Құлағу Хан

Құлағу, Құлағу-хан у-хан (1217 — 8.2.1265, Мәраға, Иран) — Шыңғыс ханның Төледен туған немересі,Құлағу мемлекетінің және оны билеген әулеттің негізін қалаушы (1256 — 65). Шешесі Сорқақтан-бике керейіт Тоғорыл ханның інісі Жақамбының (Гіредей) қызы. Өзі де Тоғорылдың немере қызына үйленген. Балалық және жастық шағын әскери жорықтарда өткізді. 1251 ж. Ұлы құрылтайдың шешіміне сай Құлағу Ираннан батыстағы жерлерді: Иракты, Сирияны, Палестинаны, Мысырды, Рум мен Арменияны бағындыруға тапсырма алып, жорыққа дайындала бастады. 1254 ж. жазда Жетісу, Түркістан арқылы Самарқандқа жеткен ол 1256 ж. Аламұттың соңғы билеушісі Рүкнеддін Хүршахты тізе бүктірді. 1258 ж. ақпанда Бағдадты бағындырып, Аббас әулетін жойды. Бірақ 1260 ж. Құлағудың Кетбұға басқарған әскері Сирияда Берке хан билеген Алтын Ордамен одақтасқан Египет мәмлүктерінен жеңілді. 1262 ж. Мысыр сұлтаны Бейбарыспен аса тығыз дипломатиялық байланыс орнатқан Алтын Ордамен соғысты. Мысыр мәмлүктері және Алтын Орда арасындағы одаққа қарсы Құлағу Византиямен, крестшілермен күш біріктіруге тырысты. Сөз жүзінде ол Қарақорымдағы Ұлы ханға бағынып, одан 1256 ж. Елхан атағын алғанымен, іс жүзінде өз иелігін дербес басқарды. Құлағу тәңіршілдік дінін ұстанды, бірақ басқа діндерге ешқандай қысым көрсетпей, төзімділікпен қарады. Ғылым мен өнерді өркендетуге көп көңіл бөлді, Мәраға қаласында обсерватория салдырды.

Құлағу
Хан
Құлағу Хан
Хұлағу және Докуз-қатын
Билеген 1256 - 1265
Өмірден озды 8 ақпан 1265 ж.
Buried Шахи, Ұрмия көлі
Consort Доқыз-қатын
Father Толы
Mother Сорқақтан
Religious beliefs тибет буддизмі
Құлағу Хан
Құла8эғу-хан

Дереккөздер

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

БезОтырарМотивацияКарбон қышқылдарыТүркістан (қала)Тиләуләт сәждесіАбай Құнанбайұлының шығармаларыАс қорыту жүйесіДемографияТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыАлаш партиясының бағдарламасыЭпитетМәшһүр Жүсіп КөпейұлыҚазақстан мәдениетіОвуляцияҚазақстанның Қызыл кітабыАсқар Сүлейменов1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысШаңды дауылТарауих намазыҚұқықРезус-факторМахачқалаИталияҮндістанБұлтты технологияОрталық ҚазақстанБаяндауышАнемияАрал теңізіТері ауруларыҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріФосфорБилікҚазақстан азамат соғысы жылдарындаДемократияЛейкоциттерҚұстарМиокард инфарктіСұлтанмахмұт ТорайғыровЭстетикаКүн жүйесіЖасушаның бөлінуіҚазақтың ұлттық тағамдарыЖапонияҚаныш Имантайұлы СәтбаевФариза ОңғарсыноваМәтінСайлау жүйесіТұқым қуалайтын өзгергіштікҚантамырларҰлықбек Оразбайұлы ЕсдәулетДигибридті будандастыруАндроново мәдениетіҚазақ (қырғыз) Автономиялы Социалистік Кеңес РеспубликасыҚазақстан халқы ассамблеясыҚарағандыГипоксияҚазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуыБастауышТұншығуОйық жара ауруы1921-1922 жылдардағы ашаршылықӨсімдіктер гормондарыИнтеграцияМоғолстанҚылмысҰлы жүзНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевМитозҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыБауыр циррозыЖер құрылымыАқсу-Жабағылы қорығыҰлттық саябақтарМал шаруашылығыТоталитаризм🡆 More