Шыбын

Шыбын, қысқамұрттылар (Brachycera) – қосқанаттылардың бір отряд тармағы.

Жер шарында кең тараған. Бұлардың мұртшалары қысқа, үш бунақты. Денелері жуан, дернәсілдерінің басы, аяқтары болмайды, құрт тәрізді. Қуыршақтары жалған піллә ішінде жатады. Ересек жәндік қуыршақ қабын түзу тігіс бойымен жарып немесе қуыршақ қабының үстіңгі жағындағы дөңгелек қақпақша арқылы сыртқа шығады. Негізгі тұқымдастары:

Шыбын
Шыбын

Шыбын — көптеген жұқпалы ауруларды — дизентерия, асқазан сүзегін, полиомиелитті және басқа қоздырғыштардың таралуына себеп болады; сондай-ақ олар ішек-қарын құрттарының жұмыртқаларын да таратады. Үйдегі шыбын жыл бойына (жылы үй-жайларда) өсіп-өнгіш келеді. Шыбынға қарсы күрестің ең басты шарты — тазалық. Үй-жайларда шыбынның өсіп-өнуіне жол бермеу үшін ас-судың бетін жауып ұстау, ас үйдегі тамақ қоқымын қақпағы жабылатын шелекке жинау, оны күнделікті төгіп, ыдысын жуып тұру, ауладағы қоқыс-қалдықтарды қақпағы жақсы жабылатын темір ыдысқа не жабық жәшіктерге жинау керек. Мал немесе құс ұстаған жағдайда қора-қоп сының таза болуын қадағалау; көңді уақытында шығарып, мал жеміне деген қалдықтарды жабық ыдыста сақтау қажет. Шыбын құрттарын жою үшін қоқыс салатын жәшіктердің астын, маңайын 10 күнде бір рет карбол қышқылымен (1 шаршы метрге 1,5 л есеппен) немесе хлорофостың суға еріткен 3%-тік ерітіндісімен дәрілейді. Дәретханалар мен жуынды төгетін шұңқырлы ардағы шыбын құрттарын жою үшін олардың үстіне құрғақ хлорлы әк —1 шаршы метге 1 кг немесе хлорофостың суға еріткен 3%-тік ерітіндісін себу керек. Шыбын құрттарына қарсы «Тролен» пайдаланылады. Шыбынға қарсы хлорофос таблеткаларын немесе оның ұнтағын пайдалануға болады. Таблетканы немесе оның ұнтағын табақшаға салады да, 1 ас қасық су құнды (аздап құмшекер қосуға болады). Кеуіл қалмау үшін су құйып тұру керек. Таблетка немесе оның ұнтағы 10—12 күнге дейін күшін жоймайды.

Шыбынға қарсы «Мухолов» деп аталатын жабысқақ қағаз, сондай-ақ сықпа түрінде шығарылатын «Мухолов» және «Муксид» сияқты жабысқақ массалар қолданылады. Сықпаның ішіндегісін сығын, бір бет қағазға жұқалап жанды да, шыбын жиналатын жерлерге қояды. Шыбынға қарсы сондай-ақ аэрозольді «Нефос» және «Дихлофос» препараттарын, «Неопин» дустын да пайда- лан ады. Бұлардың адамға және жылы қанды жануарларға зияны жоқ. Үй-жайларға шыбын кіргізбес үшін терезеге көзі тар сым тор не дәке керіп шегелеуге, ал желдеткіштерге таспалан тілінген қағаздан қорғаныш перде ұстауға болады.

Дереккөздер

Тағы қараңыз

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том


Tags:

Жер шарыҚосқанаттылар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміЖәңгір-Керей ханӨзбекстанҚоғамСинонимӨсімдік шаруашылығыКартопҚабанбай батырКүн жүйесіСолтүстік ҚазақстанКүй аңызы (әңгіме)ТопырақМұхитқа шыға алмайтын елдерБиотехнологияХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыҚазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуыАсқорыту мүшелеріМонархияСүтқоректілерАлғашқы қайта өрлеу дәуіріҚазақстан халқы ассамблеясыЭкспрессионизмСелекционерҚызмет көрсетуСуТемекіҚұрмалас сөйлемӘлкей Хақанұлы МарғұланӘбілхан ҚастеевҚазақша жыл санауАлаш ОрдаИранЭлектрондық сандық қолтаңбаҒабиден МұстафинОтбасыМэйдзи жаңғыртуыҚазақстан өсімдіктеріДүние жүзінің саяси картасыPythonҚазақстанның экологиялық проблемаларыҚазақстанның мемлекеттік құрылымыҚызыл кітапКөміртегіАуыл шаруашылығыФизикалық-географиялық аудандастыруДыбыстың сипаттамаларыТөлеген ТоқтаровМикроорганизмҚара металлургияҚазақстан мәдениетіЖыныссыз көбеюҚазақ хандарыЖеңіс күніҚазақстанның мұнай өнеркәсібіТабиғатКөп жасушалы ағзаларСәкен СейфуллинҮш Жүз партиясыАй (серік)Әлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)Америка–Жапон шарттарыЖылқыЭкологиялық жүйеАИВ/ЖИТСЖәркен БөдешұлыЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларҚазақстан экономикасыБарсакелмес қорығыДінАҚШ экономикасыЭволюциялық ілімДүниежүзінің табиғат ресурстарыҚорықтарҚазақстан теңгесіСақ мәдениетіҚазақстандағы ұжымдастыруЖалғауБасты бетТеміртау🡆 More