Криштиану Роналду душ Сантуш Авейру (порт.
Cristiano Ronaldo dos Santos Aveiro, 1985 жылы 5 ақпанда туған, Фуншал, Мадейра, Португалия) — португалиялық футболшы, Сауд Арабиясының Әл-Наср клубы мен Португалия футбол құрамасының шабуылшысы әрі капитаны. Футбол тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі. Португалия құрамасы мен "Реал Мадрид" тарихындағы ең үздік мерген, 2008, 2011, 2014, 2015 жылдары "Алтын бутсы" иегері атанған футболшы, "France Football" нұсқасы бойынша 2008, 2016, 2017 жылдары және "France Football" мен ФИФА анықтамасы бойынша 2013, 2016 жылғы "Алтын доп" иегері. 2008, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017 және 2018 жылдары УЕФА Чемпиондар Лигасының үздік мергені болды. 2016 жылғы Еуропа, 2018 жылғы Ұлттар Лигасының чемпионы.
Криштиану Роналду | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Толық аты | Криштиану Роналду душ Сантуш Авейру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Лақап аттары | "CR7", "КриРо" | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні | 5 ақпан 1985 (39 жас) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | Фуншал, Мадейра, Португалия | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | Португалия | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы | 187 см | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Салмағы | 85 кг | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция | шабуылшы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб | Әл-Наср | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Номері | 7 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Марапаттары мен медальдары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Криштиану — отбасындағы төртінші перзент. Есімін АҚШ-тың сол кездегі президенті Рональд Рейганның құрметіне қойылыпты. Балалық шағындағы сүйікті клубы "Бенфика" болған екен. Балалық шағында "Андоринья", "Насьонал Фуншал", "Спортинг" клубтарының жастар командасында ойнап, футбол ойнауды үйренді.
Криштиану Роналду Португалияның Мадейра аралындағы Санту-Антониу жұмысшы кварталдарында дүниеге келген.
Әкесі, Жозе Диниша Авейру, қарапайым бағбан болған. Анасы, Мария Долореш душ Сантуш Авейру, аспаз болып жұмыс істеді. Криштиануның ағасы және 2 әпкесі бар: ағасы Угу (1975 жылғы) және әпкелері Эльма (1974 жылғы) мен Лилия Катиа (1976 жылғы).
Ата-анасы оны кішкентайынан еркелетіп Ронни деп атаған. Роннидің отбасы төбесі қаңылтырмен жабылған шағын ғана лашықта тұрды. Үйдің тарлығы соншалықты, олар кір жуанатын машинасын пайдаланбайтын уақытта артық орын алмас үшін шатырға шығарып қоятын.
"Балалық шағым күрделі жағдайда өтті. Бірақ мен өзіме бір нәрсенің жетпегенін сезінген емеспін. Менің ата-анам өте көп жұмыс істеді. Бізге ешнәрседен таршылық көрсетпес үшін олар қолдарынан келгеннің барлығын жасады", - деп еске алады Криштиану.
"Спортингтің" негізгі құрамында не бары 16 жасында, 2001 жылы 15 тамызда "Атлетико Лиссабонға" қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты. 2002 жылы тамыз айында ғұмырындағы тұңғыш жүлдесіне қол жеткізді, "Спортинг" Португалия суперкубогын ұтып алды.
Жас талантты футболшыны алғашқылардың бірі боп "Ливерпульдің" бас бапкері Жерар Улье байқады, бірақ оны тым жассынғандықтан, келісім шарт жасасуға асыққан жоқ. 2003 жылы жазда Лиссабондағы "Жозе Алваладе" стадионының ашылу салтанаты болып, "Спортинг" пен "Манчестер Юнайтед" кездесті. Осы матчта манкуниандықтардың бапкері Алекс Фергюсон Роналдудың тегін футболшы еместігін аңғарып, бірден командаға тартады.
Роналду осылайша "Манчестер Юнайтедте" ойнаған тұңғыш португалдық футболшы боп тарихта қалады. Роналду өзіне 28-нөмірді сұрайды ("Спортингте" осы нөмірмен ойнаған-ды), бірақ оған сол жазда командадан кеткен Дэвид Бекхэмнің 7-ші нөмірін береді. "Мына құрмет маған баға жетпес мотивация берді, мен енді өзіме білдірілген сенімді ақтауға тиісті екенімді ұқтым" дейді бұл жайлы Роналду.
Тұңғыш ойынын 2003 жылы 26 тамызда "Олд Траффордта" "Болтон Уондерерске" қарсы өткізді. Тұңғыш голын сол жылы 1 қарашада "Портсмуттың" қақпасына енгізді. 2005 жылы 29 қазанда "Манчестердің" премьер-лигадағы мыңыншы голының авторы атанды.
2007 жылы 5 мамырда "Манчестер Сити" қақпасына манчестерлік клуб сапындағы 50-ші голын енгізді. Осы маусымда тұңғыш рет Англия чемпионы атанды. 2007/08 жылғы маусым Роналду үшін сәтсіздеу басталды. "Портсмут" футболшысы Ричаррд Хьюзді баспен соққаны үшін алаңнан қуылды да, үш кездесуден шеттетілді. Өзінің айтуынша, осы жәйттен өзі көп сабақ алған, ендігәрі ешқашан футболшылармен олай төбелеспеуге бел байлапты.
