Махабхарата

“Махабхарата” (санскрит महाभारतम् – “ұлы Бхарата туралы аңыз”) — үнді халқының эпосы.

Үндістанның солт. және солт.-батыс тайпаларына ауызша тараған аңыздар мен жырлардың негізінде құралған. Оның шығу тарихы б.з.б. 2 ғ-дың 2-жартысынан басталады. Қазіргі нұсқасы б.з. 1 ғ-ында қалыптасқан. “М-ның” бастапқы мәтіні (25 мың жолға жуық) бірнеше рет толықтырылып, өңделген. Эпос алғаш пракрит, кейінірек санскрит тілінде жырланған. Жырға Хастинапураны (қазіргі Дели қ.) билеу үшін таласқан екі тайпа мен олардың одақтастары арасындағы қырғын соғыс арқау болған. “М.” 18 кітаптан және көлемі үлкен бірнеше кіріспе жырлардан, негізгі сюжетпен тығыз байланысты фольклорлық сипаттағы “Чакунтале туралы хикая”, “Рама туралы жыр”, “Матсья туралы хикая”, “Шиви патша туралы хикая”, “Нала туралы жыр”, “Савитри туралы хикая” атты аңыздардан, кітапқа кейінірек енген “Бхагавадгита” дастанынан құралған. Эпос авторы Вьяса тарапынан баяндалады да, бірте-бірте тікелей қатынасушы кейіпкерлер тарапынан баяндауға көшеді. Үндістан, Индонезия, Бирма, Камбоджа, Тайланд, Шри-Ланка халықтары әдебиетіндегі образдар мен сюжеттердің көпшілігі “М.” жырынан бастау алған. Еуропада “М.” эпосы 18 ғ-дың аяғында “Бхагавадгита” жырының ағылшын, неміс және орыс тілдеріндегі аудармасы жарық көруіне байланысты белгілі бола бастады. 19 ғ-дың басында “Нала туралы жыр”, “Савитри туралы хикая”, т.б. тараулары аударылды. “М.” дүниежүз. маңызы бар ескерткіш деп танылып (19 ғ.), ғалымдардың назарын аударды. “М.” эпосының толық нұсқасы 1948 ж. ағылшын тіліне аударылды. 1950 — 67 ж. аралығында орыс тіліне тәржімаланды. “М-ны” зерттеуде үнді ғалымдарымен бірге Еуропаның Ф.Бопп, Л.Шредер, С.Соренсен, Г.Бюллер. т.б. ғалымдары көп еңбек сіңірді.

Махабхарата
Махабхарата. Курукшетрадағы шайқастын бейнелеуі

Дереккөздер

Tags:

Ағылшын тіліБирмаДастанЕуропаЖырИндонезияКамбоджаНеміс тіліОбразОрыс тіліСанскрит тіліСюжетТайландФольклорШри-ЛанкаЭпосҮндістан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ҚызғалдақШарын шатқалыҒұндарАбылай ханӨзбекстанЭкологиялық жүйеДін философиясыЭволюцияБалқашМал шаруашылығыТемекіДінмұхамед Ахметұлы Қонаев1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріФерромагнетиктерҚазақстан әкімшілік бірліктеріҚазақ билеріПайдалы қазбаларАқсу-Жабағылы қорығыЕуропаЕтістікБасты бетӘлемдік діндерБағыныңқы сөйлемИнтернетАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріГендік инженерияҚыстырма сөзЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміШылауТолықтауышОтын-энергетикалық кешенНарықтық экономикаТөле биКомпьютерКөлікОсип Андреевич ИгельстромҚызылша (медицина)БиосфераОм заңы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісҰйқы безіАқ Орда (мемлекет)Фариза ОңғарсыноваФантастикаӘмір ТемірКөп жасушалы ағзаларЭпитетЭкологиялық апатМысықАнемияАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміАллитерацияЛуврМұстафа Кемал АтатүрікСоқырішекИнтеграцияАктинМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваХимия өнеркәсібіЭмбрионНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіКонсументтерЕртісАлматы қорығыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануҚұлдықПопуляцияТүркістан автономиясыАлматыДәулеткерей ШығайұлыТемірхан МедетбекЗиготаСарқылмайтын ресурстарБауыр (орган)МұхаммедЖасанды интеллектЖануарларӘл-Фатиха сүресі🡆 More