Атмосфера Шебі

Атмосфера шебі немесе Атмосфера фронты — атмосферадағы өтпелі белдем немесе екі ауа массасының (шартты түрде) арасындағы жігі, әр түрлі ауа массаларының шектесу полюстері мен бөліну зоналары.

Атмосфера шебі белдемінің көлденең бағыттағы ені бірнеше ондаған км-ге, тік бағыттағы қалыңдығы бірнеше жүз м-ге дейін жетеді. Тропосферада атмосфера шебі жаңадан пайда болып, ауысып және жойылып отырады. Шеп белдемінде температура т.б. метеорол. өлшемдердің көлденең градиенттері шұғыл өседі. Басқаша айтқанда, шеп белдемінде бір ауа массасынан екінші ауа массасына өтер кезде бұл өлшемдер секірмелі түрде өзгеріске ұшырайды. Егер жылы ауа салқын ауа жағына қарай ауысса, күн жылынады. Мұндай атмосфера шебін жылы шеп дейді. Жылы шептер өткенде оның үстінде жүздеген шақырымға жететін жауын бұлты пайда болып, жауын-шашын жауады. Ал салқын ауа массасы жылы ауаны ығыстырып, ілгерілегенде, шеп өтетін жердің ауа райы салқындайды. Сондықтан оны салқын шеп деп атайды. Қазақстан жеріне жеткенде жылы ауаны ығыстырып жоғары көтеріледі, соның нәтижесінде жел соғып, найзағай жарқылдайды. Жолында кедергі жасайтын таулар болмағандықтан, Солтүстік Мұзды мұхит үстінде қалыптасқан арктикалық шеп оңтүстікке қарай ауыса отырып, биік тауларға жетіп тоқтайды.

Ауа фронты зонасында суық ауа жылы ауаның астына ұзындығы бірнеше мың километрдей, ал көлденеңі бірнеше ондаған километрдей қуалай еніп температураны, желді, ылғалдықты, тағы басқа ауа райы элементтерін тіке өзгертеді. Жылы ауа мен суық ауаның шекарасында атмосфера фронтын бойлай циклондар түзімен олардың ағыны пайда болады.

Дереккөздер

  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.


Tags:

АтмосфераАуа массасыГрадиентНайзағайСолтүстік Мұзды мұхитТропосфераҚазақстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ринат Рифхатұлы ЗайытовМарсҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыТыныс алу ауруларыБақытсыз ЖамалПневмонияБесеудің хатыАсан қайғы СәбитұлыАзаматтық іс жүргізудің құқықтық қатынастарына қатысушыларҚазан төңкерісіТотығу-тотықсыздану реакцияларыҚазақстан Республикасының ПарламентіҚазақстанның сыртқы саясатыКорея РеспубликасыКварцДамыған елдерНегіздерҚазақ-Жоңғар соғысыСемей полигоныСоғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1960)ҚырғызстанАИВ/ЖИТСКеңес Одағының БатырыАлгоритмҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріҚантамырларІсікСперматозоидҚазақстандағы көмірАрғынАзотМагниттік индукцияӨлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..ФотосинтезЖалғауМитохондрияЖеңіл атлетикаФизикалық-географиялық аудандастыруДенсаулықРим империясыСынықОрта ғасырлардағы Шығыс философиясыАйдын Ақанұлы АйымбетовЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріНафтаПысықтауышМетонимияШайтанкөлАққан жұлдыз (роман)Мәлік ҒабдуллинЛеонардо да ВинчиЖылқыФилипп Исаевич ГолощёкинНесіпбек Тұрысбекұлы АйтМобильді қосымшаларАманжол Дүйсенбайұлы ӘлтаевАзамат соғысыҰрықтануЕсік Алтын адамыҚытайДін философиясыҚұндылықСарқылатын ресурстарАйша бибі кесенесіДінСалт-дәстүрҚабанбай батырАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіӨмірзая (роман)Дәрілік өсімдіктерАлғашқы қайта өрлеу дәуірі1857-1859 Үндістан ұлт-азаттық көтерілісіИсламдағы жыныстық өмір әдебіҚышқылАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыІлияс ЖансүгіровҮндістанОмоним🡆 More