Флойд Мейуезер

Кіші Флойд Мeйуезер (ағылш.

Бапкері — Роджер Мэйуэзер. Қазіргі уақыттағы салмақ дәрежесіне қарамастан ең үздік боксшы.

Флойд Мейуезер Флойд Мейуезер
Floyd Joy Mayweather Jr.
Суреті
Жалпы мағлұмат
Толық есімі

Кіші Флойд Джой Мейуезер

Лақап аты

Әдемі жігіт (ағылш. Pretty Boy)
Ақша (ағылш. Money)

Азаматтығы

Флойд Мейуезер АҚШ

Туған күні

24 ақпан 1977 (1977-02-24) (47 жас)

Туған жері

Флойд Мейуезер АҚШ, Мичиган

Тұрғылықты жері

Флойд Мейуезер АҚШ, Лас-Вегас

Салмағы

жартылай орта (66.678 кг)

Тұрысы

оңқай

Бойы

173 см

Қолдың қарқыны

183 см

Стилі

outfighter, counterpuncher

Бапкері

Роджер Мейуезер

Рейтингтері
BoxRec рейтинг бойынша позициясы

1 (1638 ұпай)

BoxRec p4p рейтинг бойынша позициясы

1

The Ring рейтинг бойынша позициясы

1

The Ring p4p рейтинг бойынша позициясы

1

Кәсіби карьерасы
Алғашқы айқасы

11 қазан 1996 жыл

Соңғы айқасы

13 қыркүйек 2015 жыл

Чемпион белдігі

WBC, WBA, WBO, The Ring

Айқастар саны

49

Жеңгендер саны

49

Нокаутпен жеңгені

26

Жеңілгендер саны

0

Тең түскендері

0

Болмағандары

0

Әуесқой карьерасы
Айқастар саны

90

Жеңгені

84

Жеңілгені

6

Тең түскендері

0

Қызметтік тізімі (boxrec)
Марапаттар
Флойд Мейуезер АҚШ
Ерлер Бокс
Қола 1996 Атланта, Грекия жартылай орта салмақ

2015 жылы Мэйуэзер Spike теледидар Best Ever сыйлығымен марапатталды.

Мэйуэзер WBC, WBA, және Ринг журналының тұжырымы бойынша жартылай орта салмағындағы чемпионы, және WBC Super, WBA және Ринг журналының тұжырымы бойынша кіші топтағы орта салмағындағы чемпионы болып табылады. Ол сондай-ақ pound for pound, Sports Illustrated, ESPN, BoxRec, Fox спорт, және Yahoo! спорт, сонымен қатар көптеген спорттық баспалар мен бокс сайттардың, әлемдегі ең үздік фунт үшін фунт боксшы ретінде бағаланады. Мэйуэзер әлемдегі ең жоғары бағаланатын спортшы ретінде 2014 жылы, сонымен қатар 2012 және 2013 жылдың 50 ең жоғары төленетін спортшылар, және Forbes тізімін және Sports Illustrated тізімдерін басқарды.

Жеке өмірі

Мейуезер АҚШ, Мичиган штаты, Гранд-Рапидс қаласында дүниеге келген. Оның әкесінің есімі - Флойд Мейуезер, ол атақты Шугар Рэй Леонардпен айқасқан бұрынғы жартылай орта салмақ боксшысы. Оның ағалары Джефф Мейуезер мен Роджер Мейуезер де кәсіпқой боксшылар болған. Ағасы Роджермен, яғни, қазіргі бапкерімен бірге — екі әлем чемпионатын жеңген. Мейуезер дүниеге келгенде анасының тегіне жазылған, алайда кейіннен оның танымалдығын арттыру үшін тегін ауыстырған. Бокс Мейуезердың бала кезінен өмірінің ажырамас бөлігі болған, ол басқа мамандық түрлеріне ыждаһаттылық танытпаған. «Ең алғаш менің қабілетімді әжем байқаған. Мен жасырақ кезімде оған былай дедім: «Менің жақсы жұмыс табуым керек». Ол маған: «Жоқ, жай ғана бокспен шұғылдан» деді. Мен сегіз немесе тоғыз жасымда Нью-Джерсида анаммен бірге тұрдым, бір бөлмеде жеті адам тұрдық, кейде бізде жарық болмайтын. Адамдар менің қазіргі күйімді көргенде, барлығының қалай келгені жайлы ойламайды да» деп бір сұхбатында Флойд өзінің өмірі жайлы айтқан болатын. Мейуезердың тәтесі есірткіге құмар болып, ЖИТС-тен қайтыс болған. «Мен есірткіге құмар болсам да, ұлым назарымнан тыс қалған емес. Мен есірткі сатсам да, отбасыма пайда әкелдім. Оның киімі жақсы болды, мен оған ақша беріп тұрдым» деп Флойдтың әкесі бір сөзінде айтқан болатын. Бокс Мейуезер үшін, әкесі жоқ кезде қиындықтан шығар жол болды. Ол кезде Мейуезердың әкесі түрмеде жазасын өтеп жатты. Флойд болса мектепті тастап, барлық күшін боксқа салды. «Мен анама қамқорлық таныту үшін не істеу қажеттілігін білдім, мектептің мен үшін сол уақытта маңызды емес екенін, өмір сүру үшін жұдырықтасу шеберлігін үйренуім қажет екенін сездім» деген екен Мейуезер.

Флойд Мейуезер өзінің жеке өмірі жайлы ақпарат таратқанды ұнатпайтын жандардың қатарына жатады. Әсіресе өзінің кәсібі жайлы талқылағанды ұнатпайды. Сәтті кәсіпқой мансаптың иегері Мейуезер бірнеше рет отбасын құрған. Оның 2 әйелінен 4 баласы бар. 2000-шы жылдары «Әдемі жігіт» Флойд өзінің киімдер жүйесін таныстырды. Брендке TMT атауы (The Money Team) берілді. Негізгі шығарылым спорттық киімдерден – әртүрлі жейделер мен басқа да киімдерден тұрды. Онымен қоса, I-Phone құрылғыларына арналған сыртқы қаптамаларға ерекше мән берілді. Бұл брендтегі киімдерді ыңғайлы, қымбат тауарлар құрады. Басқа да жекеленген заттар Sold out тауарлық белгісімен таңбаланды.

Әуесқой мансабы

Мейуезер әуесқой рингте 90 жекпе-жек өткізген. Рекорды 84-6. Ол ұлттық марапат «Алтын қолғапты» 1993 (106 фунт), 1994 (114 фунт) және 1996 (125 фунт) жылдары жеңіп алды. Өзінің қорғанысының мықтылығының арқасында, әуесқой бокста жүрген кезінде «Pretty Boy» атанды.

Олимпиада ойындары

1996 Жазғы Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды.

  • .1/16 финал. Бақтияр Төлегеновты жеңді (Флойд Мейуезер  Қазақстан) RSCI 1
  • .1/8 финал. Артур Геворкянды жеңді. (Флойд Мейуезер  Армения) PTS (16-3)
  • .1/4 финал. Лоренсо Арагонды жеңді (Флойд Мейуезер  Куба) PTS (12-11)
  • .Жартылай финал. Серафим Тодоровтан ұтылды. (Флойд Мейуезер  Болгария) PTS (9-10)

Кәсіпқой мансабы

Бірінші жеңіл салмақ

Мейуезердің кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуі 1996 жылы 16 қазанда өтті. Флойд өзі сияқты дебютант мексикалық Роберто Аподакты екінші раундта нокаутпен жеңді. Сөйтіп оның кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамы сәтті басталды. Осыдан кейін Мейуезер титулды кездесуге дейін 17 рейтингтік айқас өткізіп көпшілігін нокаутпен жеңген еді.

