Жиһад

Жиһад (араб.: الجهاد‎ — сөзбе-сөз: ықыластану, ұмтылу) — Исламда тиянақты құрылған теологиялық концепция.

Этимология

Жиһад сөзінің сөзге жуық мағынасы — Ислам Дінінде Аллаһ жолында тырысу, әділдікке шақыру, залымдарды зұлымдық істеуден тоқтату және әділетсіздікке қарсы күрес.

Құран Кәрімде

Жиһад сөзі Құран Кәрімде 41 рет кездеседі.

Жиһад — мұсылман қауымының ең басты міндеттерінің бірі, исламның таралуы мен салтанат құруы жолында барлық күші мен мүмкіндігін сарқа жұмсау. Алғашқыда Жиһад сөзі мұсылман мемлекеттерінің әскери іс-қимылы деген ұғым берді. Ал бұл мұсылман еместер үшін негізгі мәнге айналып, “қасиетті соғыс” (бірсыпыра мұсылман халықтарында — ғазауат) атауын иеленді. 9 — 10 ғ-лардан бастап Жиһад атауы жаңа мазмұнмен толықтырылды: Жиһадтың жоғары формасы — Аллаға барар жолда өзіңді-өзің іштей жетілдіруді білдіретін діни Жиһад туралы, сондай-ақ, Жиһадтың төрт түрі — қылыш Жиһад, жүрек Жиһад, тіл Жиһад және қол Жиһад туралы түсінік пайда болды.

Ұлт-азаттық қозғалысы кең өріс алған кезеңде Жиһад идеялары отаршылдыққа қарсы күресті күшейте түсу үшін пайдаланылды. Қазіргі кезде ислам ғалымдары Жиһадтың қорғаныстық сипатын ерекше атап көрсетеді және исламды тарату мен орнықтыруды бейбіт жолмен жүргізуге болатындығын тұжырымдайды. Сондай-ақ, Жиһад ұғымы мұсылмандарды исламды қорғауға жұмылдыратын күш ретінде түсіндіріледі.

Дереккөздер


Tags:

Араб тіліИсламЫқыластануҰмтылу

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ақпарат технологиясыЖалғаулық шылауларӨнеркәсіпОтынҚазақстанның Мәдени мұра жобасыЖалпы ішкі өнімИспанияСырым ДатұлыТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевЖыныс мүшелерінің құрылысыДәрілік өсімдіктерМутацияҚазақстан теңгесіЖүйке жүйесіҚазақ ұлттық киімдеріЖаңа экономикалық саясатӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)Жұқпалы ауруларАқбілек (роман)ҰлыбританияТозаңдануЯдроАлғашқы қайта өрлеу дәуіріӘлішер НауаиҚазақстандағы жаңа экономикалық саясатӘуе көлігіБалғынбек ИмашевМақалаСалалас құрмалас сөйлемСперматозоидШәкәрім ҚұдайбердіұлыМіржақып ДулатұлыОрганикалық затПротерозойMicrosoft AccessБразилияҚоректік тізбекЖеті жарғыҚытайШерхан Мұртазаұлы МұртазаЖарықтың шағылуыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныЛенинград шайқасыВаршава келісімі ұйымыКөмірҚазақстандағы алюминий кеніАлгоритмҚасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевҚызыл кітапЖасанды интеллектЖалғауӘжеӘл-ХорезмиСелекционерҰйғырларАнықтауышҚазақстан халқы ассамблеясыЕжелгі Рим өнеріСөйлемҚазақ батырлар тізіміОңтүстік ҚазақстанӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаНаурыз мейрамыАшық тұқымдыларМәтінЕділ қағанҚырғызстанЛатын АмерикасыҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніКешенді қосылыстарАтомЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларҚызмет көрсетуОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыМәңгілік бала бейнеБайқоңыр (ғарыш айлағы)🡆 More