Лионель Андрес Месси (ис.
Лионель Месси | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Толық аты | Лионель Андрес Месси | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Лақап аттары | Лео, GOAT | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы | 170 см | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Салмағы | 72 кг | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Номері | 10 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Марапаттары мен медальдары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2011 жылдан бері Аргентина құрамасының капитаны. Аргентина құрамасы мен "Барселона" клубы тарихындағы ең үздік мерген. 2010, 2012, 2013, 2017, 2018, 2019 жылдары "Алтын бутсы" иегері атанды. 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019, 2021, 2023 жылдары "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алды (рекорд). Бір рет әлем чемпионатының 2014, үш рет Америка кубогының (2007, 2015, 2016) күміс жүлдесін иеленді. 2019 жылғы Америка кубогында үшінші орын алып, 2021 жылы Америка Кубогын, әлем чемпионатының 2022 жеңіп алды.
Месси 1987 жылы 24 маусымда Росариода дүниеге келді. Сегіз жасында "Ньюэлз олд Бойз" клубының академиясына қабылданды. 1998 жылы "Барселона" скауттарының көзі түсті де, әкесімен сөйлескен акционерлердің бірі оны клубқа қабылдауға көндіреді, нәтижесінде Месси отбасымен Барселонаға көшіп келеді. Осылайша 13 жасынан бастап "Барселона" футболшысы атанды.
2003 жылы 17 қарашада тұңғыш рет "Жозе Алваладе" стадионының ашылу салтанатында "Портуға" қарсы жолдастық кездесуде ересек ойыншы ретінде алаңға шықты. Алғашқы ресми ойынын 2004 жылы 16 қазанда "Эспаньолға" қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Ал Чемпиондар лигасында тұңғыш рет 7 желтоқсанда Донецкінің "Шахтеріне" қарсы кездесуде ойнады.
2005 жылы 1 мамырда "Альбасетенің" қақпасына Ла Лигадағы тұңғыш голын енгізді. 2005 жылы 2 қарашада "Панатинаикостың" қақпасына Чемпиондар лигасындағы тұңғыш голын соқты.
2006/07 жылғы маусымда Мессидің таланты толығымен ашыла бастады. Эль Класикода хет-трик жасады, бұл кездесу 3:3 есебімен тең аяқталды. 2007 жыл қорытындысында 20 жасар Месси "Алтын доп" үшін таласта Кака мен Криштиану Роналдудан соң үшінші орын алды. 2007/08 жылғы маусым "Барселона" үшін де, Месси үшін де ауыр соқты, клуб ешқандай жүлде ала алмады, Месси жиі жарақаттанумен болды. Маусым қорытындысында Франк Райкаард бапкерліктен кетті де, орнына Хосеп Гвардиола келді. 2008 жыл қорытындысында "Алтын доп" үшін таласта Криштиану Роналдудан соң екінші орында қалды.
2008/09 жылғы маусым басында Роналдиньо клубтан кетті де, Месси 19 нөмірден 10 нөмірге ауысты. Бұл маусымда Месси 23 гол соқты, 12 нәтижелі пас иесі атанды. Маусымды клуб бұрын-соңды болмаған сәттілікпен аяқтады, УЕФА Чемпиондар лигасымен қоса Испания чемпионаты мен Испания кубогында топ жарды. Месси 9 голмен Чемпиондар лигасының үздік мергені атанды.
2010 жылы 1 желтоқсанда Месси "Алтын доп" иесі атанды, екінші орындағы "мәңгілік бәсекелесі" Роналдудан 240 ұпай озып кетті (Месси 473 ұпай жинады). Сондай-ақ 2010/11 жылғы маусымда клуб УЕФА суперкубогын, Испания суперкубогын, клубтар әлем чемпионатын жеңіп, бір жылдағы мүмкін болған алты жүлденің бәрін иеленді.
Месси 21 желтоқсанда "2009 жылғы әлемнің үздік футболшысы" номинациясын иеленді, "Бриллиант доп" иесі атанды, бұл тұрғыда Кака, Хави, Иньеста, Роналду секілді футболшыларды артта қалдырды.
2010 жылғы 10 қаңтарда "Севилья" қақпасына "Барселона" сапындағы 100-ші голын соқты. 6 сәуірде УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалындағы қарымта матчта "Арсеналдың" қақпасына төрт гол соғып, покер жасады, бірақ "Барселона" бұл жылы чемпиондар лигасында озып шыға алмады, есесіне Месси сегіз голмен турнирдің үздік мергені атанды.
2011 жылы 10 қаңтарда қатарынан екінші рет "Алтын допты" иеленіп, Мишель Платини, Марко ван Бастен, Кевин Киган және Роналдо секілді футболшылардың жетістігін қайталады.
2010/11 жылғы маусым қорытындысында барлық турнирлердегі соққан голдарының санын 50-ге жетікізіп, Ференц Пушкаштың рекрдын жаңалады (Пушкаштікі 49 гол). Сондай-ақ қатарынан үшінші жыл УЕФА Чемпиондар лигасының үздік мергені атанды.
2012 жылы 9 қаңтарда қатарынан үшінші рет "Алтын допты" иеленді. Бұған дейін қатарынан үш рет алу тек Мишель Платинидің ғана қолынан келген. 2012 жылы 14 желтоқсанда тағы да төртінші рет қатарынан осы номинацияда озып шығып, теңдессіз рекорд жасады.