Әлем чемпионы атағы үшін айқас

1998 жылы 3 қазанда 18-ші кәсіпқой кездесуінде Флойд WBC нұсқасы бойынша бірінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Дженаро «Чиканито» Эрнандесты жеңіп, бокстың супержұлдызы деген атқа ие болды. Айқастан соң басында фаворит саналған Эрнандес Флойд жайлы: «Мен бұлай жеңілем деп ойламадым. Оның жылдамдығына көз ілеспейді, ал техникасы болса өте мықты» деп айтты. Осы жекпе-жектен кейін Мейуезердің промоутері Боб Арум: «Флойд — Мұхаммед Әли, Шугар Рей Робинсонн және Шугар Рей Леонардтардың ізбасары. Ол — бірегей боксшы» деп өзінің таңданысын жасыра алмады.

Анджел Манфредимен айқас

1998 жылдың желтоқсанында Мейуезер Анджело Манфредимен кездесті. 2-ші раундтың соңында ол қарсыласын бұрышқа қамап, соққының астына алды. Біршама соққылар нысанадан қиыс кетіп жатты, алайда рефери айқасты аяқтауға шешім қабылдады. Бұл шешім үлкен дау тудырды. Бірнеше аптадан соң Мейуезерді «Ринг» және «Нокаут» журналдары 1998 жылдың үздік боксшысы деп атады. 1999 жылы ақпанда Мэйуэзер Карлос Альберто Рамон Риосты жеңді.

Джастин Джукомен айқас

1999 жылы Мэйуэзер угандалық Джастин Джукомен кездесті. 9-шы раундта Мейуезер қарсыласын оң жақ кросспен жақтан ұрып, сұлатып түсірді. Джуко 10 санында ғана аяғынан тұрды, алайда тым кеш болатын. Рефери айқасты тоқтатып Мейуезердің жеңісін растады. 1999 жылы қыркүйекте Мейуезер Карлос Херенды жеңді. Ал 2000 жылы наурызда Григорио Варгасты жеңді. 2000 жылы қазанда Мейуезер өтпелі қарсылас Эмануэль Бёртонға қарсы жекпе-жек өткізді. Мейуезер жекпе-жек барысында өзінің басымдығын көрсетті. 9-шы раундтың барысында ол қарсыласын сабаумен болды — оның барлық соққылары нысанаға дөп тиді. Осыны көрген Бёртонның бұрышы ақ орамал тастады.

Диего Корралеспен айқас

Флойд Мейуезер 
Флойд Мэйуезер. 2001 жыл

2001 жылы қаңтарда Мейуезер қорғанысы өте мықты Диего Корралеске қарсы айқасқа шықты. Жекпе-жек кезінде Мейуезер қарсыласын 5 рет нокдаунға жіберді. 10-шы раундта 5-ші нокдауннан соң Корралестың бұрышы орамал тастады.

Карлос Эрнандеспен айқас

2001 жылы мамырда Мейуезер Карлос Эрнандеспен кездесті. Мейуезер жекпе-жек барысында өзінің мықтылығын көрсетті. 6-шы раундтың аяғында Мейуезер Эрнандесты оңжақ хукпен басына дәл соққыны тигізді. Соққыны ауырсынған Эрнандес біраз уақыт қимылсыз тұрып қалды. Дегенмен кейінгі раундтарда Эрнандес күш жинап қарсыласына жақсы шабуылдар ұйымдастырды. Нәтижесінде Флойдты солжақ хукпен нокдаунға жіберді. Рефери айқасты уақытша тоқтатып, чемпионге алғашқы нокдаунды есептеді. 12-ші раундта Эрнандес Мейуезерді керме арқан арқылы қыспаққа алды. Сол үшін рефери оның ұпайын алып тастады. Эрнандес жекпе-жек соңында белсенді болса да, бұл белсенділік чемпионды жеңуге көмектесе алмады. 12 раундтың қорытындысы бойынша, қазылар жеңісті бірауыздан Мейуезерге берді.

Хесус Чавеспен айқас

2001 жылы қарашада ол мексикандық Хесус Чавеспен кездесті. 9-шы раундта Чавес бірнеше таза соққыларды жіберіп алды. Жойқын соққылардан есеңгіреген Чавес қайтадан қалпына келе алмады. Осыны байқаған Чавестің бұрышы 9-10-раунд арасындағы үзілісте жекпе-жекті тоқтатты. Жекпе-жектен кейін Мейуезер жеңіл салмаққа көтерілді.

Жеңіл салмақ

2002 жылы Мейуезер жеңіл салмаққа ауысты.

Хосе Луис Кастильомен айқас

2002 жылы сәуірде ол WBC тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы чемпион Хосе Луис Кастильоға қарсы айқас өткізді. Кастилио жылдамдығы жағынан Мейуезерден асып түсті. Алайда үш қазы да жеңісті Мейуезерге берді. HBO телеарнасының бейресми қазысы Харольд Ледерман ұпай санымен Кастильо жеңді деп шешті. Мұндай шешім үлкен дау тудырғаннан соң, Мейуезер қарсыласына қарымта қайтаруға мүмкіндік берді. 2002 жылы желтоқсанда қарымта кездесуде Мэйуэзер Кастильоны сенімді түрді жеңді. 2003 жылы Мейуезер Викториано Сосаға қарсы айқас өткізді. 12 раунд қорытындысы бойынша қазылар есептегі үлкен айырмамен жеңісті Мейуезерге берді. Қазылардың бағасымен барлығы емес, біршама адамдар ғана келісті.

Филлип Ндумен айқас

2003 жылы қарашада Мейуезер Филлип Ндуға қарсы айқасқа шықты. 7-ші раундта Мейуезер Ндудың басына оңжақ кросспен 3 тура соққы жасады. Жойқын соққының әсерінен есеңгіреген Нду сұлап түсті. Ал Мейуезер 4-ші оңжақ кросспен құлап жатқан қарсыласын ұрған болатын. Сондықтан рефери оны бірден тоқтатты. Нду болса 9 есебінде тұрғанымен, айқасты жалғастырудан бас тартты. Сөйтіп рефери айқасты тоқтатты. Осы айқастан соң Мейуезер 1-ші жартылай орта салмаққа ауысты.

Екінші жеңіл салмақ

Демаркус Корлимен айқас

2004 жылы мамырда Мейуезер Демаркус Корлимен кездесті. 8-ші раундта Мейуезер қарқынды шабуыл ұйымдастырды. Шабуылдың әсерлі болғаны соншалық Корли қашамын деп сүрініп қалады. Рефери болса оған нокдаун есептеді. 10-шы раунд басында Мейуезер қарсылас басына екі бірдей қолымен сәтті шабуыл жасады. Шабуылдың қарқынды әрі қуатты болуының нәтижесінде Корли тағы да тізерледі. Рефери болса 2-ші нокдаунды есептеді. Корли қайта аяққа тұрып, айқастың соңына дейін шыдас берді. Осылайша Мейуезер айқаста сенімді өнер көрсетіп, есептегі үлкен айырмамен жеңіске жетті.

Хенри Брюселеспен айқас

2005 жылы қаңтарда Мейуезер пуэрторикандық Хенри Брюселеске қарсы рингке шықты. Жекпе-жек WBC титулы үшін 1-ші жартылай орта салмақта өтті. Алғашқы 3 раундта Флойд қарсыласын соққылардың астына алып, кейіннен тактиканы өзгертті. Ол айқасты рингтың ортасында өткізіп, қарсыласын нокдаунға жіберу үшін әрекеттер жасай бастады. 8-ші раундтың ортасында Мейуезер жанынан екі соққы жасап, Брюселесты тізерлетсе де, қарсыласы бірден қайта көтеріле алды. Рефери нокдаун есепке алды. Айқас қайта жалғасқан соң Мейуезер бірнеше сериялық соққыларды қарсылас басына өткізді. Содан соң ол қарсыласын арқанға итеріп, тағы бір сериялық соққыларын өткізген соң Брюселес тізерлеуге мәжбүр болды. Сонда да Брюселес аяғынан тұра алды. Рефери нокдаун есепке алып, айқасты қайтадан жалғастырды. Сол кезде рингке пуэрторикандықтың бапкері жақындап, раунд аяғына 5 секунд қалса да, айқасты тоқтатуға кеңес берді. Рефери жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады.

