жиі Кездесетін Қателер

Лақап:
УП:ЖКҚ
УП:ЖЖҚ

ЖИІ ЖАСАЛАТЫН ҚАТЕЛІКТЕР

Жиі кездесетін қателіктерді жасамауға тырысыңыздар! Уикипедия ашық энциклопедиясына алғашқы рет келген қатысушылар мұнда абдырап қалуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай! Мұндай жағдай барлығымыздың басымыздан өткені рас. Сондықтан Уикипедияға алғашқы рет келген қатысушылардың жіберетін қателіктерін қарастырып көрейік.

Авторлық құқықты бұзу

Есіңізде болсын, басқа сайттардан немесе кітаптардан алынған мәтіндерді автордың келісімінсіз Уикипедияда көшіріп жариялауға болмайды. Уикипедия энциклопедиясында мәтінді орналастыру үшін автор оның мәтінін жариялауға ғана емес, сонымен қатар Creative Commons Attribution – Share Alike1 лицензиясының талаптарымен де келісуі тиіс. Автордың ойын өз сөзіңізбен жазуға болады, бірақ айтылған әр тұжырымның соңында ойдың авторына сілтеме (сноска) жасалуы міндетті.

Өзіңіз туралы мақала жазу

Өмірбаян

жиі Кездесетін Қателер 

Уикипедияға жаңадан келген қатысушылардың жиі жасайтын қателіктері – өздері туралы энциклопедиялық мақала жазуы. Уикипедия энциклопедия болғандықтан мұнда кез келген адамның өмірбаяны туралы жазудың қажеттілігі жоқ. Біреудің өмірбаяны туралы жазу алдында, ол кісі туралы басқа қағаз энциклопедиялардың жазғанын тексеріп алу қажет. Егер басқа энциклопедияларда сол кісі туралы мақала бар болатын болса және оған қосымша басқа да ақпарат көздерінде айтылған болса, онда мұндай мақала Уикипедияда да болуы керек. Өзіңіз туралы ақпарат жазғыңыз келсе, қатысушы бетінде жазуға болады. Ол үшін алдымен Уикипедияға тіркелу қажет. Содан кейін беттің жоғарғы оң жағында өзіңіздің атыңыз көрсетілген бетке өту керек. Бұл жерде өзіңіздің кім екендігіңізді, қандай біліміңіздің және қандай қызығушылықтарыңыздың бар екендігін жазуға болады.

Өз мекемеңіз немесе фирмаңыз туралы мақала жазу

Уикипедия ережесі бойынша өзіңіз қызмет ететін немесе жеке компанияңыз туралы арнайы мақала жазбағаныңыз жөн. Себебі мақаланы жазу барысында Сіз бейтараптылықты сақтай алмайсыз. Оған қоса энциклопедияға жазылатын кез келген мекеменің қоғамдық немесе мемлекеттік маңызы болуы керек. Ол қалың жұртшылыққа танымал болуы да қойылатын талаптың бірі.

Зиян келтіру

Сөзге анықтама беру

Уикипедия сөздiк емес. Уикипедияда жазылатын кез келген мақала өз тақырыбын мүмкіндігінше толық қамтуға ұмтылуы керек және мақалада тақырыпты ашатын негiзгi деректер мен мәліметтер болуы міндетті.

Мақаланы қайталау

Сурет:Жылжыту батырмасы.jpg
Жылжыту батырмасы

Жаңа мақала жазбас бұрын өзіңіз қызыққан тақырыпты іздеуден бастаңыз. Сіз жоспарлаған мақала әлдеқашан жазылып қойған немесе басқаша аталған болуы мүмкін. Мақалаларды іздеу барысында мақала атауы жекеше түрде жазылады, мысалы «Ағаштар» емес, «Ағаш» деп жазылады. Сонымен қатар, танымал Яндекс, Google көмегімен іздеуге болады. Іздеу нәтижесінде мақалалар реттеліп тұрмайды, егер де басты ізделген сөз мақаланың тақырыбында болмаса, онда оларды сыртқы мүмкіндіктермен іздеу қажет. Мақала Сіз сұраған сөздермен емес басқаша атаумен табылса, онда жаңа мақала жазуға асықпаңыз. Мұндай жағдайда бетті жылжыту арқылы (redirect, перенаправление) басқа атауларға да сілтеме беріңіз ...толығырақ

Жою

жиі Кездесетін Қателер 
Өңдеменің түйіндемесін жазу үлгісі (Суретті анығырақ көру үшін мұнда басыңыз

