Менопауза

Менопауза немесе климакс — бұл әйелдердің етеккір тоқталған мезеті.

Осы етеккір паузасынан соң ол бала көтермейді. Осынау «өмір өзгерісіне» әйелдер 40—60 жас аралығында келіп жетеді. Етеккір мүлдем тоқталар алдында оның келіп-кету кезеңінің реттілігі бұзылады.

Етеккір паузасы кезінде де, одан соң да жыныстық қатынасты тыюдің ешбір негізі жоқ. Әйтсе де, әйелдің осы өтпелі кезеңде жүкті болып қалуы әбден мүмкін нәрсе, сондықтан егер де бала көтермеуге бел буса, жыныстық қатынаста етеккір тоқтағаннан кейінгі 12 ай бойына барлық сақтану шараларын мұқият жасап бағуы қажет.

Етеккір тоқтағанда, әйел өзін жүкті болып қалдым деп ойлауы мүмкін. 3-4 айдай кідіріп барып үзілістен кейін келген етеккірді ол тіпті түсік деп санайды. Сол себептен де егер 40-50 жас аралығындағы әйелдің бір уақытта қайтадан етеккірі келе бастаса, оған мұның етеккір тоқтауы екендігін айтып түсіндіру қажет.

Етеккір тоқталған кезінде әйелдер өздерін жайсыз сезінеді — мазасызданады, көңіл-күйі құлазиды, ыстығы көтеріледі (дене қызуы тосыннан қолайсыз көтеріліп кетеді), өн-бойы салдырап ауырады, жабығыңқы жүреді. Етеккір тоқтағаннан кейін көптеген әйелдердің көңіл күйі көтеріңкі жағдайда болады.

Етеккір тоқталған кезінде көп кідірістен соң (айлар, жылдар өтіп) қан тағы да ағып, іштің төменгі жағы ауыра бастаса, дәрігерге көрінулері керек. Олар өздерінің ісікке немесе басқадай бір қатаң дертке шалдықпағандықтарына көз жеткізгені жөн.

Етеккір тоқтағаннан кейін әйелдің сүйегі күйректеніп, сынғыш болады. Кездейсоқ сынықтан сақтану үшін олар құрамында кальций бар тағамдарды көбірек ішіп-жеуі қажет. Енді бала көтермейтін әйелдің қолы босайды да, ол бұдан былайғы жерде немерелерін бағып немесе оған өзі тұрған жерде қоғамдық пайдалы істермен айналысуға мүмкіндік туады.

Менопауза кезеңнің ерте белгілері

  • Қалтырау
  • Тершеңдік
  • Бас ауруы
  • Артериялық қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі
  • Жүректің жиі қағуы
  • Тітіркену
  • Ұйқышылдық
  • Әлсіздік
  • Мазасыздық
  • Депрессия
  • Ұмытшақтық
  • Либидоның төмендеуі

Дереккөздер


Tags:

Етеккір

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

II ЕкатеринаҒарышОмонимЕліктеу сөзТопырақШарын шатқалыЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановҚоғамҚарағанды облысыҚытай Халық Республикасы экономикасыЖай сөйлем және оның түрлеріНафтаХалықаралық еңбек бөлінісіАбай ҚұнанбайұлыМагмалық тау жыныстарыБейбітшілікАнықтауышАмерика Құрама ШтаттарыҚазақстан астанасыӘбу Райхан әл-БируниЗәр шығару жүйесіКерей ханЖүсіпбек АймауытовӘлішер НауаиТүрік қағанатыЖуніс СахиевТөлеген ТоқтаровЭкономикалық қатынасСөйлемТуыстық атауларыҚоршаған ортаның ластануыЭндокриңді бездерОрыс асханасыОрта ғасырлардағы Шығыс философиясыҚазақ-Жоңғар соғысыКөлік кешеніБензолРеформацияТеатрБіржан ҚожағұлұлыҰлпан (роман)Әлемнің жеті кереметіСыбайлас жемқорлықҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыЭлектр энергетикасыҚосарлы ұрықтануҚазақстан 2050КөшбасшылықТұтынушы құқығыЖүктілікАзияДНҚГуманизмЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіБактерияларҚазақстанның Мәдени мұра жобасыПублицистикалық стильӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыҚазақ әліпбиіҰйқы безіМобильді қосымшаларБіріккен Ұлттар ҰйымыАлмазАбай жолы (роман)АнтивирустарЖылқыОрганикалық қосылыстарТүркияОрталық ҚазақстанЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміҚұрманғазы СағырбайұлыКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысИнеліктерҚазақ руларыМерез🡆 More