Артуро Гаттимен айқас

2005 жылы маусымда Мейуезер WBC тұжырымы бойынша бірінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Артуро Гаттиге қарсы рингке шықты. 1-ші раундта Мейуезер Гаттиды шынтақпен ұрып лас ойын көрсете бастады. Гаттидың рефери іс-әрекетін түсінбей тұрған сәтін Мейуезер өте сәтті пайдаланып, Гаттиды нокдаунға жіберді. Ешнәрсені түсінбеген Гатти қиындықсыз көтеріліп, Мейуезердың іс-әрекеті мен реферидың қимылсыздығына таңырқады. Реферидың бұл әрекетсіздігі түсініксіз әрі әділетсіз болатын. Соған қарамастан рефери ешнәрсе жасамастан нокдаун есепке алып айқасты жалғастырды. Мейуезер басқа раундтарда үлкен басымдық танытты. 6-шы раундтан соң Гаттидың бұрышы айқасты жалғастырудан бас тартты. Осыдан соң Мейуезер жартылай орта салмаққа көтерілді..

Жартылай орта салмақ

Шармба Митчеллмен айқас

2005 жылы қарашада Мейуезер жартылай орта салмаққа көтеріліп, рейтингтік айқаста бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Шармба Митчеллмен кездесті. 2-ші, 3-ші раундтағы басымдықтан соң Флойд оңжақ кросспен қарсыласын нокдаунға жіберді. Митчелл есеңгіремеген болатын, ол 4 есебінде тұрды. Мейуезердың қарсыласын төпелеп түсуге мүмкіндігі болмады. Флойд Мейуезердың басымдығы кейінгі раундтарда да айқын көрінді. 6-шы раундта Флойд оңжақ тараптан соққы жасап Шармбаны екінші рет еденге сұлатып түсірді. Рефери өз кезегінде 9-ға дейін санады. Митчелл болса 10 есебінде тұрды, алайда барлығы тым кеш болатын. Осыдан кейін рефери айқасты тоқтатты. Сол кезде Шармба әлі де арқанға сүйеніп, соққыны ауырсынып тұрған еді. Митчелл соққының белден төмен болғанын дәлелдеуге тырысқанымен, қайталау бейнелері олай еместігін көрсеткен болатын.

Заб Джудамен айқас

2006 жылы сәуірде Флойд Мейуезер мен IBF тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Заб Джуда арасында айқас өтті. Онымен қоса, IBO тұжырымы бойынша белбеу ойнатылған еді. Алғашқы 4 раундта Джуда басымдыққа ие болды, бірақ 5-ші раундтан бастап Мейуезер солқай қарсыласына үйреністі. Осылайша Флойд басымдыққа ие бола бастады. Соның нәтижесінде 7-ші раундта қарсыласының мұрынын сындырды. 10-шы раундта Джуда белден төмен соққы жасады. Содан соң ауырсынған Мейуезерды соққының астына алды. Осыдан соң рингке Флойдтың ағасы әрі бапкері Роджер Мейуезер жүгіріп шығып, рефериге ұмтылды. Рингке Джуданың бұрышынан да адамдар шығып, төбелес басталды. Джуданың өзі біреуге бірнеше соққылар жасаған. Полиция өз кезегінде рингті төбелесқұмарлардан босатты. Рингке баса-көктеп кіргені үшін Роджер Мейуезер залдан қуылды. Айқас өз жалғасын тапты. Қалған 2 раундта Мейуезер айқасты мерзімінен бұрын аяқтауға тырысты. 12-ші раундтың аяғында ол қолын төмен түсіріп, Джудаға өзінің иегін нұсқады. Бұл Мейуезердың қарсыласын арандатуы болатын. Айқастың аяқталуынан кейін, қазылардың бірауыздан шешімімен Флойд жеңіске жетті. Айқастан соң, Мейуезер айқас басында оң қолын жарақаттап алғанынан жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтай алмағанын мәлімдеді..

Флойд Мейуезер 
Флойд Мейуезер

Карлос Бальдомирмен айқас

2006 жылы қарашада Мейуезер жартылай орта салмақтағы WBC атағының иегері Карлос Бальдомирмен кездесті. Бальдомир көптеген соққылар жасап Мейуезерды бейтараптандыруға тырысты, алайда Флойдтың жылдамдығы жоғары болды. Айқас Мейуезердың айқын басымдығымен барлық 12 раундқа созылды. Айқас аяқталысымен барлық қазылар бірауыздан жеңісті Мейуезерге берді. Айқастан соң Флойд оң қолын жарақаттап алғанын мойындады. .

Бірінші орта салмақ

Оскар Дела Хойямен айқас

2007 жылы мамырда Мейуезер WBC тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы ең мықты әрі атақты чемпион Оскар Дела Хойямен кездесті. Фаворит ретінде айқаста Мейуейзер саналған болатын. Қартайған Оскарға жеңісті көпшілік бере қоймады. Аяқастынан Де ла Хойя алғашқы 8 раунд бойы басымдық танытып, айқасты жеңіп жатты. Мейуезердың басқа қарсыластарынан ерекшелігі Оскар құламады. Мейуезер айқастың екінші жартысында шабуылға шықты. 9-шы раундтан соң Оскардың шыдамдылығы сыр бере бастады, дегенмен Мейуезерде біршама шаршаңқырап қалған еді. 10-ші және 11 раундтар тең дәрежеде өтсе де, Флойд біраз сенімді көрінді.12 раунд аяғында Оскар бастан сериялық соққылар жасады, Мейуезер қорғанбай ашық айқасқа шығып, бірнеше соққы жіберіп алды. Мейуезер 5-ші салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Көптеген мамандар Мейуезердың мансабында мұншама соққылар өткізбегенін атап өткен болатын. .

Жартылай орта салмақ

Рикки Хаттонмен айқас

Флойд Мейуезер 
Мэйуэзер мен Хаттон. 2007 жыл

2007 жылы желтоқсанда жеңілмеген қос боксшы — американдық Флойд Мейуезер мен британдық Рикки Хаттон арасында кездесу өтті. Алғашқы раундтар тең дәрежеде өтті. Хаттон айқасты белсенді бастап, жақын қашықтықта айқасуға тырысты. Алайда, Мейуезердың қолданған ұтымды тактикасының арқасында, Хаттонның соққыларының көбісі ауа қармап қалып жатты. 3-ші раундта Хаттон оңжақ қабағынан жарақат алды. Кейінгі 4-ші раундта Мейуезер британдықты есеңгірететін тура соққылар жасады. 6-шы раундтағы белден төмен жасалған соққы үшін рефери Хаттоннан ұпайын алып тастады. Айқастың ортасынан бастап чемпион Мейуезер күш ала бастады. 8-ші раундта Мейуезер қарсыласынан барлық параметлер бойынша озық болды. 9-шы раундта Флойд біршама қарқынын азайтып, айқас теңескен болатын. 10-шы раунд ортасында, Мейуезер бұрышқа шегінген сәтте Хаттон оның соңынан ұмтылды. Бұл жағдайды дер кезінде пайдаланған Мейуезер, жақтан дәл соққы жасады. Ауыр соққыдан Хаттон есеңгіреген күйі, арқасымен сұлап түсті. Ол 8 есебінде тұрды. Өрекпіген Мейуезер сәтті шабуылын одан әрі жалғастыруды қалағанымен, Хаттон клинчқа кіре бастады. Рефери қос боксшыны бір-бірінен айырды. Мейуезер қарсыласының жағына тура екі солжақ хук өткізгеннен соң, Хаттон арқанға сүйеніп құлаудан аман қалды. Флойд Мейуезер Хаттонды дәл соққыларымен төпелеп түсті. Жағдайды бағамдай бастаған рефери американдықтың шабуылын тоқтатты. Сол кезде Хаттон тағы да арқамен құлап, рефери айқасты бірден тоқтатты. Тура сол уақытта Хаттонның бұрышынан да орамал лақтырылды. Айқастың аяқталуына дейін Мейуезер қазылардың есебі бойынша көшбастап келе жатқан еді: 89-81 (екі рет) және 88-82.

