Явалықтар

Явалықтар (вонг ява) — Индонезиядағы ұлт.

Ява аралы мен Калимантанның кейбір аудандарында шоғырланған. Малайзияда, Сингапурда, Аустралияда, Жаңа Каледония мен Нидерланд елдерінде де тұрады. Халқы 95,2 млн адам (2010, халық санағы). Антропология жағынан оңтүстік-азиялық өтпелі нәсілге жатады.

вонг ява
Явалықтар
Явалықтар
Бүкіл халықтың саны

95,2 млн

Ең көп таралған аймақтар

Явалықтар Индонезия

Тілдері

ява тілі, индонезия тілі

Діні

сунниттер

Тілі

Австронезий отбасындағы ява тілінде сөйлейді. Индонезия тілі де явалықтар арасында кеңінен тараған.

Діні

Діншге сенушілер сүнниттік мұсылмандар, аздап христиандар да кездеседі.

Тарихы

Мамандар явалықтардың ата-бабалары қазіргі отандарына б.з.б. 1-мыңжылдық ортасында келген, кейіннен Үндістанның мәдени ықпалына түскен деп жорамалдайды. Ұлт ретінде шоғырлану үрдісі Маджапахит империясы (1293 – 1520 ж. шамасы) тұсында жанданған. 17 ғасырдың бас кезінен Нидерландының (Голландия) отарына айналып, бірнеше ғасыр бойы үлттық езгіге ұшырады.

Кәсібі

Дәстүрлі кәсібі – егіншілік. Күріш, жүгері, кассава, батат, жер жаңғақ,бұршақ, банан, кокос, т.б. тропиктік дәнді-дақылдар егеді. Мүйізді ірі қара ұстайды, құс шаруашылығымен айналысып, жасанды су қоймаларында балық өсіреді. Теңіз жағалауының тұрғындары ежелден балық аулаумен күнелткен. Халық арасында қолөнер (тоқымашылық, ұсталық, зергерлік, ағаш ою, т.б.) дамыған.

Өмір салты

Явалықтар қоғамы ұзақ уақытқа дейін вонг чилик (жұмысшылар мен шаруалар), сантри (саудагерлер мен қолөнершілер, дін тұтынушылар), прийяи (шенеуніктер, зиялылар), ндара (ақсүйектер) касталарына бөлініп келді. Туыстық қатынастары гавайлықтар мен ағылшындарға жақын. Явалықтар бай ұлттық әдебиетін, сәулет өнерін, музыкасы мен театрын сақтап қалған.

Баспаналары каркасты-бағаналы болып келеді, оның қабырғалары өрілген бамбуктен көтерілді, екі не төрт жаққа бағытталған шатыры пальма жапырақтарымен немесе қыш тастармен жабылады.

Ұлттық киімдері – каин, саронг. Ерлер күртеше, әйелдер кеудешені жауып тұратын кембен, ашық кофта киіп, иықтан түсіп тұратын орамал (сленданг), сан алуан әшекейлер тағып жүреді. Бастарына пүліштен жасалған пичи, икет (орамал түрі) киеді.

Дәстүрлі тағамдары күрішке негізделген. Балықтан дайындалған тағам түрлері де көп.

Дереккөздер

Tags:

Явалықтар ТіліЯвалықтар ДініЯвалықтар ТарихыЯвалықтар КәсібіЯвалықтар Өмір салтыЯвалықтар ДереккөздерЯвалықтарАнтропологияАустралияЖаңа КаледонияИндонезияКалимантанМалайзияНидерландСингапурЯва

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықБасты бетКөзТүркияЭкологиялық проблемаМарсЭвакуацияТерроризмЖылқы малының атауларыЖүсіп БаласағұниЭкономикалық қатынасИспанияАманжол Дүйсенбайұлы ӘлтаевҚазақ ұлттық киімдеріҚаңлыларМысХартлендТуыстық атаулары1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысЗәрдің түзілуі және шығарылуыАвтомобильМерезТәуекел ханҚазақ халық аңыздарыСарматтарСақ мәдениетіЖаһандануҚазақстан қорықтарының тізіміКөне түркі жазбаларыРайымбек батырТатарларСан есімМутацияКүнбағысСәбит Мұқанұлы МұқановСпартак көтерілісіЕсімшеҚазақ хандығыАлкандарСалауатАбай жолы (роман)Сарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерКүй аңызы (әңгіме)Орта ғасырлардағы Шығыс философиясыТырнақшаЕтістікЧернобыль апатыАҚШ экономикасыҚазақстанның мұнай өнеркәсібіСыртқы саудаМәдениетКөші-қонНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіОрыс халқының материалдық және рухани мәдениетіЖай механизмСалқам Жәңгір ханҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріТұрар РысқұловҰрықКир патшаның сақтарға жорығыҚазақстан қалаларыПлацентаМысықКанадаӘміре ҚашаубаевСу көлігіАдам даму индексі бойынша елдер тізіміЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Жасанды интеллектТозаңдану1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларҚазақстан әкімшілік бірліктеріАтом ядросыКөмірсуларҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыОңтүстік ҚазақстанСоленоидҚытай🡆 More