Кен — жер қабығындағы бір минералдан немесе минералдар агрегатынан тұратын, пайдалы қазбалардың ерекше жекеленген табиғи жиынтығы.
Ерекше бір территорияда орналасқан және жалпы геологиялық құрылысы жағынан байланысты кендер тобы бассейн немесе аудан деп аталады (мыс.: Қарағанды көмір бассейні, Атасу темір кені ауданы, тағы басқалар).
Ғалымдардың көпшілігі металлогендік факторлар терминінің шартты синонимі деп есептейді. Алайда кен бақылаушы факторлар терминімен тек қана кенді аудандар мен жергілікті кенді алаңдар өңіріндегі кен қалыптасу және таралу заңдылықтарын қамтамасыз ететін факторларды ғана кескіндеген жөн. Мұндай факторлардың қатарына жататындар — литологиялық, құрылымдық, магмалық, құрьшымдық-магмалық, литологиялық-құрылымдық, литолөгиялық-стратиграфиялық және т.б. факторлар. Бұл аталғандардан гөрі ірірек дәрежелі, яғни тектоникалық-магмалық, құрылымдық-фациялық, жемірілу тереңдігі және т.б. факторлар металлогендік факторлар деп аталатын ұғымдар шеңберіне кірмекші.
Сапасы мардымдьшық талаптарына шамалас болғанымен, мөлшері тұрғысынан қазіргі уақытта игеруге келмейтін минералды шикізаттың шағын шоғырлары.
Кен түзуші әр түрлі минералдық агрегаттардың кеңістіктегі арақатыстылығымен және бағыттылығымен сипатталатын кенді массаның құрылыс ерекшеліктері.
Домалақ, эллипсоидті немесе бұрыс пішінді кішігірім кен шоғырлары мен тасберіштері.
Гидротермалық кенорындардағы кен түзілу процесінің басты сатысына сәйкес келетін температура мөлшері; бұл кендер жоғары температуралы (500— 300°С), орташа температуралы (300— 200°С) және төмен температуралы (200— 50°С) болуы мүмкін. Кен қалыптастыру температурасын анықтау шаралары минералдарды жасанды түрде дайындау, минералды ассоциациялардағы газды-сұйықты кірікпелерді зерттеу және изотопты талдау әдістері арқылы жүзеге асырылатын геологиялық термометрияға негізделген.
Кенді құрайтын заттардың іріктелу, қозғалу және шоғырлану процестерін жүзеге асыратын геологиялық түзілімдер бірлестігі.
Жер қыртысы мен жоғарғы мантия өңірлеріндегі химиялық элементтердің нақтылы заңдылықтарға сәйкес жіктелуі және қозғалыстарға ұшырауы нәтижесінде ғанда әлдеқайда мол минералданған түрлі пішінді кенді алаптар; әдетте тектоникалық жарылымдардың тоқайласу өңірлеріне сәйкес келеді.
Кен түзілу процесі жер бетінен 3—15 км терендіктер аралығында өтеді деп шамаланатын жағдай.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — геология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Кен, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.