Пу И

Айсиньгьоро Пу И (қыт.

愛新覺羅.溥儀, 爱新觉罗.溥仪, пиньинь: Aixinjueluo Pǔyi, 7 ақпан 190617 қазан 1967) — Цин Империясының соңғы императоры.

Айсиньгёро Пуи
愛新覺羅.溥儀
Пу И
Пу И. 1934 жыл
Айсиньгёро Пуи
Маньчжоу-го императорының туы
Лауазымы
Ту
Ту
Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің мүшесі
Ту
Ту
1 қаңтар 1964 жыл — 17 қазан 1967 жыл
Ту
Ту
Маньчжоу-го императоры
Ту
Ту
1 наурыз 1934 жыл — 18 тамыз 1945 жыл
Тәж кигізу жорасы 10 мамыр 1934 жыл
Премьер-Министр Чжан Цзинхуэй
Ізашары титулы белгіленді
Ізбасары титулы жойылды
Ту
Ту
Маньчжоу-гоның жоғарғы билеушісі
Ту
Ту
9 наурыз 1932 жыл — 1 наурыз 1934 жыл
Премьер-Министр Чжан Сяосюй
Ізашары титулы белгіленді
Ізбасары титулы жойылды
Ту
Ту
Қытай императоры
2 желтоқсан 1908 жыл — 12 ақпан 1912 жыл
Ізашары Айсиньгиоро Цзайтянь
Ізбасары титулы жойылды
Өмірбаяны
Діні буддизм
Дүниеге келуі 7 ақпан 1906 жыл
Ханзада Чуньның сарайы, Сичэн, Бейжің, Цинь империясы
Қайтыс болуы 17 қазан 1967 жыл
Дунчэн, Бейжің, Қытай
Жерленді Бабаошан революциялық зират, 1995 жылы Батыс Цин қабірлерінің жанындағы зиратқа қайта жерленді
Династия Айсинь Гьоро
Әкесі Айсиньгёро Цзайфэн
Анасы Юлань
Жұбайы Ваньжун, Тань Юйлин, Веньсю, Ли Юйцинь, Ли Шусянь

Өмірбаяны

1906 жылы Пекинде Айсиньгьоро отбасында дүниеге келген. Ол Қытайдың 1908 жылға дейінгі императоры — Айсиньгьоро Цзайтяннің жиені. 1908 жылдың желтоқсанында Цзайтянь дүниеден өтті де, орнына екі жасар Пу И «таққа отырды». Оның орнына әкесі Цзайфень мемлекеттің шаруаларын жүргізді. 1912 жылғы Синьхай революциясынен соң Қытай Республикасы орнап, Цин империясы құлады. Алты жасар Пу И де өз билігінен жастай айрылды, бірақ «император» титулын сақтап қалды да, «тиым салынған қалада» тұра беруіне жаңа орнаған үкіметтің жетекшісі Юань Шикай да қарсы болған жоқ. Протокол бойынша оның дәрежесі «шетелдік монархпен» тең деп есептелді.

1917 жылдың шілдесінде Қытай билігі империя үкіметін аңсаған генерал Чжан Сюннің қолына өтті де, Пу И патша болып жарияланды. Бірақ екі жеті өтер-өтпесте антимонарх генерал Дуань Цижуя қайтадан Астананы басып алды да, Пу И тағы да биліктен шеттетілді. Бірақ император әулетіне Пекинде қалуына рұқсат берді. Тек, 1924 жылы 18-ге толған соң Пу И барлық мәртебесінен айрылды да, «тиым салынған қаладан» қуылды. Сөйтіп ол қарапайым ғана Қытай азаматымен құқы бірдей боп қалды.

1925 жылы ол Тянцзяньда өткен жапондар конгресіне қатысады да, жасырын ұйым құрады. Осылайша Жапон үкіметімен ара-қатынасын жақсартып алады. Кейін Жапон үкіметі Пу Иді Мачжурия мемлекетін қайта орнатуға көмек беруге шақырады. Олар бұл мақсаттарына жетіп, 1932 жылы Қытайды жапон әскерлері жаулап алады да, бірпартиялық монархия билігі бар Манчжурия үкіметі құрылады. Пу И жас мемлекеттің жоғарғы қызметтерінің бірін атқарады, ал 1934 жылы 10-мамырда Манчжурияның императоры боп тағайындалады. Сондай-ақ Манчжурия Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы болады.