Хуан Мануэл Маркеспен айқас

Флойд Мейуезер 
Мейуезер Маркесқа қарсы

2009 жылы қыркүйекте екіжылдық үзілістен соң Мейуезер боксқа оралды. Оның бірінші қарсыласы мексикандық Хуан Мануэль Маркес болды. Айқас аралық салмақта өтіп, титулды емес болатын. Мейуезер айқас барысында Маркестан ірі әрі жылдам көрінді. 2-ші раундта ол қарсыласын еденге сұлатып, айқас тізгінін өз қолына алды. Маркес шабуылдауға әрекеттенді, бірақ Мейуезер жылдам қимылдап қарымта соққылар жасап отырды. Төртінші раунд аяғында Флойд Хуан Мануэлды жарақаттады. Айқас барысында Мейуезер мексикандықтың ызасына тиді. Айқас соңында қазылар есептегі үлкен айырмамен жеңісті Мейуезерге берді. Айқас үшін Мейуезер ppv есептемегенде 10 млн $ алды. Маркес ppv есептемегенде 3,2 млн. $ алды.

Шейн Мослимен айқас

2010 жылы мамырда Мейуезер WBA «супертитулының» жұлдызды иегері Шейн Мослимен кездесті. Айқас титулды емес еді. Айқас басталысымен қос боксшы бірін-бірі шабуыл жасауға итермелеп, қарымта шабуыл жасауға тырысты. Алғашқы раунд тең дәрежеде өтсе де Мосли тура әрі дәл джеб соққыларын жұмсап сенімдірек көрінді. 2-ші үшминуттықта нағыз сенсацияның шеті шыға бастады: Мосли оңжақ соққы арқылы Мейуезерды есеңгіретіп, соққылардың астына алды. Бірнеше секундтан соң оңжақ қуатты соққы арқылы Шейн Флойдты тәлтіректетіп жіберді. Мосли төпелеп түсуге тырысты, бірақ соққылары әсерлі болмай, жиі клинчқа кірді. Флойд әзер шыдас беріп, гонг үніне дейін шыдады. Үзілісте Мейуезер есеңгіреуден толығымен аман қалды. Келесі раундтан бастап Флойд қарсыласының стиліне икемделді. Кейіннен Флойд өзінің қарқынын үдете бастады. 3-шіден 11-ші раундқа дейін Мейуезер толығымен басымдық танытты. Уақытымен Флойд басымдығын үдеткен сайын, Шейн дәрменсіз көріне бастады. Мейуезердың ең басты қаруы жылдам әрі тура ауыр соққылары болатын. Флойдтың жасаған кросстары бірінен соң бірі қарсылас соққысына жауап қайтара алмаған Мослидың басына тиіп жатты. Айқастың екінші жартысы Шейнның біржақты таяқ жеуіне әкеліп соқты. Мейуезердың дәл соққылары қарсыласың әсерлі шабуыл жасамақ ниетін тас-талқан етті. Алайда Флойдқа Мослиды есеңгірету үшін қуатты соққылар жетті. Сонда да Шейн өте көп соққыларды өткізіп алды. 12-ші раундта Мосли «үмітсіз шайтанның» күйімен қарсыласын сұлату үшін әрекеттер жасай бастады. Бірақ Мейуезер қарсыласының ауыр соққыларынан қашып қана қоймай, финалдық үш минутты жойқын шабуылдармен жеңді. Сөйтіп Шейнның сәтті шабуылдары алғашқы 2 раундта ғана болды. Үш қазы да жеңісті жеңіліс көрмеген чемпион Флойд Мэйвезерге: 119—109 (екі рет) және 118—110 есебімен берді.

Виктор Ортиспен айқас

Флойд Мейуезер 
Флойд Мэйуэзер мен Виктор Ортис.

2011 жылы қыркүйекте Мейуезер жарты жылдық үзілістен соң жартылай орта салмақтағы WBC титулының иегері Виктор Ортиспен кездесті. Флойд айқасты өзінің дәстүрлі қорғаныс тәсілімен асықпай бастап, Ортистың қорғанысын бұзып-жарды. Ортистың шабуылынан Мейуезер кейде арқан маңында табылды. Десе де Виктордың шабуылынан нәтиже шықпай Флойд қарқынын үдете түсті. 4-ші раундта Ортистың іс-әрекеті оның баспен әдейі жасаған соққысымен аяқталды. Айқас тоқтатылғаннан кейін рефери кінәлі Виктордың ұпайын алып тастады. Виктор Мейуезерден кешірім сұрау үшін жақындаған соң, Флойд екіліп жасап Ортисты нокаутқа түсірді. Айқас Мейуезердың пайдасына нокаутпен аяқталды.

Бірінші орта салмақ

Мигель Анхел Коттомен айқас

2012 жылы мамырда Мейуезер бірінші орта салмақтың WBA тұжырымының «суперчемпионы», бокс әлемінің жұлдызы пуэрторикандық Мигель Коттоға қарсы айқасқа шықты. Онымен қоса Гауһар WBC белбеуі ойнатылған еді. Айқастың көп бөлігі чемпионның күшімен тең дәрежеде өтті. Алғашқы раунда Мейуезер өзінің тәсілімен рингтың ортасын қарсыласына беріп, қарымта шабуылдарға арқа сүйеді. Жылдамдығының артықшылына байланысты американдық қарсылас соққыларын тигізбей, өзі ауыр соққыларын жасады. Котто қарсыласын қысымның астына алып, «жартылай күрес» стилінде жұдырықтасты. Мейуезер арқанға арқасын сүйеп, біршама ғана соққыларды жіберіп алды. Мигельдың соққылары ешқандай да нәтиже бермеді. Американдықтың тамаша қорғаныс техникасы өз дегенін жасады. Котто Мейуезерды арқанға қамап қарсыласының қорғанысын бұзуға әрекеттенді. Оның біршама сәтті шабуылдары 4-ші раундта өтті. Ол соққылар Флойдтың басымен, қабырғасына бағытталған еді. 5-ші раундта Мейуезерге пуэрторикандықтың жойқын шабуылына төтеп беруге тура келді. Бүкіл раунд бойына Котто қарсыласын қорғанып, жабық жүруге мәжбүрледі. Қорғанғанған қарсыласын бұрышта қамап соққылардың астына алды. Сонда да раунд аяғында Флойд қарсылас шабуылынан құтылды. Мигель қарсыласына қысым көрсетіп, жақын және орта қашықтықтағы шабуылын жалғастырды. Өзінің белсенділігінің арқасында көрермендердің қошеметіне ие болды. Алайда қашықтық үлкейген сәтте Котто қарсыласының соққыларын жібере бастады. Бірнеше раунд бойы үстемдік танытып, Мейуезердың мұрынын сындырса да, Котто көптеген соққы жіберіп алды. Мейуезер қарқынын төмендеткен кезде — ол қарсыласынан басымдығын көрсетті. 8-ші мен 11-ші раундтар екі қарама-қарсы стильдердің айқасымен өтті: әрдайым алға ұмтылатын Коттоның қорғанысы да біршама жақсы болатын. Шешуші раунд Мэйвезер қарсыласынан қарымтасын оңай қайтарды: Котто назарын біраз әлсіретіп, бірден жойқын сериялық соққыларға ұшырады. Мигель біраз есеңгіреп қалғаннан кейін де, аяғында тұра алды. 12-ші раундтың қортындысы бойынша қазылардың бірауыздан шешімімен жеңілмеген Флойд Мейуезер тағы да жеңіске жетті.