2007 жыл қорытындысында "Алтын допты" анықтауда бразилиялық Какадан артта қалды. Есесіне 2007/08 жылғы маусым табысты аяқталып, "Манчестер Юнайтед" УЕФА чемпиондар Лигасын ұтып алды, Мәскеуде "Челсимен" финалдық ойында Роналду бір гол соқты, матчтын соңғы пенальтилер сериясында қателескеніне қарамастан, клуб турнир жеңімпазы атанды. Ал Англия чемпионатында 31 гол соғып, үздік мерген атанды, 2008 жыл қорытындысында "Алтын бутсы" иегері болумен қатар, ФИФА Алтын добына қол жеткізді.
2009 жылы 11 маусымда 93,4 млн. еуроға "Реал Мадридке" ауысып, 2001 жылғы Зиданды алған кездегі трансферлер рекордын жаңартты (Зиданның құны 76 млн еуро болған-ды). Роналду 9-нөмірлі жейдені киді, 2010 жылы клубтан Рауль Гонсалес кеткен соң 7-нөмірді иеленді. Алғашқы маусымда-ақ 35 ойында 33 гол соқты.
2011 жылы 6 ақпанда "Реал Сосьедад" қақпасына гол соғып, Испания чемпионатындағы голдар санын 50-ге жеткізді. Ал 100-ші голын 2012 жылы 5 мамырда "Гранада" қақпасына енгізді. Осы маусымда Испания чемпионатында 46 гол соқты, осынша керемет нәтиженің өзі үздік мерген атануына аздық қылды, бірінші орынға "Барселона" футболшысы Лионель Месси иелік қылды. Ал 2012/13 жылғы маусымда 12 голмен УЕФА Чемпиондар Лигасының үздік мергені атанды.
2015 жылы 30 қыркүйекте Испания чемпионатындағы 324-ші голды соғып, бұған дейінгі Рауль Гонсалестің рекордын жаңартып, клуб тарихындағы мергендер көшінде бірінші орынға шықты.
Жалпы алғанда, "Реал" сапында 438 ойын өткізіп, 450 гол соқты.
2018 жылы 10 шілдеде "Ювентуспен" келісім шарт жасасты. "Реал Мадрид" баспасөз орталығының хабарлауынша, туриндік клубқа ауысуды Роналдудың өзі қалаған. Бұл жолғы трансфер 112 млн еуромен іске асты. Италиялық клуб сапындағы тұңғыш ойынын 18 тамыз күні сырт алаңда "Кьевоға" қарсы өткізді. 2018/19 жылғы маусымда Италия чемпионатында 21 голдың авторы атанды.
2021 жылы 28 тамызда "Манчестер Юнайтедке" қайта оралды. Трансфер құны 20 миллионды құрады.
2003 жылы 20 тамызда Қазақстан құрамасына қарсы жолдастық кездесуде (1:0) тұңғыш рет Португалия құрамасы сапында алаңға шықты. Криштиану 2004 жылдан бастап көп жылдарға дейінгі Әлем чемпионаттарының бәріне қатысты, және ешқайсысынан голсыз қайтпады. 2004 жылғы Еуропа чемпионатында екі гол соқты, бірақ құрама өз елінде өткен чемпионатта күміс жүлдені қанағат тұтты.
Жалпы, 2016 жылы төртінші Еуропа чемпионатына қатысып, төртеуінде де гол соқты, бірақ жалпы голдар саны 9-ға жетіп, турнир тарихындағы үздік мерген атана алмады, бірінші орынды әйгілі Мишел Платинимен бөлісіп тұр. 2016 жылы ғұмырында екінші рет Еуропа чемпионатының финалында ойнады, финалда оларға алаң иелері Франция қарсылас болды. Ойынның не-бары сегізінші минутында Димитри Пайет бұған оңай соқтығысты да, ауыр жарақат алды. Дәрігерлердің көмегімен ойынды жалғастырғанымен, 23-минутта біржола алмастырылды. Бірақ бәрібір Португалия құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетіп, Еуропа чемпионы атанды.
2018 жылғы әлем чемпионатын да Роналду керемет бастады. Топтық кезеңнің бірінші турында Испания қақпасына үш гол соқты, бірақ мұнысы тең ойынға ғана жеткілікті болды. Бұл турнирде Португалия 1/8 финалда Уругвайдан ұтылды.
2020 жылы 9 қыркүйекте сырт алаңда Швецияның қақпасына құрама сапындағы 100, 101-ші голдарын соқты. Бұл УЕФА Ұлттар лигасының матчы болатын.
2020 жылғы Еуропа чемпионатында 5 гол соғып, Еуропа чемпионаттары тарихында мергендер көшінде топ басына шықты (14 гол).
Спортинг (Лиссабон)
Манчестер Юнайтед
Реал Мадрид
Ювентус
Әл Наср
Португалия
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Криштиану Роналду, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.