жиі Кездесетін Қателер  Қажетті мазмұнды жою. Кейбір мақалалардың мазмұны түсініксіз және сәтсіз жазылады. Дегенмен мұндай мақала автордың негізгі ойына кіріспе болуы мүмкін. Автордың не айтқысы келгенін түсінуге тырысыңыз. Мақаланы бірден жоймайстан бұрын мақаланың дамуы туралы ойланып көріңіз. Оған тек сөйлем құрылымын түзеп, жаңа деректер келтіру қажет шығар. Сондықтан оны өзіңіз өңдеп дамыта түсіңіз. Егер мақала жүйесіз және қажетсіз көрінсе, оны басқа бетке көшіріп немесе ол мақала үшін жаңа бет жасаңыз. Егер мақаланы толық жою қажет деп білсеңіз, онда оны мақалалар туралы пікір айтатын бетке ауыстырыңыз, немесе жедел жоюға ұсыныңыз, ол үшін мақаланың өңдеу терезесіне кіріп {{Жедел жойылсын}} немесе қысқаша {{жж}} үлгісін қою қажет. Я болмаса Уикипедияда беттің үстіңгі бөлігінде «талқылау» түймесін басыңыз. Мақаладағы мәтіннің авторы кезінде мақалаға ақпарат салып, оны дамытуға үлес қосқан болатын. Сондықтан әдептілікті сақтау үшін мақаланың мазмұны мен құрылымын талқылауға салуды ұсыныңыз.

жиі Кездесетін Қателер  Бір жақты көзқарасты алып тастаңыз да, мазмұнды қалдырыңыз.

жиі Кездесетін Қателер  Себепті түсіндірмей деректерді жою. Мақаланың құрамындағы деректерді өзгертетін болсаңыз немесе жойғыңыз келсе, «Түйіндемесі» деген ұяшықта түсіндірме жазыңыз. Басқа жағдайда мақаланың дамуын бақылап отырған қатысушылар сіздің әрекетіңізді қасақана бұзақылық деп бағалауы ықтимал.

жиі Кездесетін Қателер  Еш себепсіз жою. Кез келген жою әрекеті негізделуі және түсіндірілуі керек. Ол үшін мақаланың «Талқылау» бетін пайдаланыңыз. Оған қоса «Өңдеу» бетінде, өзгерістерді сақтамастан бұрын «Түйіндемесі» деген жерге «Талқылау бетін қараңыз» деп жазуға болады.

жиі Кездесетін Қателер  Қатысушы бетіндегі мәтінді жою. Қатысушының талқылау беті сізбен байланысудың ең тиімді әрі оңай жолы. Әрине, бұл бетті тазартып, ескі жазбаларды мұрағатқа жылжытып отыру дұрыс, дегенмен бұл бетте жазылған жазбаларды жою – сізге айтылған сынды жасыру үшін жасалған әрекет деп бағалануы ықтимал.

жиі Кездесетін Қателер  Талқылау бетіндегі пікірді мұрағатқа орналастырмай жою. Талқылау бетіндегі пікірлер мен талқылаулар Уикипедияның жалпы мұрағатының бөлігі болып табылады. Сондықтан Талқылау бетін тазалаған кезде бұрынғы жазбаларды мұрағатқа ([[Негізгі бет атауы/Мұрағат]]) сақтауды ұмытпаңыз.

Артық әрекет

Істегеннен көрі сынау

Уикипедияда мақаланың жалғыз авторы болмайды. Себебі әртүрлі уақыт аралығында мақаланы дамытуға бірнеше қатысушылар (олар он шақты немесе жүз шақты) болуы мүмкін. Мақаланың «авторын» сынағанша, беттің «Талқылау» бөлімінде сын ескертпелеріңізді қалдыруға болады. Дегенмен, көзіңіз шалған қателікті өзіңіз кіріп түзей салсаңыз әлдеқайда тез әрі жеңіл болады.

Батыл болу

Алғашқы кезде білмегендіктен біраз қателіктер, бұрыс әрекеттер жасауыңыз мүмкін. Уайымдамаңыз, сізден кейін де оларды қарап түзететін адамдар табылады. Сондықтан қорықпаңыз, қажетті деп санаған өзгерістер енгізе беріңіз.