Роберт Герреромен айқас

Мейуезер рингке 2013 жылы 4 мамырда қайта оралды. Оның қарсыласы WBC тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы уақытша чемпион Роберт Герреро болды. Бұл Мейуезердың түрмеден шыққаннан кейінгі алғашқы айқасы болды, онымен қоса ол Showtime арнасында ең алғаш рет өнер көрсеткен еді. Осы уақытқа дейін Мейуезер HBO арнасында өнер көрсететін. Мейуэзердың ең минималды гонорары 32 млн долларды құрап, Герреро 3 млн доллар алған болатын. Мейуезердың бір жыл бойына рингке шықпағанына қарамастан, оның жағдайы керемет болған еді. Сөйтіп ол Геррероны оңай тізе бүктірді. Герреро бүкіл айқас бойы Мейуэзерды керме арқанға қамап соққы жасауға тырысты, бірақ Флойд қарсыласы Геррероның шабуылдарынан оңай құтылып, оңжақ кросспен қарсыласын соққыға алды. Герреро қанша тырысса да «Әдемі жігіттің» қорғанысын бұзуға шамасы жетпеді. Он екі раунд өтісімен барлық үш қазы бірауыздан Мэйуэзерге 117—111 есебімен жеңісті берді.

Сауль Альвареспен айқас

2013 жылы 14 қыркүйекте Флойд Мейуезер бірінші орта салмақтағы чемпион Сауль Альвареспен кездесті. Жекпе-жек бокс тарихындағы ең көп қаржы $ 150 млн жинаған кездесу болды. Сауль тәжірбиелі американдыққа ешнәрсе жасай алмады, Флойд Мейуезер үлкен басымдықпен Альваресты соққы астына алды. Ол бүкіл раундтар бойы басымдық танытты. Флойдтың қорғанысы әрдайым өз дегенін жасаумен болды. Қазылардың шешімі біртекті болған жоқ. Екі қазы Мэйуезерге жеңісті берсе, қалған бір қазы теңбе-тең нәтижені белгіледі. Альварес кәсіпқой рингтегі ең бірінші жеңілісіне душар болды. Жекпе-жек «The one» аталып, төрт айлық пиар-компанияға ие болды. Соның арқасында қатысушылар АҚШ пен Мексиканың көптеген қалаларын аралап шықты. Айқас өте танымал болды. Айқасты көптеген бизнес және шоу-бизнес өкілдері тамашалады. Олардың қатарында Джек Николсон, Бар Рафаели және Пи Дидди болды. Флойд Мейуезердың бұл айқасында атақты американдық репер Лил Уейн өнер көрсетті. Онымен қоса, марапаттау рәсімінде Джастин Бибер болған еді.

Маркос Майданамен айқас I

2014 жылы 3 мамырда Флойд Мейуезер WBA тұжырымының чемпионы аргентиналық Маркос Майданамен кездесті. Айқастың бірінші жартысы бәсекеге толы өтті. Майдана Мейуезерды керме арқанға қарай қамап, жойқын соққыларын өткізді. Алайда 8 раундта Майдананың шаршағаны белгілі бола бастады. Нәтижесінде Мейуезер айқастың тізгінін өз қолына алды. Айқас барлық 12 раундқа созылды. Қазылардың бірі айқас теңбе-тең аяқталды деп шешім шығарса да, қалған екі қазы Мейуезерге берді. Қазылардың жазбасындағы есеп: 117—111, 116—112, 114—114 болды. Майдана айқастан кейінгі берген сұхбатында өзінің жеңіске жеткеніне сенімді екенін айтты. CompuBox жүйесі арқылы жасалған айқастың статистикасы бойынша анықталғаны, Маркос Майданаға қарсы айқаста Флойд Мейуезер өзінің мансабындағы ең көп соққыларды өткізген екен — 221. Флойдтың өзі артық 9 тура соққы жұмсады — 230. Ал жұмсалған барлық соққы бойынша айқастың көшбасшысы Майдана болды — 858, ал Мейуезердың барлық соққысы - 426. Дәл соққылар бойынша әрине Мейуезер көш бастады.

Маркос Майданамен айқас II

2014 жылы 13 қыркүйекте Маркос Майдана мен Флойд Мейуезер арасында қарымта кездесу өтті. Мейуезер бүкіл айқас бойы көшбасшылық етті. Майдана Флойдты арқанға қарай қамауға тырысқанмен, Флойд көп қозғалып, қарсыласының шабуылынан оңай кетіп отырды. 8 раундтан соң Мейуезер сенімді әрекет жасап, қолын төмен түсіріп айқаса бастады. 12 раундтың қорытындысы бойынша Флойд Мейуезер қазылардың бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Майдана қазылардың шешімін дауламады.

Мэнни Пакьяомен айқас

2015 жылы 2 мамырда Флойд Мэйуезер мен Мэнни Пакьяо арасында кездесу болды, бұл кездесу көптеген мамандардың пікірінше ең күтілген кездесу болған еді. Филиппиндық Пакьяо мен американдық Мэйуезер арасындағы гонорар $ 200 млн долларға жетеді. 2015 жылы 25 ақпанда Флойд Мэйуезер Пакьяомен айқастың 2 мамырда болатынын растайтын келісімге қол қойды. «Ғасыр жекпе-жегі» деген атқа ие болған кездесу тең дәрежеде өтті. Пакьяо бүкіл айқас бойы бірінші нөмірмен жұмыс істеді. Ал Мейуезер қарсыласынына қарымта шабуылмен жауап қайтарып отырды. Пакьяо қаншалықты белсенді болса да, Мейуезердің соққылары дәлірек шықты. Ортаңғы раундтарда Пак-мен бірнеше сәтті шабуылдар ұйымдастыра алды. Кездесу барлық 12 раундқа созылды. 12 раундтың қорытындысы бойынша 118-110 және 116-112 (екі рет) есебімен Флойд Мейуезер жеңіске жетті. Осыдан кейін Мейуезер бокстан кету жайлы ойы бар екенін айтты.

Сотталуы

2002 жылы Мейуезер екі бап бойынша айыпты деп танылды. Ол шартты түрде алты ай және екі күн үйқамақта отыруға міндеттелді. Онымен қоса, 48 сағаттық қоғамдық жұмыстарды істеуге тиіс болды. 2004 жылы Мейуезерге бір жыл мерзімге түрмеге қамалды. Алайда бұл жаза $ 1000 айыппұлға алмастырылды (немесе 100 сағаттық қоғамдық жұмыс), ол белгісіз екі әйелге қатысты 2 бап бойынша қылмыстық әрекеттерге барған еді. 2005 жылы Мейуезер тағы да қылмыстық әрекеттерге барып 90 күнге абақтыға қамалды, алайда мерзімінен бұрын босап шықты. 2010 жылы 9 қыркүйекте Мейуезерді полиция іздеуде деген ақпарат тарады. Оның бұрынғы сүйіктісі Джози Харрис Мейуезерге қарсы арызданған болатын. Харрис Мейуезерді зорлық-зомбылық көрсетті деп айыптады, алайда Харрис жала жапқанын мойындап, Мейуезерден барлық айып алып тасталынды. Мейуезер 10 қыркүйекте қамалғанымен, $ 3000 кепілдеме төлеп босатылды. Мейуезерге ұрлық жасады деген де айып тағылған еді (Харристың ұялы телефонының жоғалуына байланысты). 2011 жылы сот Мейуезерге 90 күнге абақтыға қамау жазасын берді. Оған Харриске зорлық әрекеттерін көрсетті деген айып тағылған еді. Мейуезер айыбын жартылай ғана мойындады, ол балаларын ұрып соқты және қорқытты деген айыпты мойындаудан бас тартты. 2012 жылы 1 маусымнан 90 күн түрмеде жазасын өтеп шықты. Ол бұрынғы сүйіктісі Джози Харристы өзінің балаларының көзінше ұрып-соққаны үшін қамалған еді. 3 тамызда мерзімінен бұрын босатылды.

Жұлдыздармен би

Мейуезер «Жұлдыздармен би» атты шоудың бесінші маусымына қатысты. Оның бұл шоу-бағдарламадағы серігі атақты украин-американдық кәсіпқой биші Карина Смирнофф болды. 2007 жылы 16 қазанда Смирноф пен Мейуезер шоуда тоғызыншы орын алып, жарыстан шығып қалған төртінші жұп болған еді.

