Шаңғы Спорты

Шаңғы спорты, дене тәрбиесі жүйесіндегі қысқы спорт түрлері негізгілерінің бірі.

Бұл спорт түрлерінің қатарына шаңғымен жарысу, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы және тау шаңғысы, биатлон түрлері енеді. Бұлардың барлығы да қысқы Азия ойындардың, қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламаларында бар. Шаңғы спортынан жаттығулар мен жарыстар ашық аспан астында, таза ауада өтетін болғандықтан адамның денсаулығына өте пайдалы. Ол адамның бойындағы шыдамдылық, күш шапшаңдық, батылдық, ептілік, табандылық, айналаңды бақылау сияқты аса керек қасиеттерді өкпенің сыйымдылығын жан-жақты дамытады. Ш. Спортымен айналысу кезінде адамның барлық дене мүшелері жұмыс істейді. Сондықтан ол жан-жақты жетілуге, дамуға, шынығуға негіз салады.

Шаңғы Спорты

Шаңғы спортынан алғашқы ресми жарыс 1767 жылы Норвегияда өтті. Соған қарамастан шаңғы спорты XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қашан Ш. Спорты клубтары құрылып біткенше қалыптасу кезеңінен өтті деуге болады. 1924 жылы құрамына 24 мемлекеттердің өкілдері енген халықаралық шаңғы бірлестігі құрылды. Осы жылы ол алғаш рет ұйымдастырылған қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді (әрине барлық түрлері бірден емес) жене ерлер арасында Ә.ч-ты өтті. Әйелдер арасында Ә. Ч-ты 1924 жылдан бастап өткізіле бастады.

Бұрылыстар

Шаңғыдан жарыс ойлы-қырлы жерлерде өтеді. Сондықтан биіктен түскенде шаңғымен дұрыс бұрыла білудің маңызы зор. Бір орында тұрған жағдайда өкшені тіреп қозғалмай тұрып, шаңғының басын көтеріп кейде секіріп барып бұрылады. Екі шаңғы таяғына сүйеніп бұрылуға да болады. Беткейден қүлдилағанда бұрылудың да тәсілдері күрделі, мұнда екпінді пайдаланып, алдын-ала ыңғайлану керек. Мұнда салмақ бұрылатын жаққа қарай ауысады, көбіне-көп аяқтарын басқа бағыттарға ауыстыру арқылы бұрылыстар да жасалады. Бүл қозғалыс қимылдарды сөзбен айтып жеткізу қиын болғандықтан оны суреттер арқылы да көрсетіп отырмыз.

Көтерілу

Шаңғы жарыстары кезінде спортшыға алдында тұрған қырдың үстіне көтерілуге де тура келеді. Мұнда бір шаңғының жер үстімен сырғанауын пайдаланып, екінші аяқпен итереді. Екі шаңғының бастарын алшақтатып алма-кезек тіреу арқылы көтеріледі. "Елька" деп атайды. Шаңғыларды беткейге көлдеңінен қойып бірінің орынын екіншісіне бастырып басқыш сияқты көтерілуге де болады. Көтерілу кезіндегі шаңғы таяғының міндеті үлкен. Таяқты ыңғайлы тіреу күші биікке тез көтерілуге мүмкіндік туғызады.

Дереккөздер

Tags:

АзияБиатлонОлимпиялық ойындарСпортТау шаңғысыШаңғы қоссайысыШаңғымен жарысуШаңғымен тұғырдан секіру

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Әл-Кәусәр сүресіЖылқы малының атауларыЕліктеу сөзБатыс ҚазақстанӘбіш КекілбайұлыЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыСудың ластануыҚазақстандағы сайлау жүйесіОтан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагеріБесікке салуКәффарат түрлеріМәдениеттануЖай санДауысты дыбыстарОрталық АзияБактерияларТүркияБұқар жырау ҚалқаманұлыҚазақстандағы әскери коммунизм саясатыҚыстырма сөзАйқапӘбілқайыр хан (Кіші жүз)КремнийҚазақ ұлттық киімдеріЭлектролиттік диссоциация теориясыКүнделік.кзЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҚан мен терЖалаң сөйлемҚоршаған ортаның ластануыТотығу-тотықсыздану реакцияларыТөле биМағжан Бекенұлы ЖұмабаевЛипидтерАзияАсқорыту мүшелеріСыбайлас жемқорлықТұманбай МолдағалиевЯдроЖүйке жүйесі2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыСөйлем мүшелеріБаққожа МұқайНаурыз мейрамыХлоропластБұқаралық ақпарат құралдарыСтолыпин реформасыКаспий теңізіЭссеЖіті коронарлы синдромӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановҚазақстан қалаларыСөз тіркесіБалықтарГалогендерЖүрекҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыТың игеруАлаш партиясыҚышқылДулатКәсіби сөздерКиіз үйҮкіОмыртқа бағанасыЕрітінді1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріФизиотерапияОралхан БөкейАИВ/ЖИТСҚаһарФутболАлматы1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанҚазақстан қорықтарының тізіміТолеранттықУнитарлы мемлекетЖер сілкіну🡆 More