Бас әріптерді артық қолдану

Мысалы «Ақ үй» мақаласының атауында екінші сөз кіші әріппен жазылған. Бірінші сөзде - АҚШ президенті резиденциясы немесе үкімет ғимараты туралы айтылғандықтан бас әріп қолданылады, ал егер ақ бояумен боялған үй туралы ғана (егерде сөз тіркесі сөйлем басында болмаса) болса кіші әріппен жазылады. Қазақ тілінің заңдылығы бойынша сөйлемнің алғашқы атауы ғана үлкен әріппен жазылады. Маңызды халықаралық ұйымдардың аты үлкен әріппен басталады.

Шамадан тыс уикилендіру

Уикипедияда ішкі уики сілтемелер кең қолданылады, сондықтан ішкі сілтемелерді барынша көп қолдану қажет. Бірақ есіңізде болсын, сілтеме жасау барысында тек қана тақырыпқа қатысты және оның мазмұнын ашуға қажетті болатын сілтемелерді ғана жасау керек. Мысалға, «Қазақстанның сыртқы саясаты» деген сөзді біртұтас осындай атпен аталатын тақырыпқа сілтеу қажет. «Қазақстан» және «сыртқы саясат» деп бөліп жазудың қажеттілігі жоқ.

Уикипедия беттерінде бөтен тақырыптарды талқылау немесе пікір таластар ұйымдастыру

Қажетсіз немесе сапасы төмен мақалаларды көргенде ренжу

Уикипедия жұмысы қашанда жалғаса береді, өйткені алға қойған мақсатқа қол жеткізу әлі де алда екені сөзсіз. Уикипедия да, біздер де мінсіз емеспіз, сол қалпымызбен қабылдап, жетілуге және дамуға бірге үлес қосайық. Уикипедияда білімді адамдар жиналған, олар ортақ іске қалай көмек беру қажеттілігін біледі.

Түсініктеме

1 Creative Commons (СС) – шығармашылық еңбектерді ашық және тегін таратуды көздейтін коммерциялық емес ұйым. http://creativecommons.org. Аталған лицензия – мәтінді өңдеуге және оны кез келген мақсатқа пайдалануға рұқсат береді. Автордың аты аталуы және өңделген мәтін осы лицензия аясында таратылуы міндетті.

Тағы қараңыз


Tags:

жиі Кездесетін Қателер Авторлық құқықты бұзужиі Кездесетін Қателер Өзіңіз туралы мақала жазужиі Кездесетін Қателер Зиян келтіружиі Кездесетін Қателер Жоюжиі Кездесетін Қателер Артық әрекетжиі Кездесетін Қателер Уикипедия беттерінде бөтен тақырыптарды талқылау немесе пікір таластар ұйымдастыружиі Кездесетін Қателер Қажетсіз немесе сапасы төмен мақалаларды көргенде ренжужиі Кездесетін Қателер Түсініктемежиі Кездесетін Қателер Тағы қараңызжиі Кездесетін Қателер

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Адам даму индексіМикроэлементтерҚазақ хандығыТопырақНегіздерНанотехнологияМетонимияКварцБарсакелмес қорығыҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріӘлемнің жеті кереметіРобототехникаЕтеккірБауыржан МомышұлыШарын шатқалыСалауатты өмір салтыҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміМоңғол шапқыншылығыХан Тәңірі шыңыГалогендерТоғыз-құмалақАзаматтық қоғамҚазақ мәдениетіЛуврЭкологиялық туризмҚазақстанның киелі жерлерінің географиясыАлматыЖайылма сөйлемЕліктеу сөзАққан жұлдыз (роман)Барбаросса жоспарыҚажымұқан МұңайтпасұлыЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарРесурстарЖыныс мүшелерінің құрылысыЖыныссыз көбеюМитозТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровҚоршаған ортаХалықаралық жер күніҚасқырЭкологиялық проблемаСілтілік металдарПатриотизмМұхтар Омарханұлы ӘуезовТұқым қуалайтын ауруларАдам өмірінің негізгі кезеңдеріБауыр (орган)Экономикалық интеграцияАлгоритмТабиғи радиоактивтікПедагогикаХимиялық элементтердің периодтық жүйесіЖуніс СахиевКүн (жұлдыз)Махамбет ӨтемісұлыДәруменТел өскен ұлМенің атым Қожа (фильм)Дыбыстың қаттылығыӨнерІлияс ЖансүгіровРаушангүлділер1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісШиеҚазақстан 2050СинтаксисБиомеханикаСаңырауқұлақтарСаяси жүйеҮстеуЫбырай АлтынсаринМәңгілік бала бейнеСенсорлық жүйеТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновҚан мен терҚазақстан өзендеріБесін намазы🡆 More