Айқастардан алған қаржысы

Уақыты Айқас Атауы Қаржы Көрсетілім
02005-06-Үлгі:0expr маусым 25, 2005
Гатти vs. Мейуезер Гүріл & Найзағай 365,000 HBO
02006-04-Үлгі:0expr сәуір 8, 2006
Мейуезер vs. Джуда Sworn Enemies 374,000 HBO
02006-11-Үлгі:0expr қараша 4, 2006
Мейуезер vs. Бальдомир Тым Қауіпті 325,000 HBO
02007-05-Үлгі:0expr мамыр 5, 2007
Дела Хойя vs. Мейуезер The World Awaits 2,400,000 HBO
02007-12-Үлгі:0expr желтоқсан 8, 2007
Мейуезер vs. Хаттон Жеңілмес 920,000 HBO
02009-09-Үлгі:0expr қыркүйек 19, 2009
Мейуезер vs. Маркес Нөмір Бір 1,100,000 HBO
02010-05-Үлгі:0expr мамыр 1, 2010
Мейуезер vs. Moсли Кім U R? 1,400,000 HBO
02011-09-Үлгі:0expr қыркүйек 17, 2011
Мейуезер vs. Oртис Қуатты Жұлдыз 1,250,000 HBO
02012-05-Үлгі:0expr мамыр 5, 2012
Мейуезер vs. Котто Ринг Каролі 1,500,000 HBO
02013-05-Үлгі:0expr мамыр 4, 2013
Мейуезер vs. Герреро May Day 1,000,000 Showtime
02013-09-Үлгі:0expr қыркүйек 14, 2013
Mayweather vs. Canelo The One 2,200,000 Showtime
02014-05-Үлгі:0expr мамыр 3, 2014
Мейуезер vs. Майдана The Moment 900,000 Showtime
02014-09-Үлгі:0expr қыркүйек 13, 2014
Мейуезер vs. Майдана II Mayhem 925,000 Showtime
02015-05-Үлгі:0expr мамыр 2, 2015
Мейуезер vs. Пакьяо Ғасыр жекпе-жегі 4,400,000 Showtime & HBO

Фильмографиясы

Фильмдері
Жыл Фильмі Рөлі Қосымша
2014 Think Like a Man Too Өзін сомдаған Эпизодтық көрініс
Телевизиялық фильмдер
Жыл Фильмі Рөлі Қосымша
2005 Countdown to Gatti-Mayweather Өзін сомдаған Деректі фильм
2006 Soul of a Champion Өзін сомдаған Деректі фильм
Countdown to Baldomir-Mayweather Өзін сомдаған Деректі фильм
2007 24/7: De La Hoya/Mayweather Өзін сомдаған
24/7: Mayweather/Hatton Өзін сомдаған
2009 Countdown to Mayweather–Marquez Өзін сомдаған Деректі фильм
24/7: Mayweather/Marquez Өзін сомдаған
2010 24/7: Mayweather/Mosley Өзін сомдаған
2011 24/7: Mayweather/Ortiz Өзін сомдаған
2012 24/7: Mayweather/Cotto Өзін сомдаған
Ridiculousness Өзін сомдаған Season 2, Episode 2
2013 30 Days In May Өзін сомдаған Деректі фильм
Mayweather Өзін сомдаған Деректі фильм
All Access: Mayweather vs. Guerrero Өзін сомдаған
All Access: Mayweather vs. Canelo Өзін сомдаған
2014 All Access: Mayweather vs. Maidana Өзін сомдаған
All Access: Mayweather vs. Maidana II Өзін сомдаған
2015 Inside Mayweather vs. Pacquiao Өзін сомдаған Деректі фильм
Бейне ойындар
Жыл Ойын Рөлі Қосымша
2005 Fight Night Round 2 Өзін сомдаған Боксшы

Атақтары

  • WBC super Жартылай жеңіл салмақ чемпионы
  • WBC Жеңіл салмақ Чемпионы
  • WBC Бірінші жартылай орта салмақ Чемпионы
  • IBF Жартылай орта салмақ Чемпионы
  • WBC Жартылай орта салмақ Чемпионы
  • WBC Бірінші орта салмақ Чемпионы
  • (2) WBC жартылай орта салмақ Чемпионы
  • WBA (Super) бірінші Орта салмақ Чемпионы
  • (2) WBC бірінші орта салмақ Чемпионы
  • (2) WBA (Super) жартылай орта салмақ Чемпионы.
    Кішігірім әлемдік атақтар
  • IBO жартылай орта салмақ Чемпионы
  • IBA жартылай орта салмақ Чемпионы
    The Ring чемпиондық атақтары
  • Жартылай жеңіл салмақтың суперчемпионы
  • The Ring жеңіл салмақ Чемпионы
  • The Ring жартылай орта салмақ Чемпионы
  • (2)The Ring жартылай орта салмақ Чемпионы
  • The Ring Jr. орта салмақ Чемпионы
    Арнайы Атақтар
  • WBC All Africa бірінші жартылай орта салмақ Чемпионы
  • WBC Emeritus бірінші орта салмақ Чемпионы
  • WBC Diamond бірінші орта салмақ Чемпионы
  • WBC 24K Gold бірінші орта салмақ Чемпионы
  • WBC Supreme бірінші орта салмақ Чемпионы

Жетістіктері

  • 1993 Мичиган штатының «Алтын қолғап» иегері (106 фунт)
  • 1993 «Алтын қолғап» чемпионы (106 фунт)
  • 1994 Мичиган штатының «алтын қолғап» чемпионы (112 фунт)
  • 1994 Ұлттық Алтын Қолғап Чемпионы (112 фунт); Үздік Боксшы Жүлдесі
  • 1995 Ұлттық турнир жүлдесі, (125 фунт); Үздік Боксшы Жүлдесі
  • 1995 U.S. National Amateur жартылай орта салмақ чепионы (125 фунт)
  • 1995 жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы
  • 1996 Мичиган штатының Алтын Қолғап Чемпионы (125 фунт)
  • 1996 Ұлттық Алтын Қолғап Чемпионы (125 фунт)
  • 1996 жартылай орта салмақтағы АҚШ құрамасының мүшесі.
  • 1996 Атланта Олимпиадасының Жартылай орта салмақтағы Қола жүлдегері.
  • 1998 және 2007 жыл боксшысы.
  • 1998 және 2007 The Ring журналының тұжырымы бойынша жыл боксшысы
  • 2000–2009 Yahoo Онжылдықтың үздік спортшысы
  • 2002 Әлемдік бокстың Даңқ залы тұжырымы бойынша Жыл боксшысы
  • 2005 және 2007 Бүкіләлемдік Бокс Кеңесінің тұжырымы бойынша Жыл боксшысы
  • 2005–2008 The Ring нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне тәуелсіз үздік боксшы
  • 2007 Американдық Бокс жазушыларының ассоцациясы нұсқасы бойынша Жыл боксшысы
  • 2007 ESPN Жылдың үздік боксшысыr
  • 2007 Forbes журналының рейтингінде жалақысы бойынша 14 орын
  • 2007 Нью-Йорк жаңалықтары нұсқасы бойынша Жыл боксшысы
  • 2007 Бүкіләлемдік Бокс Кеңесінің тұжырымы бойынша Жылдың басты оқиғасы
  • 2007 Бүкіләлемдік Бокс Кеңесінің тұжырымы бойынша Жыл нокауты (Рикки Хаттонды жеңді)
  • 2007, 2008 және 2010 Жылдың үздік боксшысы
  • 2007, 2008 және 2010 The Ring Жылдың басты оқиғасы
  • 2008 Американың үздік 50 спортшысының қатарына енді
  • 2008 Yahoo Sports боксшылардың арасында 4 орын
  • .2009–10 BoxRec, BBC Sport және Yahoo Sports нұсқасы бойынша p4p рейтиңгінде 1 орын
  • .2010 Yahoo нұсқасы бойынша рейтингте 70-ші
  • .2010 Forbes нұсқасы бойынша рейтингте 14-ші
  • .2010 Forbes нұсқасы бойынша рейтингте 2-ші
  • .2010 Sports Illustrated нұсқасы рейтингінде 3-ші
  • .2012 Forbes нұсқасы рейтингінде әлемнің 100 атлеты арасында 1-ші орын
  • .2012 Sports Illustrated рейтингінде 50 спортшы арасында 1-ші
  • .2012 ESPY Award нұсқасы бойынша үздік боксшы
  • .2013 The Ring нұсқасы бойынша P4P рейтингінде 1-ші
  • .2013 Американың BWA нұсқасы бойынша үздік боксшы
  • .2015 Best Awаrd жүлдесі, үздік боксшы

