Цинь Империясы

Цинь империясы, Чинь (Шың) патшалығы (1644 — 1911) — Қытайдағы маньчжурлар әулеті билеген соңғы патшалық.

Билеуші Нурцахи (Нұрхаш) (15591626) 16 ғ-дың аяғында Солт.-Шығыс Қытайда тұратын көшпелі маньчжур тайпаларын біріктіріп, Мин империясына қарсы күрес бастады. Ол 1616 ж. Хатула деген жерде “Да чжин” (“Ұлы алтын”, тарихта оны “Ху чжин — Соңғы чжин” деп атаған) мемлекетінің құрылғанын жариялады.

Цинь империясы немесе Цин Империясы
қыт. 大清國

Империя
Цинь Империясы
 
Цинь Империясы
1644 — 1912


Цинь Империясы
 
Цинь Империясы
 
Цинь Империясы
Цинь Империясы Цинь Империясы
Байрағы Императорлық мөрі
Цинь Империясы
18901912 жылдардағы Цинь
Астанасы Мукден (1636–1644)
Бейжің (1644–1912)
Тіл(дер)і манджурша, моңғолша, тибетше мен қытайша
Діні конфуциандық, даосизм, буддизм мен шаманизм
Ақша бірлігі күміс лян (1636–1835)

қытай юані (1835–1912)

Аумағы 14,7 млн км² (1790 жылы)
Халқы 432 000 000 адам. (1850)

400 000 000 адам. (1900)
383 100 000 адам. (1912)

Басқару формасы абсолюттік монархия
Династиясы Айсинь-Гиоро
Император
 - 16161626 Нурхаци (тұңғышы)
 - 19081912 Пу И (соңғысы)

Ішкi саясат

  • 1626 ж. Нурцахи қайтыс болғаннан кейін оның орнына баласы Абахай(Хуан Тайчжи) отырды. *1636 ж. Абахай мемлекеттің атын Цин(Чин — мөлдір) деп өзгертті. Бұл кезде Қытайдың орт. аудандарында Мин патшалығына қарсы Ли Цзычэн, Чжан Сяньжун бастаған халықкөтерілістері болып жатты.
  • 1644 ж. Цзычэн бастаған көтерілісшілер Пекинге басып кіргеннен кейін Мин патшалығының соңғы императоры Чжу Ючжиян өзіне-өзі қол жұмсап, қаза болды. Маньчжурлардың әскері Қытай қорғанын күзетіп тұрған Мин патшалығының генералы У Саньгуймен бірігіп, көтерілісшілерге қарсы аттанды. Біріккен әскер Пекиннен көтерілісшілер армиясын ығыстырып шығарып, 1 мамыр күні Қытайда Цинь империясының орнағанын жариялады. Цинь империясы негізінен Мин патшалығы кезіндегі саяси жүйені нығайтты. Императорлық кеңес маньчжур ақсүйектерінен құрылды. Әкімш.-аумақтық бөлініс провинция, аймақ, округ пен ауданнан құрылды.
  • 1683 жылға дейін әскери жорықтардың, билеуші топ өкілдерімен тиімді саясат жүргізудің барысында Тайвань аралына дейінгі жерлер бағындырылды.
  • 17 — 18 ғасырларда елде а. ш. мен қолөнер дамып, алғашқы мануфактуралар пайда болды, капит. қатынастар орын ала бастады. Тың жерлер игерілді, кейбір салық жеңілдіктері жасалды.
  • 1712 жылы халық санағы жүргізіліп, егістік жерлердің көлемі есепке алынды. Цинь империясы. елдің батысындағы Жоңғар хандығымен үздіксіз соғыс жүргізді. Ол соғыста жоңғарларды Қшкі Моңғолия мен Халхаданығыстырып шығарды. Қиыр Шығыста да үлкен табыстарға жетіп, Ресейді Амур бойынан бас тартуға мәжбүр етті; қ. Канси.

Сыртқы саясат

Цинь империясы шет елдермен, әсіресе, еур. мемлекеттермен “жабық есік” саясатын жүргізіп, империя аумағын сыртқы шабуылдардан қорғауды күшейтті.

