Вирусты гепатит Д (ВГД) – РНК-геномды дельтавирустармен шақырылатын, парентральды жолмен тарайтын, бауырды зақымдайтын, көбінесе қолайсыз аяқталатын жедел немесе созылмалы вирусты инфекция.
Қоздырғышы Deltavrrus тұқымдасының РНҚ-геномды вирусы: сфера тәрізді, бір жіпті сақина тәрізді РНК-сы бар, спецификалық антиген (HD-an) және сыртқы қабықшасы бар, сыртқы ортаға төзімді болып келеді.
Ауру көзі-ауру адам немесе тасымалдаушы. Тарау жолдары: парентральды, вертикальды (трансплацентарлы) болып табылады. Ауруға бейім топтары: гемофимиямен ауыратындар, қанмен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері, нашақорлар саналады. Ауырғаннан кейінгі иммунитет тұрақты, ұзақ иммунитет қалыптасады.
Вирус қан арқылы бауыр гепатоциттеріне жетеді. Мұнда оның репликациясы өтеді → вирус гепатоциттерге тікелей цитопатогендік әсер етеді → HDV пен HBV бірге түскенде коинфекция дамиды → HDV қабаттасқанда суперинфекция дамиды → нәтижесінде жедел вирусты гепатит Д дамиды → некроздық өзгерістер немесе цирроздық өзгерістер қалыптасу тән
ВГД-ның 2 түрі белгілі:
ВГД-да мынандай клиникалық жіктелу қолданылады:
Түрі | Ауырлығы | Ағымы |
---|---|---|
| жеңіл (10%) орташа (45%) ауыр (25%) | Жедел Созылмалы |
Сарғаю алды кезең. Ұзақтығы орташа 5 күн. Бұл кезде байқалады: астеновегетативтік синдром, артралгия, кейде интоксикациялық синдром, диспепсиялық бұзылыстар, гепаталгия
Суперинфекция Hb sAd тасымалдаушылықта қалыптасса, жедел вирусты Д гепаттиті дамиды:
Бауырдың клеткалық жедел жетіспеушілігі (БКЖ І,ІІ дәрежесі-прекома, БКЖ ІІІ, ІУ дәрежесі-кома).
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Вирусты гепатит Д, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.