Айқастары

49 Жеңіс (26 Нокаут), 0 Жеңіліс, 0 Тең
Жекпе-жек Уақыт Қарсыласы Рекорд Өткен жер Айқастың нәтижесі Қосымша мәлімет
| 49-0 12 қыркүйек 2015 Флойд Мейуезер  АҚШ Андре Берто 30-3 Флойд Мейуезер  АҚШ MGM Grand, Лас-Вегас, Невада, АҚШ UD(12) Жартылай орта салмақтаWBC (Мейуезердің 5-ші қорғауы) және WBA (Мейуезердің 3-ші қорғауы) нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек. Жекпе-жек кезінде ешбір нокдаунсыз жеңіс.
48-0 2 мамыр 2015 Үлгі:БАЙРАҚ Мэнни Пакьяо 57-5-2 Флойд Мейуезер  АҚШ MGM Grand, Лас-Вегас, Невада, АҚШ UD (12) Жартылай орта салмақта әлем чемпионы атағын WBC (Мейвезердің 4-ші қорғауы), WBA ( Мейвезердің 2-ші қорғауы), WBO (Пакьяоның 2-ші қорғауы) нұсқалары бойынша атқтарын қорғады. Төрешілер есебі: 118—110 және 116—112 (екі рет).
47-0 13 қыркүйек 2014 Флойд Мейуезер  Аргентина Маркос Майдана 35-4 Флойд Мейуезер  АҚШ MGM Grand, Лас-Вегас, Невада, АҚШ UD (12) 116-111, 116—111, 115—112. титулын қорғадыы WBC және WBA Super жартылай орта салмақта, WBC бірінші орта салмақта.
46-0 3 мамыр 2014 Флойд Мейуезер  Аргентина Маркос Майдана 35-3 Флойд Мейуезер  АҚШ MGM Grand, Лас-Вегас, Невада, АҚШ MD (12) 114-114,116-112, 117—111. WBC атағын қорғады, және Жеңіп алған атағы: WBA Super жартылай орта салмақта.
45-0 14 қыркүйек 2013 Флойд Мейуезер  Мексика Сауль Альварес 42-0-1 Флойд Мейуезер  АҚШ MGM Grand, Лас-Вегас, Невада, АҚШ MD (12) 114-114, 116—112, 117—111. Жеңіп алған титулдары: WBC және The Ring, титулын қорғады WBA Super бірінші орта салмақта. Келісілген салмақ — 152 фунт.
44-0 4 мамыр 2013 Флойд Мейуезер  АҚШ Роберт Герреро 31-1-1 Флойд Мейуезер  АҚШ MGM Grand, Лас-Вегас, Невада, АҚШ UD (12) 117-111, 117—111, 117—111. WBC атағын қорғады, жартылай орта салмақ.
43-0 5 мамыр 2012 Флойд Мейуезер  Пуэрто-Рико Мигель Котто 37-2 Флойд Мейуезер  АҚШ MGM Grand, Лас-Вегас, Невада, АҚШ UD (12) 118-110, 117—111, 117—111. Жеңіп алған титулдары: WBA Super және WBC Diamond бірінші орта салмақта.
42-0 17 қыркүйек 2011 Флойд Мейуезер  АҚШ Виктор Ортис 29-2-2 Флойд Мейуезер  АҚШ MGM Grand, Лас-Вегас, Невада, АҚШ KO 4 (12), 2:59 Жеңіп алған титулы: WBC жартылай орта салмақта. Ортис баспен ұрғаны үшін ұпайдан айырылды. Ортис 4 раундта нокдаунда.
41-0 1 мамыр 2010 Флойд Мейуезер  АҚШ Шейн Мосли 46-5 Флойд Мейуезер  АҚШ MGM Grand, Лас-Вегас, Невада, АҚШ UD (12) 119-109, 118-108, 119-109.
40-0 19 қыркүйек 2009 Флойд Мейуезер  Мексика Хуан Мануэль Маркес 50-4-1 Флойд Мейуезер  АҚШ MGM Grand, Лас-Вегас, Невада, АҚШ UD (12) 120-107, 119-108, 118-109. Маркес 2 раундта нокдаунда.
Үзіліс
39-0 8 желтоқсан 2007 Флойд Мейуезер  Ұлыбритания Рикки Хаттон 43-0 Флойд Мейуезер  АҚШ MGM Grand, Лас-Вегас, Невада, АҚШ KO 10 (12), 1:35 Жеңіп алған титулы: WBC жартылай орта салмақта.
38-0 5 мамыр 2007 Флойд Мейуезер  АҚШ Оскар Дела Хойя 38-4 Флойд Мейуезер  АҚШ MGM Grand, Лас-Вегас, Невада, АҚШ SD (12) 116-112, 115—113, 113—115. Жеңіп алған титулы WBC бірінші орта салмақта.
37-0 4 қараша 2006 Флойд Мейуезер  Аргентина Карлос Мануэль Бальдомир 43-9-6 Флойд Мейуезер  АҚШ Мандалай-Бэй, Лас-Вегас, Невада, АҚШ |UD (12)
36-0 8 сәуір 2006 Флойд Мейуезер  АҚШ Заб Джуда 34-3 Флойд Мейуезер  АҚШ Лас-Вегас, Невада, АҚШ Үлгі:Стиль-Бокс-победа |UD (12) 119-109, 116—112, 117—111.
35-0 19 қараша 2005 Флойд Мейуезер  АҚШШармба Митчелл 56-4 Флойд Мейуезер  АҚШПортленд, Орегон, АҚШ TKO 6 (12), 2:06
34-0 25 маусым 2005 Флойд Мейуезер  Канада Артуро Гатти 39-6 Флойд Мейуезер  АҚШ Атлантик-Сити, Нью-Джерси, АҚШ RTD 6 (12), 3:00
33-0 22 қаңтар 2005 Флойд Мейуезер  Пуэрто-Рико Генри Бруселес 21-2-1 Флойд Мейуезер  АҚШ Майами, Флорида, АҚШ TKO 8 (12), 2:55
32-0 22 мамыр 2004 Флойд Мейуезер  АҚШ Демаркус Корли 28-2-1 Флойд Мейуезер  АҚШ Атлантик-Сити, Нью-Джерси, АҚШ UD (12)
31-0 1 қараша 2003 Флойд Мейуезер  ОАР Филлип Нду 31-1 Флойд Мейуезер  АҚШ Гранд-Рапидс, Мичиган, АҚШ TKO 7 (12), 1:08
30-0 19 сәуір 2003 Флойд Мейуезер  Доминикан Республикасы Викториано Соса 35-2-2 Флойд Мейуезер  АҚШ Фресно, Калифорния, АҚШ |UD (12)
29-0 7 желтоқсан 2002 Флойд Мейуезер  Мексика Хосе Луис Кастильо 46-5-1 Флойд Мейуезер  АҚШ Мандалай-Бэй, Лас-Вегас, Невада, АҚШ UD (12)
28-0 20 сәуір 2002 Флойд Мейуезер  Мексика Хосе Луис Кастильо 45-4-1 Флойд Мейуезер  АҚШ MGM Grand, Лас-Вегас, Невада, АҚШ UD (12)
27-0 10 қараша 2001 Флойд Мейуезер  Мексика Хесус Чавес 35-1 Флойд Мейуезер  АҚШ Сан-Франциско, Калифорния, АҚШ RTD 9 (12), 3:00
26-0 26 мамыр 2001 Флойд Мейуезер  АҚШ Карлос Эрнандес 33-2-1 Флойд Мейуезер  АҚШ Гранд-Рапидс, Мичиган, АҚШ UD (12)
25-0 20 қаңтар 2001 Флойд Мейуезер  АҚШ Диего Корралес 33-0 Флойд Мейуезер  АҚШ MGM Grand, Лас-Вегас, Невада, АҚШ TKO 10 (12), 2:19
24-0 21 қазан 2000 Флойд Мейуезер  АҚШ Эмануэль Огастес 22-16-4 Флойд Мейуезер  АҚШ Детройт, АҚШ TKO 9 (10), 1:06
23-0 18 марта 2000 Флойд Мейуезер  Мексика Грегорио Варгас 40-6-1 Флойд Мейуезер  АҚШ Лас-Вегас, АҚШ UD (12)
22-0 11 қыркүйек 1999 Флойд Мейуезер  Пуэрто-Рико Карлос Герена 34-2 Флойд Мейуезер  АҚШ Лас-Вегас, АҚШ RTD 7 (12), 3:00
21-0 22 мамыр 1999 Флойд Мейуезер  Уганда Джастин Джуко 33-2-1 Флойд Мейуезер  АҚШ Лас-Вегас, АҚШ KO 9 (12), 1:20
20-0 17 ақпан 1999 Флойд Мейуезер  Аргентина Карлос Риос 44-2-1 Флойд Мейуезер  АҚШ Гранд-Рапидс, АҚШ UD (12)
19-0 19 желтоқсан 1998 Флойд Мейуезер  АҚШ Эйнджел Манфреди 25-2-1 Флойд Мейуезер  АҚШ Майами, АҚШ TKO 2 (12), 2:47
18-0 3 қазан 1998 Флойд Мейуезер  АҚШ Хенаро Эрнандес 38-1-1 Флойд Мейуезер  АҚШ Лас-Вегас, АҚШ RTD 8 (12), 3:00
17-0 14 маусым 1998 Флойд Мейуезер  Канада Тони Пеп 39-6 Флойд Мейуезер  АҚШ Атлантик-Сити, АҚШ UD (10) 99-91, 100-90, 100-90.
16-0 18 сәуір 1998 Флойд Мейуезер  Аргентина Густаво Фабиан Куэльо 20-7 Флойд Мейуезер  АҚШ Лос-Анджелес, АҚШ UD (10)
15-0 23 марта 1998 Флойд Мейуезер  Доминикан Республикасы Мигель Мело 8-1 Флойд Мейуезер  АҚШ Машантакет, АҚШ TKO 3 (10), 2:30
14-0 28 ақпан 1998 Флойд Мейуезер  АҚШ Сэм Джирард 17-4-1 Флойд Мейуезер  АҚШ Атлантик-Сити, АҚШ TKO 2 (10), 2:47
13-0 9 қаңтар 1998 Флойд Мейуезер  Пуэрто-Рико Эктор Арройо 16-4-2 Флойд Мейуезер  АҚШ Билокси (Миссисипи), АҚШ TKO 5 (10), 1:21
12-0 20 қараша 1997 Флойд Мейуезер  АҚШ Анджело Нуньес 14-11-3 Флойд Мейуезер  АҚШ Лос-Анджелес, АҚШ TKO 3 (8), 2:42
11-0 14 қазан 1997 Флойд Мейуезер  Мексика Фелипе Гарсия 14-18-3 Флойд Мейуезер  АҚШ Бойсе, АҚШ KO 6 (8), 2:56
10-0 6 қыркүйек 1997 Флойд Мейуезер  АҚШ Луи Лейха 18-3-1 Флойд Мейуезер  АҚШ Эль-Пасо (Техас), АҚШ TKO 2 (10), 2:33
9-0 12 шілде 1997 Флойд Мейуезер  Мексика Хесус Чавес 1-13-1 Флойд Мейуезер  АҚШ Билокси (Миссисипи), АҚШ TKO 5 (6)
8-0 14 маусым 1997 Флойд Мейуезер  АҚШ Ларри О’Шилдс 12-3-1 Флойд Мейуезер  АҚШ Сан-Антонио, АҚШ UD (6)
7-0 9 мамыр 1997 Флойд Мейуезер  АҚШ Тони Дюран 12-15-1 Флойд Мейуезер  АҚШ Лас-Вегас, АҚШ TKO 1 (6), 1:12
6-0 12 сәуір 1997 Флойд Мейуезер  АҚШ Бобби Гиперт 19-8 Флойд Мейуезер  АҚШ Лас-Вегас, АҚШ ТКO 1 (6), 1:30
5-0 12 марта 1997 Флойд Мейуезер  АҚШ Кино Родригес 9-9-2 Флойд Мейуезер  АҚШ Гранд-Рапидс, АҚШ TKO 1 (6), 1:44
4-0 1 ақпан 1997 Флойд Мейуезер  АҚШ Эдгар Айала Флойд Мейуезер  АҚШ Чула-Виста, АҚШ TKO 2 (4), 1:39
3-0 18 қаңтар 1997 Флойд Мейуезер  АҚШ Джерри Купер 6-3 Флойд Мейуезер  АҚШ Лас-Вегас, АҚШ TKO 1 (4), 1:39
2-0 30 қараша 1996 Флойд Мейуезер  АҚШ Реджи Сандерс 1-1 Флойд Мейуезер  АҚШ Альбукерке, АҚШ UD (4)
1-0 11 қазан 1996 Флойд Мейуезер  Мексика Роберт Аподак Флойд Мейуезер  АҚШ Лас-Вегас, АҚШ TKO 2 (4), 0:37