  • 17 ғ-дың аяғында Қытайдың шеткері аймақтардағы орт. өкіметке қарсы жүргізілген “Сан фан” қозғалысын күшпен басты. Жоңғар ханы Қалдан Сереннің Қытайға жасаған шабуылы тойтарылды. Орт. Азияда қалыптасқан ішкі қайшылықтарды пайдалана отырып,
  • 1755 — 57 ж. Жоңғар хандығын біржолата жойып жіберді.
  • 1756 — 57 ж. Қазақ хандығымен болған дығымен болған шекаралық әскери қақтығыстардан кейін өзара келісім жасалып, дипломат. қарым-қатынастар орнатылды (қ. Абылай, Цянь Лун). Цинь империясы Үрімжі, Құлжа мен Тарбағатайда қазақтармен малға тауарлар айырбастайтын арнайы базарлар ашты.
  • 1759 ж. Қашғариядағы ұйғырлардың қарсылығын жаныштап, Шығыс Түркістанға өз билігін орнатты. *1762 ж. Іле өз-нің бойында Чжаньчжунфу генерал-губернаторлығы құрылды.
  • 1762 — 65 ж. оңт-те Бирма, Вьетнам, Непалға жаулап алу соғыстары жүргізілді. 18 ғ-дың аяқ кезінде Тибет жаулап алынып, Цинь империясы өзінің шарықтау шегіне жетті.
  • 19 ғ-дан бастап Цинь империясы әлсірей бастады. Орт. өкіметке қарсы халық көтерілістері жиілеп, батыс державалары Қытайға ену әрекеттерін күшейтті.

Апиын соғысы

Цинь Империясы 
Апиын соғыстың алғашқы жүрiсi

1840 — 42 ж. Қытай мен Ұлыбритания арасында болған “апиын соғысы” екіншісінің жеңісімен аяқталды. Цинь империясы Нанкин келісіміне қол қойып, еур. державаларға тәуелділікке түсуге мәжбүр болды. Маньчжурлардың билігі мен шетелдіктердің үстемдігіне қарсы болған тайпиндер көтерілісі (1850 — 66) Цинь империясын одан әрі әлсіретті.

Апиын соғыстары екі негізгі қақтығысты қамтиды:

  • Бірінші апиын соғысы (1840-1842)
  • Екінші апиын соғысы (1856-1860)

Бірінші апиын соғысы

Бірінші апиын соғысы Ұлыбритания мен Цин империясы арасында жүргізілді. Ұлыбритания екі мемлекет арасындағы Қытайға тиімді болған сауда теңгерімін тоқтату мақсатымен Цин империясына соғыс жариялады. Коулунда 1839 жылдың 4 сәуірінде орын алған теңіз қақтығысы Ұлыбританияның 1840 жылдың қыркүйегінде соғыс жариялауымен аяқталды. Бұл соғысты Америка Құрама Штаттарының президенті қолдады. Ұлыбритания жағынан соғысқа 40 кеме мен 4000 сарбаз қатысты. Қытайдың 880 мың әскері елдің аумағында бытыраңқы орналасуымен қоса тәжірибесіз болды.

1841 жылғы жеңістерінен кейін Ұлыбритания Цин империясына кіріптарлық шарттарын ұсынды. Нанкин бейбіт келісіміне сәйкес Цин империясы соғыс шығындарымен қоса Гонконг аралынан айырылып, қытай порттарын ашуға мәжбүр болды.

Екінші апиын соғысы

Екінші апиын соғысы Ұлыбритания мен Францияның біріккен күшімен Цин империясына қарсы жүршізілді. Ұлыбритания өзендердің бойында орналасқан порттарды басып алып, Қытайдың ішкі аудандарына енуді көздеді. 1851 жылы басталған азамат соғысы кезінде Цин империясына дұшпандық көзқараста болған Тайпин мемлекеті пайда болды.

Қырым соғысынан кейін 1856 жылдың қазан айында Ұлыбритания Қытайға қарсы жаңа жорығын бастады. 1857 жылы Кантон қаласын біріккен ағылшын-француз әскері қоршауға алды. Ұытай үкіметі кіріптарлық шаттарды қабылдамағандықтан, қала толығымен қиратылды. 1860 жылғы шешуші шайқаста ағылшын-француз әскері маньчжур-моңғол әскерін талқандап, Пекинге қауіп төндіре бастады.