2013 жылы 16 ақпанда "Барселона" сапындағы голдар санын 300-ге жеткізді. 30 наурызда "Сельтаның" қақпасына гол соғып, Испания чемпионатында қатарынан 19 матчта гол соққан (11-29 турлар) тұңғыш футболшы атанды.
2014 жылы 23 наурызда "Реал Мадрид" қақпасына 21-ші голын соқты, бұл да "Эль Класикодағы" рекордтық көрсеткіш. Сондай-ақ Испания чемпионаттарындағы гол санын 236-ға жеткізіп, Ла лига тарихында бірінші орынға шықты. Оған қоса, "Сантьяго Бернабеуде" "Реал Мадрид" қақпасына хет-трик жасаған тұңғыш футболшы боп тарихқа енді.
2015 жылы 18 сәуірде "Валенсия" қақпасына "Барселона" сапындағы 400-ші голын енгізді. 6 мамырда еурокубоктердегі 100-ші ойынын өткізді, УЕФА чемпиондар лигасының жартылай финалындағы бұл ойында "Барселона" "Баварияны" 3:0 есебімен ұтты. Үш голдың екеуін Месси соқты. Финалда да "Барселона" 3:1 есебімен "Ювентусты" ұтты да, Месси Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас (27 жаста) үш дүркін жеңімпаз атанды.
2017 жылы 25 қарашада клубпен келісім шартын 2021 жылға дейін ұзартты. 2018 жылы клубтан Андрес Иньеста кеткен соң команда капитаны болып тағайындалды.
2019 жылы 9 қарашада Ла Лигадағы 34-ші хет-тригін соқты. 2019 жылы 2 желтоқсанда алтыншы рет "Алтын допты" иеленіп, Криштиану Роналдуды артқа тастады.
2021 жылы 1 шілдеде "Барселонамен" келісім шарт мерзімі аяқталып, еркін агент атанды.
2021 жылдың 5 тамызында клуб пен алдағы болашақ жайлы бір келісімге келе алмаған Месси "Барселона" клубынан біржола кетті. Бұл туралы "Барселона" клубы ресми сайтында мәлімдеді. 10 тамыз күні "Пари Сен-Жермен" клубымен келісім шарт жасасты.
2023 жылдың шілдесінде АҚШ-тың «Интер Майами» клубына ауысты. Келісімшарт мерзімі 2025 жылға дейін жасалды.
Алған жарақатына қарамастан 2006 жылы Әлем чемпионатына баратын ұлттық команда құрамына енгізеді. Топтық турнирде Кот-д´Ивуарға қарсы кездесуде алаңға шықпады, келесіде Сербия мен Черногориямен өткен матчта ойын барысында алаңға шығып, бір гол соқты және бір нәтижелі пас шығарды.
2008 жылы Аргентина құрамасымен бірге Пекиндегі жазғы Олимпиада ойындарында алтын жүлдеге ие болды.
2010 жылғы әлем чемпионатында Месси гол соға алмады, бірақ командаластары соққан голдардың бәрінде шабуылға белсене араласты. Бұл жолы Аргентина ширек финалдан аса алмады. Соған қарамастан, Месси чемпионатың үздік ойыншысы атанды. 2014 жылғы әлем чемпионатында Месси топтық кезеңнің өзінде-ақ төрт гол соқты. Бұл турнирде Аргентина жинақы ойнады, финалға жетті, бірақ үшінші чемпионат қатарынан Германиядан сүрінді.
2015, 2016 жылғы Америка кубогында Аргентина екі рет финалда ұтылды, чемпионаттан соң Месси құрамадағы карьерасын аяқтауға шешім қабылдады, бірақ ұзамай қайта оралды. 2018 жылғы әлем чемпионатында Месси топтық турнирде бір гол соқты, 1/8 финалда Францияға қарсы екі голдық пас бергенімен, құрама 3:4 есебімен жеңілді.
Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш жүлдесіне 2021 жылы қол жеткізіп, Оңтүстік Америка чемпионы атанды. Турнирдегі ең үздік ойыншы, бомбардир, ассистент жүлдесіне ие болды.
2022 жылғы әлем чемпионатында 7 ойында 7 гол соғып, өзінің мансабында алғашқы рет әлем чемпионы атанды. Әлем чемпионатында ең үздік ойыншы ретінде танылды және Мбаппеден (8 гол) кейінгі сұрмерген болды.
Месси біраз уақыт бойы Росариодан шыққан жас аргентиналық қыз Макарена Лемоспен кездесті. Месси мен Лемос Германияда өткен әлем чемпионатында кездесіп жүрді. Жас кезінде Месси аргентиналық модель Лусияна Саласармен жақын қарым-қатынаста болды. 2009 жылдың қаңтар айында «Хэт трик Барса» атты бағдарламада берген сұхбатында: «Менің кездесіп жүрген қызым бар, ол Аргентинада өмір сүреді, және мен онымен бақыттымын»,— деген еді. Бірақ Месси сол уақытта көпшіліктің көзіне Антонелла Рокуццо есімді қызымен Сиджестегі карнавалда көрінді. (Рокуццо — Мессидің туған жері Росариодан).
2012 жылы қарашаның 2-сі күні Месси мен Антонеллоның тұңғышы Тьяго дүниеге келді. 2015 жылдың 11-ші қыркүйегінде екінші ұлдары Матео дүние есігін ашты. 2018 жылдың наурыз айының 10-шы жұлдызында ұлдары Чиро дүниеге келді.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Лионель Месси, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.