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Tags:

Флойд Мейуезер Жеке өміріФлойд Мейуезер Әуесқой мансабыФлойд Мейуезер Кәсіпқой мансабыФлойд Мейуезер СотталуыФлойд Мейуезер Жұлдыздармен биФлойд Мейуезер Айқастардан алған қаржысыФлойд Мейуезер ФильмографиясыФлойд Мейуезер АтақтарыФлойд Мейуезер ЖетістіктеріФлойд Мейуезер АйқастарыФлойд Мейуезер Сыртқы сілтемелерФлойд Мейуезер ДереккөздерФлойд Мейуезер1977 жыл2005 жыл2006 жыл2007 жыл2012 жыл2013 жыл2014 жыл24 ақпанThe Ring журналыАмерика Құрама ШтаттарыАғылшын тіліГранд Рапидс (Мичиган)Мичиган

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ғылыми-техникалық прогрессДүние жүзінің саяси картасыАлюминийЖалғауАтаулы сөйлемӨзгергіштікТүпті жуаҚояндарТәуелсіз Қазақстан тарихыХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСүтқоректілер18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайыИмпрессионизмСалқам Жәңгір ханЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміГаз өнеркәсібіӘлемдік діндерӘжеТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровҰйқы безіАстана мектеп оқушыларының сарайыҰлы Отан соғысыЭкономикалық интеграцияҚожа Ахмет ЯсауиҚазақстан музейлеріСталинград шайқасыШанхай Ынтымақтастық ҰйымыҮстеуТабиғатҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріМэйдзи жаңғыртуыКөміртегіҚазақстандағы су айдындарының экологиялық жағдайларыКеңес Одағының білім беру жүйесіКартопМақалаҒаламдық мәселелерАлкиндерҚызыл кітапНесіпбек Тұрысбекұлы АйтТүрік қағанатыМутацияАй (серік)Тұқым қуалайтын ауруларКөлікАрхейБауыржан МомышұлыМюнхен келісіміФотосинтезАмерика Құрама ШтаттарыАралас құрмалас сөйлемҮйсін мемлекетіЖаңа экономикалық саясатЕртісМұнайлы мұнай кен орныКәсіпкерлікАхмет БайтұрсынұлыИнеліктерСолтүстік ҚазақстанБұқаралық мәдениетТыныс алуЛинолеумАмерика–Жапон шарттарыМұхитҒұндар мемлекетіӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановТөле биМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміЭкологиялық жүйеТолықтауышҚазыбек биКүн жүйесіҚызмет көрсетуЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміКерей ханБілім беруНанотехнологияНегіздер🡆 More