Үйрек

Үйрек, үй үйректері (Anas platyrhynchos var.

domestіca) — қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасына жататын құстар.

Үйрек

Шамамен біздің заманымыздан 1000 жыл бұрын Еуразия, Солтүстік Африка, Солтүстік Америкада жабайы барылдауық үйректі қолға үйрету арқылы шығарылған. Үйректердің ең көп тараған түрлері: бейжің (пекин) үйрегі, мәскеудің ақ үйрегі, мускусты үйрек, үндінің жүйрік үйрегі, т.б. Пекин үйрегінің басы үлкен, жалпақ, маңдайы шығыңқы, тұмсығы қызғылт-сары, сәл имектеу, арқасы кең, шоқтығына қарай биіктеу, тұлғасы кең әрі ұзын, сирағы қысқа әрі жуан, қауырсыны ақ, денесінің түсі сарғылт болып келеді. Мекиенінің салмағы 3,0 кг, аталығы 3,5 кг, 9 апталық балапанының салмағы 2,5 кг тартады. Жасы 6 — 8 айға жеткенде жұмыртқалай бастап, 7 — 8 айдың ішінде 80 —120 жұмыртқа табады. Балапан шығымы 75%. Мәскеудің ақ үйрегі сырт тұлғасы жағынан пекин үйрегіне ұқсайды. Ол тез жетіледі, өте бейімделгіш, жұмыртқасы 90 г, жылына 100-ге дейін (екі жыл бойы) жұмыртқа табады. Балапан шығымы жоғары. Мускусты үйректердің кеудесі кең денесі ұзын, жақсы ұшады; қауырсыны қара, қара ала түсті болып келеді. Мекиендерінің салмағы 2,5 — 3 кг, аталығы 4,5 — 5 кг, жақсы семірген кезде 6 — 7 кг, бауырының өзі 350 — 550 граммға жетеді. 6 — 9 айлығында жұмыртқалай бастап, жылына 60 — 120-ға дейін жұмыртқа табады. Таза еті көп, майы аз, оның құс бауырын өндіруде маңызы зор. Үндінің жүйрік үйрегі жұмыртқалағыш тұқым. Оның денесі, мойны, сирағы, құлағы ұзын жаратылған. Жылына 200-ден астам жұмыртқа табады. Дәмі тауық жұмыртқасына ұқсайды. Үйрек дәмді етімен және үлпілдеген мамығымен бағалы.Бізде оның көптеген тұқымдары өсіріледі. Әсіресе ақ үйректің екі түрі мәскеу және бейжің үйрегі, сұр украина үйрегі, ақ жемсаулы және харьков қара үйрегі көп тараған.

Үйрек - суда жүзетін құс. Жылдың жылы мезгілдерінде тоған мен көлдердің суы таяз жерінен қорегін тауып жейді.

Тағы түрлері

Үйректің түрлеріне ақ басты үйрек, өзен үйрегі, сүңгитін үйректер, мускустық үйректер, Лабрадор үйректері, жалды үйректер, қара басты үйректер, каменушка үйректері, крестті үйректер, қызғылт құлақты үйректер, тұрпандар, қызыл басты сүңгуір үйрек, доминикандық ақбас үйрек, қатты құйрықты үйректер, Хартлауб үйректері, қызғылт басты үйректер, қола қанатты үйректер, ақ арқалы ақбас үйректер, теңбіл үйректер және торыалақаз жатады. Сонымен қатар шалпылдайтын үйректер су бетінде қотарады. Өзгелері бастарын суда ұстап, су балдырлары мен ұлуларды лас судан екшелеп, аударады.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Tags:

Қазтәрізділер

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қылмыстық құқықИзомерияЕтістіктің шақ категориясы — іс-әрекетИнформатикаҚазақстанның кен ресурстарыШаңырақӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Батыс ҚазақстанШешендік сөзЭкологиялық проблемаШығыс Еуропа жазығыАмитозАлтынЖаяу Мұса БайжанұлыФизикалық-географиялық аудандастыруАналық жыныс жасушасыДауысты дыбыстарҚазақтың ұлттық тағамдарыБенье-ле-ЖуифГеографияАлаш ОрдаҚазақстан теңгесіӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановБалықтарӘлем елдерінің тізіміҚұбыр желісіБотай мәдениетіТұсаукесерЖамбыл ЖабайұлыҚызыл кітапТас дәуіріАлгоритмҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыҚамқа тонКәлимәЖіктік жалғауЖол белгілеріҰлы Жібек жолыОю-өрнекДикторШұғаның белгісіҚазақстан экономикасының тарихыҚақтығысМәшһүр Жүсіп КөпейұлыАуғанстанУрбанизацияТың игеруЖоспарлы экономикаЗат есімФосфорКеңес үкіметіУақытКанадаӘпке (драма)ЗекетЭтил спиртіЖылқы малының атауларыДостықҚазақстан қорықтарының тізіміТұран ойпатыШеңберҚазақстан географиясыАршаӘлемдік мұраАустралияСөйлемнің бірыңғай мүшелері606 жылҚазақстандағы саяси партияларЕкібастұз көмір алабыӨнерҚазақстандағы сайлау жүйесіҚұранЛаңкестік әрекетҰялы байланысТемірТрансформаторЖайылма сөйлемЭндокриңді бездер🡆 More