауданы) — қазақстандық ультрамарафоншы, суретші, оппозиционер, жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

«Гиннесс рекордтар кітабында» жеті түрлі рекорд иесі, тіркелмеген оппозициялық Алға, Қазақстан партиясының төрағасы.

Марат Төлегенұлы Жыланбаев
Марат Төлегенұлы Жыланбаев
Лауазымы
Ту
Ту
Алға, Қазақстан партиясының төрағасы
Ту
Ту
Ту
Ту
Екібастұз қалалық мәслихаты 2- және 3-шақырылымдарының депутаты
Ту
Ту
1999 — 2007
Партиясы Партиясыз
Өмірбаяны
Партиясы Алға, Қазақстан
Діні атеист
Дүниеге келуі 19 тамыз 1963 (1963-08-19) (60 жас)
Фрунзе совхозы, Қарқаралы ауданы, Қызылорда облысы, Қазақ КСР, КСРО (қазіргі Аманжолов ауылдық округі)
Жұбайы Жыланбаева Ақмарал Айтбайқызы (1974 туған)
Балалары ұлы Рүстем (1988 туған),
қыздары Айдана (1994 туған), Азия (1998 туған), Анелья (2003 туған).

Жалпы 160 мың километрден астам жүгірген Жыланбаев, 2016 жылдың мәліметінше, — адамзат тарихындағы Азияның, Африканың, Аустралияның және Американың ең үлкен шөлдерін жүгіріп өткен бірінші және жалғыз спортшы.

2023 жылдың мамырында Жыланбаев "тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты", "экстремистік ұйымды қаржыландырды" деген айыппен қамауға алынды, қараша айында 7 жылға сотталды. Азаттық радиосы және бірнеше құқық қорғаушылары оны «саяси тұтқын» қылып таныды. Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Жыланбаевтың босатылғанын талап етті.

Өмірбаяны

Марат Жыланбаев Қарқаралы ауданындағы Фрунзе совхозында дүниеге келген. Арғын тайпасы Қаракесек руы Шор бұтағынан шыққан. Әкесі — Жыланбаев Төлеген Нығманұлы. Анасы — Жыланбаева Қаден.

Ата-аналарынан 7 жасында айырылғасын 1- мен 8-сынып аралығында Қарағанды облысының балалар үйi мен интернаттарда оқыған және тәрбие алған, училище, кейін дене шынықтыру техникумында білім алды. Комсомол берген мұғалім мамандығынан бас тартқан Жыланбаев еңбек жолын сылақшы болып бастады, сонымен қатар сурет салып, оны шетелде сатты.

Жыланбаев Қазақстан-ресей университеті Гуманитарлық институтының экономика факультетін бітірген (2005), экономист.

Спорттық мансабы

19 жасында Қарағандағы алғашқы марафонына қатысып, 21 шақырым қашықтықты бағындырды. Өзінің Қарақұм шөлі арқылы марафонын Түрікменстанның Кушка қаласында бастады. Сегіз жылдан соң, 20 күн уақытта 1,200 шақырымды жүгіріп өтіп, Қарақұм шөлін бағындырды.

1993 жылы ол әлемдегі ең үлкен шөл, Сахараны 24 күнде жүгіріп өтті, онымен бірге бақылап жатқан адамдар болды. 1995 жылға қарай ол күніне 85 шақырым қашықтық жүгіріп жүретін, бұл оның денсаулығына үлкен жүк болды. Үкіметтен еш көмек ала алмаған Жыланбаев амнезиямен ауырып қалады, Мәскеуге қалай жеткенін ұмытып қалды, 17 жыл бойы уақытқа жүгіруді тоқтатуға мәжбүр болды.

2019 жылдың шілдесінде орын алған Ақтөбедегі жартымарафонға қонақ ретінде шақырылды, қала әкімі Ілияс Испановпен бірге 10 километр жүгірді, Ақтөбе медалімен наградталды.

1986 жылдан Жыланбаев — суретші-безендіруші және 1988 жылы өзі дайындық методикасын ойлап тапқан. 1990 жылдан «Мобиль» кооперативінде жұмыс істеген және 1991 жылы КСРО Еңбек сiңiрген бапкері Фёдор Склокинде жаттыға бастаған. 1992 жылдың қыркүйек айында Эльбрусқа мiну бойынша халықаралық жүгіру жарысында 2-орын алды және сол жылдың қазан айында Красноярская сотка халықаралық супермарафонында 1-орын алды.

