«Форрест Гамп» (ағылш.
Уинстон Грумның романы бойынша түсірілген, экрандарға 1994 жылы шықты. Сыншылардың ойынша, режиссердің ең табысты фильмі (38 марапатқа ие, соның ішінде 6 "Оскар марапаты" бар.
Форрест Гамп | |
Forrest Gump | |
Жанры | |
---|---|
Режиссёрі | |
Продюсері | Уенди Файнерман |
Сценарийдің авторы | Эрик Рот |
Басты рөлдерде | Том Хэнкс |
Операторы | Дон Берджесс |
Композиторы | Алан Сильвестри |
Кинокомпания | The Tisch Company |
Дистрибьютор | Paramount Pictures |
Ұзақтығы | 142 минут |
Бюджеті | 55 миллион $ |
Кассалық түсімі | 683.1 миллион $ |
Мемлекет | |
Тілі | |
Шыққан жылы | |
IMDb | |
http://www.paramount.com/movies/forrest-gump/ |
Фильмнің басты оқиғасы етіп "Форрест Гамп" есімді (ағылшын тілінде "орман ақымағы" деп естіледі) кейіпкер алынған. Ол ойдан шығарылған Гринбоу қаласында, Алабама штатында тұрады. Жарым есті Форрест XX ғасырдың екінші жартысында болған АҚШ-тың ең басты оқиғаларына қатысқан.
Сыншылардың көбісі фильмді дұрыс қабылдады. Оның "Rotten Tomatoes" сайтындағы рейтингі 72%, ал оданда беделді сыншылар арасында 82%. Ықпалды сыншы Роджер Эберт те фильмге жақсы пікір айтты және төрт жұлдыздан төртеуін қойды. Оның айтуынша, "Форрест Гамп" секілді фильмді бұрын-сонды көрмепті. Фильмнің барлығына ұнауы сыншылардың ойынша тікелей оның эмоциялық толықтығына байланысты: фильм көрерменді күйзелуге, қуануға және жылауға мәжбүр етеді. Продюсер Венди Финерман да осымен толықтай келіседі: "Форрест Гамптың балалық пәктігі- бұл бәріміз шыққан мерзім. Бұл эмоциалдық саяхат. Сіз күлесіз және жылайсыз. Фильмнің басты мақсаты- өзіңіздің тірі екендігінізді сезіндіру болса, ол оны толықтай орындады".
АҚШ-тың 60-80 жылдардағы проблемалары, соның ішінде, мысалы, нашақорлық және Вьетнам соғысы, ақкөңіл Форресттің көздерімен көрсетілген. Rolling Stone журналының өкілі Питер Треверстің ойынша, Форрест американдықтардың ең жақсы ұлттық қасиеттерін (адалдық, батырлық және берілгендік) бойына сіңірген кейіпкер. Ал "Washington Post" газетінен Рита Кемпли "Форрест Гампта" осы мінездің бұзылғаны түсірілді деп ойлайды.
2001 жылы Эрик Рот фильмнің сиквелінің сценарийін жазды, бірақ лаңкестік шабуылдардан кейін Рот, Земескис және Том Хэнкс барлығын сол қалпында қалдыру керек деп шешті, себебі дүние өзгерді.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Форрест Гамп, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.