Сағат

Сағат — тәуліктiң ағымдағы уақытын анықтайтын және бір тәуліктен кіші уақыт аралықтарының ұзақтығын бірліктермен өлшейтін құрал.

Сағат
Механикалық үстел сағаты.

Тарихы

Жүректің соғуы, теңіз суының көтерілуі мен қайтуы, күннің шығуы мен батуы, жыл мезгілдерінің алмасуы, т.б. Осылардың бәрі белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз қайталанып отырады. Күн мен түннің алмасуын, Күн мен Айдың қозғалысын бақылай отырып, адам баласы жылды айларға, айды күндерге, ал күнді бұдан анағұрлым қысқа уақыт бөліктері сағаттарға бөле бастаған.

Бұрын уақытты күннің көмегімен анықтаған. Мұндай сағат – күн сағаты деп аталады. Сағат тілінің орнына таяқша пайдаланады. Таяқшаны айнала шеңбер сызылады. Шеңберді 12 сағатқа бөледі. Бірақ мұндай сағаттар бұлтты күндері немесе түнде уақыт көрсете алмайды. Сондықтан да адамдар уақыт анықтаудың басқа жолдарын қарастыра бастаған. Сөйтіп су сағаты ойлап табылған.

Топтастырылуы

Сағат 
Құм сағаты
Сағат 
Қытай су сағаттары
Сағат 
Қоңыраулы үстел сағаты
Сағат 
Мұнаралы сағат

Өлшемі мен ыңғайлылығына қарай:

  • қалта сағаттары;
  • қол сағаттар;
  • күйме сағаттары;
  • үстелге қоятын сағаттар;
  • қабырға сағаттары;
  • жерде тұратын сағаттар;
  • мұнаралы сағаттар.

Өлшеу механизмдері бойынша:

  • күн сағаттары;
  • жалынды сағаттар;
  • құмсағаттар;
  • сағаттар су перiлерi;
  • механикалық сағаттар;
  • камертон сағаттары;
  • кварц сағаттары;
  • электрондық сағаттар;
  • астрономиялық сағаттар;
  • атом сағаттары.

Су сағаттары

Су сағаттары немесе клепсидра. Негізгі механизмі құм сағаттар тәрізді. Су сағатында су бір ыдыстан екінші ыдысқа бірқалыпты тамшылап құйылып тұратын. Мұндайда көрсеткіш тілі бар қалтқы жоғары көтеріліп немесе төмен түсіп, уақыттың дәл мезгілін білдірген. Бұл сағат уақытты күндіз де, түнде де көрсете беретін - тек суын еселеп отыруды ұмытпасаң, болғаны. Ал құм сағаты болса, осы заманға дейін пайдаланылып келеді.

Құм сағат

Мұнда құм екі шыны сауыттан олардың тұтасқан тар мойыны арқылы бір-біріне алма-кезек сыздықтап, сусып ағып тұрады. Физиотерапиялық емшараларды мөлшерлеуде жиі қолданылады.

Механикалық сағаттар

Механикалық сағаттар жөніндегі алғашқы деректі ғалымдар ежелгі византиялық қолжазба нұсқалардан тапты. Бұл кезең 578 жылмен тұспа-тұс келеді.

Алғашқы мехникалық сағаттардың тек бір ғана - сағаттық тілі болған. Сағатты майлаған кезде майдың қоюлануы, механизмнің кірлеуі серіппелердің босаңсуы салдарынан сағаттың жүріс дәлдігі төмендейді, сол себепті механикалық сағаттарда (2-3 жылда бір рет) тазалап, майлап отыру керек.

1404 жылы Мәскеуде Кремльде тұңғыш мұнара сағаты орнатылады. Көп кешікпей мұнара сағаттары басқа да көптеген қалаларда пайда болды.

Шамамен, мұнан жүз жылдан кейін Еуропада алғашқы қалта сағаттары пайда бола бастады.