1992 жылы 7 күн–7 марафон халықаралық супермарафонында 2-орын алса, келесі жылы шілде айында Канаданың Нанисивик аралындағы жүгіру жарысында да 2-орын алды. 1994 жылдың шілдесінде Өлі жазығы супермарафонында да 2-орын алды.

1996 жылдан бері Марат Жыланбаев — жеке кәсіпкер. Кәсіподақ комитетінің төрағасы. Жеңіл атлетика федерациясының президенті (Екібастұз), «Екібастұздың болашағы үшін» атты қоғамдық бірлестіктің президенті. Халықаралық кластағы спорт шебері (1994).

Жыланбаев 12 жасынан жеңіл атлетикамен, велосипед, шаңғы спортымен айналысқан. 1990 жылдан өте алыс қашықтықтарға жүгіруді (марафондық жүгіріс) бастап, сол жылы Барнауыл қаласында (Алтай өлкесі, Ресей) 85 км қашықтықты 6 сағат 43 минут 23 секундта жүгіріп өтті. Рекордтар кітабына енуі 23 күнде 23 марафондық жүгірісімен (күніне 42 км 195 м) басталды. Кейін 15 күнде 30 марафондық, жарты жылда 75 марафондық және бір жылда 226 марафондық жүгіріспен жалғастырды. Еуропаның ең биік шыңы, Эльбрусқа (5642 м) марафондық жүгіріспен 7 күнде (30 тамыз–5 қыркүйек 1991) жүгіріп шықты. 20 күнде (2–22 сәуір, 1992) Қарақұм шөлін (1200 км), 24 күн ішінде (1993), Сахараны (Солтүстік Африка, 1700 км) жүгіріп өтті. Сол жылы Аустралиядағы Үлкен Виктория шөлін кесіп өтті. 1994 жылы Мохаве шөліне (Невада, АҚШ) жорық жасап, оны сәтті аяқтады. 1992 және 1993 жылдары еліміздің таңдаулы 10 спортшыларының қатарына енді.

    Әлемдік рекордтары
# Жылдары Рекорды
1 1990–
1991
Бір күнтізбелік жылда 226 классикалық марафонды жүгіріп өтті
2 наурыз
1991
23 күнде 23 классикалық марафонды жүгіріп өтті
2 маусым
1991
Күніне 2 марафоннан 15 күнде 30 классикалық марафонды жүгіріп өтті
3 сәуір
1992
Қарақұм шөлін жүгіріп өтті (20 күнде 1200 шақырым)
4 ақпан–
наурыз
1993
Сахара шөлін жүгіріп өтті (24 күнде 1700 шақырым)
5 қараша–
желтоқсан
1993
Үлкен Виктория шөлін жүгіріп өтті (22 күнде 1600 шақырым)
6 сәуір
1994
Мохаве шөлін жүгіріп өтті (17 күнде 1218 шақырым)

Саяси мансабы

1999 жылы Жыланбаев Екібастұз қалалық мәслихаты 2-шақырылымының депутаты болып сайланғанда саяси мансабын бастады. 2003 жылы Жыланбаев Екібастұз қалалық мәслихатының 3-шақырылымына сайланды, оған салмағы алты грамм алтын төсбелгі берілді. Мәслихаттағы депутаттығын 2007 жылы аяқтады.

Марат Жыланбаев 2023 жылғы кезектен тыс парламент сайлауындағы дауыс санау процесінің әділ өтуіне күмән келтірді, бірақ сонда да депутаттықтан үміткер ретінде тіркелді. "Ерте үгіт-насихатын бастады" деген айыппен оны кандидаттар қатарынан алып тастады. Сайлауалды бағдарламасында ол Қаңтар оқиғасы, бірінші президент Назарбаев пен оның отбасы жайлы тергеу ұйымдастырылуын талап еткен еді.

2023 жылдың 27 шілдесінде "Алға, Қазақстан" партиясы Әділет министрлігіне 17-рет тіркеуге құжат тапсырды. 2022 жылы ол "бастамашыл топтың тізімі заң талабына сай келмейді" деген уәж айтты да, тіркеуден бас тартты.

Сотталуы

2023 жылдың мамыр айында Жыланбаев "тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты", "экстремистік ұйымды қаржыландырды" деген айыппен қамауға алынды. Сол жылдың шілдесінде ол адвокаты Мейіржан Досақаревқа денсаулығының нашарлағанын, қамауда антисанитария көргенін айтты. Департаменттің айтуынша Жыланбаевтың "жағдайы қанағаттарлық, денсаулығына шағым жоқ". Эльвира Бекзадина айтуынша беріліп жатқан тағам сапасының нашар болғаны сонша, Жыланбаевтың тістері түсіп жатыр, бөлмесі маса, шыбын шіркейге толы, лас.

