Эйфель Мұнарасы

Эйфель мұнарасы (фр.

Өзінің әйгілі құрастырушысы Густав Эйфельдің атымен аталған. Париждің бұл нышаны уақытша ғимарат ретінде, 1889 жылғы әлемдік көрменің кіреберіс дарбазасы қызметін атқару үшін жобаланып, салынған болатын. Манхеттендегі Крайслер салынғанға дейін 40 жыл бойы әлемдегі ең биік мұнарасы болып саналды.

Эйфель мұнарасы
La Tour Eiffel
Эйфель Мұнарасы
Ғимараттың үлкен жетістігі

1889 — 1930 жылдар арасында ең биік құрылыс

Жалпы мәлімет
Түрі

обсерватория, теледидар және радио тарату

Орналасуы

Париж, Франция

Құрылысы басталды

1887

Құрылысы аяқталды

1889

Ашылған уақыты

31 наурыз 1889

Биіктігі
Антеннаның төбесі

324.00 м

Шатыры

300.65 м

Ең соңғы қабат

273.00 м

Техникалық сипаттамасы
Қабаттар саны

3

Лифтілер

9

Дизайны мен құрылымы
Иемденуші

Париж әкімшілігі

Басқарушы орган

Société d'Exploitation de la Tour Eiffel (SETE)

Сәулетшісі

Гюстав Эйфель

Картада орналасуы
Эйфель мұнарасы (Франция)
Эйфель Мұнарасы
Эйфель мұнарасы

2°17′40″ ш. б. / 48.85806° с. е. 2.29444° ш. б. / 48.85806; 2.29444 (G) (O) (Я)

Эйфель мұнарасы

Teletex Holіday тур фирмасы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, әлемнің 7 кереметінің ішінде Эйфель мұнарасы екінші орында тұр. Осы уақытқа дейін мұнараның үшінші қабатына 200 млн адам көтерілген. Ол бүгінде Францияның символына ғана айналып қоймай, жылына 53 миллион еуро әкелетін үлкен табыс көзіне айналды. 2007 жылы Эйфель мұнарасының 120 жылдық мерейтойы аталып өткен болатын. 2005 жылы осы мұнараның астына су қатырылып, мұз айдыны жасалынды.

Мұнараның туралы

Эйфель Мұнарасы 
1888 жыл, маусым, құрылыс кезі.

Эйфель мұнарасын Марс алаңында құрастыруға екі жылдан астам уақыт кеткен. Сол кездегі ең биік деп саналған Хеопс пирамидасы (137 м), Кельн шіркеуі және Ульм шіркеуінен (167 м) екі есе биік болған.

Францияның символына айналған Эйфель мұнарасының биіктігі – оның құзар басындағы антеннасымен қоса есептегенде 322 метр. Ал салмағы он мың тонна. Алып мұнара үш бөліктен тұрады. Ең үстінде орналасқан үшінші бөлім 274 метр биіктікте орналасқан. Оның төбесіне не лифтімен, не 1792 баспалдақпен жаяу көтерілуге болады.

Кезінде Гитлер Францияны басып алғаннан кейін Эйфель мұнарасына шығуға келеді. Сол кезде лифті істемей қалып, ол 1792 баспалдақпен жаяу көтерілген деген аңыз бар.

Мұнараны бір мезгілде 10,400 адам аралай алады. Оған жылына 6 миллион адам көтеріледі.

Густав Эйфель

Эйфель Мұнарасы 
Мұнараның алғашқы эскизі. Морис Кёхлен, 1884 жыл

Оның атын өзін жасап шыққан конструкторы Густав Эйфельдің құрметіне қойған. Эйфельдің жобасы 700 жобаның ішіндегі ең үздігі деп танылып, конкурсты жеңіп алады.

Густав Эйфель «Бостандық статуясының» темір құрылысын ойлап тауып жасаған, кейіннен оны Франция Америкаға сыйға тартты. Бүгінде ол АҚШ-тың символына айналып шыға келді.

Эйфель мұнарасының құралымы

Эйфель Мұнарасы 
Ейфел мұнарасы астынан көрініс.

Алып мұнара француздардың туындай үшке бөлінген. Алғашында оның бірінші қабатында мейрамханаға қажет бөлмелер, екінші қабатында лифтіні көтеруге арналған су қоймасы мен әйнек галереясындағы мейрамханалар орналасады. Ал үшінші қабатында астрономиялық және метеорологиялық обсерватория және физика кабинеті болған.