Маятникті сағаттар

Голландиялық ғалым Х. Гюйгенс 1657 жылы маятникті сағат ойлап тапты. Маятник (ұзынша салмасы бар ұзын шыбықша) бірқалыпты тербеледі. Яғни, оның әр тербелісі бірдей уақыт аралығында қайталанады. Маятниксіз сағаттар күніне уақыттан 15 минут артта қалып, немесе озып кете беретін. Ал қазіргі маятникті сағаттардың дәл уақыттан ауытқуы бір секундтан аспайды. Маятник сағаттың жүрісін реттеп отырады. Уақытты сақтауға арналған маятниктің артықшылығы - бұл гармоникалық осциллятор: Ол ұзындыққа байланысты нақты уақыт аралығында алға-артқа бұрылады және басқа жылдамдықтарда тербеліске қарсы тұрады. Маятникті сағаттар жұмыс істеу үшін стационар болуы керек. Кез келген қозғалыс немесе үдеулер маятниктің қозғалысына әсер етеді, дәлсіздіктер туғызады, сондықтан портативті сағатта қолданудың басқа механизмдері қажет болады.

Бұған қоса, сағаттың барлығында да энергия көзі болып табылатын ең қажетті бөлшек болуға тиіс. Ол - салма тас, не болат серіппе, немесе электр батареясы.

Қазіргі заман сағаттары

Соңғы бірнеше жылдарға дейін барлық сағатқа тән маңызды тетіктер - сағаттық, минуттық, секундтық уақыт бірліктерін көрсететін тілдері болып келеді. Ал бүгінгі таңда мұның басқа да түрлері кең тарай бастады, яғни, уақытты көрсететін тілі мен сандық межелері жоқ сағаттар шықты.

Мұның орнына бетіндегі әйнекшелерден сағаттық, минуттық, секундтық, белгілерді санмен, санмен көрсетіп тұратын кішкене сағаттар дүниеге келді. Ал, кейбір сағаттар, сонымен бірге, жылдың айы мен күнін, аптаның қай күнін де көрсете алады.

Кварц сағаты

Қазіргі заманғы ғылым мен техника сағаттан механикалық маятниктің мүмкіндігі жетпейтін анағұрлым жоғары дәлдікті талап ете бастады. Осыған орай енді кварц сағаты жасалды. Мұнда "маятниктің"қызметін электр тогының әсерімен тербеліске келетін кварц пластинкасы атқарады. Кварц "маятникті" сағаттар отыз жыл ішінде бір секундқа ғана қателесуі мүмкін. Уақытты бұдан да дәлірек көрсететін "маятниктер" іздеу барысында ғылым өте күрделі тербеліс қимылдарын жүзеге асыратын молекулалар мен атомдарға назар аударды. Қазіргі кезде уақытты ең дәл көрсететін де осы атомдық және молекулалық сағаттар.тКварцтық сағат айына 40 секундқа дейін қателессе, механикалық сағат тәулік сайын 4-6 секундқа қалып кетеді.

Tags:

Сағат ТарихыСағат ТоптастырылуыСағат Су сағаттарыСағат Құм сағатСағат Механикалық сағаттарСағат Маятникті сағаттарСағат Қазіргі заман сағаттарыСағат Кварц сағатыСағат

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларЛенинград шайқасыКөнерген сөздерАсық ойыныҚайыңНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіАқан серіЖұлынАқуызЖалғауӘл-Фатиха сүресіҚазақтарҚабанбай батырХолециститЕуропа одағыҚазақстандағы экологиялық проблемаларСалт-дәстүрХалықаралық балалар күніКомпьютерлік вирусРимМарсӨнеркәсіпНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевӨзбекстанТабиғатты қорғауСюрреализмҚазақстан мәдениетіҚазақстан қорықтарының тізіміҚажымұқан МұңайтпасұлыМәдениетАқпарат технологиясыЭлектрокардиографияНегіздерАустралияҚазақстандық Кеңес Одағының Батырлары (тізім)Асқорыту мүшелеріТүрік қағанатыИосиф Виссарионович СталинАвторлық құқықЖүктілікТабиғи газФерромагнетиктерСаяси мәдениетСақтарЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)Қазақстанның білім беру жүйесінің тарихыБейбітшілікҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыМемлекетМолотов-Риббентроп пактыАлгоритмСөз табыАлаш партиясының бағдарламасыАналық жыныс жасушасыНесіпбек Тұрысбекұлы АйтМиозинХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміӨнерҒаламдық мәселелерМутацияҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміЕсім ханның ескі жолыҚарақұмықЕтеккірАйша бибі кесенесіМенің атым Қожа (повесть)КүнбағысОмонимАдам ағзасындағы химиялық элементтерКөшбасшылықЭкстремизмТоқырау жылдарындағы ҚазақстанЫңғайлас салалас сөйлемПайдалы қазбаларАбай ҚұнанбайұлыДін философиясыҚұстар🡆 More