Меконг

Меконг (қыт.

ཟླ་ཆུ།, бирм. မဲခေါင်မြစ်, тай. แม่น้ำโขง, Үлгі:Lang-lo, вьетн. Sông Mê Kông, Үлгі:Lang-km) — Үндіқытай түбегіндегі (Қытай, Лаос, Камбоджа, Вьетнам, Мьянма, Тайланд) ең ірі өзен. Өзен 4500 километр, су жиналатын алабы 810 мың километр квадрат Тибет таулы үстіртінің Тангла жотасынан басталып, Кампучия жазығымен ағып, Оңтүстік Қытай теңізіне кең атырау (70 мың километр квадрат) жасап құяды. Негізгі салалары — Мун, Тонлесап (оң), У, Тхен, Сан (сол). Жоғары және орта ағысы терең, түбі тар, шоңғалды шатқалмен, төмен ағысы кең аллювийлі жазықпен өтеді. Тонлесап саласы өзенді Тонлесап көлімен жалғастырады. Жаңбыр және қар суымен толығады. Су шығыны төмен ағысында тамызда — 30 мың метр куб/секунд, сәуірде — 1500 метр куб/секунд. Жылдық су деңгейінің ауытқуы 10 — 15 метр. Өзен өте көп мөлшерде ерітінді тосқындар (жылына 1,5 километр куб) алып келуіне байланысты, атырауы үнемі өсіп отырады (жылына 80 — 100 метр). Өзенде балық түрлері көп, су жыланы, су тасбақасы, қолтырауын, тағы басқа қосмекенділер мекендейді. Теңіз кемелері Пномпеньге (350 километр) дейін қатынайды. Меконг аңғарында негізінен күріш өсіріледі. Жағасында — Луангпрабанг, Вьентьян (Лаос), Пномпень (Камбоджа) қалалары орналасқан.

Меконг
Меконг өзені

Дереккөздер


Tags:

Вьетнам тіліКампучияПномпеньТай тіліТонлесапҚытай тіліҮндіқытай

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақ солдаты (роман)Электромагниттік толқындарТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыЖеті жарғыҚарлұқ қағанатыҚазақстан қорықтарының тізіміЕсет КөтібарұлыЭмпатияХиуа хандығыЗат есімНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевҮйсін мемлекетіАнтоним17 қыркүйекБауыр циррозыТұлғаҚазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсеріМетафораФизикаӨркениетЖақсыз сөйлемНамаз уақытыКіші жүз1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіЖалаң сөйлемАтеросклерозГепатитӘлемнің жеті кереметіСын есімҚазақстанның сыртқы саясатыМұхтар Мұқанұлы МағауинҰшқан ұяРевматизмСыбайлас жемқорлықЖұқпалы ауруларҚантамырларЕжелгі ГрекияМиокард инфарктіҚазақ газетіАқтөбеЖәдидшілдікЕтісКөкжөтелҚазақстан халқы ассамблеясыҚазақ руларыЖүктілікӨкпеҰлт-азаттық көтерілістерҚалқаман - Мамыр дастаныАқпараттық қауіпсіздікЖау тылындағы балаЦиститЖұлынАс қорыту жолдарынан қан кетуБас сүйекТұрар РысқұловҚазақстан Парламентінің МәжілісіМұстафа Кемал АтатүрікСан есімҚұқықӘл-Бақара сүресіҚоғамМерезҚос сөзЖол белгілеріЭкономикаАминқышқылдарРеформацияТабиғатЖұрнақЕркіндікРесми стильМал шаруашылығыБөкей ОрдасыТұқым қуалаушылықҚыз ЖібекВирустар🡆 More