Тринидад Және Тобаго

Тринидад және Тобаго (ағылш.

61°09′00″ б. б. / 10.60000° с. е. 61.15000° б. б. / 10.60000; -61.15000 (G) (O) (Я)
Тринидад және Тобаго Республикасы
ағылш. Republic of Trinidad and Tobago
Тринидад Және Тобаго Тринидад Және Тобаго
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Together we aspire, together we achieve»
«Бірге біз ұмтыламыз, бірге біз жеңеміз»
Әнұран: «Forged From The Love of Liberty»
Тринидад Және Тобаго
Тарихы
Тәуелсіздік күні 31 тамыз 1962 жыл (Ұлыбританиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі ағылшын тілі
Елорда Порт-оф-Спейн
Ірі қалалары Чагуанас
Сан-Фернандо
Сан-Хуан
Порт-оф-Спейн
Үкімет түрі Парламенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Кристин Кангалу
Кит Роули
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
Әлем бойынша 165-ші орын
5 131 км²
Жұрты
• Сарап (2018)
• Санақ (2011)
Тығыздығы

1 359 193 адам (151-ші)
1 328 019 адам
264 адам/км² (54-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

45,149 млрд. $
32,684 $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

22,438 млрд. $
16,243 $
АДИ (2017) 0,784 (жоғары) (69-шы)
Валютасы Тринидад және Тобаго доллары
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .tt
ISO коды TT
ХОК коды TTO
Телефон коды +1-868
Уақыт белдеулері −4

Аумағы 5128 км², халқы 1,3 млн. (2003), оның 95%-ы Тринидад аралында тұрады.

Халқының құрылымы

Халқының басым бөлігін үнді-пәкстандықтар мен тринидадтық креолдар (негрлер мен мулаттар 60%, үндістер 37%) құрайды, қытайлар мен еуропалықтар (2%) да тұрады. Дінге сенушілердің көпшілігін католиктер (34%), протестанттар (28%) құрайды, индуизм (25%) мен ислам дінін (6%) ұстанатындар да бар.

Мемлекет жайлы

Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі, басқа тілдерден хинди, испан, француз тілдері қолданылады. Әкімшілік-аумақтық жағынан 8 графтық пен 3 миниципалитетке бөлінеді. Астанасы – Порт-оф-Спейн қаласы (54 мың). Мемлекет басшысы – президент, үкімет басшысы – премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы – қос палаталы (Сенат пен өкілдер палатасы) парламент. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 31 тамыз (1962). Ақша бірлігі – Тринидад және Тобаго доллары. БҰҰ (1962) мен Америка мемлекеттері ұйымының мүшесі.

Табиғаты

Тринидад аралының көпшілік бөлігін ойпатты, шығысын батпақтанған жазық алып жатыр. Солтүстігінде Венесуэланың Жағалық Кордильерасының ең биік жері 940 м-ге (Арипо тауы) жететін таулы қырат орналасқан. Оңтүстік жағалауында батпақты жанартаулар бар. Тобаго аралындағы ең биік жер 579 м-ге тең, Оңтүстік-батысында ойыстық әктас үстірті жатыр. Мұнайдың, табиғи газдың кен орындары бар.

Климаты

Климаты – субэкваторлық, ыстық және ылғалды. Орташа айлық температура 25 – 27°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1200 – 3800 мм-ге тең. Мәңгі жасыл, сирек ормандар ел аумағының жартысына жуығын алып жатыр.

Тарихы

Тринидад пен Тобаго аралдарын ежелгі заманнан аравака және кариб үндістері мекендеген. Аралдарды еуропалықтардан алғаш 1498 жылы Х.Колумб ашты. Колумб аралды Троица мейрамы күні ашқандықтан “Тринидад” деп атады (тринидад – “троица” сөзінің испандық аталуы). Тобаго атауы жергілікті үндістердің “тобаго” (кейіннен басқа тілдерге “табак” – “темекі” деген атпен енді) сөзінен шыққан. 16 ғасырда испандықтар аралдарды өз отарларына айналдырды. 1797 жылы Тринидадты Ұлыбритания басып алып, 1802 жылы оған ресми түрде өз иелігін орнатты. 1814 жылы Тобаго да Ұлыбританияның иелігіне өтті. 1899 жылы Тобаго ккімшілік жағынан Тринидадқа қосылды. 1962 жылы ынтымақтастық шеңберінде тәуелсіздікке ие болды.