Азаттық радиосы мәліметінше дүние жүзінің 39 елінде демократия белсенділері мен құқық қорғаушылар, адвокаттар мен журналистерді біріктіретін World Liberty Congress үкіметтік емес ұйымы бұл жағдай жайлы "Марат Жыланбаев жөн-жосықсыз ұсталды" деп айтқан. Құқық қорғаушылар қауымдастығы және Азаттық радиосының өзі оны «саяси тұтқын» деп таныды.

Марат Жыланбаевтың соты 30 қазанда басталды. Жақында «белгісіз» куәгерлердің өтінішімен Марат Жыланбаевтың соты жабық отырысқа ауыстырылды. Бұған адвокаты, белсендінің өзі және оның жақтастары қарсылық білдірді. ҚАЖД хабарлауынша тіркелмеген партия жетекшісі ашық сот талап етіп, 1 қазан күні аузын тігіп тастады және "сол күні мекеме басшылығымен профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен кейін сотталушы Марат Жыланбаев тігісін алып тастады.". Жыланбаев соттың жабық өткізіліп жатқанын "заңға, конституцияға қайшы" деді. Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Жыланбаевтың босатылғанын талап етті, ұйымның Орталық Азия жөніндегі зерттеушісі Мира Ритман «ол босатылуы тиіс» деген.

29 қараша күні Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Қылмыстық кодекстің 258-бабы 2-бөлігі бойынша сот тыйым салған экстремистік ұйымды қаржыландырғаны, сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 405-бабы 2-бөлігі бойынша оның қызметіне қатысқаны үшін Жыланбаевқа қатысты үкім шығарды, ол жерде оның 7 жылғы сотталғаны жарияланған болды. Сот мәліметінше, Жыланбаев "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымының жақтаушысы болды, ҚДТ басшысы мен оның шетелдік штабынан Қазақстан Конституциялық құрылымын күштеп өзгерту мақсатын көздейтін тапсырмалар мен нұсқаулар алған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Марапаттары

  • Ақтөбе медалі (2019).

Жеке өмірі

Марат Жыланбаев үйленген. Жұбайы — Жыланбаева Ақмарал Айтбайқызы (1974 жылы туған), кәсіпкер. Ұлы — Рүстем (1988 жылы туған); қыздары — Айдана (1994 жылы туған), Азия (1998 жылы туған), Анелья (2003 жылы туған).[дереккөзі?]Діни көзқарасы — атеизм.

Дереккөздер

Tags:

Марат Төлегенұлы Жыланбаев ӨмірбаяныМарат Төлегенұлы Жыланбаев МарапаттарыМарат Төлегенұлы Жыланбаев Жеке өміріМарат Төлегенұлы Жыланбаев ДереккөздерМарат Төлегенұлы Жыланбаев

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Тас дәуіріИмпрессионизмЖай механизмӘбу Райхан әл-БируниҰйқы безіЖошы ханЖалғаулық шылауларҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеПсихология1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріАйдын Ақанұлы АйымбетовСын есімАмерикадағы азамат соғысыҚазақстан географиясыҰлықбекГеосаясатҚарлұқ қағанатыАқан серіҚанҚазақстан мемлекеттік рәміздеріЖануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеуТеодолитТөле биМәшһүр Жүсіп КөпейұлыСызықшаҚазақстан музейлеріМиЭкстремизмҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныКартопСөз тіркесіФилософияТұрақты сөз тіркесіКірпітәрізділерСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)Тұқым қуалаушылықЭнергияӨңдеуші өнеркәсіпБақытсыз ЖамалШвейцарияСарқылатын ресурстарҚуандық Уәлиханұлы Бишімбаев1921-1922 жылдардағы ашаршылықГалактикаМагнитРентген сәулесіБиотехнологияҚазақстандық Кеңес Одағының Батырлары (тізім)Салт-дәстүрҚарағанды металлургия комбинатыХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміЕртісЖәнібек ханЛеонардо да ВинчиЖылқыБактерияларМіржақып ДулатұлыАқбөкенАвангардизмӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыТемірТұмар ханшаӨнеркәсіпЭкологиялық жүйеНарықтық экономикаПлацента1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықҚазақстан Республикасының КонституциясыМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарыИталияҚаңлыларАсық ойыныЖұмбақтасОрбұлақ шайқасыДүниежүзінің табиғат ресурстарыПиелонефритҚорқыт атаСабақтас құрмалас сөйлемҒылым🡆 More