1945 жылдың 8 тамызындағы Ялта Конференциясынан соң КСРО әскері Манчжурияға үлкен күшпен шабуыл жасайды. Жапония үкіметі бұл кезде Хиросимаға тасталған атом бомбасынан есеңгіреп жатқан болатын. Сондықтан да Манчжурия оңай тізе бүгеді. Бас сауғаламақ болған Пу Иді Кеңес әскерлері тұтқындайды.

Қамауда жатқан Пу И 1949 жылы Иосиф Сталинге хат жазады. Өзін Қытай Үкіметіне тапсырмауды өтінеді. Сондай-ақ, Маркс пен Лениннің ілімдерімен танысқанын, социалистік дүниеге деген өз көзқарасын өзгерткенін де түсіндірмек болады.

1950 жылы Пу И Қытайға қайтарылады. Лионин провинциясындағы «қайта тәрбиелеуші» лагерге жіберіледі.

Арада тоғыз жыл өткен соң Пекинге қайта келіп, ботаникалық бақта жұмыс істейді. Сосын кітапханада қызмет атқарады. Халықтық билікті мойындайтынын ашық айтады. Мао Цзедунмен де жолығады. 1964 жылы ҚХР саяси кеңесшілерінің мүшесі болады. Мао Цзедуннің ұйғаруымен «Императордан қарапайым азаматқа дейін» атты естелік-шығарма жазады. Өзінің формальды ғана император болғанын баяндайды.

Жеке өмірі

Ол бес рет некелескен, бірақ бір де-бір перзент сүймеген. Вань Жун, Вэнь Сю, Тань Юйлин, Ли Юйцинь. Соңғы рет 1962 жылы медбике Ли Шусянмен некелесті. Оны белсіздік ауруына шалдыққан деушілер де болды.

1967 жылы 17 қазанда рактан қайтыс болды да, Баабошандағы (Бейжіңдегі қорым) патшалар зиратына жерленеді. 1995 жылы Цинцилиндегі әкесі жатқан қорымға қайта жерленеді.

Кинематография

Оның бейнесі Бернардо Бертолуччидің «Соңғы патша» телехикаясында сомдалған.

Сілтемелер

Tags:

Пу И ӨмірбаяныПу И Жеке өміріПу И КинематографияПу И СілтемелерПу И

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

СүреҚазақстандағы саяси партияларСалалас құрмалас сөйлемЖүсіп БаласағұниТас дәуіріБесеудің хатыҚояндарАбортСүтқоректілерОрталық ҚазақстанТамыр (өсімдік органы)Адамаралық қарым-қатынасАдам атаҚажылықНорвегияӘбілқайыр хан (Өзбек хандығы)ТөреМінезМакаров тапаншасыҮшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлерҚайта құру кезеңіЖамбыл облысыБұлшықеттердің маңызы мен құрылысыКенесары ханМата атаулары мен түрлеріҚазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік КомитетіҒабит Махмұтұлы МүсіреповТұрақты сөз тіркесіУақытҰлы жүзКөміртегіАманкелді Үдербайұлы ИмановМіржақып ДулатұлыҚозы Көрпеш - Баян СұлуБуын үндестігіЕркектің жыныстық мүшесіБасты бетҚазақстанның мұнай өнеркәсібіАй (серік)Ақбілек (роман)Ом заңыЭволюцияҚұрмалас сөйлемӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановҚазақ хандығының құрылуыШартты рефлексАдай күйіОрыстарАлланың есімдеріҚазақша УикипедияГастритКүн жүйесіҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміӨт айдайтын дәрілерОспан батырЗат есімӘміре ҚашаубаевШығай ханАбай жолы (роман)ДемократияСолтүстік ҚазақстанҰшқан ұя (повесть)Орталық АзияАдайТанымал қазақтардың тізіміБеғазы-Дәндібай мәдениетіБұқар жырау ҚалқаманұлыНәрестеВолейболҚұмырсқаларАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыБақбақЖеңіс күніМитозХимиялық элементтердің периодтық жүйесіШвейцарияLinuxТарих🡆 More