Людвиг ван Бетховен (нем.
Людвиг ван Бетховен нем. Ludwig van Beethoven | |
1820 жылғы Жозеф Карл Штилер салған портрет | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | Вена, Аустрия империясы |
Белсенділік жылдары | |
Мемлекет | Қасиетті Рим империясы |
Мамандықтары | Сазгер, Пианист, Скрипкашы, Дирижер |
Аспаптары | |
Жанрлары | Классикалық музыка, |
Аудио, сурет, видео Ортаққорда |
Бетховен өнердің мақсатын, мәнін барлық қауымға өзінің кеудесіндегі ыстық жалынымен күйдіріп бара жатқан пендеге және бостандыққа деген махаббатын жеткізуде көрген. Бірақ оның өнерінің бүкіл адамзатқа қызмет етуі, ақиқатта зиялы қауымдағы жеке адамдар шеңберіне қызметке айналды. Бұл Бетховен өміріне азапты әсер етті.
Людвиг ван Бетховен 1770 жылдың желтоқсанында Германияның Бонн қаласында дүниеге келді. Иоганн ван Бетховен – Людвигтің әкесі – капеллада қызмет етті. Әнші, скрипкашы, клавесинист, ол қабілетті музыкант болғанымен, ішімдікке құмарлығы Людвигтің өміріне ауыр зиян келтірді. Бетховеннің ерте көрінген музыкалық дарынына әкесі жаңа табыс көзі ретінде қарады.
Кейбір мағлұматтарға жүгінсек, 1778 жылы Бетховеннің алғашқы қауымдық концерты өтті. Оқуының хаостығына, жүйесіздігіне қарамастан Людвиг 12 жасында клавесинде, скрипкада, органда еркін ойнады және парақтан жеңілдікпен ноталық мәтіндерді оқи алған.
Христиан Готлоб Нефе Бонндық капелланың жаңа директоры болып келді. Көптеген зингшпильдер және опералар, өз заманының сергек музыканты, көкірегі ашық, дана, алдыңғы қатарлы адам, Нефе Бетховеннің ұстазына айналды. Ол жас Бетховенді гармония, контрапунктпен таныстырды. Нефеның арқасында 1782 жылы Бетховеннің алғашқы туындылары: Дресслер маршы тақырыбына вариациялар, үш фортепианолық соната, басылып шықты. 13 жастан бастап ол жанұясын қаржыландырушыға айналады. Органшы-Нефеның көмекшісі, сарай маңылық капелланың альтшысы болып қызмет жасайды. Сол кезде Бетховен қала интеллигенциясымен араласып, атаққа ие болады. Бірақ, провинциялық өмірден жалығып, ол 1787 жылы Венаға аттанады. Онда Бетховен Моцартпен кездесіп «Свадьба Фигароның» авторын өзінің импровизациясымен таң қалдырады. Кенеттен шешесі ауырып қалып, Бетховен туған қаласына оралуға мәжбүр болады. Анасының өмірден өткенінен кейін әкесі рухани әлсіреп, төмендеген Бетховен кіші інілеріне қамқоршы болады. Сол ауыр жылдары Елена фон Брейнинг үйіне барып, ол тынығып, шығармашылық жігер алғандай болатын. 1792 жылы Йозеф Гайдн Боннға келгенде, жас композитордың (50 шақты шығарма: фортепианоға арналған кішігірім пьесалар, үш соната, түрлі құрамдық ансамбльдер, екі кантата, кішігірім балет) шығармаларына сүйсініп, Бетховенді Венаға шақырады.
Бонндық кезең Бетховеннің идеялық-көркемдік қалыптасуында маңызды рөл атқарды деуге болады. Оның динамизммен, бағыттылықпен, жігерлікпен көзге түсе бастаған. 1792 жылдың күзінде Бетховен жастықпен қоштасып, Венаға бет алады. Венада өткен алғашқы бірнеше жыл Бетховен өміріндегі ең бақытты шақ болған. Бетховен-пианисттың тамсандырарлық сәті Бетховен-композиторға сара жол ашты. Алайда өз шығармаларын басып шығарар алдында Бетховен Гайдн, Альбрехтсбергер, Сальериден дәріс алып, теориялық білімдерін тексеріп, толықтырып алған. Бетховен пианист және импровизатор ретінде Венаның өнерпаздары арасында көзге түсті.
Қиын өзінің өнерінің мәдениет әлемінде орын іздеу жылдары Бетховен үлкен қасіретке душар болып қалады, ол естімейді. Музыкант қайғысына адам қиыншылығы қосылады, ол жас, зиялы қауымның қызы Джульетта Гвиччардиді сүйеді. Вегелерге жазған хаттарында өмірге қуанышты екенін айтып, тағдырдың қаталдығына мойымайтынын ұрандады. Бірақ жаңа соққы дайын тұрады, Дж. Гвиччарди ортасында Бетховен тек кедей музыкант болып саналды. Және есту қабілетінен айырылуы жақындап, біліне бастады. Емшілер кеңесімен Бетховен Гейлигенштад деген жерге денсаулығын дұрыстауға барады. Бірақ емдеу көмектеспей, Бетховен өте қатты қайғыға батады. Ол трагедиялық әсері үлкен Гейлигенштадтық ақыр хат (завещание) деп аталатын ескерткішті сол ауыр күндері жазады.
