Янцзы

Янцзы, Чаңжиаң (қыт.

Қытайдың аумағымен ағады.

Янцзы
қыт. 长江
Өзеннің ағысы Нанкиннің тұсында
Өзеннің ағысы Нанкиннің тұсында
Сипаттамасы
Ұзындығы 6300 км
Су алабының
ауданы
1808500 км²
Су алабы Шығыс Қытай теңізі
Өзендердің
су алабы
Янцзы су алабы
Су шығыны 31900 м³/с
Бастауы
 • Орналасқан жері Тибет
 • Биіктігі 5170 м
 • Координаттары 32°36′14″ с. е. 90°53′46″ ш. б. / 32.60389° с. е. 90.89611° ш. б. / 32.60389; 90.89611 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Шығыс Қытай теңізі
 • Орналасқан жері Шаңхай мен Цзянсу
 • Координаттары 31°23′37″ с. е. 121°58′59″ ш. б. / 31.39361° с. е. 121.98306° ш. б. / 31.39361; 121.98306 (G) (O) (Я) 121°58′59″ ш. б. / 31.39361° с. е. 121.98306° ш. б. / 31.39361; 121.98306 (G) (O) (Я) (T)
Еңістігі 0 м/км
Орналасуы
Ел Янцзы Қытай

Географиялық сипаттамасы

Ұзындығы 5800 км, су жиналатын алабының аумағы 1808,5 мың км².

Бастауын Тибет таулы қыратының орталық бөлігіндегі 5500 метр биіктіктегі Тангла және Кукушили жоталарындағы мұздықтардан алып, Шығыс Қытай теңізіне атырау жасап (ауданы 80 мың км²) құяды.

Янцзы аңғар, арна және ағын ерекшеліктеріне қарай 3 бөлікке бөлінеді:

  • жоғарғы ағысы – бастауынан Ибинь қаласына дейін (2700 км),
  • орта ағысы – Ичан қаласына дейін (1020 км)
  • төмен ағысы – атырауына дейін (2080 км).
Янцзы 
Янцзы өзенінің алабы.

Жоғары ағысында терең, тар шатқалмен су құлама жасап ағады, еңісі 5 мың метрден асады.

Орта ағысы қырқалы Сычуань қазаншұңқыры және қатпарлы жоталар үстімен өтеді, еңісі 251 метр, орташа ені 300 – 600 метр, шатқалдардағы тереңдігі 80 – 110 мтр, ағыс жылдамдығы 5 – 7 м/с.

Төмен ағысы аллювийлік Цзянхань және Солтүстік Қытай жазығының оңтүстік бөлігімен ағады. Еңісі 80 метр, орташа ені 600 метрден 2 км-ге дейін, ағыс жылдамдығы 1 м/с. Ірі салалары Ялунцзян, Миньцзян, Цзялинцзян, Ханьшуй (Цзюйхэ). Оң жақ жағалауындағы Дунтинху, Поянху көлдері өзеннің су ағысын реттеп отырады. Орташа су ағымы 34 мың м³/с; су режимі муссондық; жазда су деңгейінің ауытқу шегі жазық бөлігінде 10 метрге дейін көтеріледі. Янцзы және оның салаларында су тасқынынан қорғану үшін ұзындығы 2,7 мың км-дей көтерме бөгеттер (дамбылар) тұрғызылған. Өзеннің тек жоғары бөлігі ғана қатады, 2850 км бойы кеме жүзеді. Төмен бөлігі Ұлы каналмен жалғастырылған. Теңіз суының көтерілуі сағасынан 700 км-ге дейін таралады. Янцзы жыл сайын 280 – 300 миллион тонна тасындылар мен тосқындарды шайып әкетеді. Егістік (негізінен күріш алабы) суаруға пайдаланылады. Янцзы – Қытайдың басты су магистралі. Алабындағы су жолының жалпы ұзындығы 17 мың км. Өзен бойында Нанкин, Ухань, Чунцин, Чэнду, т. б. өнеркәсіп орталықтары, атырауында Шаңхай қаласы орналасқан.

Тармақтары

Янцзы тармағында 700 өзен бар. Ең ірілері:

Орта айлық су шығыны (64 жылдың мәліметтері бойынша)

Янцзы

Янцзы өзеніндегі ірі қалалар

  • Паньчжихуа
  • Ибинь
  • Лучжоу
  • Чунцин
  • Ичан
  • Цзинчжоу
  • Шаши
  • Шишоу
  • Юэян
  • Сяньнин
  • Ухань
  • Эчжоу
  • Хуанши
  • Хуанган
  • Чаоху
  • Чичжоу
  • Цзюцзян
  • Аньцин
  • Тунлин
  • Уху
  • Хэфэй
  • Чучжоу
  • Мааньшань
  • Тайчжоу
  • Янчжоу
  • Чжэньцзян
  • Нанкин
  • Нантун
  • Шанхай

Суреттер

Янцзы  Янцзы  Янцзы  Янцзы 
Янцзы Нанкин қаласының тұсында Таңгула мұздықтары өзен қайнар көзі болып табылады

Янцзы 

Сілтемелер

Дереккөздер

Tags:

Янцзы Географиялық сипаттамасыЯнцзы ТармақтарыЯнцзы Орта айлық су шығыны (64 жылдың мәліметтері бойынша)Янцзы өзеніндегі ірі қалаларЯнцзы СілтемелерЯнцзы ДереккөздерЯнцзыЕуразияЖеңілдетілген иероглифтерПінинҚытайҚытай жазуыҚытай тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қан мен терБейнелеу өнеріЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарҚызғалдақМодернизмҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыҚазақстан демографиясыДүниежүзілік көрме (2017)Халықаралық еңбектiк миграцияЭлектромагниттік индукцияҰлы Жібек жолыМіржақып ДулатұлыКонгресс кітапханасыТозаңдануЗат алмасуҮйсін мемлекетіҚант диабетіҚазақша жыл санауҚазақстан мемлекеттік рәміздеріСарқылмайтын ресурстарАзияКөлік кешеніНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіҚан топтарыЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміАқан серіАналық жыныс безіТұмар ханшаБатыс ҚазақстанАбайдың қара сөздеріАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіХолецистит316-атқыштар дивизиясыГемоглобинҒарыштануМикроэлементтерОрбұлақ шайқасыРақымжан ҚошқарбаевТеатрШылауЖануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеуҚазақстанРесурстарАмерика Құрама ШтаттарыҚоршаған ортаның ластануыТабиғи газӘлеуметтік инфрақұрылымҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыМиссионерлiкКиіз үйУнитарлы мемлекетМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)Әпке (драма)Адам даму индексіЖұлдызБіріккен Араб ӘмірліктеріҚұлдықАсан қайғы СәбитұлыМәдениетҚазақстандағы жаңа экономикалық саясатБілімАнтигитлерлік коалицияҚызыл кітапИнфрақұрылымБасынқы сөйлемАмерикадағы азамат соғысыАктинСинтаксисБиоценоз1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанӘуе көлігіII ЕкатеринаСолтүстік АмерикаМинералМайларҚазақстан Республикасының Ұлттық музейіСинонимЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРО🡆 More