Уикипедия — бұл адамзаттың барлық салалық білімдерін жүйеге келтіріп жинақтаған энциклопедия.
Дәстүрлі түрде барлық тақырыптар энциклопедиялық сипаттамаға лайық деп саналмайды, тек маңызды болып табылатын тақырыптар ғана қамтылады. Маңыздылық «мәнділік» және «танымалдылық» сөздерінің синонимі болып табылмайды, бірақ осы ұғымдармен тығыз байланысты. Уикипедиядағы мақаланың пәні мен тақырыбы маңыздылықтың жалпы критерилеріне немесе маңыздылықтың жеке критерилерінің біріне сай келсе, онда ол жеке мақалаға лайық деп саналады..
Маңыздылықтың ережелері мен нұсқаулығы тақырыптың жеке мақала болуға жеткілікті маңызы бар/жоғын шешеді, бірақ олардың мақала мазмұнына тікелей қатысы болмайды. Мақала мазмұнын басқаратын ережелер: Бейтарап көзқарас, Тексерілуі, Өзіндік зерттеулердің болмауы, Уикипедия не болып саналмайды.
Тәуелсіз беделді дереккөздерде жан-жақты толық берілген пән немесе тақырып маңызды болып табылады.
Бұл анықтамада әрбір сөз маңызды:
Қауымдастық консенсусына сәйкес берілген критерилерге сай келетін тақырып немесе пән маңызды болып келеді; оларға энциклопедияда жеке мақала жазылуы мүмкін. Берілген критерилерге сәйкес келмейтін тақырыптар мен пәндер тексерілген ақпараттары бар мақалаларға біріктірілуі мүмкін.
Мақала пәнінің маңыздылық критериін жасау кезінде басты талабы маңыздылықтың объективті дәлелдерін ұсыну болып табылады. Нақты тақырыптардың бұндай дәләлдеріне беделді дереккөздердің толықтай берілуі, кәсіби ортада мойындалуы, маңыздылық критерилерінде берілген басқа да факторлар жатады.
Мақала сілтемесінде беделді қосалқы дереккөздердің болмауы мақаланың болмашы екенін білдірмейді.
Уикипедия — бұл жаңалық репортаждарына арналған орын емес. Маңыздылықтың дәйектемелігі үшін қоғамдық өмірдегі оқиғалар мен құбылыстарға деген бұқаралық ақпарат құралдарының болар болмас назарына қарағанда маңыздырақ нәрселер қажет. Күнделікті орын алып жатқан оқиғаларды беру үшін уикижаңалықтар жобасы құрылған болатын (қазір инкубаторда).
Барлық мақалаларда тақырыптарының маңыздылығы көрсетілуі қажет болса да, мақаланың ағымдағы күйі мен оның даму мүмкіндігін де ескерген жөн, ал тақырыптағы маңыздылық критерилерін қанағаттандырмайтын мақалалар әдетте жойылады. Мағыналығына байланысты мақалалардың жою немесе біріктірілуі жайлы талқылаған кезде, мақаладағы тақырыптың маңыздылығын ғана емес, ол маңыздылықтың көрсетілу мүмкіндігі де талқылануы керек. Егерде тәуелсіз деректерді табу мүмкіншілігі бар болса, онда мақаланы болмашылығы үшін жоюдың қажеті жоқ, тек егерде деректерді іздеуден ешқандай нәтиже шықпаса ғана. Нақты маңыздылығы жоқ мақалаларды жою ең соңғы шара болып табылуы тиіс.
Мақала тақырыбының маңыздылығын көрсету үшін мақалада деректер жеткілікті берілмеген болса, онды бұл деректерді табуға тырысып көріңіз немесе:
Дереккөздер табылмай жатқан жағдайда, мақаланы жалпы тематикасы сәйкес келетін мақалаға біріктіру мүмкіндігін қарап көріңіз, әйтпесе мақаланы жоюға тура келеді:
Уикипедияда қазіргі таңда немесе өткен ғасырда маңызды болған тақырыптар жайлы мақалалар болуы мүмкін. Егерде мақаланың тақырыбы маңыздылықты жалпы критерилерін қанағаттандырса, онда бұл тақырыпқа деген қызығушылықтың өзектілігін көрсетіп қажеті жоқ. Әзірше маңыздылығы байқалмайтын тақырыптардың кейін осы тақырып бойынша жаңа деректер қосылысымен олар маңызды деп санлуы мүмкін. Дегенменде болашақта тақырыпқа қосымша деректер беріледі деп оның маңызды екенін қолқалаудың қажеті жоқ.
Маңыздылықтың ережелері мен нұсқаулығы тақырыптың жеке мақала болуға жеткілікті маңызы бар жоғын шешеді. Олардың көп жағдайда мақала мазмұнына тікелей қатысы болмайды. Мақалаға жеке бөлімдер мен фактілерді қосу басқа ережелермен және нұсқаулықтармен басқарылады, әсіресе: тексерілуі жайлы, беделді дереккөздерді пайдалануы жайлы, Уикипедия не болып табылмайтындығы жайлы және т.б.
Сонымен бірге мақалалардың бейтараптылығын талап ететінін және мақаланың тақырыбы мен пәніне қатысты маңызы жоқ мәліметтердің қажетсіз екенің ескерген жөн. Авторлар тақырыптың аталған аспектісі маңыздылығының тиісті деңгейде сипатталу қажеттілігіне баса мән беруі қажет.
Дегенменде маңыздылық ұғымы мақаланың мазмұнын да қозғайды. Әр мақала аспектісін берілген тақырып бойынша оның маңыздылығымен сәйкестігін таразылау қажет. Бейтараптылықтың мүмкін болар қателіктерінде ескере отырыңыздар, олар: маңыздылығы аз мәліметтерге көп көңіл бөлу, мақала бөлімдерінің сипатталуының әркелкі болуы, мақаладағы жеке аспектілердің орналасуының негізсіз ерекшеленіп көрсетілуі, ұғымдарды салытыру.
Тағы қараңыз: Уикипедия:Бейтарап көзқарас
|
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Уикипедия:Маңыздылық, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.