Бауыр Циррозы

Бауыр циррозы — бауыр паренхимасының фиброзды дәнекер ұлпамен қайтымсыз алмасуымен сипатталатын бауырдың созылмалы ауруы.

Этиологиясы:

Бауыр циррозының дамуына ықпал етуші факторлар:

  • Ішімдікті ұзақ уақыт тұтыну (70-80% жағдайда кездеседі)
  • Вирусты гепатиттер В,С және Д (30-40% жағдайда)
  • Паразиттік инфекциялар
  • Сирек жағдайда өт жолдарының аурулары (бауырлық немесе бауырдан тыс), әртүрлі химиялық гепатотоксиндер, дәрілік интоксикациядан дамуы мүмкін.
  • Тұқымқуалайтын зат алмасулық бұзылулармен (гемохроматоз,гепатолентикулярлық дегенерация, альфа-1 антитрипсин жеткіліксіздігі) және портал көктамыры (венасы) жүйесіндегі окклюзиялық процесстермен (флебопорталды цирроз) дамуы мүмкін.
  • Науқастардың 10-35%-ында этиологиялық себептері түсініксіз болып келеді.

Белгілері

Бауыр циррозының негізгі жалпы белгілері:

  • дене салмағының жоғалтуы;
  • іштің ыңғайсыздығы (дискомфорт);
  • әлсіздік, шаршағыштық;
  • нәжістің бұзылуы (диспепсия)
  • буындардағы ауырсыну;
  • тәбеттің төмендеуі, жүрек айну;
  • оң жақ гипохондриядағы ауырсыну мен ыңғайсыздық;
  • алақан мен аяқтардағы қызару белгілері;

Ер адамдарда жиі кездесетін клиникалық белгісі: сүт безіндегі патологиялық ұлғаю (гинекомастия).

  • Қан аралас құсық пайда болады.
  • Ауыр жағдайларда табан ісінеді, іші сұйыққа толып сыртқа кернеп кетеді.
  • Көз бен терінің сарғаюы орын алады.

Алдын алу

Асқынған циррозды емдеу қиын. Көптеген адамдар асқынған цирроздан қайтыс болады.

  1. Ішімдік қолданбау. Ішімдіктің бауырды бұзатынын ескеріңіз.
  2. Мүмкіндігінше жақсы тамақ ішіңіз: көкөністер мен жеміс-жидектер, аздап протеинді пайдалануға да болады. Бірақ протеинді тамақтардың ішінде: ет, жұмыртқа, балық, т. б. көп әуестенбеңіз, себебі бұлар ауру бауырдың жұмыс істеу қызметін қиындатады.
  3. Циррозбен ауырып жүрген кезде ісік пайда болса, тұзды тамақтан мүлдем аулақ болыңыз.


Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

МиграцияТас дәуіріАуыз бекітуҚазақстанның Ресей қоластына өтуiнiң аяқталуыҚазақстандағы хандық биліктің жойылуыОйық жара ауруыҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміХақназар ханКүйікХромосомаларҚазақ батырлар тізіміҚазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресіЭмоцияТарауих намазыҰлыбританияЖер сілкіну ошағыҚазақ билеріҚаңқаТанымал қазақтардың тізіміАзаматтық қоғамЖатыр мойны эрозиясыЭкзистенциализмПиелонефритЕсік Алтын адамыМағжан Бекенұлы ЖұмабаевДәретТүркияІлияс ЕсенберлинСтолыпин реформасыДжо БайденБақытсыз ЖамалДиффузия1921-1922 жылдардағы ашаршылықҚант диабетіНаполеон БонапартҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріАристотельЕкінші дүниежүзілік соғысАйдахоТүрік қағанатыЖұлынРобототехникаИнсулинҚазақтардың Дүниежүзілік құрылтайыҚазақстан экономикасыҚарсылықты салалас құрмалас сөйлемҚабынуТұқым қуалайтын өзгергіштікФонетикаДүниежүзілік сауда ұйымыТеңіз балдырларыҚымызҰлықбек Оразбайұлы ЕсдәулетПопуляцияТұмар ханшаФилософияАщы ішекҚиялЛексикалық талдауБатыс Қазақстан облысыНарықтық экономикаОғыздарТүркістан облысыАқбілек (роман)Бірінші Мемлекеттік ДумаҚазақ хандарыАуғанстанҚандалаДаун синдромыКаспий теңізіӘл-Бақара сүресіЫбырай АлтынсаринСұлтанмахмұт ТорайғыровҚанның ұюыТүркістан (қала)Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысЖалғауЗар Заман ақындары🡆 More