Эйфель мұнарасының бірінші бөлігі – 57 м биіктікте, екінші бөлігі – 115 м, ал үшіншісі – 274 м биіктікте орналасқан. Бүгінде оның әрбір қабатында барлар мен мейрамханалар және бақылау алаңдары бар. Оның ең үстіңгі қабатында маяк орналасқан. Оған түскен прожекторлардың жарығы 70 шақырым жерден көрініп тұрады. Мұнара басында физиктер жердің тартылыс күшінің принциптерін зерттеген, теңізшілер уақытты айырған. Оның төбесінен 140 шақырымға дейінгі аймақты шолуға болады.

«Құбыжық қаңқа»

Кезінде Ги де Моппасан Эйфель мұнарасын «құбыжық қаңқаға» теңеген. Ол оны жек көргені сондай, француз элитасын оған қарсы қойып, оны қайтадан құлатып тастауға атсалысқан. Француз жазушысы:

«Мен Эйфель мұнарасын көрмес үшін Эйфель мұнарасының ішінде отырып, мейрамханада тамақтанамын. Өйткені бұл мұнараның Парижден көрінбейтін жері өзінің іші ғана болып тұр»,

– деген.

Радио және телевидение

FM-Radio

Бағдарлама Жиілік Қуаттылық
France Inter
Regional 90,35 МГц 3 кВт
France Culture 93,35 МГц 3 кВт
France Musique 97,6 МГц 3 кВт

TV

Бағдарлама Арна Жиілік Қуаттылық
Canal+ 6 182,25 МГц 100 кВт
France 2 22 479,25 МГц 500 кВт
TF1 25 503,25 МГц 500 кВт
France 3 28 527,25 МГц 500 кВт
France 5 30 543,25 МГц 100 кВт
M6 33 567,25 МГц 100 кВт

Қызықты деректер

Эйфель Мұнарасы 
  • Мұнара салмағы 7 300 тоннаға жетеді.
  • 1889 жылы құрылыс жұмыстары біткен соң, Эйфель мұнарасы әлемдегі ең биік ғимарат деп танылып, қырық жылға жуық осы мәртебеге ие болды.
  • Бұл күнде Эйфель мұнарасы Франциядағы ең биік ғимараттар арасында 5-орынға ие.

Мұнараны тот басудан сақтау мақсатында әр жеті жыл сайын бояу жұмыстары жүргізіліп, 50-60 тонна сыр кетеді.

  • Эйфель мұнарасының шағын көшірмелері әлемнің бірқатар қалаларында бар: Лас-Вегас (АҚШ), Гаунчжоу және Шэньчжэн (Қытай), Слобозия (Румыния), Копенгаген (Дания), Варна (Болгария), Алматы (Қазақстан) және т.б

Дереккөздер


Tags:

Эйфель Мұнарасы Мұнараның туралыЭйфель Мұнарасы Густав ЭйфельЭйфель Мұнарасы Эйфель мұнарасының құралымыЭйфель Мұнарасы «Құбыжық қаңқа»Эйфель Мұнарасы Радио және телевидениеЭйфель Мұнарасы Қызықты деректерЭйфель Мұнарасы ДереккөздерЭйфель МұнарасыПарижФранцуз тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ғаламдық экологиялық проблемаларУнитарлы мемлекетЖай механизмХақназар ханМонархияМенің атым Қожа (фильм)Күн (жұлдыз)Әбу Райхан әл-БируниТүркияДамушы елдерКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысДемократияЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановТүсті металлургияӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)ӨркениетЭссеЖүйке жүйесіТың игеруКорея РеспубликасыСын есімнің шырайларыӨңдеуші өнеркәсіпРим империясыБуддизмТоқырау жылдарындағы ҚазақстанДүниежүзілік сауда ұйымыҚазақстан мейрамдарыКөміртегіХромосомаларМитохондрияБарыс (жануар)PythonМұхаммедСоленоидАктинТөл сөзҚазақстан мәдениетіБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевТарих философиясыСауд АрабиясыЖелтоқсан көтерілісіМөде қағанБасты бетОттегіҚажымұқан МұңайтпасұлыАзотРоботАлғашқы қайта өрлеу дәуіріСаяси мәдениетБатыс Түрік қағанатыӘуе көлігіМұнайБір жасушалыларСарматтарЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріАвангардизмБөкей ОрдасыДүниежүзілік көрме (2017)ҒылымАлғашқы көмекҚарағанды облысыҚұрмалас сөйлемНаурызым қорығыСөз табыҚола дәуіріШарын шатқалыХалықаралық валюта қорыАдам қаңқасыТіршілік ортасыТәуелдік жалғауҰлпан (роман)Арал экологиясыҚарлұқ қағанатыII ЕкатеринаКөлік кешеніТүркістан (қала)ҚұндылықБұқаралық мәдениетСүтқоректілер🡆 More