жедел Жою Өлшемшарттары

Кей жағдайларда админдер Уикипедиядағы беттерді, мейлі ол беттер талқылауға салынған болса да, алдын ала ескертусіз жоя алады.

Лақап:
УП:ЖЖС

Төменде сондай жағдайлардың тізімі көрсетілген. Бұл жағдайлар жеткілікті және олар кеңейтілген түсіндірмені қажет етпейді. Тізімдегі қандай да бір сөзді не сөйлемді өзгертпес бұрын талқылау қажет.

Ұсыну

Бетті жедел жоюға ұсыну үшін төмендегі сәйкес критеридің арнайы үлгісін қою қажет немесе {{Жедел жойылсын|себебі}} деген үлгіні қолдануға болады (бұл жағдайда міндетті түрде себебін жазу керек).

Ал үлгіні жедел жоюға ұсыну үшін {{Жедел жойылсын|себебі}} құрылымын қолданыңыз.

Жою

Админдерге мақаланы жоймас бұрын беттің тарихын қарап, ағымдағы нұсқасы вандализм, кездейсоқ немесе қате өңдеу нәтижесі болып табылмайтынына көз жеткізген жөн, егер солай болса соңғы жақсы нұсқасына оралту керек.

Жуықта ғана жазылған мақалаларды жоюдан немесе жою белгісін қоюдан аулақ болыңыз, себебі кей авторлар ағымдағы нұсқасын сақтай отырып, мақалаларын бір емес, бірнеше кезеңмен енгізеді. Мақалаға жедел жою белгісін қою кезінде ол әлі жұмыс барысында болуы мүмкін. Бұл белгі авторды, әсіресе енді ғана бастап келе жатқан адамды шошытуы мүмкін.

Егер беттің жойылу себебі төмендегі тізімнің біреуімен сәйкес келмесе, онда ол бетті жәй жоюға ұсыну қажет.

Жалпы

Ж1

  • {{db-nonsense}}
  • {{жою-ж1}}

Мағынасыз мазмұн

Еш мағынасы жоқ немесе кездейсоқ символдардан тұратын мәтіні бар бет.

Ескерту: Орфографиясы нашар, діни пайымдаулар, ұзақ мәнсіз монологтар («өзінше»), құрылымсыз мәліметтер, қызу дау туғызу үшін жазылған сөздер, вандализм, өзге тілден сапасыз аударылған мақалалар, басқа тілдегі мақалалар, мистификация (жалған куәліктен болған мақала) және т.б. жағдайларға қатысы жоқ.

Ж2

  • {{db-test}}
  • {{жою-ж2}}

Тесттік беттер

Уикипедияның техникалық мүмкіндігін тексеру үшін жазылған бет (Уикипедия:Зертхана сияқты беттерден басқасы).

Ж3

  • {{db-vand}}
  • {{жою-ж3}}

Вандализмге арналған беттер

Сондай-ақ вандализмнің салдарын жойған кезде пайда болған уақытша айдатқыштар.

Ж4

  • {{db-repost}}
  • {{жою-ж4}}

Белгілі бір себептер бойынша жойылып, қайта қалпына келтірілмеуге тиіс беттер.

Талқылау нәтижелері бойынша жойылып, оның қайта қалпына келтіруіне жол берілмейтін беттер.

Ескерту: Маңызды емес болғандықтан жойылған беттің жаңа нұсқасы маңыздылық ережесіне сейкес келген жағдайда бет жойылмайды.

Ж5

  • {{db-author}}
  • {{жою-ж5}}

Жоюға беттің жалғыз авторы ұсынса

Мұндай ұсыныстың себебі анық болу қажет немесе көрсетілуі тиіс.

Ж6

  • {{db-sub}}, {{db-talk}}
  • {{жою-ж6}}

Жоқ беттің талқылау беті немесе төменгі беті

Ескерту: Егер беттің атауы өзгертіліп, ескі талқылау бетіндегі талқылаулар жаңа бетке қатысы болмаса, онда талқылау бетін ескі атауына өзгертіп сол күйінде қалдыру қажет.

Ж7

  • {{db-move| Бет}}
  • {{жою-ж7| Бет}}

Беттің атауын өзгерту үшін

Беттің мазмұнын басқа жерге ауыстыру немесе өңдеу тарихын біріктіру мақсатымен.