Бірақ адам қасіреті музыкант сәттілігіне әкелді. Қаһармандық симфонияда жеке тұлғалық қиыншылықтарды өмірге деген құштарлық, өнерге деген терең, ыстық махаббат жеңіп шығады.
Бұл жылдары Бетховен бесінші симфонияның және «Аппасионата» сонатасының жобасы жасалды, «Қаһаямандық» симфониясын және «Аврораны» аяқтап жатқанда «Фиделио» операсымен жұмыс жасайды, кейінірек төртінші симфоияны жаза бастайды. Сөйтіп керемет жігерлі шығармашылық ізденістерде болады. Осы өмір кезеңінде скрипкаға арналған концертін жазады, алтыншы симфония, «Кориолан» увертюрасы, фортепиано, хор, және оркестрге арналған фантазия жарыққа келеді. Үшінші симфония Наолеонға арналған еді, бірақ ол өзін император деп жариялаған соң Бетховенның көзінде түсіп, өзінің туындысын композитор «Eroica», яғни Қаһармандық деп атады. Идеясының бұрын болып көрмеген батылдығына, формалар мен музыкалық мәнерлеу әдістеріне қарай бұл симфония шынымен де революциялық акт болды. Осы шығарма алдағы симфонизмге кең өріс ашты, бұл туындыдан бастап әлем симфонизмінде жаңа эра басталды. Үшінші симфониядан кейін композитор «Фиделио» операсын жазуға кірісіп кетеді.
«Фиделио» - Бетховенның жалғыз операсы. Сахналық жанрларда, және опералық формаларда Бетховен симфонияларда ұрандаған тираниямен күресу және еркіндікке құштарлық идеяларын ашады. Бұл операға француз драматургы Буйидың либреттосын алды. Онда идеалды махаббат пен отбасы беріктігі басты құндылықтар болып табылады.«Фиделионы» жазу жұмысы 1803 жылдық соңына жатады, ал 1805 жылдың күзінде опера «Фиделио» веналық театрдың сазнасында қойылды. Қоғамдағы жағдай пераның сәтсіз қойылуына ықпал етеді. Тек 1814 жылда Венада қайта қойылған «Фиделио» ыстық ықыласқа бөленді. Сәл уақыттан кейін опера Прагада және Берлинде орындалды.
Осы жылдары Бетховен Гете поэзиясымен әуес болатын. «Фауст» трагедиясының әсерімен опера жазатын ой туады. Және «Эгмонт» трагедиясына музыка жазады. Венада Бетховеннің аты әйгілі болып оған көптеген тапсырыстар беріледң. Шығармадылық өрлеу шыңдалғанмен жеке өмірі қалыптаспаған композитор жанұялық бақытты аңсайды. Ыстық сезімі жайылы ол Жозефина Деймге (Брунсвиг) хатында жазған болатын. Бетховен қаржылық тұрақтылықты мақсат етіп князға жұмысқы композитор болып тұруды сұраумен хат жазды. Бірақ жауап болмаған соң, ұлы композитор австриядан кетуді ойластырады. Бұны біліп қалған кейбір меценаттар сондай көрнекті композитордың оларды қалдырып кетіп қалуын қаламай, оған зейнетақы төлеп тұруға келіседі. Бірақ бұл шешімнен кейін де ақшадан көрі жұмысы көп болды. Композитр өміріне естімеу көп қиыншылық әкелді. Ол Италияға барып концерттер беруден бас тартуға мәжбүр болды. Ақша жағынан да, қарым – қатынастар да азайып күрделі жағдай туды.
Бетховенге бұл әрекеттер бөтен болды, композитор осы жағдайға араласпады, түсінбеді. Осыған қарамастан Бетховен көзінің тірі кезіндегі атағының шыңына тек сол уақытта жетті. Ол әйгілі механик Мельцельдың тапсырысы бойынша «Бита при Виттории» шығармасын жазды. Оның тақырыбы сол кезде модада болған әскери арнаға жататын. «Битва при Виттории» орындалған концертте жетінші симфония да орындалған мен ол біріншінің көлеікесінде қалып қойды. Бетховеннің концерттерінде короналы өкілдер келген, және атағы асқақтағасын операсы да еске түсіп қайта қойылды. Сахнада «Фиделио» орындалғанда Бетховен дирижерлік пультте тұрды, бірақ құлағы естңмегендіктен қателіктер кетіп отырды.
«К далекой возлюбленной» әндер циклы, 1816-1822 жж. арасында фортепианолық сонаталар, квартеттері шығады. Композициясы және музыкалық тілі жағынан күрделі болып келеді. Бетховен класикалық сонатаға сипатты формақұрау заңдылықтарының шегінен шығып, полифониялық бөлімдер қосады, тематизмде орын аустыру жаңа даму әдістеріне әкелді.
Бетховенның бөлесі композитордың қамқорында еді. Оны тірбиелеуге енді үлкен қиыншылықпен табылатын қаржының барлығы кетіп отырады. Ұлы композитор 1827 жылдың 26 науырызында бірнеше ай ауырған соң өмірден өтті.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Людвиг ван Бетховн |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Людвиг ван Бетховен, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.