Экономикасы

Экономикасының негізі мұнай өндіру мен мұнай өңдеу өнеркәсібі және шетелдік туристерге қызмет көрсету болып табылады. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлшері 3840 АҚШ долларына тең (2003). Мұнай өндіру мен оны қайта өңдеудің 3/4 бөлігіне жуығын АҚШ компаниялары бақылайды. Табиғи газ бен табиғи асфальт (Пич-Лейк көлі), гипс өндіріледі.

Өнеркәсібі

Мұнай өңдеу (отандық мұнаймен бірге негізінен Венесуэла, Сауд Арабиясынан әкелінген мұнайды өңдеу), химиялық және мұнай-химия өнеркәсіптері жақсы дамыған. Азот тыңайтқыштарын шығару, электртехникалық (негізінен тұрмыстық электр аспаптарын құрастыру), тамақ (қант, ром, сыра, темекі), жеңіл (тігін, аяқ киім), цемент, баспахана өнеркәсібі кәсіпорындары, кеме мен автомобиль жасау (құрастыру) жақсы дамыған. Ауыл шаруашылығында ірі жер иелену үстемдік етті. Негізгі экспорттық дақыл – қант құрағы (жылына 1,4 млн. т жиналады). Сондай-ақ кокос пальмалары, жемістер (апельсин, грейпфрут, банан, ананас), көкөніс, какао, кофе, темекі, күріш өсіріледі. Мал шаруашылығы (шошқа, ешкі) дамыған, жылына 10 млн. тоннадан астам балық ауланады, бағалы тропиктік ағаш дайындалады. Темір жолы жоқ, автомобиль жолдары жақсы дамыған. Негізгі теңіз порттары: Пуент-а-Пьер, Брайтон, Пойнт-Фортин, Порт-оф-Спейн. Экспортының негізін мұнай мен мұнай өнімдері, газ, табиғи асфальт, қант, ром, азот тыңайтқыштары, цитрустық жемістер құрайды. Сырттан машиналар мен құрал-жабдықтар, өнеркәсіп, азық-түлік, электрондық тауарлар әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Венесуэла, Ямайка, Ұлыбритания, Германия.

Дереккөздер


Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Trinidad and Tobago

Tags:

Тринидад Және Тобаго Халқының құрылымыТринидад Және Тобаго Мемлекет жайлыТринидад Және Тобаго ТабиғатыТринидад Және Тобаго КлиматыТринидад Және Тобаго ТарихыТринидад Және Тобаго ЭкономикасыТринидад Және Тобаго ӨнеркәсібіТринидад Және Тобаго ДереккөздерТринидад Және ТобагоEn-us-Trinidad and Tobago.oggАғылшын тіліОңтүстік АмерикаФайл жайлы ақпаратХалықаралық фонетикалық әліпби

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстан демографиясыӘлем елдерінің тізіміҚазақстан халқы ассамблеясыҰшқан ұяГаз өнеркәсібіМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваУнитарлы мемлекетТранспортирҚазақтың арқар-мериносыЭндемикӨсімдік селекциясыМағжан Бекенұлы ЖұмабаевШеңберТеатрӘл-Фатиха сүресіОтын-энергетикалық кешенАлюминийҚазақстан өсімдіктеріДемократия38-атқыштар дивизиясыЭволюцияҚарағанды облысыКаспий теңізіҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіҚайта құру кезеңіАрхейҒарышРесурстарБуддизмӘбу Райхан әл-БируниДүниежүзілік көрме (2017)Қызыл кітапҚажымұқан МұңайтпасұлыӨсімдіктер систематикасыҚазақстан 2050Молотов-Риббентроп пактыЕуропа одағыҚол добыҒылыми стильЗиготаЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміБесін намазыМақалаАлкандарҚадыр Мырза ӘліБензолӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіӘміре ҚашаубаевЖыныссыз көбеюЛаңкестік әрекетҚарағайҚара құрдымКүкіртЛатын АмерикасыЖіктік жалғауБаланы қырқынан шығаруТұқым қуалайтын ауруларЖануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеуMicrosoft ExcelТарих философиясыАдам даму индексі бойынша елдер тізіміШылауҚазақ қолөнеріМұхитШахмет Құсайынұлы ҚұсайыновӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыОперациялық жүйелерҚызғалдақАнтигитлерлік коалицияҚазақ руларыПедагогикаАлматы облысыЭкстремизмНегіздерКорея РеспубликасыТүрік қағанатыЖайықЫбырай АлтынсаринКөлденең жолақты ет ұлпасы🡆 More