Әрекет қарсылық тудырмауы тиіс, немесе алдын ала келісушілік болғаны дұрыс.

Ж8

  • {{db-fork| Бет}}
  • {{жою-ж8| Бет}}

Бұрын бар беттің дубликаты (көшірмесі)

Уикипедияның басқа мақалаларынан мәтінді механикалық ауыстыру нәтижелері. Беттің атауын дұрыс емес тәсілмен өзгеткенде жиі жасалады.

Егер мақала кейіннен дамыса, онда өңдеулерді біріктіру мүмкіндігін қолдануға тура келеді.

Ж9

  • {{db-spam}}
  • {{жою-ж9}}

Жарнама, спам

Тауарларды, қызметтерді, ұйымдарды, интернет-ресурстарды жарнамалайтын беттер.

Мазмұнын энциклопедиялық стилге келтіруге келмейтін жақында жазылған беттерге қолданылады. Өзге жедел жою критерилеріне бағынбайтын бұрыннан бар жарнамалық беттер жоюға ұсынылып талқылану қажет. Бір апта уақыт ішінде қайта жазылмаса жойылады.

Ж10

  • {{db-badtalk}}

Талқылау беттерінің орынсыз қолдынылған жағдайында

Талқылау беті толығымен негізгі беттің дамыту жұмысына қатысы болмаса.

Ескерту:

  • Қатысушының талқылау беттеріне қатысы жоқ.
  • Қызметтік үлгілері бар беттерге қатысы жоқ (мысалы, {{Жйылмады}}, {{Жылжытылды}}, {{Аударылды}}, {{Жоба мақаласы}}).

Ж11

  • {{db-copyvio| url=http://…}}
  • {{жою-ж11| url=http://…}}

Авторлық құқықтың анық бұзылуы

Бір мезгілде барлық шарттары орындалған жағдайда:

  • Мақалаға толығымен авторлық құқығы қорғалған мәліметтен көшіріліп салынған (санат, интервики, викилендіру және стилдік өңдеулерді қоспағанда).
  • Бетті жасаушы көшірген мәліметтерінің иесінен оның таралуына нақты рұқсат алғанын анық көрсетпеген.

Мұндай беттердің авторларына талқылау бетіне олардың Уикипедия ережелерін бұзғандығы жайлы ескерту қажет. Бұл үшін {{nothanks cv}} үлгісі бар.

Жоюдың алдында админ автордың жою туралы хабардар екеніне көз жеткізу қажет немесе өзі құлағдар ету керек. Егер админге мақаланы қате өшіргендігі туралы хабарланса, онда ол дереу қайта қалпына келтіру қажет; бірақ егер талқылау бетінде мақала мәтінін CC-BY-SA қағидатына сай қолданылуға рұқсат етілген хат мәтінінің көшірмесі шықпаса, админ мұндай мақаланы {{copyvio}} үлгісімен белгілеп қоюы қажет.

Мақалалар

М1

  • {{db-empty}}
  • {{жою-м1}}

Энциклопедиялық мазмұны жоқ өте қысқа немесе бос мақалалар

Мысалы, «Бәленше Түгеншеұлы. Ол әлсіз және еңбекқор болатын, ал оның әйелі айдай сұлу болған». Мұнда сонымен қатар көшірілген мақаланың тақырып атауы да жатады.

Жақын арада жазылған мақалаларды, мақала бастамасын және бір сөздік анықтамадан тұратын мақалаларды өшірудің қажеті жоқ. Мұндай жағдайларда {{subst:ds}} үлгісін қою қажет.

М2

  • {{db-foreign}}
  • {{жою-м2}}

Мақала қазақ тілінде емес немесе машиналық аударма

Бәлкім Уикипедияның басқа тіл бөліміне сәйкес келетін шығар.

Жуықта құрылған мақалаларға (олар аудару үстінде болуы мүмкін) және басқа тілдегі цитаталары бар мақалаларға (мысалы, елдердің әнұраны) қатысы жоқ.

М3

  • {{db-nocontent}}
  • {{жою-м3}}

Тек сілтемеден ғана тұратын мақала (ішкі немесе сыртқы)

Сонымен қатар мәтінсіз, бірақ санаттары, интеруикиі, ішкі сілтемелері бар «Тағы қараңыз» тарауы және т.б. бар мақалалар.

