Карл Маркс

Карл Генрих Маркс (нем.

Карл Маркс
нем. Karl Heinrich Marx
Карл Маркс
Туған күні

5 мамыр 1818 (1818-05-05)

Туған жері

Трир, Пруссия

Қайтыс болған күні

14 наурыз 1883 (1883-03-14) (64 жас)

Қайтыс болған жері

Лондон, Ұлыбритания

Азаматтығы

Пруссия Патшалығы (1818–1845)
Азаматтығы жоқ (1845 бастап)

Ғылыми аясы

социология, философия

Альма-матер

Бонн университеті
Берлин университеті
Йена университеті (Доктор, 1841)

Ғылыми жетекші

Бруно Бауэр

Несімен белгілі

Марксизмнің негізін қалаушы

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Карл Маркс Басқа мағыналар үшін Карл Маркс (айрық) деген бетті қараңыз.

Британдық "The Penguin Dictionary of Sociology" сөздігі Mаркстің еңбегі әлеуметтанудың дамуы үшін маңызды болып табылатын бес саланы көрсетеді:

  • өзінің алғашқы еңбектершде Маркс иеліктен айыру ұғымына ден қойды; бұл тақырып оның кейінгі көптеген еңбектерінде кездеседі;
  • ол өзінің экономикалық өмір мен басқа да әлеуметтік институттар байланысты деген көзқарастарымен кеңінен танымал;
  • ол ең алдымен әлеуметтік таптарға ұйымдасқан қоғам тіршілігіне талдау жасауға мүдделі болды;
  • әлеуметтік өзгеріс теориясы Маркстің еңбектерінде таптық күрес теориясынан соншалықты көрініс табады. Таптық күрес, оның тұжырымдауынша, "тарихтың қозғаушы күші" болып табылады; бұл идея Маркстің шығармашылығын терең баурап алғаны сонша, батыс әлеуметтануында маркстік теорияны кейде "жанжалдар теориясы" (conflict theory) деп атайды;
  • Маркс негізінен капиталистік қоғамның теоретигі болды.

Жалпы мәліметтер

Фридрих Энгельспен бірге бірқатар еңбек, алғашқы коммунистік ұйымдардың бағдарламалық құжаттарын жасаған. Маркс пен Фридрих Энгельс тәрбие мен білімді фундаментальді қоғамдық саяси проблема ретінде қараған. Халықаралық жұмысшылар ұйымдарының басты саяси талаптары катарында Маркс балалардың барлығының қоғамдық және тегін білім алуын қойды, балалар мен жасөспірімдердің еңбегіне, егер ол біліммен байланысты болмаса, заңды түрде тыйым салыну талабын құрастырды.

Маркс дүниетанымының қалыптасуына француз және неміс ағартушыларының, сондай-ақ XVIII-ші ғасырдың аяғы мен XIX-шы ғасырдың басындағы қиялшыл социалистердің идеялары ықпал етті. 1835—1841 жылдары Бонн, кейіннен Берлин университетінің заң факультетінде білім алды. 1842 жылы «Рейн» газетінде редактор болды. 1843 жыл Парижге кетіп, социалистік қозғалыс өкілдерімен танысты. 1844 жылы Фридрих Энгельспен кездесті, ол Маркстың ең жақын серігіне айналды. 1845 жылы Брюссельге көшіп келіп, 1848—1849 жылдары Еуропада өткен төңкерісшіл қозғалысқа белсене араласты.

«Коммунистер одағы»халықаралық ұйымына мүше болып, 1848 жылы Энгельс екеуі осы ұйымның «Коммунистік партияның манифесі» атты бағдарламасын жазып шықты. 1848 ж. маусым — 1849 ж. мамыр айларында Кёльн қаласында Энгельс екеуі «Жаңа Рейн газетін» шығарды (Маркс бас редактор болды). Еуропадағы төңкерісшілдер талқандалған соң, 1849 жылы Парижге, кейіннен Лондонға көшіп барып, өмірінің соңына дейін сонда тұрды.

Карл Маркс 

Маркс 18641876 жылдары 1-ші Интернационал халықарылық ұйымының негізін қалап, жетекшілік етті. Лондонда тұрған жылдарында ол ғылыми-қоғамдық жұмыстарының барлығын дерлік Энгельстің материалдық көмегі арқасында жасады. 1867 жылы Маркстің ең басты еңбегі “Капиталдың” 1-томы жарыққа шықты. Бірақ ол бұл еңбегін аяқтай алмады. 2, 3-томдары Энгельстің, ал 4-томы Карл Каутскийдің редакциялауымен жарияланды.

Өмірінің соңғы жылдарында жұмысшы партияларын қалыптастыру бағытында еңбек етті. 1940-жылдардың орта тұсынан бастап Маркс капиталистік қоғамды зерттей келе жаңа идеяның негізін қалады (қ. Марксизм). Ол тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірді (тарихи материализм), қосымша құн теориясын жасады, пролетариат төңкерістері нәтижесінде капитализмнің сөзсіз құлайтындығы туралы түсінікті қалыптастырды. Маркстың идеялары XIX–XX-ғасырлардағы қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге айтарлықтай әсерін тигізді.

Жеке өмірі

Карл Маркс Женни фон Вестфаленге 1843 жылы үйленген. Олардың некесі Женни фон Вестфаленның қайтыс болуына дейін созылды. Карл Маркстың 7 баласы, соның ішінде қыздары Женни Лонге, Лаура Лафарг және Элеонора Эвелинг болған.

Дереккөздер

Tags:

14 наурыз1818 жыл1883 жыл5 мамырКоммунизмЛондонНеміс тіліНемістерСаясаттануСаяси ЭкономияТарихшыТрирТөңкеріс (қоғам)ФилософЭкономистӘлеуметтану

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

РеформацияФотосинтездің жарық және қараңғы фазаларыАнгкор-ВатҚазақстан азамат соғысы жылдарындаБатыс Қазақстан облысыДәруменМәшһүр Жүсіп КөпейұлыНарықтық экономикаАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыЕтеккірБұқаралық ақпарат құралдарыМәкрүһСпирттерСалауатты өмір салтыЭтикаАқындар айтысыКрест жорықтарыТыныс белгілеріБейорганикалық заттарЖер қабығыҚартаюСөз табыЛипидтерТопырақ құнарлылығыАуызашарБеғазы-Дәндібай мәдениетіДыбысТолеранттықҚуық түбі безінің қабынуы18 ғасырдың екінші жартысындағы Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарҚазақ ұлттық киімдеріБауыр циррозыӘбілхан ҚастеевЖүрек жетіспеушілігіМұхитТері ауруларыЖарықтың интерференциясыАвторитаризмӨкпе обырыХимиялық элементтердің периодтық жүйесіАустралияАлюминий оксидіЕуропа одағыӘскери коммунизм саясатыГормондарҚан қысымыҚазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсеріЭкономикаИнсультҚасым ханЖоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілісГүлПсихологияҚырғызстанЕсім ханTikTokҒылыми-техникалық революцияИсламАсық ойындарыЕртегіЖанқожа НұрмұхамедұлыТоқырау жылдарындағы ҚазақстанҚалқанша безҚысымСенсорлық жүйеАртериалдық гипертензияКомпьютерлік желіПублицистикалық стильБезОрманды дала зонасыТүрік қағанатыГенетика терминдерінің тізіміАсық ойыныТопырақДулат БабатайұлыДәрілік өсімдіктерХиуа хандығыАбай жолы (роман)1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық🡆 More