Аббас Әулеті

Аббас әулеті (араб: بنو العباس‎; Бану Аббас) — Аббаси халифатын билеген әулет (749-1258).

Мұхаммед пайғамбардың ﷺ немере ағасы Аббас бин Абдуль-Мутталибтен тараған.

Аббас әулеті
араб.: بنو العباس‎
араб.: العباسيون
Аббас әулеті
Аббасидтік қара ту
Елі Аббас Әулеті Аббасилер халифаты
Аббас Әулеті

Мәмлүк сұлтандығы

Негізін салушы үйі Һашим әулеті
Титулдары Халифа

Әмір әл-Муминин
Сұлтан

Негізін салушысы Әс-Саффах
Соңғы билеушісі III Әл-Мүтәуәккил
Негізі салынған жыл 750 жыл
Құлауы 1543 жыл
Ұлты Арабтар

Мұхаммед ибн Әлидің ұлы Ибраһим жіберген өкіл Әбу Муслим бастаған шииттік қозғалыс Умәйя әулетін тақтан тайдырған соң, Аббас әулеті үкімет басына келген. Аббас әулетінің алғашқы халифасы Әбу әл-Аббас әс-Саффах (750-754) болды. 762 жылы Аббас әулетінің астанасы Шамнан (Дамаск) Бағдатқа ауыстырылды. Аббас әулетінің мемлекеті әдебиеттерде, кейде «Бағдат халифаты» деп те аталады.

Аббас Әулеті
Һарун әр-Рашид кезіндегі Аббас әулетінің иелігі

Ол «Мұсылман ренессансы» дәуірінде мәдениеті, ғылымы, әдебиеті, философиясы, математикасы,географиясы, саудасы, т.б. әлемдік дамудың алдыңғы қатарындағы мемлекет болды. Бұл халифат төңірегіндегі көптеген халық өкілдері оған өзіндік үлестерін қосып отырды. Ежелгі Шығыс, Грек, Рим өркениетінің жетістіктеріне сүйенген араб мәдениеті Еуропа елдерінің дамуына көмектесті. Аббас әулеті арасынан һарун әр-Рашид (786-809), Мамун (813-833), әл-Муғтасим (833-842) қызметтері айрықша аталды.

Кейін VIII ғ.-дың ортасында мемлекет бірлігі әлсіреді. Әр аймақта Аббас тұқымдары немесе жергілікті билеуші топтар билік жүргізе бастады. X ғасырда буилер, одан селжұқтар Аббас әулетін ығыстырыл шығарды да, олар тек діни істерге ғана араласатын болды. 1258 жылы Хұлағу хан бастаған моңғолдар Бағдатты басып алып, Аббас әулетін жойды. Тірі қалған әл-Мустансирге Мысыр сұлтаны Бейбарыс 1261 ж. әл-Қаһирада халифа атағын берген. 1517 жылы түрік сұлтаны Селим I халифаны Ыстамбұлға көшіріп, кейін халифа атағы түрік сұлтандарына өтті.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Abbasid Caliphate


Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ГерманияЖусан иісі (повесть)ҚазақстанГемоглобинТәңіршілдікМорфология (лингвистика)Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресіЕуропа одағыШарын шатқалыКанадаАдай күйіҚыпшақтарҒұндар мемлекетіСабақтас құрмалас сөйлемСталинград шайқасыГеографиялық ақпараттық жүйеЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыКүкірт қышқылыЧарлз ДарвинБақбақҚазақстан демографиясыЕркектің жыныстық мүшесіСәкен СейфуллинОмыртқа бағанасыҚимақ қағанатыӨзін-өзі өлтіруЖоспарлы экономикаҚазақ мәдениетіАрал теңізіӘл-Фатиха сүресіЕтісЕжелгі ГрекияӨркениетТүркілерТың игеруҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыҚұмырсқаларАқпарат технологиясыСұлтанмахмұт ТорайғыровҚорықтарАлғашқы көмекБұқаралық ақпарат құралдарыАбай ҚұнанбайұлыРуСелекция1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықХалық тығыздығы бойынша елдер тізіміБіріккен сөздерТеатрБалықтарФобияның түрлеріМоңғолияБөгенбай батырМәңгілік бала бейнеЕуразиялық Экономикалық ОдақУрбанизацияАнықтауышАмерика Құрама ШтаттарыЕсімшеҚола дәуіріАқтауҒылыми стильОтырар апатыАнтонимПайғамбарӘбіш КекілбайұлыОм заңыКиіз үйБайғазыТүркияКенесары ханІш өтуҒабит Махмұтұлы МүсіреповМезолитМиғражАнемияАзаматтық қоғамАдам даму индексі🡆 More