Тізімдік мақалаға қатысы жоқ

М4

  • {{db-nn}}
  • {{жою-м4}}

Энциклопедиялық маңыздылығы дәлелденбеген мақала

Мысалы, мақала объектісінің маңыздылығы, атақтылығы көрсетілмеген аз танылған тұлға, адамдар тобы, сайт немесе ұйым туралы мақалалар.

Егер кімде-кім мақала пәнінің маңыздылығы бар десе, онда мақала Уикипедия:Жоюға ұсыну бетінде талқылауға салынуы тиіс. Оған қоса админ маңыздылығы туралы нұсқаулықты қолдануы тиіс, мысалы, тұлғаның маңыздылық критерилері.

Үлгі:Db-nn үлгісінсіз жедел жою тек қана: егер мақала мәтінінен (мысалы, әлгінде ғана құрылған музыкалық топ жайында) маңызсыздық анық көрсетілген жағдайда рұқсат етіледі. Үлгіні қойғаннан кейін жоюдың алдында маңыздылығын дәлелдеу мүмкіндігі үшін 2-3 сағат күткен жөн.

Айдатқыштар

А1

  • {{db-redirnone}}
  • {{жою-а1}}

Жоқ бетке сілтеген айдатқыш

Жоймас бұрын айдатқыштың дұрыс қолдану мүмкіндігін қарастырып көрген жөн.

А2

  • {{db-redirspace}}
  • {{жою-а2}}

Есім кеңістіктері арасындағы айдатқыштар

А3

  • {{db-redirtypo}}
  • {{жою-а3}}

Атауындағы қатесі бар айдатқыштар

Сондай-ақ бір сөзде әр түрлі алфавиттердің (латын, кирилл, т.с.с) араласуы.

Типтік қателері мен жаңылыстарі бар айдатқыштарға, көпше түрден жекеше түрге сілтеген (немесе керісінше) айдатқыштарға қатысы жоқ.

А4

  • {{db-redirflect}}
  • {{жою-а4}}

Атау септігі болып табылмайтын атау

А5

  • {{db-redirsense}}
  • {{жою-а5}}

Семантикалық жағынан дұрыс емес айдатқыштар

Айдатқыш атауы сілтеген термин үшін синоним болып табылмаса, сондай-ақ мақала бұл терминді мақала құрамында толығымен сипаттамаса.

А6

  • {{db-redirtalk}}

Талқылау бетіне сілтеген айдатқыштар

Басқа беттерден сілтемесі бар кезден басқа.

Файлдар

Ф1

  • {{db-duplicate| Filename.ext}}

Дәл немесе нашар көшірмесі

Көшірілген файлдың атын көрсету қажет.

Ф2

  • {{db-badimage}}

Зақымдалған немесе бос файл

Ф3

  1. {{subst:nld}}   license
  2. {{subst:nsd}}   source
  3. {{subst:nad}}   author
  4. {{subst:dd}}   disputed
  5. {{subst:npd}}   permission

Анық емес лицензиялық статус

Келесі шарттардың бірі немесе бірнешесі:

  1. Лицензиясы турасында мәлімет жоқ
  2. Дереккөзі турасында мәлімет жоқ
  3. Авторлығы турасында мәлімет жоқ (немесе плагиат екеніне дәлелдеме бар болса)
  4. Лицензиясы, авторлығы немесе дереккөзінің шынайлығында күмән болса
  5. Көрсетілген еркін лицензиялар расталмаса

Нақты бір лицензиялық статусы жоқ файлдар жою белгілемесі қойылғаннан кейін 7 тәуліктен соң жойылуы тиіс.

Ф4

  • {{subst:ofud}}

Беттерде қолданылмаған еркін емес файл

Бірде-бір мақалада қолданылмаған еркін емес файлдар жою белгісі қойған кезден 7 тәуліктен соң жойылуы мүмкін.

Ф5

  • {{subst:dfud}}

ИҚК-ге сәйкеспейтін еркін емес файл.

Игілікті қолдану критерилеріне (ИҚК) сәйкеспейтін еркін емес файл жою белгісі орнатылған мерзімінен 7 тәуліктен соң жойылуы мүмкін.

Ф6

  • {{db-badfairuse}}

Қисынсыз қолданылған еркін емес файл

Файлдың қолданысы игілікті қолдану критерилеріне толық сәйкес келмегені анық болған жағдайда оны 7 тәулік ішінде жоюға болады.

