Фарер Аралдары

Фарер аралдары — Еуропада орналасқан аралды ел.

Исландияның шығысында, Норвегияның батысында жайғасқан. Данияға бағынатын автономия. Фарер аралдары — Атлант мұхитының солтүстік-шығыс бөлігінде, Норвег теңізінде орналасқан аралдар тобы. Жалпы ауд. 1,4 мың км² болатын 34 аралдан тұрады, оның 18-іне адамдар қоныстанған. Аралдар жанартаулар әрекеттерінен пайда болып, туф және базальт тау жыныстарынан түзілген. Жер бедері мұздықтардың әсерінен қалыптасқан. Ең биік жері 882 м (Слаттаратиндур тауы). Фарер аралдары өзара терең әрі тар бұғаздар мен фьордтар арқылы бөлінген. Фарер аралдарының теңіздік субарктикалық ылғалды климатына жылы Солтүстік Атлант ағысының әсері зор. Суы балыққа бай. Теңіз құстарының түрі көп, жағалауларында құс базары ұшырасады. Жерінде қалың шалғынды, шымтезекті батпақтар кең таралған. Фарер аралдары 1380 жылдан Дания корольдығының құрамында, ал 1948 жылдан Данияның автоном. облысын құрайды, әкімшілік жағынан 8 ауданға бөлінген. Халқы 46 мың адам. Әкімшілік орталық — Торсхавн (Стреймой аралында). Экономикасының басты салалары — балық және қой ш. жатады. Жағалауында мұнай өндіріледі. Фарер аралдарында викингтер дәуірінен қалған ескерткіштер сақталған.

Тәуелді аймақ
Фарер аралдары
Føroyar
Færøerne
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы

Tú alfagra land mítt

Әкімшілігі
Әкімшілік орталығы

Торсхавн (Tórshavn) (19.282)

Королева Маргрете II
Дан Кнудсен
Кай Лео Йоханнесен

Тарихы мен географиясы
Координаттары

61°53′43″ с. е. 6°54′16″ б. б. / 61.89528° с. е. 6.90444° б. б. / 61.89528; -6.90444 (G) (O) (Я) 6°54′16″ б. б. / 61.89528° с. е. 6.90444° б. б. / 61.89528; -6.90444 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1 сәуір 1948

Жер аумағы

1395,74 км²

Уақыт белдеуі

0

Экономикасы
ЖІӨ

2,2 млрд. (2006) (45250 орын)

Тұрғындары
Тұрғыны

48400 адам (2008)(205 орын)

Тығыздығы

34,8 адам/км²

Ресми тілі

Фарер тілі, Дат тілі

Телефон коды

298

Фарер аралдары картада

6°54′16″ б. б. / 61.89528° с. е. 6.90444° б. б. / 61.89528; -6.90444 (G) (O) (Я)

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Føroyar

Tags:

АвтономияАтлантДанияЕуропаИсландияНорвегияЭкономика

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ғабит Махмұтұлы МүсіреповҚыз ЖібекБаскетболҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыШанхай Ынтымақтастық ҰйымыКубизмЕкінші дүниежүзілік соғысАқан серіҚазақстан Республикасының Ұлттық музейіҚазақстан мәдениетіАлпамыс батырМал шаруашылығыҚожа Ахмет ЯсауиҚоршаған ортаның ластануыҚазақша жыл санауСәкен СейфуллинҚазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнеріЭндокриндік жүйеЖақсыз сөйлемШиеТемірСинонимШыңғыс ханКөмір өнеркәсібіТүркістан облысыҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыБарбаросса жоспарыҚызыл кітапЕліктеу сөзФерменттерРимДыбыстың сипаттамаларыТыныс алуСаяси жүйеҚой шаруашылығыҚалқанша безОтбасыШешендік өнерБүркітКомпьютерлік вирусҚайыңЛенинград шайқасыҚазақ философиясыЖануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеуСарқылатын ресурстарГүлӘл-ХорезмиЕсімдікЖұмбақтасЭндемикЕтістікИсламХимия өнеркәсібіОңтүстік АмерикаӘбілқайыр хан (Кіші жүз)АустралияҚуандық Уәлиханұлы БишімбаевӘлішер НауаиӨңдеуші өнеркәсіпЖәңгір-Керей ханТұқым қуалайтын ауруларҒабиден МұстафинБақытсыз ЖамалЗиготаМезозойӘбілхан ҚастеевӨкпеЖарықтың шағылуыАдам қаңқасыНаурыз мейрамыДевианттық мінез-құлықМетаморфтық тау жыныстарыКСРО ыдырауыҚарахан мемлекетіТуыстық атауларыҮндістанМұнайлы мұнай кен орныҚарлығаштарҒаламдық экологиялық проблемалар🡆 More