Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.
Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан, еріген қар мен мұздықтардан, қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Көптеген өзендер қыраттар мен таулардан басталады. Бірақ, төмен қарай ағып келе жатқанда оған өзгеде жылғалар, өзен-бұлақтар мен су көздері қосылады. Елді мекендердің басым бөлігі өзен жағаларында орналасады. Өзендер, сондай-ақ, ауыл шаруашылығына да қолайлы. Өйткені, өзен аңғарлары мен жазықтарының топырағы өте құнарлы болады.
Өзеннің негізгі бөліктері – бастауы (басталар жері) және атырауы (көлге, теңізге құяр жері). Ірі өзендердің жоғарғы, орта және төмен ағысы болады. Тікелей көлдерге, теңіздерге құятын немесе құмдар мен батпақтарға сіңетін өзендер – негізгі және оларға келіп қосылатын өзендер алғашқының салалары деп аталады. Негізгі өзен өзінің салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды. Өзен жүйесі мен су жиналатын алаптан өзен алабы құралады. Екі өзен алабы суайырық арқылы ажыратылады. Өзен негізінен жер бедерінің созыңқы ойыс жерлері – өзен аңғары бойымен (неғұрлым төменірек бөлігі – арна, тасқын сулар ғана жететін жері – жайылма) ағады. Өзен қар суы, жаңбыр, мұздық және жер асты суларының есебінен толығып отырады. Жергілікті жер бедеріне байланысты тау өзені және жазық-дала өзені болып бөлінеді. Өзен торының жиілігі және ағысының бағыты табиғат жағдайларына байланысты. Экваторлық белдеуде және қоңыржай белдеудің таулы аудандарында суы мол өзен торы жиі орналасқан. Шөлді аймақтарда қар суы мен қатты нөсер әсерінен уақытша өзендер пайда болады. Дүние жүзіндегі ірі өзендер: Амазонка, Ніл, Миссисипи, Янцзы, т.б. Қазақстан жерінде 85 мыңнан астам өзен мен жылға бар. Оның 8 мыңға жуығының ұзындығы 10 км-ден, 155-і 100 км-ден, 4-нің (Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл) ұзындығы 1000 км-ден асады. Барлық өзендердің су қоры 110 млрд. м3, олардың ағын мөлшері 3460 м³/с. СЭС салуға болатын 2174 өзеннің жылдық су-энергетикасының жалпы қоры – 170,6 млрд. кВт/сағ. Ірі СЭС-тер Ертіс (Бұқтырма, Өскемен), Іле (Қапшағай), Сырдария (Шардара) өзендері бойында салынған. Республикадағы ірі өзендерде жолаушы, жүк тасымалданады. Су жолының жалпы ұзындығы 6000 км. Өзен – арзан энергия көзі, бағалы балық қоймасы, жайылмасы – құнарлы топырақты шалғын.
Өзендердің топографиялық классификациясы. Ең көп тараған классификация. Оған сәйкес өзендердің ағып жатқан аймағына қарай екі түрі ажыратылады:
Олардың айырмашылығы - ағынның табиғаты жазық өзендерде тыныш және салыстырмалы түрде баяу ағады, таулы өзендерде тасқынды, тез жүреді.
Су жинау алабы бойынша өзендердің жіктелуі (өзендер көлемі бойынша).
Су режимі бойынша өзендердің жіктелуі. Ол әр түрлі факторларға байланысты жылдың әр мезгілінде өзеннің су ағынының көлемінің өзгеруіне негізделген. Профессор Б.Д.Зайковтың классификациясы бойынша барлық өзендерді төмендегіше бөлуге болады:
Өзендердің салалар саны бойынша жіктелуі. Осы классификацияға сәйкес әр өзен математикалық ағаштың бұтағы ретінде қарастырылады. Бұл жүйедегі өзендердің бастаулары бірінші класқа жатады. Қосылу арқылы олар екінші класты өзендерді құрайды. Екінші кластың екі ағыны, өз кезегінде, қосылып, үшінші класс ағынын құрайды және т. б. 12-класқа дейін.
Өзендегі су мөлшері тұрақты емес және жылдың әр мезгілінде кейбір ерекше табиғат құбылыстары орын алса, әр жылдары өзгереді. Мысалы, қатты және ұзаққа созылған құрғақшылық кезінде өзендерде су деңгейі азаяды немесе керісінше, әсіресе қарлы қыстан кейін күрт көтеріледі. Өзендегі су мөлшерінің жыл бойына өзгеруін өзеннің су режимі деп атайды.
Өзендердің су режимінің әртүрлі кезеңдерін ажыратуға болады.
Жердегі судың жалпы көлемі 1,3–1,4 млрд км³, яғни бір адамға шамамен 180 млн м³. Дегенмен, адам өмірі мен өндірісі үшін ең алдымен тұщы су қажет. Оның жердегі судың жалпы көлеміндегі үлесі небәрі 3% құрайды. Оның негізгі және ең қолжетімді көздері - өзендер мен көлдер. Тұщы судың негізгі қоры мұздықтарда (Антарктида, Гренландия, Арктика мұзы) бар және іс жүзінде пайдалану үшін қол жетімсіз, сонымен қатар қазір елеусіз тұтынылатын жер асты суларында.
Адамдардың қажеттіліктері ең алдымен өзен ағынының ресурстарымен қанағаттандырылады. Қайталанатын су алмасуды ескере отырып, өзен ағынының нақты әлемдік көлемі жылына 47 мың км³ құрайды, бірақ бұл қордың тек 1/2 бөлігі ғана пайдаланылады.
Өзен ағындарының ресурстарының жер бетінде таралуы біркелкі емес. Құрлықтың үштен бір бөлігін екі құрғақ белдеу алып жатыр:
Абсолютті көрсеткіштер бойынша өзен ағынының ең үлкен көлемі Азияға (жылына 13,2 мың км3) және Оңтүстік Америкаға (жылына 10,4 мың км3), ал ең азы Австралияға (жылына шамамен 2 мың км3) келеді.
Көптеген өзендер жер бетінен жоғалып кетуге шақ тұр. Суды көп тұтыну, қоршаған ортаны ластау, балықты шамадан тыс көп аулау, өндіріс орындарының көбеюі, суға бөгет қою тәрізді адам іс - әрекеттері мен климаттың өзгеруі тәрізді табиғи себептер жер бетіндегі барлық өзендерге қауіп төндіріп тұр. Халықаралық тылысым табиғат қоры әлемдегі жоғалу қаупі төніп тұрған 10 өзеннің тізімін жариялады.Бұл тізімдегі кей өзендердің қатты зардап шеккені сонша, түбегейлі қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбесе, олар мүлдем құрып кетуі мүмкін. Тізімдегі тағы біраз өзендердің жағдайы салыстырмалы түрде жақсы, бірақ шұғыл қамқорлыққа алмаса оларға да үлкен қауіп төнеді. Қордың мәлімдеуінше, жаһандық жылыну мен өндірістің тоқтаусыз дамуы жақын он жылдықтарда әлемнің ең күретамырлы өзендерінің біразын жойып жібермек. Мұның соңы балық түрлерінің азаюы мен су жетіспеушілігіне әкеп соғады. Зардапты он өзеннің бесеуі Азия құрлығында. Олар: Янцзы, Меконг (Қытай), Салуин (Тибет), Ганг және Үнді өзендері (Үндістан).
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Өзен, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.