Ф7

  • {{RCT| Filename.ext}}
  • {{RCTC|алмастырылатын санат аты}}
  • {{RCTG|алмастырылатын санат аты}}

Алмастырылатын еркін емес файлдар

Еркін емес файлдың орнына Ортаққордан еркін сурет табылса, оны алмастырған жөн.

Алмастырылатын нақты файлдың немесе беттің атын көрсету керек (санат немесе галерея).

Ф8

  • {{NCT| Filename.ext}}

Егер файл Ортаққорда болса

Егер файлдардың аттары сәйкес келмесе, онда мақаладан жою белгісін орнатпас бұрын атауын өзгерткен жөн.

Ф9

  • {{subst:Nothost}}

Осы ережені анық бұзатын файлдар

Энциклопедиялық құндылығы жоқ және қандай да бір бетте қолданылмайтын, жою белгісі орнатылған соң 7 тәулік мерзімі өткен соң жойылуы да мүмкін еркін файлдар.

Санаттар

С1

  • {{db-catempty}}
  • {{жою-с}}

Бос санат

Бірде-бір беті немесе файлы жоқ санат.

Санатты талқылау барысында жоюға болмайды: талқылау кезінде санаттың атын өзгертуді, басқа санатпен біріктіруді немесе оның қолданысын әйгілеуді қалаулары әбден мүмкін. Одан басқа, кейбір {{санатты жоймаңыздар}} үлгісі бар техникалық бос санаттарды өшіруге болмайды.

Қатысушы беттері

Қ1

  • {{жою-қ1}}
  • {{жою-қ1}}

Иесінің өтініші бойынша

Жеке кеңістігіндегі (қатысушының негізгі бетінің талқылауынан басқа) беттер иесінің өтініші бойынша жойылуы мүмкін.

Қ2

  • {{db-anon}}
  • {{жою-қ2}}

Анонимді қатысушының талқылау беті

Барлық хабарламаларының маңызы жоқ болса, тіркелмеген қатысушының талқылау беті жойылуы мүмкін

Бұл сол IP-адреспен кірген басқа қатысушыны шатастырмас үшін қажет.

Қ3

  • {{db-nouser}}
  • {{жою-қ3}}

Тіркелмеген қатысушы

Жоқ қатысушының кеңістігіндегі бет.

Қ4

  • {{db-baduserpage}}
  • {{жою-қ4}}

Мақсатсыз қолдану

Жеке кеңістігіндегі бетті мақсатсыз қолдану (УП:ЖБ#blacklist, УП:ХОСТИНГЕМЕС).

Тағы қараңыз

Tags:

Уикипедия:Админдер

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЮНЕСКОҒылыми-техникалық революцияАйдын Ақанұлы АйымбетовҚазақ хандығыМәдениеттануЖаңа экономикалық саясатЖылқы малының атауларыТабиғатты қорғауҰрықГаз өнеркәсібіҒылымАлаш қозғалысыӨңдеуші өнеркәсіпБалуан ШолақАзотИнеліктерЕуразиялық Экономикалық Одақ1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларБидай (астық)Әлемдегі ең танымал кітапханаларЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіТитанГүлді өсімдіктерҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыСөз таптарыҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерҚан мен терАрал теңізіСалқам Жәңгір ханЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановМодернизмБілім беруАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміЖыныс мүшелерінің құрылысыФранцияАустралияҚазақстанда генетика және селекция ғылымдарының дамуыБаланы қырқынан шығаруАзаматтық қоғамҰйқы безіКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚазақстан географиясыҒаламдық экологиялық проблемаларНегіздерБақытсыз ЖамалЖасушаЕсім ханның ескі жолыАрыстан баб кесенесіПайдалы қазбаларШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыЖұқпалы ауруларЭндокриңді бездерҚазақстандағы «қайта құру» саясатыАктинСәкен СейфуллинМонро доктринасыСөйлемАстанаҚазақстан мемлекеттік рәміздеріМұнай өнеркәсібіҚарағайЖуніс СахиевАлтынемел ұлттық паркіӘлемнің жеті кереметіЖалғауТемірМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваРимКүй аңызы (әңгіме)Зар Заман ақындарыДамыған елдерАс қорыту жүйесіВолейболҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыТеатрЖұрнақ🡆 More