Кәсіби Сөздер

Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз.

    Кәсіби сөздер – белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын, жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолданылу өрісі шектеулі сөздер. Қазақ тілі кәсіби сөздерге бай.
  • Кәсіби сөздер таралу шегіне қарай ірі кәсіпке байланысты сөздер және шағын кәсіпке байланысты сөздер деп екі салаға бөлінеді.
    • Ірі кәсіпке байланысты кәсіби сөздер: мал шарушалығы (түйе атаулары: жампоз, кезөркеш, кердері, күрт, қаратұяқ, аңырайма); астық шарушалығы (сүт бидай, бал бидай, қодыран, жауша, бақал; тары атаулары: байдербіс, алағарын, шая, шаршау тары); балық шарушалығы (балық атаулары ақауыз, таутан, табан, бекіре; ау аттары: морда, тоспай, итерқұл, аламан ау); бау-бақша (қауыншек, оман арық, желке суы, пісте); мақта шарушалығы (қоза, көсек, құлақ, шит), тағы басқа салаларға қатысты болады.
    • Шағын кәсіпшілікке байланысты кәсіби сөздер: ұсталық (тарақ балта – жүзі кедір-бұдыр балта, керме ара – жүзінің ортасында тірегіші бар ара, шербек – үлкен ара, аталғы – ойық жүзді шот, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, аттіс – темір қысатын құрал, ыңғуыр – ағаш оятын құрал; етікшілік (созан – ине сияқты құрал, ұштық – созанға өткізілген қысқа жіп, пардоз келтек – етіктің тігісін жатқызатын таяқша); балташылық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, тағы басқакәсіп түрлеріне байланысты болады. Кәсіби сөздердің диалектілерден басты айырмашылығы – оның әдеби тілде баламасы болмайды. Сондықтан да кейбір кәсіби сөздер әдеби тілімізді байытып, жалпы халықтық қолданысқа еніп кетеді. Мысалы, мәйек, қоза, терім, мұрап, бағбан, дақыл, беде, танап, көшет, атыз, тағы басқа.

Дереккөздер:


Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Баланы қырқынан шығаруТұрар РысқұловБарбаросса жоспарыҒаламшарВирустарТемірқазықҚырғызстанАстанаАҚШ президенттерінің тізіміҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіФотосинтезЖеңіл атлетикаТоғыз-құмалақҚант диабетіАналық жыныс жасушасыАбортХалықаралық ұйымдарҚарағайШығай ханИнновацияҚожа Ахмет Ясауи кесенесіҚыстырма сөзКерей ханЗат алмасуСаяси мәдениетБритан музейіОрталық АзияАбайдың қара сөздеріПиелонефритЭндокриндік жүйеТағамның маңызы, құрамы және қызметіШойынPythonАлаш ОрдаКөне түркі жазбаларыЛаңкестік әрекетҚазақ хандарыЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріСемей полигоныАдамның кейбір кездері...Дүниежүзілік көрме (2017)Ақан серіХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыБәйтерек (мифология)АвангардизмСпирттерМиелин қабықшасыҚазақстан темір жолыБастауышЖаңа экономикалық саясатАшаршылықҚұрмалас сөйлемСаяси идеологияУрбанизацияМитозКомпьютерӨсімдіктің жынысты көбеюіАфрикаАтаулы сөйлемХордалыларАқсу-Жабағылы қорығыҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыШахмет Құсайынұлы ҚұсайыновРедуценттерҚұс жолыАустралияҚытай Халық Республикасы экономикасыМұнай өнеркәсібіСөйлемнің бірыңғай мүшелеріҚазақстан экономикасыИспанияФранция Ұлттық кітапханасыФотоэлектрлік құбылыстарСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)Мәңгілік бала бейнеЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміЗат есімЖылқыМенің атым Қожа (повесть)🡆 More