Терракоттан Жасалған Әскер

Теракоттан (күйдірген саздан) жасалған әскер—Қытай императоры Цинь Ши Хуандидің Сианьда орналасқан кесенесіндегі 8099 шамасындағы үлкен көлемді терракоттық (күйдірген саздан жасалған) қытай жауынгерлері мен олардың сәйгүліктерінің жерлену атауы.

Терракоттық мүсіндер Цинь әулетінің алғашқы императоры Цинь Ши Хуандимен бірге жерленген. (Қытайды біріктіріп, Ұлы Қорғанның бөліктерін қосты).

Құрылу тарихы

Сыма Цяньның айтуынша, таққа отырған Ин Чжэн (болашақ Цинь Ши Хуанди) өзінің мазарын тұрғыза бастайды. Оның ойлауынша, мүсіндер оны о дүниеге шығарып салып, сол дүниеде өзінің шын өміріндегідей билеуін жалғастыруға көмектеседі екен.

Кесененің құрылысы 700 мыңнан астам жұмысшылар мен әбзелшілердің күшін қажет етті және тұрғызылуы 38 жылға созылды. Жерлеудің сыртқы қабырғасының периметрі 6 км тең.

Сонымен қатар, Цинь Ши Хуанди императормен бірге жауынгерлердің саздан жасалған мүсіндерінен басқа, 70 мыңнан астам жұмыскерлер мен олардың отбасылары (сарбаздармен салыстырғанда олар шын адамдар болды) және императордың 48 кәнизәгі жерленген .

Қайта ашылуы(табылуы)

1974 жылы Қытайдың солтүстік батыс жағындағы Сиань қаласының маңынан құдық қазып жатқан шаруалар 20 ғасырдың ең үлкен археологиялық табысы: терракоттан (күйдірген саздан) кептіріп жасаған әскерлердің жер асты галереясын тапқан. Бұл алғашқы Қытай императоры Цинь Ши Хуандидің (б.з.б. 259-210 жж.) әскері болған. Бірінші галереяда көлемдері адамдардың бойымен бірдей алты мыңнан астам сарбаз, қалған екеуінде одан да көп болған. Киімдері әскери шендеріне байланысты әртүрлі, олар орасан зор әскердің бір бөлігін құраған. Императордың моласы әлі зерттеле қойған жоқ, бірақ ол жер асты сарайында орналасқан деп есептелінеді.

Бірінші қазба жұмыстары 1978 жылдан 1984 жылға дейін болды, екіншісі 1985 жылдан 1986 жылға дейін, ал үшінші қазба жұмыстары 2009 жылдың 13 маусымында басталып кетті.

Орналасуы

Саздан жасалған сарбаздардың әскері император моласынан шығысқа қарай 1,5 км қашықтықта параллель орналасқан табыттарда әскери дайындықта жатыр.

Сарбаз фигуралары

Ең қызықтысы, әскер жауынгерлері бір-бірлеріне ұқсамайды, жалпы қарағанда, тірі адамдардың тіпті әскери шендері, бет әлпетіне дейінгі көшірмесі. Сарбаз фигуралары әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы қолмен жасалғандықтан үлкен өнер туындысы болып есептеледі. Әр мүсін өзінің қайталанбас келбетімен және бет әлпетімен ерекшеленеді. Белгілі бір формаға келтірілген фигуралар пеште қыздырылып, арнаулы жылтырмен қапталғаннан кейін, сыртына бояу жағылатын. Берілген жауынгерлер өзінің әскери шенімен және қолындағы қаруымен ажыратылады.

Әскердің жасалған жері

Әскер құрамындағы жауынгерлер мен аттары Қытайдың әртүрлі жерінде жерленген. Сардар жылқылары ауыр болғандықтан (массасы 200 килограммнан аса) тасымалдау жеңіл болу үшін оларды император моласының жанында құрған, ал сарбаздан мүсіндері қай жерде дайындалғаны белгісіз (олардың массалар жылқы мүсіндерінің массасынан төменірек, 135 килограмм шамасында ).

Экспозиция тамашалаушылар

Терракоттан жасалған әскерді көру Қытайға келген шет елдік елбасылардың бағдарламасына кіріктірілген. 1984 жылы экспозицияны АҚШ президенті Рональд Рейган әйелімен бірге көріп кеткен болатын. Ол бұл тарихи жәдігерді "Адамзатқа тиесілі ұлы ғажап" деп бағалап кеткен. 1986 жылы экспозиция жерінде Ұлыбритания патшайымы(ханымы) Елизавета II мен Филипп ханзада екеуі болып қайтқан. 1998 жылы ескерткішті АҚШ президенті Билл Клинтон отбасысымен бірге, ал 2004 жылы — Ресей президенті Владимир Путин тамашалап қайтқан. Бұлардан басқа да Украина, Корея Республикасы, Германия президент, канцлерлері терракоттан жасалған әскерді көріп кеткен болатын.

ЮНЕСКО тізімі

1987 жылы ЮНЕСКО-ның 11-сессиясында терракоттан жасалған әскер дүниежүзілік мұра қатарына кірді. Цинь Ши Хуанди мазары кешені осы тізімге енген алғаш қытай объектілерінің бірі болып табылады.

Дереккөздер



Tags:

Терракоттан Жасалған Әскер Құрылу тарихыТерракоттан Жасалған Әскер Қайта ашылуы(табылуы)Терракоттан Жасалған Әскер ОрналасуыТерракоттан Жасалған Әскер Сарбаз фигураларыТерракоттан Жасалған Әскер Әскердің жасалған жеріТерракоттан Жасалған Әскер Экспозиция тамашалаушыларТерракоттан Жасалған Әскер ЮНЕСКО тізіміТерракоттан Жасалған Әскер ДереккөздерТерракоттан Жасалған Әскер

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

МүктәрізділерМоңғол шапқыншылығыҒылыми стильҮндістанАдамАқпараттық қауіпсіздікҚазақ газетіГипофизСаясатКремнийЖау тылындағы балаАлтын Орда тарихыЖылқы (қазақ дәстүрі)ГормондарКорея РеспубликасыТыныс алу жүйесіПсихологияның зерттеу әдістеріФилософияАқшаОсман империясыІсікЖаңылтпашКіші жүзВолейболҚазақстан экономикасының тарихыБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевБесеудің хатыЖер құрылымыҚартаюЭлектролиттік диссоциация теориясыОразаАфрикаХолециститИнсулинҰлт-азаттық көтерілістерТұсаукесерҚазақстандағы хандық биліктің жойылуыҚанның артериялық қысымыТың игеруКрест жорықтарыЕсімдікЖатыр ауруларыЕкінші дүниежүзілік соғысТуберкулезАртериалдық гипертензияТұманбай МолдағалиевКомпьютерХалықаралық ұйымдарАқтабан шұбырындыМәдениет туралы түсінікТабиғатЕңбек құқығыМеталдарЭкстремизмАсық ойындарыОйлауАйқапТолеранттықВирусты гепатит ВБаяндауышТүркістан (қала)Электр тогыОттегіҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыБалқашАтмосфералық қысымҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЕтістікСемей полигоныКребс цикліЖарапазанГеографиялық ақпараттық жүйеЖер сілкінуНайман хандығыСпирттерПедагогикаҚоршаған ортаның ластануыЗәрдің түзілуі және шығарылуыЖеті жарғы🡆 More