Жапондық-қытай соғыс

Цинь Империясы 
Шайқас

19 ғ-дың 2-жартысынан бастап Қытай еур. мемлекеттер (Ұлыбритания, Франция, Ресей, Германия) мен Жапонияның үлес алуда өзара бәсекеге түскен жартылай отарына айнала бастады. Бірте-бірте билеуші топтардың арасында шетелдік үлгідегі өнеркәсіп құруды жақтайтын “Яну пай” тобы пайда болды. Қытайдың ұлттық буржуазиясы дүниеге келді. Қоғамды жаңарту, саяси жүйеге өзгерістер енгізуді талап ету қозғалысы күшейді. Цинь империясының Франциямен (1884 — 85) және Жапониямен (1894 — 95) болған соғыста ауыр жеңіліске ұшырауы ұлттық дағдарысты тереңдете түсті.Сун Ятсен басқарған саяси қайраткерлер маньчжурлардың билігін халықтық республика құрумен алмастыруды ұсынды.

Ихэтуаньдер көтерілісі

Ихэтуаньдер көтерілісі мен оны басып-жаншу үшін сегіз мемлекет әскерлерінің Пекинге жасаған шабуылы Цинь империясын мүлдем дәрменсіз күйге түсірді. 1911 ж. жазда Учань қ-нда Сун Ятсеннің басшылығымен басталған көтеріліс бүкіл халықтық қолдауға ие болып, жеңіске жетті. Цинь империясы билігі жойылды. Желтоқсан айында Нанкин қ-нда Қытай Республикасы жарияланып, Сун Ятсен басқарған Уақытша үкімет құрылды.

Сiлтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 18 том

Tags:

Цинь Империясы Ішкi саясатЦинь Империясы Сыртқы саясатЦинь Империясы Апиын соғысыЦинь Империясы Жапондық-қытай соғысЦинь Империясы Ихэтуаньдер көтерілісіЦинь Империясы СiлтемелерЦинь Империясы15591616162616441911МаньчжурларМин империясыҚытай

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЖайықЖеңіс күніДүние жүзінің саяси картасыМәдениетСырым ДатұлыШахмет Құсайынұлы ҚұсайыновЕсімдікАндроново мәдениетіӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыФотоэлектрлік құбылыстарҚоршаған ортаның ластануыБайқоңыр (ғарыш айлағы)314-атқыштар дивизиясыАқсу-Жабағылы қорығыИнеліктерРаушангүлділерОм заңыКерей ханБүркітГендік инженерияАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыМұстафа Кемал АтатүрікМонархияКөмірсуларАналық жыныс безіСаяси жүйеЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміҚазақтың арқар-мериносыДауыссыз дыбыстарТемпераментЫбырай АлтынсаринМахамбет ӨтемісұлыСаяси мәдениетЖүсіпбек АймауытовҚазақтардың Дүниежүзілік құрылтайыСемей полигоныЖоғары молекулалы қосылыстарЖұмбақтасМетафораҚоғамЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміТірі ағзалардың негізгі қасиеттеріМонро доктринасыРимҚазақстанның экологиялық проблемаларыӨздігінен тозаңдануӨзгергіштікПублицистикалық стильҒаламдық экологиялық проблемалар1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанКомпьютерлік вирусҒылыми-техникалық прогрессҚасым ханТеңеуҚазақ тіліҚұндылықЖалпы ішкі өнімСуАлланың есімдеріӨнеркәсіпТұлғаЛаңкестік әрекетБейнелеу өнеріЕсім ханМұнайШерхан Мұртазаұлы МұртазаРайымбек батырИталияЖаңа білім беру жүйесіҚазақстандағы «қайта құру» саясатыҚазақстандағы минералды ресурстарОтынҚазақстан географиясыКөзімнің қарасы...Экономикалық қатынасҚазақстанда генетика және селекция ғылымдарының дамуыҚазақстан демографиясы🡆 More